Жемістер Биологиядан ашы? саба? 6-сынып
Күні:
Сабақтың тақырыбы: ЖемістерСабақтың мақсаты: Жемістердің түрлері туралы біледі, олардың маңызын түсінеді,жемістерді салыстырып таралуын айта алады. Жемістердің пайдасын өмірде қалай қолданып жүргеніміз туралы айта алады.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игеруСабақтың әдісі: Топтық және жұптық жұмыс арқылы.Сабақтың көрнекілігі: Слайдттар, суреттер, буклет, жемістер,үлестірмелі қағаздар,тірек сызба.Сабақтың барысы:
І. .Ұйымдастыру.кезеңі :- оқушылармен амандасу, шаттық шеңбері бойынша сыныпта жағымды ахуал туғызу. Өткен тақырыптар бойынша топқа бөлуІІ. Үй тапсырмасын сұрау.Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану мен ұрықтану тақырыбының мазмұны бойынша «Зымыран сұрақтар» әдісін қолдану.“Гүл” тобы
1. Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы.
2. Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері.
3. Қосарлы ұрықтануды ашқан ғалым.
4. Жай жапырақтың тақта саны.
5. Белгілі ретпен орналасқан ұсақ гүлдер тобы.
түрлері.
“Жапырақ” тобы
1. Бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің аналығының
аузына түсуі.
2. Ұрықтанған соң жатыннан дамиды.
3. Жыныс мүшелері бар,бұтақтанбайтын түрі өзгерген,
қысқарған өркен.
4. Аналықтың ең жуан жері
5. Тозаңдану түрлері.
«Біліміңді тексер» ортақ тапсырма
1. Тозаңдары құрғақ,майда,жеңіл,өте көп.
2. Бітеу гүлдің тозаңдануы
3. Гүл күлтелері ашық реңді.
4. Аталық жіпшелері ұзын,төмен қарай иіліп сәл ғана қимылға тербеліп тұрады.
5. Гүлінде шірнеліктері бар.
6. Тозаңдану бір гүлдің ішінде
7. Тозаңдары ірі.
8. Аналығының аузы үлпек қауырсынды.
9. Гүлдері хош иісті.
10. Гүлдері реңсіз.
ІІІ.Жаңа сабақ. Жемістер туралы не білеміз?
Екі топқа мәтін таратылып беріледі. Мәтінге сай критерийлер мен дискрипторлар дайындалды. Оқулықпен жұмыс. Жемістер тақырыбын оқып өздерінің білімдерін толықтырады. Оқушылар сол бойынша постер қорғайды.
Суреттер бойынша жеке- жеке талдай отырып түсіндіру. Зертханалық жұмыс.Шырынды және құрғақ жемістермен танысу.1.Үлестірген жемістерден шырындысын бір бөлек, құрғақтарын бір бөлек ажырату. 2.Шырынды жемістердің сүйіктісін бір бөлек , жидектерін бір бөлек ажырату. Сүйекті шырынды жемісті ұстарамен екіге бөліп алады.3.Жидек жемістіде ортасынан жарып ішіндегі тұқымдарын санау, сүйекті жеміспен салыстыру.4.Картоп түйнегі, сәбіз, қызылшаның жемтамырларын жарып көріп жеміспен салыстырып , жеміс еместігіне көз жеткізу.5. Құрғақ жемістердің түрлерін оқулықтағы суретпен салыстырып, бірі-бірімен айырмашылықтарын қарап, ішіндегі тұқымдарын санау, жемістің құрғақ екенін байқау.Жұмбақтар шешкізу.1.Сырнайынан төгіп жыр,Күнге сәлем беріп тұр. ( )2.Бұтаға ілген үлбіршек,Іші нәрлі қызыл солТеріп алып үлгерсек. ( )3.Қызыл қалпақ киеді, Піскенде басын иеді. 4. Түскенде алтын күз,Жинадық алтын тіс. ( )5.Бір ел бар су іштен тамақ емес,Сөйлесіп бір-бірінен қылмас өлең.Үстіне жаздыгүні киім киер.Қыстыгүні жалаңашы ештеңе емес. (Бақша)Суреттерді қолданып жемістер бауда өсетіндігі, көкөністер бақшада өсетіндігі туралы түсіндіру.Б А Қ Ш А Өздері білетін сәйкес келетін жемістерін айтқызу.ІV. Қортындылау.Сабақты «Жеміс теру» ойыны арқылы қорытындылау. Оқушыларға артына сұрақтар жазылған жеміс суреттерін үлестіремін. 1.Алма жемісі.-Шырынды гүлдің қай бөлімінен пайда болады ( түзілуі) неше топқа бөлінеді, әр түріне мысал келтір.2.Алмұрт жемісі.-Шырынды жемістер неше топқа бөлінеді, әр түріне мысал келтір.3.Жаңғақ-Неліктен құрғақ жеміс деп аталады ?4. Құлпынай жемісі.-Құлпынай жемісін не себепті шырынды жеміске жатқызбайды?5. Шие жемісі.-Жеміс көбею мүшелерінің қандай сатысы және ол қанша гүлден дамиды?V. Бағалау .Сабаққа қатысуларына , жауап біреулеріне қарай өздеріне түсіндіре отырып оқушыларды бағалаймын. VI. Үйге тапсырма. Жемістер тақырыбын оқып түсінік айта білу. Оқулықта берілген № 6 кестені толтырып келу.