Баяндама К?птілді білім беру
Жакаева Гульнур Тойбазаровна№19 ОМ Ақтөбе қаласы
Қазақ тілін қалай тез үйренуге болады?
Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г. Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам - жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.
Ана тілі - ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау - арды шұбарлау, көңіл тұнығын майлау. Ең жақсы адам - ана тілін құрметтеген адам. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Ана тілдің терең иірімдеріне бойлай білу – саналы адам болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол – туған жеріңді, еліңді, сүйікті Отаныңды сүйе білу деген сөз.
Менің елім - көп ұлтты Қазақстан. Қанша ұлттың баласы бір анадан туғандай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақстанда ұлттар арасында татулық пен бірлік, ынтымақтастық пен достық орнағаны - бәріміз үшін мақтаныш. Бұл - біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының, дана ойларының жемісі. Елімізді жарқын болашаққа жетелейтін, халық мүддесін ғана ойлайтын Елбасының арқасында біз, қазақ елі, мәңгілік ел болып қала бермекпіз.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»: «Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты Жолдауында: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Бұл мәселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек және осыған өзіміз атсалысуымыз қажет» деген жолдауындағы сөздерін барша қазақстандық құптайды. Мен әлемдегі ең бай, ең сұлу тілдердің бірі - қазақ тілінің құдіретіне әрдайым сенемін. Тіліміз - бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы.
Ұлттық рухани құндылық болып саналатын тілді үйретуге келгенде түрлі әдістер қолдану арқылы тез әрі оңай жолдарының бірі деп – мнемоника әдісін айтар едім. Тіл мәселесі - еңкейген шал мен еңбектеген шалға дейін құлақ түрерлік мәселе екенін ескере отырып, бұл сөздің мағынасын ашып алуды жөн көремін.
Мнемоника (грекше - есте сақтау өнері) - табиғи ассоциациялар жасау көмегімен есте сақтауды қамтамасыз ететін, жасанды түсініктер арқылы қажетті мәліметтерді еске сақтауды жеңілдететін ережелер мен тәсілдер жиынтығы.
Мнемоника таңбалары сақталып қалған не топталған бірнеше зат арқылы, солардың суреттерінен көрінуі мүмкін. Мысалы,садақаға —соғыстың, соғыс жариялаудың мнемоника таңбасы. Қазақстанның таулы аудандарында HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A2%D0%B0%D0%BD%D0%B1%D0%B0%D0%BB%D1%8B_%D1%82%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%80&action=edit&redlink=1" \o "Танбалы тастар (мұндай бет жоқ)" танбалы тастар көп, солардың бетіндегі қолына найза, садақ ұстаған адамдар мен әр түрлі аң суреттері ерте замандағы аң аулау көрінісін еске түсіретін HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9C%D0%BD%D0%B5%D0%BC%D0%BE%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D0%BA_%D1%82%D0%B0%D2%A3%D0%B1%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80&action=edit&redlink=1" \o "Мнемоникалык таңбалар (мұндай бет жоқ)" мнемоникалык таңбалар болып табылады
Мнемотехника – ақпаратты қабылдау мен оны есте сақтаудың әдістемелік жүйесі. Мнемотехника немесе мнемоника жатталуы керек ақпараттың орнын ойша реттеу және ассоциация арқылы оларды бір-бірімен жалғау. Ақпараттарды орналастыру мен оларды байланыстыру үшін адамның ойлану (айрықша ойлану), қиялдау, назар салу қабілеттері қолданылады.
Мнемотехниканың құнды қасиеттерінің бірі онымен танысқаннан кейін оны бірден қолданып кете берсеңіз болады. Оның негізгі ілімін үйренсеңіз қатты ұзын емес сандар немесе сөздер тізбегін жаттай алу қабілетіне ие боласыз. Алайда, бұл қабілет кейде жаңа бастап келе жатқандарға кесірін тигізіп жатады. Мнемотехниканың тек бастапқы қадамдарын игерсе де, оның барлық егжей-тегжейлерін үйренген адамдай сезінеді. Алайда, қабілеттерінің ең керекті шақтарында қолдана алмай қалады. Себебі, жаңадан бастап келе жатқан көп адамға мнемотехниканың қолданыс тәжірибесі жетіспейді. Ассоциялау әдістерін білетін сияқты, бірақ ақпараттарды жаттай алмайды. Ондай жағдайлар болмас үшін жаттау тәсілдерін қолдануды тұрақты түрде жаттықтырып, әдет дәрежесіне дейін жеткізу керек.
