Разработка открытого урока по казахской литературе на тему: А?тамберді жырау. «К?лдір-к?лдір кісінетіп» тол?ауыны? негізгі идеясы (9 класс)


Пәні: Қазақ әдебиеті Сыныбы: 9 «Ә».
Күні: 09.12.1915 ж.Сабақтың тақырыбы : Ақтамберді жырау . «Күлдір-күлдір кісінетіп»
толғауының негізгі идеясыСабақтың мақсаты :
Білімділігі: Ақтамберді жыраудың өміріне тоқтала отырып, толғауларының идеялық мазмұнына талдау жасау арқылы жырауға мінездеме беру; оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасау;
Дамытушылық: таным белсенділігін, шығармашылық қабілетін,ғылыми ізденістерін арттыру, ойын көркем жеткізуге баулу;Тәрбиелілік: ауызбіршілікке, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу. 
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.Сабақтың түрі : жартылай іздендіру сабағы.
Формасы: жеке, топтық жұмыстар.Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, шығармашылық іздену, сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістері, СКТ әдісі.Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, аудио кітаптар,тірек сызбалар, слайд, үнтаспа т.б Пәнаралық байланыс : тарих, музыка.Сабақтың барысы :  І Ұйымдастыру кезеңі  ІІ Үй тапсырмасын тексеру  ІІІ Үй тапсырмасын қорыту  ІҮ Жаңа материалдарды түсіндіру  Ү Жаңа сабақты бекіту 
ҮІ Сабақты қорыту
ҮІІ Үйге тапсырма беру  ҮІІІ Оқушыларды бағалау 1. Ұйымдастыру кезеңі :Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.2. Үй тапсырмасын тексеру. • Үйге берілген: А) Доспамбет жыраудың өмірі.
Ә) «Арғымаққа оқ тиді» толғауын мәнерлеп жатқа оқу.3. Үй тапсырмасын қорыту :Үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтар : 1. ХҮІ ғасырда өмір сүрген Доспамбет жырау өз заманының қандай өзекті мәселелерін жырларына арқау еткен? 2. Доспамбеттің толғауларын кім жатқа оқиды?3. Жыршы, жырау, толғау сөздерін қалай түсінесіңдер? 
Жыршы – жыр айтушы, таратушы. Қазақ ауыз әдебиетінде өлең, жыр шығаратын, қисса, толғау, дастан айтатын адамдар “жырау”, “жыршы”, “ақын”, “өлеңші” “термеші” деп аталған.
«Жырау — өз жанынан шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі, «жырау» атауы «жыр» сөзінен туындайды» деген түсінік жырауға «Қазақ әдебиетінің энциклопедиясында» берілген.
Толғау жанры әдебиетіміздегі ақындар шығармашылығында, әсіресе, жыраулар поэзиясында жиі орын алады. Толғау өлеңде ақындар өмір туралы, қоғам, адам тіршілігі, жақсылық, жамандық т.б тақырыптарда ақыл-өсиет, насихаттық тұрғыда ой қозғайды.
4. Жаңа сабақты түсіндіру. Сарыұлы Ақтамберді (1675 - 1768) атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері. Әз Тәуке ханның тұсында өмір сүрген. Ұлы жүздің Ошақты руынан. Әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туған. Қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген Ақтанберді «дұшпаннан көрген қорлығым, сары су болды жүрекке. Он жетіде құрсанып, қылыш ілдім білекке. Жауға қарай аттандым, жеткіз деп, құдай, тілекке» деп, өзі айтқандай, он жеті жасында-ақ қолына қару алып, ел қорғауға аттанады. Ол 1742 жылы Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысына өкіл болған. 