Мені? елімні? р?міздері к?ркем ?дебиет даярлы? топ ашы? саба?
Тараулары: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Менің елімнің рәміздері
Мақсаты: Қ.Р-ның мемлекеттік рәміздері туралы әңгімелеу. Балалардың Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін, Қ.Р-сы туралы білімін арттыру.
Сөздік жұмыс: тәуелсіз, мемлекет
Әдіс - тәсілдер: Әңгімелеу, көрсету, сұрақ- жауап
Керекті құралдар: Карта, суреттер.
Іс – әрекет
кезеңдері Тәрбиешiнiң іс- әрекеті Балалардың
іс -әрекеті
Мотивациялық қозғаушы І Психологиялық сәт
ІІ Әнұран тыңдату Балалар үстелге келіп жайғасады
Іздену-ұйымдастырушылық ІІІ Кіріспе әңгіме
Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Сұрақ- жауап
Біз сендермен қай қалада тұрамыз?
Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
Отан деген не?
«Менің Қазақстаным» тақырыбында бейнеленген суреттерге қарап, әңгіме құрау. Балалар зейін қойып тыңдайды, қойылған сұрақтарға жауап береді.
Рефлексивті-
түзетуші Отан туралы мақал- мәтелдер
Қорытынды
Мадақтау Балалар белсене қатысады
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Балалар Қ. Р. жайлы біледі
Қандай түсінік игерді: Қ.Р-ның мемлекеттік рәміздері туралы
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ұқыптылық, еңбекқорлық Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Күні 2016 жыл. Топтың аты:
Білім беру саласы:әлеуметтік орта
Тараулары: көркем әдебиет
Тақырыбы: «Жаңа жыл келді»өлеңді жаттау.
Мақсаты: Өлеңді дауыс ырғағымен келтіре отырып, оқып беріп, мазмұнын әңгімелеуде өз ойын қиялымен ұштастыра айтуға баулу. Сөздік жұмыс:жылыстап, әзір..
Әдіс - тәсілдер:әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ - жауап
Керекті құралдар: Жаңа жыл мерекесіне байланысты суреттер.
Іс – әрекет
кезеңдері Тәрбиешiнiң іс- әрекеті Балалардың
іс -әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Біздің топта балалар,
Тату тәтті ойнайды.
Дос көңілі әрқашан,
Тек жақсылық ойлайды.
Балалар шеңберіне тұрып , бірі-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Іздену-ұйымдастыру-
шылық -Қазір жылдың қай мезгілі?
-Жақында қандай мереке болады?
Жаңа жыл мерекесі несімен ұнайды?
Жаңа жыл мерекесі қыс мезгілінде тойланады.Жаңа жылды жасыл шыршаны безендіріп,ойыншықтармен сәндейміз.
Бүгін біз Сағи Жиенбаевтың «Жаңа жыл келді» өлеңімен танысамыз.
Сөздік жұмыс Жылыстап-ақырындап жақындап келе жатыр дегенді, әзір-дайын деген мағынаны білдіреді.
-Қыс мезгілі
-Жаңа жыл мерекесі.
-Балалар өз ойларын әңгімелеп береді.
Жылыстап ,әзір сөзінің мағыналарын қайталайды.
Рефлексивті-
түзетуші Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс.
Дидактикалық ойын «Кім жылдам» Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.
Күтілетін нәтиже: Нені біледі:Жаңа жыл мерекесі туралы тақпақтар жаттайды.
Қандай түсінік игерді: Жаңа жылдың ерекшеотбасылық мереке екендігін түсінеді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Дидактикалық ойын арқылы шыршаны безендіріп, үйренді.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Күні 2016 жыл. Топтың аты:
Білім беру саласы:әлеуметтік орта
Тараулары: көркем әдебиет
Тақырыбы: Мысық, Әтеш және Түлкі (ертегі)
Мақсаты: Ертегінің мазмұнымен таныстыра отырып, жағымды жағымсыз кейіпкерлерді өздігінен ажырата білуге үйрету; Сөздік жұмыс:шап беріп, тәкаппар.
Әдіс - тәсілдер:әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ - жауап
Керекті құралдар: Мысықтың, әтештің, түлкінің суреттері.
Іс – әрекет
кезеңдері Тәрбиешiнiң іс- әрекеті Балалардың
іс -әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Шаттық шеңберінде жылы лебіздерін өз ойларынан айтады.
Іздену-ұйымдастыру-
шылық Балаларға жұмбақ жасыру.
Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай.
-Қандай жан-жануар туралы ертегі білесіңдер?
-Бүгін біз «Мысық, Әтеш және Түлкі» деген ертегімен танысамыз. Ертегіні мәнерлеп оқып берейін. Ертегінің мазмұнын ашып, айтайық қанекей.
Мазмұнын түсіндіру.
Сөздік жұмыс: шап беріп, тәкаппар сөздерінің мағыналарын түсіндіру Жауабы: Әтеш
Балалардың жауаптары.