Мнемотехника нені жасай алмайды? Бұл жүйенің парадокс туғызатын жері, мнемотехника – ақпаратты жаттауға көмектесетін жүйе, бірақ ол адам жадының жұмысын жақсарта алмайды. Әрине, ақпаратты қабылдау және мнемотехниканы қолдану кезінде адам жады жұмыс істейді, сондықтан аз-маз жақсарады. Бірақ айтып кеткеніміздей, мнемотехника тек адамның қиялдау, назар аудару, ойлау қабілеттерін қолданады. Сол себепті, мнемотехникамен айналысуды бастағаннан кейін қысқа уақыт ішінде заттарды байқағыштық, айналысып жатқан жұмысыңызға зейін қою сияқты қасиеттеріңіз күшейіп, бірақ жадыңыздың аса жақсармағанын сезсеңіз, таң қалмаңыз.
Адам жадының айырмашылықтары
Адам негізінен өзіне байланысты және өзінде бар ақпаратқа байланысты заттарды тезірек жаттайды. Сол үшін, әртүрлі фактілерді бір жерге жинап, байланыстыру қажет. Ол байланыстар әртүрлі болуы мүмкін, ең бастысы олар сол адамға қатысты болуы керек. Мүмкін ол күлкілі оқиға болар, анекдот, тіпті ешқашан орындалмайтын ойдан шығарылған қиял болуы мүмкін. Ең бастысы – бұл байланыстар жаттаушы адам үшін жалпы фоннан ерекшеленіп тұруы, бірегей болуы тиіс.
Ассоциациялау әдісі
Жаттаудың бір түрі болып ассоциациялау әдісі есептеледі. Кейде бұл әдісті ассоциациялар тізбегінің әдісі, ассоциациялар байланысының әдісі немесе жаттаудың тізбекті әдісі деп те атайды. Бұл әдіс көбіне сөздер, сандар және даталар тізбегін жаттау үшін қолданылады. Мнемотехника әдісін қолдана білу орындар әдісі сияқты басқа да әдістерді қолдану білу қабілетін тудырады.
Ассоциацияларды қалай құрамыз?
Егер заттардың арасында байланыс болмаса, оны ойлап табу керек. Ол байланыс кез келген түрде болуы мүмкін: ертегілік, фантастикалық, абсурдтік немесе күлкілі. Байланысыңыз неғұрлым ерекше болса, ол заттарды тезірек жаттайсыз.
Мысал: Шатыр-Атты әскер – есіңізге атты әскерді алыңыз, олар үйдің шатырында шабуылға шығу дабылын күтіп отыр делік. Дабыл соғылады, адамдар үйдің шатырындағы кішкене терезеден сығылысып сыртқа шығып жатыр. Одан кейін жылқылар мысық іспеттес секіретін жеріне мұқият қарап алып, секіріп жатыр. Атты әскер орындарынан тұрып, ұрандатып шабуылға жөнеледі.
Шыны-Ешкілер – екі теке бір-біріне қарама-қарсы құйындай ұшып келеді. Араларында кішкене ғана қашықтық қалғанда бір-бірін зақымдап алмас үшін бір мейірімді адам екеуінің арасына шыны қойып қояды. Екі теке бастарын шыныға ұрып, жан-жаққа құлайды. Не болғанын түсінбей, екеуі кері бұрылып кетіп қалады.
