Ма?ала Білікті маман-заман талабы
Білікті маман – заман талабы.
Елбасының Жолдауында еліміздегі жоғары білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне айрықша назар аударылды. Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылуы, тұрақты дамуы еліміздегі индустрияландыру бағытының жүзеге асырылуына тікелей байланысты.
Әр салада жұмыс сапасын қамтамасыз ету үшін тәжірибелі мамандардың керек екені анық. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандық.
Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады,-деді.
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,Ұстаз болу – жүректің батырлығы.Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,Азбайтұғын адамның асылдығы.Осы төрт қасиет әр ұстаздың бойынан табылуы қажет. Себебі мұғалім қай сабақта болмасын оқушысын еркіндікке баулиды. Сондықтан да ұстаздың міндеті талап пен еңбекті оқушыдан талап ете отырып, білімнің теңізінен маржан тергізу. Оқушы сабағыңнан ешқашан жалықпау керек.