Презентация на тему ЛЕССОН СТАДИ ?аза? тілінен зерттеу саба? ж?ргізу жоспары
«Lesson Study» -дің талдауы
Қазақ тілі пән мұғалімдері
Топ мүшелері
Қалкөзова А
Тайтенова Ш
Аймұратова М
Мырзағалиева А
Lesson Study – бұл сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі, ол мұғалімдер топтарының Lesson Study –ді бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және талдауын көздейді.
Осы орайда сәуір айында 7"Г" сыныбында білім сапасын көтеру, сонымен бірге пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуын, кәсіби шеберлігін, бақылау дағдыларын дамыту мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерімен бірлесіп Lesson Study өткізілді. Топ құрамы бірлестік жетекшісі Тайтенова Шахиза Калдархановна , Аймұратова Маржан Танирбергеновна III деңгей мұғалімі, II деңгей мұғалімі Қалкөзова Айгүл Оспановна , Мырзағалиева Ақнұр Досқалиевна белгіленді.
Неге осы сынып таңдалып алынды?
Себебі Аймұратова Маржан тізбектелген 4 сабаққа жоспар құрып,
зерттеу жүргізу үшін мұғалімдердің бірлесуімен Lesson Study-ді өткізу жоспары құрылды.
Біз қатысушылар үш А, В, С деңгейіндегі оқушыларды таңдап алдық.
А деңгейіндегі оқушы «Үлгерімі өте жақсы» А. есімді оқушы, В деңгейінде «Үлгерімі жақсы» Н. есімді оқушы, С деңгейінде «Үлгерімі орташа»
А. есімді оқушыны таңдап алып, талдау жұмыстарын жүргіздік. Әрбіреуіне мінездеме беріліп, жан-жақты қарастырдық. Зерттеуге қатысушы мұғалімдер оқушыларды бақылап отырды.
Нәтижесінде Lesson Study өткізу үшін «Білім сапасын арттыру мақсатында топтық жұмыстың тиімділігі » тақырыбы таңдалып , келесідей күтілетін нәтиже анықталды:
Тақырып бойынша топтық жұмыс жасай алады
Тұйық етістікті қолданып, талдай білуге дағдыланады
Тілдің қоғамдағы рөлі жайлы айта біледі
Оқушылардың қазақ тілінде сауатты сөйлеу дағдысын қалыптасады
Жалғау түрлерін ажырата біледі
Қазақ тілінің ерекшеліктерін түйсіне білуге үйренеді
Мәтіндердің мағынасын түсініп оқуға үйренеді
Сұрақтарды талдау және солармен жұмыс жасай алады
Оқушылардың оқыған дүниесінен белгілі бір қорытынды
шығара білу дағдысы қалыптасады
Өткен тақырыптарға талдау жасай біледі
Өз алған білімін саралап, жинақтап, бағалай білуге дағдыланады
Топтық жұмыс нәтижесінде оқушылардың бір-біріне
деген жолдастық қарым-қатынасы артады
топтық жарыстар кезінде топ жетекшінің ұйымдастыру қабілетінің арта түсетіндігі байқалады
оқушы бағалауының әділ болатындығы және
бірнеше оқушыны бағалау мүмкіндігі туатындығы белгілі болады
-Берілген тапсырманы отырып, жоспар құра алады;
-Берілген мәтін бойынша тапсырмаларды , орындайды
-Берілген мәтіннен негізгісін сұрыптай алады;
-Оқыған материалдары бойынша диалог құрай алады
Топта шығармашылық қабілеттері дамып,
өз ойын ашық айта алады;
-Білім сапасы артады.
Lesson Study үш цикл бойынша өткізілді. 1-циклде алғашқы зерттеу сабағы бірлесіп жоспарланып, өткізілді, сабақ соңынан оқушылармен сұхбат жүргізіліп, олардың пікірлері ескеріле отырып, зерттеу жүргізуші мұғалімдер бірлесе талдау жасап, келесі зерттеу сабағы бірлесе жоспарланып отырды. Осындай іс-әрекет әрбір зерттеу сабағынан кейін қайталанып отырды.
Алғашқы зерттеу сабағын талдау барысында оқушыларға өз бетімен орындау үшін деңгейлік тапсырмалар дайындау ұсынылды. Екінші зерттеу сабағы алғашқы сабақтың қорытындысындағы ұсыныс ескеріле отырып құрылды және өткізілді. Сабақта оқушылар деңгейлік тапсырмалармен жұмыс атқарды, сабақты талдау нәтижесінде үшінші зерттеу сабағына шығармашалық тапсырмаларды күрделендіріп беруге ұсыныс жасалды. Алдыңғы сабақтан соңғы ұсыныс, оқушымен сұхбат нәтижесі ескеріле отырып, мұғалімдердің бірлесуімен үшінші зерттеу сабағының жоспары құрылып, өткізілді.