Осындай принциппен жұмыс істей берсеңіз кез келген затты байланыстыра беруге болады. Ассоциацияңыз неғұрлым ерекше болса, соғұрлым өзіңізге жаттау оңайырақ болады.Ассоциация әдісі арқылы жадыңызды жаттықтыру үшін сөз жаттау тапсырмаларын орындау қажет. Сіздің ойыңызша бұл жаттығудың ешқандай мәнісі де, пайдасы да болмауы мүмкін. «Қайдағы жоқ сөздерді жаттау маған не береді?»- деп ойлауыңыз мүмкін. Алайда, бұл әдісті игеріп алғаннан кейін дүкеннен сатып алған заттарыңыздың атын, бір күнде жасалуы тиіс жұмыстардың тізімін, цитаталарды, рецепттерді еш қиындықсыз жаттай аласыз.
Аталған әдістің қазақ тілін үйренуге қандай септігін тигізетінін былайша көрсетуге болады. Мысалы, айталық сіз асханада отырсыз. Асханада қолданылатын бірнеше сөйлемдер мен сөз тіркестері жоғарыда аталған әдіс арқылы мейлінше есте қалуы мүмкін. Ондағы ас мәзірі мен асханашы арасында болатын қарым қатынасқа байланысты бірнеше ой бірден оған кірген бойда ойға оралуы әбден мүмкін. Біріншіден асханаға кірген бойдағы «Ас дәмді болсын!» қабырға плакаты арқылы осы сөйлемді сөз қолданысында тез есіне түсіре қойып, қолдануына болады.
Мнемоника ақпаратты бір рет айтқаннан әр элементті сақтауға мүмкіндік береді. Мысалы, сексен кездейсоқ сөздердің (сандардың) ретін арада алты секунд интервалмен есте сақтай алуға болады. Мнемотехника - арнайы мнемониканың әдістерін практика жүзінде қолдану болып табылады. Әдетте, оның мынадай түрлері бар: есте сақтауға арналған ақпараттың мағыналы сөз тіркестерін есте сақтау; рифма; ұзын терминдер мен шетел сөздерін үндес сөздері арқылы есте сақтау; ашық дәстүрлі емес (сурет, сөздер арқылы)есте сақтау үшін арналған ақпаратпен байланыстыру. Кез келген сабақта мейлі ол төменгі класс оқушылары болсын, мейлі жоғары класс болсын әрбір әріпті, оның дыбысталу ерекшелігін өткенде де суреттер пайданалану арқылы оны есте сақтап қалуға болады. Бұл әдіс сонымен қатар тілді үйренудің алғашқы сатыларында басталатын дыбыс түрлері мен оларды дыбыстау айырмашылықтарын өткенде де қолдануға болады.
Ғалымдар зерттеуі іскерлік ойындардың оқушылардың оқу үлгеріміне жақсы әсер ететін дәлелдеп отыр. Іскерлік ойындар оқытудың тиімді, үнемді, негізгі әдістерінің бірі. Олар оқушыны ңысым жасамай оқытуға мүмкіндік береді, оқушының оқиғаны терең толғаныстармен түсінуіне себепші болады.Мұғалімдер көптеген танымдық ойындар өткізеді. Ойын түрінде болатын саяхат, электрлендірілген викториналар арқылы белгілі бір ауданның жануарлар дүниесі, ұшақ, корабльдердің түрлері оқылады.Алуан түрлі ребустар, сөзжұмбақтар, құпияхаттар, сөзтуымдар, логикалық есептер білім береді және оқушыларды ынталандырады. Математикада "Кім жылдам", "Ең үздік есепші", "Хоккей" ойындары тез санауға үйретеді. "Бағдаршам", "Дым білмес"ойындары арқылы жол жүру ережелері қайталанады. Ал "ғарышкерлер" ойыны ғылым жетістіктерімен, "Футбол", "Хоккей" ойындары еліміздің спорт шеберлерінің жетістіктерімен таныстырады. "Ағашты кім тез отырғызады" ойыны табиғатты күтіп ұстауға тәрбиелейді. Іскерлік ойындар ойнағанда бала нақты оқиғалардың куәгері болып еңбек етуге отбасылық өмірге, қоғамдық қатынастарға әзірленеді.Идеялар банкі. Бұл әдіс ой майданы деп аталады. Топтық алдына бір міндет қойылады, осы міндетті шешу үшін топ мүмкіндігінше жаңа, тың ұсыныстар айту керек. Барлық ұсыныстарды топ жинап алып, оларға баға береді. Бұл әдіс арқылы проблемалық жағдаят жасалып, оны шешу туралы ұсыныстар айтылып, ол ұсыныстар тексеріліп, бағаланады және ең жақсы ұсыныстар таңдалып алынады. Ой майданы әдісін 1939 жылы А.Ф.