Открытый урок по физику на тему Реактивті ?оз?алыс 8 класс
Ашық сабақ
Күні: 20.11.2017 ж Пән аты: Физика
Сыныбы: 8 «б» Пән мұғалімі: Смағұлов Т.М
Сабақтың тақырыбы: №21 Реактивті қозғалыс
Мақсаты:
1.Білімділігі: Оқушыларға реактивті қозғалыстың басқа салаларда қолданылуын түсіндіру, оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау, жан-жақты ізденуге мүмкіндік жасау.
2.Дамытушылығы: Жобалап ағыту технологиясы бойынша оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына, өз жетістіктерін сезініп, шығармашылықпен жұмыс жасауға үйрету.
3.Тәрбиелігі: Еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру, өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақты меңгерту.
Сабақтың типі: Кірістірілген сабақ
Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту технологиясы
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, плакат, физикалық тәжірибелер, ауа шары слайдттар.
Пән аралық байланыс: Биология, математика
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
1.Оқушылармен амандасу, оқушылардың сабаққа қатысуы, сабаққа дайындығын, сынып бөлмесінің тазалығы.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау (ой қозғау)
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру. а) Қарапайым тәжірибе жасау (ойын шары арқылы)
б)Зымыранды аспанға алып шығуға екпін бретін, стратқа арналған бірінші саты, екінші сат, үшінші сатылар туралы мәліметтер.
в)»Сен білесің бе?» айдарымен берілетін сұрақтар ғарыш айлағы, ғарышкрлер туралы, ғарыш кемесінің ұзындығы, биіктігі, массасы туралы
г)Ғарышты игерудегі жетістіктер туралы ақпараттар.
д)Реактивті зымырынаның құрылысы, жұмыс істеу принципін түсіндіру.
ІV.Сабақты қорытындылау. ӘСұрақтар қою арқылы оқушылардың жауаптарын тыңдау.
V.Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушылардың білімін бағалау.
4.Үйге тапсырма беру. №21 Реактивті қозғалыс 18 жаттығу (1,2)