Та?ырыбы :Бір халы?-бір ел –бір та?дыр
Бір халық-бір ел –бір тағдыр 1995жылы 30тамызда өткен бүкілхалықтық референдумның нәтижесінде қабылданған жаңа КонституцияПезидент мәртебесіне көп өзгертулер енгізді Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы болсын деп қолымызбен құрған Ассамблеяның дүниеге келгеніне 18 жыл. «Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер.«Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.«Бір тағдыр» – бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан! 1998 жылы 6 мамырда Елбасының жарлығы мен мемлекет астанасы Ақмола қаласына ауыстырылды. Ақмола атауы Астана болып өзгертіліп, 2011жылы 10шілдеде Астананың халықаралық тұсауы кесілді. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» атағы беріліп марапатталды.
ЕҚЫҰ(Еуропадағы қауіпсіздік ынтымақтастық ұйымы) саммиті – барша қазақстандықтардың жетістігі мен мақтанышы! Оның төрағасы – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 2010жылы 1-2 желтоқсанда Астанада жаңа мыңжылдықта тұңғыш рет ЕҚЫҰ –ның 7-ші саммиті өтті. Оның жұмысына ірі ұйымдардың 73 ресми делегациясы қатысты. Бұл- бес мыңға тарта өкілдер мен меймандар. Астана саммитінің жұмысын 1300 қазақстандық және шетелдік жұмысшы жария етіп отырды. Көк байрағым асқақтайды көгімде,Әнұраным нұр құяды көңілге.Елтаңбамнан еңселеніп мерейім,Аттанамын келешекке, өмірге! «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан деп Елбасымыз айтқандай кең байтақ Қазақстан – туған өлкеміз,оны сүйіп,құрметтеу- барлығымыздың парызымыз. Елбасымыз- Қазақстан елін дамытып,одан әрі өркендеуіне басшылық етіп отырған ерекше тұлға.Біз Елбасымызды әрқашан мақтан тұтамыз!