Презентация. ?арышты? атауларды? ма?ал-м?телдердегі к?рінісі. ?ылыми жоба 27 бет


Ғарыштық атаулардыңмақал-мәтелдердегі көрінісіҒылыми жоба Кіріспе Мақал-мәтелдер бір ғасырдың ғана жемісі емес. Мақал-мәтел – халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан, өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы. Бұл зерттеуде қазақ халқының ежелден келе жатқан астрономиялық білімдерінің ерекшеліктері баяндалады. Зерттеу жұмысында сонымен қатар жұлдыздарға қатысты ырымдар, соған қатысты мақал-мәтелдер келтірілген. МақсатыҒарыштық атаулар, қазақтың ежелден келе жатқан ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі – мақал-мәтелдерде кездесуін зерттеп, танып-білуге арналған. Он сегіз мың ғаламның бір бөлшегі космостық әлем тілден тысқары емес. Адамзат баласы жер бетін қаншалықты игерсе, жер үстін, аспан әлемін соншалықты игеру үстінде. Оған дәлел космонимдік атауларға байланысты фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, фольклордан, аңыз-әпсаналар т.б. көруге болады. Календарь атауы – Ежелгі Римді мекендеген латын халқының «календы» деген сөзінен шыққан. Оларды үлкен үш типке жинақтаған. Біріншісі Шәмсия типі, бұл «күнтізбесі» деп аталады, екіншісі Қамариа типі, яғни «Ай күнтізбесі». Мысалы, Хижра мұсылман күнтізбесі. Үшіншісі «Шәмсі қамариа» типі, бұл Күн мен Айдың біріккен күнтізбесі. Мысалы, қытай халқының күнтізбесі. Қазақ, монғол, тибет халқының ескіше күнтізбесі де осы типке жатады. Мұсылман күнтізбесі Хижра – Ай күнтізбесі (қамариа) типіне жатады Ғарыштық атаулардың мақал-мәтелдердегі көрінісінде қарапайым тәлімдік-тәрбиелік мәселелерден бастап, халықтың салт-дәстүрі, ауа-райы, климат, жан-жануар және өсімдік дүниесі, жер бедері сияқты, көне наным-сенім мен діни көзқарастар көрініс тауып жатады. Халықтың аспан әлемі туралы танымында көкте 12 ай, оның қарсысында 12 жұлдыз орналасып, «Айдың Үркер ұлы, Шолпан қызы, Тауыс болмай қатпайды жердің мұзы» саналған. Жұлдыз ай – ай санаудың бұл жүйесі Күннің бір жылдық көрінерлік жолдың бойына орналасқан 12 зодиак (шоқжұлдыз) көмегіне сүйенген. Қазақтар әр адамның жұлдызы бар болатынына және адамның өмірінің ұзақтығы сол жұлдызының аспанда тұруымен өлшенетініне сенген. Сондықтан жұлдыздың ағуын адамның өліміне әкелетін себепке теңестіріп, аққан жұлдызды көзі шалса, «жұлдызым жоғары» деп тәңірден өмір тілеген. Бақытты адамдарға «жұлдызы жанған», «жұлдызы жарық» адам деп сипаттаған. Темірқазық жұлдызын қазақ халқы көшпелі тұрмысында бағдар ретінде пайдаланған. Ол бағдар тек жол бағытын ғана емес, өмір көкжиегін дұрыс тануға дейін ұласады. Темірқазық жұлдызы атауының туындауы да атына сай, қазыққа қағылып байланған, бір орында тапжылмастан тұрады.Ел аузында Темірқазық – қазақтардың құбылнамасы, бағзы заманнан бері осы жұлдызға қарап құбыланы табады, ен далада адаспай жүру үшін осы жұлдызды белгілеп жүретін болған. Темірқазық жұлдызы түнде жүрген жолаушыларға компас іспетті қызмет атқарған.«Оның себебі қасындағы Ақбоз ат пен Көкбоз ат атты екі жұлдыздың жылқыға ұқсап, Темірқазықты айналып қозғалуында жатса керек» - дейді Шоқан Уәлиханов Ғылыми жобаның толық нұсқасын жүктеу ақылы.   Ғылыми жобалар жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды. Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) Каспий банк депозитіне ЖСН 750115401055 номеріне ақша аударып,немесеQiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады. Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!Байланыс телефоны (ватсап) : 8-701-859-48-75 Сауле