1738-1752 жылдары қазақ-қалмақ арасында болған қанды қақтығыстардың барлығына дерлік қатысқан. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау болған. Қазақ жауынгерлерінің азаттық, құлдық жөніндегі түсініктері, көшпелі халықтың тыныс-тіршілігі болашаққа деген сенімі, адалдық-жауыздық, қиянат, әділетсіздік хақындағы таным-түсініктері Ақтамберді талғамынан өтіп жыр-толғауға айналған. Ақтамберді жырау шығармалары: «Жағалбай деген ел болар», «Жағаға қолдың тигенін», «Жел, жел есер, жел есер» толғауларындағы жалғыздық, жарлылық мәселелері жырланса, «Балпаң балпаң кім баспас», «Жауға шаптым», «От басар орыны отаудай» секілді біраз жырларында жұртшылықты ата жаумен айқасқа шақырады. Күлдір,күлдір кісінетіп», «Уа, қарт Бөгенбай», «Жауға шаптым ту байлап», «Заманым менің тар болды» және тағы да басқа өлең-толғаулары батылдыққа, ізгілікке, патриоттық күй-сезімдерге толы. «Балаларыма өсиет» деп аталатын толғауы соңғы туындыларының бірі болса керек. Жырау балаларын тірліктегі бірлікке, талап-мұратқа, татулыққа үндейді. Жас ұрпақтың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы елді мақсатына жеткізерін ескертеді. Халықты алауыз мінездерден сақтандырады. 
Аудио кітаптан «Күлдір-күлдір кісінетіп» өлеңін тыңдау.
Сөздікпен жұмыс:
Күдері - басқа қайыс түрлеріне қарағанда ылғал, суық және ыстық сияқты әсерлерге өз қасиетін жоғалтпайтын ерекшелігіне байланысты оны көбінесе, кіреуке сауыттардың ішкі бауын жасауға пайдаланған қайыс түрі.
Кіреуке – батырлардың сауыты.
Тобыршықты әндіген – саптаяқ, бай манаптардың сусын ішетін ыдысы.
Жонсау – кең, жазық жон, дала.
Қидасын – мықты, күшті.
Қамқапты – алтындатқан, күмістеткен жіптен тығыз етіп тоқылған жібек матадан тігілген киім.
Құлаты – таудың аты, ауыз әдебиетінде кездеседі.
Дабыл –барабан тектес ұрып ойналатын ұлттық аспаптың ішіндегі ең көне түрі. Дабыл шабуылға, бейбіт күндері мейрамға шақырғанда, аң аулауға шыққанда ойналған.
Атымтай жомарт – жомарттық қасиеттің символы.
Шүлеңгір мырза – жомарт адам.5. Жаңа сабақты бекіту.
А) Толғауды оқушылар оқып шығады, сонан соң толғаудағы негізгі ойды бір сөйлеммен жазады.
Ә) Толғаудың негізгі мағынасын ашу:
Сұрақтар
Оқушы жауабы
Өзіңе ерекше әсер еткен тармақ қайсысы, неге?
Шығармадағы жыраудың негізгі арман-мұраты не?
Шығарма кейіпкеріне қандай мінездеме беруге болады?
Осы қасиеттер бүгінгі ұрпақтың бойында бар ма?
Отаның үшін өзің қандай игілікті іс істегің келеді?
Б) Толғаудың құрылысына, тіліне талдау.
Эпитет Теңеу Риторикалық сұрау Метафора Қайталау
В) Адамдықты толғап өткен бұрыннан,
Жырау деген қасиетті ........................(ұғымнан).
Найза ұстап, елдің шетін қорғаған,
Ақтамберді - асқан ғажап ................. (батыр жан).
Г) 3 минуттық эссе «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауының маңызы ».
6. Сабақты қорыту: 1. Топтастыру
Ақтанберді
батыр

мберді кім?
Жырау Әскер басы

Батыр елін сүйген азамат


2. Шығармадан келешекке қажет болатын қандай маңызды мағлұмат алдыңдар? 
7. Үйге тапсырма:
Ақтамберді туралы кімдер жазды?
Кімдердің шығармашылығында бар?
«Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауынан үзінді жаттау
8. Бағалау.