Спортты? шара К??ілді эстафета
Тақырыбы: Көңілді эстафета
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
2.Оқушыларды ұйымшылдыққа, досстыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
3.Оқушыларды жылдамдыққа, шапшандыққа үйрету. Білім, білік дағдыларын кеңейту.
Түрі: командалық жарыс.
Құрал-жабдығы: доп, кедергілер, секірткіш, ысқырық, шығыршық, қап, эттафета таяқшасы.
Жарысымыздың қорытындысын шығарып, әділ бағалап отыратын әділқазылар алқасымен таныстыру.
Ортаға командалар шығады. Мұғалімнің командасы бойынша сапқа тұрғызылады. Мемлекеттік Әнұран орындалады.
«Эстафета таяқшасын алып жүгіру»
Әр топ ойыншылары төрешінің белгісі бойынша кедергілердің арасымен эстафета таяқшасын алып белгіленген жерге жүгіріп барып, кейін қайтады. Екінші ойыншыға береді. Бірінші келген команда жеңіске жетеді.
«Секіртпемен жүгіру»
Топ оқушылары төрешінің белгісі бойынша секіртпемен жүгіреді. Белгіленген жерге жүгіріп барып, кейін қайтады. Келесі ойыншыға береді. Ойынды бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.
«Шығыршылықпен тасы»
Төрешінің белгісі бойынша топ басшысы шығыршылықпен белгіленген жерге топ мүшелерін біртіндеп тасып, кейін қайтады. Соңғы ойыншыны апарып, барлығын бірдей алып келеді.
«Кім жылдам»
Төрешінің белгісі арқылы белгіленген жерге допты жерге ұрып барып, қайтарында жүгіріп келеді. Допты келесі ойыншыға береді. Ойын осылай жалғасып, бірінші келген команда жеңімпаз болады.
«Жұптасқан ұстаушылар»
Төрешінің белгісі арқылы топ мүшелері екеуден жұптасып белгіленген жерге жүгіріп барып, кейін қайтады. Келесі ойыншылар да осылай жүгіреді.
«Қаппен жүгіру»
Төрешінің белгісі арқылы қапты киіп алып, белгіленген жерге секіріп барып, кейін қайтады. Қапты шешіп келесі ойыншыға береді. Бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.
«Арқан тарту»
Команда мүшелері түгел арқан тартуға шығады. Белгіленген жерге қарсылас команда мүшелерін тартып келеді. Командалар бір-бірімен түгел арқанмен тартысады.
Қорытынды сөз әділқазыларға беріледі. Командалар сап түзеп қатарға тұрады. Ұпай санын есептеп, жарысқа қатысқан командаларды марапаттайды.