3 цикл аяқталған соң мұғалімдердің бірлесуімен Lesson Study қорытындыланды. Нәтижесінде жалпы сыныптағы әр түрлі деңгейдегі оқушылар бойынша өзгерістерді анықтап, төмендегідей қорытынды жасалды:
С деңгейіндегі оқушы:
- Берілген мәтінмен жұмыс жасай алды;
- Сұрақтарға жауап беріп, топта өзінің шығармашылық қабілетін көрсете алды
В деңгейіндегі оқушы:
- Алған білімдерін қолданып, қосымша материалдармен жұмыс жасай алды;
- өздіктерінен білім алуы үшін жоспар құра алды.
А деңгейіндегі оқушы:
- Проблемалық сұрақтарды анықтап, жауап табуда ізденді. Өз білімдерін шығармашылық тапсырмаларды орындай алды.
Сабақтарының нәтижесінде біз мынаны ұқтық. А деңгейіндегі оқушы берілген тапсырманы орындап , қасындағы оқушыларға көмектесе бастағаны, В деңгейіндегі оқушы да топпен жұмыс кезінде оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасады, топта сурет салып басқа қырынан көзге түсті. Ал С деңгейіндегі оқушы сұрақтарға жауап беріп , топтық жұмыс барысында өз идеяларын ашық айта білді.
Бұл зерттеу жұмысы тек оқушылардың білім сапасын көтеруге ғана бағытталып қойған жоқ, сонымен қатар, тәжірибие алмасу болды. Осыған байланысты, пән мұғалімдеріне төмендегідей ұсыныстар жасалды:
- Өз бетімен жұмыс белгілі бір мақсатқа бағытталған, оқушы орындай алатындай етіп таңдалуы тиіс;
- Тапсырма бар ынтасын салып жұмыс істейтіндей, қызықты етіп әзірленуі керек;
- Тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай бағытталуы керек;
- Тапсырмаларды дайындау барысында көп алмау;
-Мұғалімге уақытты үнемдей алу;
- Оқушылардың берген жауабын мұқият тыңдап, қатесін түзетіп отыру;
- Өткізілген зерттеу бойынша педгогикалық кеңесте мектеп ұжымымен бөлісу.
7 "Г"сыныбында жүргізілген Lesson Study-ді қорытындылай отырып, сабақтағы өз бетімен жұмысты жетілдіруде оқушылардың деңгейін міндетті түрде ескерілу керек, қалыптастырушы бағалауды түрлендіре отыра, әр сабақта мұғалімге оқушылардын кері байланыс алу міндетті түрде керек деген түйін жасалды. Жеке жұмысты берер алдында, оқушылар тақырыпты топта талдаса жақсы нәтижеге жетуге болады. Сабақта бағалау парағын ұсыну, өздері қол жеткізе алатын нәтиже ғана емес, сабақ бойы қандай іс-әрекетпен айналысатынымен хабардар болып отыруға мүмкіндік береді, бұл олардың өз-өздерін реттеп үйренуге, өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландырады деген қорытынды жасалды. Ең бастысы, осы зерттеу нәтижесінде 7 "Г" сыныбындағы білім сапасында оң өзгеріс байқалды.
Қорытындылай келе, бұл тәсілдің нәтижесінде біз оқушылардың білімдерін жаңа тәсілдер арқылы кеңейте алдық. Сабақ соңында өз мақсаттарымызға жеттік, қалыс қалған оқушылар болған жоқ. Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып, оқушылардың сұрақтарға толық жауап беруіне, ойларын ашық айтуға үйреттік. Топтық жұмыс арқылы ойларын ортаға салып талқылау, талдау, өз пікірін ашық айтуға дағыдыландыра отырып,бірін-бірі, өздіктерін, жұптарын, топтарын бағалауға үйретіп, оқуға деген қызығушылығын арттырдық. Болашақта осындай әдіс - тәсілдерді қолдана отырып өткен сабақтарыммызбен оқушының білім, білік дағдыларын арттыруды көздеп отырмыз және үлгерімі "С" дәрежесіндегі оқушылармен әлі де жұмыстар жасап "В" дәрежесіне жеткізуге, "В" дәрежесіндегі оқушыларды "А" дәрежесіне жеткізуге тырысамыз.