Pain графикалы? редакторында Практикалы? ж?мыс


Мұнайлы ауданы № 12 орта мектебі

Тақырыбы: Практикалық жұмыс
Сыныбы: 5 «З»
Информатика пәні мұғалімі: Кличжанова Гүлжахан Бахытжанқызы
Мұнайлы -2017ж
Информатика 5 “З” сыныпСабақ жоспары:
Ашық сабақ тақырыбы: Практикалық жұмыс
Сілтеме Информатика. Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.ӘбеновМақсаты: Оқушылардың білімін арттыру. Заман талабына сай жаңа технологияларды меңгерте отырып құзіреттілігі терең оқушыларды дайындау.Оқу нәтижесі: Сабақта жаңа әдіс тәсілдерді пайдалана отырып оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.Түйінді идеялар: Оқушылардың жеке, топтық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Сабақта СТО технологиясының әдіс тәсілдерін пайдаланып оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру. Жаттығулар:
Шаттық шеңбер ойыны2. Топтық жұмысты бақылау және бағалау3. Деңгейлік тапсырмалар Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: топтық жұмыстар өзгенің пікірін құрметтей білу өзін-өзі және өзгені бағалауДереккөздер: Информатика: Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық, Интернеттен алынған ақпараттар қосымша дидактикалық материалдар4. Ұйымдастыру Топқа бөлу.Оқушылар құралған суреттеріне сәйкес топқа бөлінеді. Ынтымақтастық атмосферасын құрады. Бір-біріне жақсы көңіл-күй тілеп,сабақта сәттілік тілейді.Бірінші топ аты «КОМПЬЮТЕР», Екінші топ аты «ИНФОРМАТИКА»
Үй жұмысы: Сұрақтар әр оқушының үстелінің астында алма пішінді стикерлерге жабыстырылған. Әр оқушы тиесілі сұрақтарға жауап береді.
Алдын ала қарап шығу қашан қолданылады? (суретті баспаға жіберуден алдын);
PAINT редекторында қанша түс бар? (255);
Алдын ала қарап шығу қайда орналасқан? (PAINT батырмасында);
Экранда неше түс бар? (20);
Алмасу буфері дегеніміз не? (уақытша сақтау жады);
Көшіру командасын алмастыратын клавиф қалай аталады? (CTRL)
Алмасу буферін қолданбай суретті қалай көшіруге болады? (CTRL пернесі арқылы);
Трансформация сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны береді? (түрлену, алмасу деген мағына береді);
Суретті вертикаль бағытта түрлендіру үшін жасалатын іс - әрекеттерді ата
Пиксель дегеніміз не? (растрлық бейненің ең кішкентай бөлігі)
Практикалық жұмыс
Практикалық жұмыс №1
Сызық(Линия) құралын пайдаланып, қалыңдығы мен түсі әртүлі Сызықтармен жайраның суретін сал.
Үсті басы ине,
Бұл не деген бейне.
Кірпіге ұқсас заты,
Жайра оның аты.
Практикалық жұмыс №2
Сызық(Линия) құралын пайдаланып, қалыңдығы мен түсі әртүлі Сызықтармен өрмекшінің торын сал.
Жұмыс істеп ұзақ,
Өрмекші құрды тұзақ.
Болмады бірақ күткені ,
Оған ешкім түспеді.
Практикалық жұмыс №3
Сызық(Линия) құралын пайдаланып, қалыңдығы мен түсі әртүлі Сызықтармен ағаштың суретін сал.
Практикалық жұмыс №4
Тіктөртбұрыш (Прямоугольник) құралын пайдаланып, қалыңдығы мен түсі әртүлі Сызықтармен поездың сал.
Екі топқа ребус беріледі. Сол ребусты шешіп, табылған сөзді үш тілде аудармасын табу керек. Содан соң компьютерде сол суретті салу керек. Қай топ алғашқы болып тапсырманы орындаса сол топ жеңімпаз.ребус жуаптары колонка және монитор.
Оқушылар орындаған жұмыстарына қарай бағаланады. Бағалау смайликтер арқылы жүзеге асады.
Сабақты қорытындылау
Осымен графикалық редакторда барлық практикалық жұмысымызды аяқтаймыз.
Үйге тапсырма
Графикалық редакторда өтілген сабақтарды оқулықтан қайталау.