Осборн бірінші рет қолданған. Ол балаларға ұнаған, себебі олар өздеріне қызықты мәселелерді шешіп отырған. Ой майданының ұзақтығы 1-2 сағатқа созылған. Бұл әдіс арқылы өткен сабақтың нәтижелі болуы мұғалімнің біліктілігіне, топтың даму деңгейіне байланысты. Топта он адам болғаны жақсы, бірақ топ мүшелерінің санын көбейтуге болады. Бұл әдіс арқылы педагогикалық бөлімнің студенттері шағын топтарға бөлініп, мектеп оқулығынан бір тақырыпқа әзірленіп 5-20 минут сабақ береді, содан кейін сабақ талқыланады, бағаланады, оны келесіде жақсы өткізу жолдары белгіленеді. Сабақты түгел бейне жазбаға жазу оны талдауды жеңілдетеді. Бұл әдіс мұғалімдік жұмысқа дағдыландырады. Оны шет тілін оқытуда пайдалануға болады.Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа нысандары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі.Алайда, оқыту әдісін таңдау - күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Әр тақырып оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Соңдықтан, оқытуда әр түрлі әдістерді қолдану қажет.Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.Оқыту әдісін таңдауға ықпал ететін шарттар:1. Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, оқушылардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану;2. Мектептің материалдық - техникалық негізін ескеру;3. Мектептің орналасқан жерін ескеру. Мысалы, қала мектептерінде оқушыларды өндіріс орындарына экскурсияға, ауыл мектептерінде мектеп жанындағы учаскелерге, табиғатқа, ауылшаруашылық өндірісіне апару;4. Мұғалімнің шығармашылығы және шеберлігі. Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын сабақ мақсатының айқындығы. Себебі оқу материалын баяндауда негізгі идеясын немесе оқушылардың іс-әрекетін анықтап алмай, оқыту мақсатына жету мүмкін емес.
Қазақ тілін оқытуда мнемоникалық әдістің барынша тиімді әрі оңай тәсіл екені анық.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ретінде барлық қазақстандықтар барынша жетік әрі еркін меңгеруі тиіс мәртебелі тіл.
Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаев сынды Ұлы көшбасшысы бар Қазақ елі – аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы осы мақсатқа жеткізетін Ұлы бастама. Ағымдағы жылдың 17 қаңтарындағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқына Арналған Жолдауы осыдан бір жыл бұрын Елбасы өзі жария еткен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын, яғни, Қазақстандық дамудың бағыт –бағдарын айқындап берді. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Стратегияны мүлтіксіз орындау, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!- деп атап өтті Елбасы өз жолдауында. Елбасы жолдауында еліміздің экономикасын, шағын бизнесті, әлеуметтік саланы дамыту, Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру, ұлттық білім берудің сапасын жақсарту, инфрақұрылымдық үш тағанның қарқынды дамуы бұдан өзге де маңызды мәселелер сөз етілді. «Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл - әлем кеңістігіндегі ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек».Елбасы Жолдауында айтылған осы бір сөздер әрбір саналы азаматтың жанын тербейтіні сөзсіз. Ел мен тіл - егіз ұғым. Мәңгілік сөзі бабалардан мирас болып кел жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі - ана тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол - мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру елімізде табандылықпен жалғасып келеді. Мемлекеттік тілді дамытуға жыл сайын миллиондаған қаржы бөлінеді. Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерімізге тоқтала келіп, енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн деп ой түйді. Олай болса, ана тілімізді - мәңгілік тіл ету өз қолымызда.
Алдыға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды. Олай болса Елбасы салған сара жолдан таймайық, елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!