Рефлексивті-
түзетуші Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс.
Мақал жаттау
Дос болсаң, берік бол,
Досыңа серік бол. Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.Мақалды жаттап алады.
Күтілетін нәтиже: Нені біледі:ертегіде кездескен кейіпкерлердің қимылдарын жасай алады.
Қандай түсінік игерді: ертегі желісі бойынша әтештің еңбекқор,мысықтың қамқор екенін түсінеді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ертегі мазмұны бойынша рөлге бөлініп ойнайды.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Күні 2016 жыл. Топтың аты:
Білім беру саласы:әлеуметтік орта
Тараулары: көркем әдебиет
Тақырыбы: «Әз наурызым, армысың!»
Мақсаты: Өлеңді оқып-үйретіп, сөздердің мағыналарын ашу, түсіндіру, өлеңді өз ойынан айтуға баулу.Адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:сәскеде, секілді.
Әдіс - тәсілдер:әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ - жауап
Керекті құралдар: Жаңа жыл мерекесіне байланысты суреттер.
Іс – әрекет
кезеңдері Тәрбиешiнiң іс- әрекеті Балалардың
іс -әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері
Наурыз келді, балалар,
Көктеді қыр жағалар.
Наурыз тойын тойлайық.
Жаңа жылда ағалар! Балалар шеңберіне тұрып , бірі-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Іздену-ұйымдастыру-
шылық -Балалар барша адманың көптен күтетін жыл мезгілі –көктем де келді.Көктемде Жер-Ана, табиғат-барлығы ерекше әдемі болып кетеді.Көктемде ең тамаша мерекелердің бірі Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлаймыз.Бүгін біз Оразақын Асқар ағамыздың «Әз Наурызым, армысың!» өлеңімен танысамыз. Өлең шумакқтарын қайталата отырып, жаттату.Сөздік жұмысы: Сәске-түс мезгілі.Секілді сөзі ұқсайды деген мағынаны білдіреді. Балалардың жауаптары.
-Көктемде Наурыз мейрамын тойлаймыз.
-Наурыз мерекесінде наурызкөже пісіріп,ұлттық ойындар ойналады.
Балалар өлеңді мұқият тыңдап, жаттап алады.
Рефлексивті-
түзетуші Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс.
Табиғатпен сырласу ойын жаттығуы. Қорытындылау. Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.Балалар қимылмен орындайды.
Күтілетін нәтиже: Нені біледі:наурыз мерекесін еске түсіріп,көргендерін айтады.
Қандай түсінік игерді: өлең шумақтарын жаттай отырып, Наурыз мерекесі ұлттық мереке екенін түсінеді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: өлеңді жатқа айтып,бере біледі.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Күні 2016 жыл. Топтың аты:
Білім беру саласы:әлеуметтік орта
Тараулары: көркем әдебиет
Тақырыбы: «Наурыз көже» (өлеңді жаттау)
Мақсаты: Наурыз мерекесі, оның ерекшелігі туралы айтып, өлеңді дауыс ырғағын келтіре оқып, жеткізу.
Сөздік жұмыс:наурызкөже, әдейі.
Әдіс - тәсілдер:әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ - жауап
Керекті құралдар: наурыз көже жасап жаткан әжелердің,наурыз көжеге салатын тағамдардың суреттері.
Іс – әрекет
кезеңдері Тәрбиешiнiң іс- әрекеті Балалардың
іс -әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері
Наурыз келді, балалар,
Көктеді қыр жағалар.
Наурыз тойын тойлайық.
Жаңа жылда ағалар! Балалар шеңберіне тұрып , бірі-біріне жылы лебіздерін білдіреді.Наурыз туралы жылы сөздер айтып,
Іздену-ұйымдастыру-
шылық -Балалар наурыз мерекесінде пісірілетін асты наурыз көже қыстық соғымнан қалған сүрленген еттен,дәнді дақылдар қосылып жасалады.Оған қатық немесе айран қосылады.
-Бүгін біз Ақылбек Шаяхметовтың «Наурыз көже» деген өлеңімен танысамыз.Сөздік жұмыс: Наурыз көже деп мерекеде арнайы пісірілген көжені айтамыз. Әдейі деген сөз арнайы жасалған деген мағынаны білдіреді. амандасады. -Наурыз мерекесі құтты болсын !
Наурыз көженің қалай жасалатыны жайлы қандай дәнді дақылдар қосылатыны жайлы айта алады.
Өлеңді жатқа айтып үйренеді.
Рефлексивті-
түзетуші Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс.
Қорытындылау. Бойларын жазады. Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.Қорытынды сұрақтарға жауап береді
Күтілетін нәтиже: Нені біледі:наурыз мерекесін еске түсіріп,көргендерін айтады.
Қандай түсінік игерді: Наурыз мерекесінде жасалатын, наурыз көженің жасалу жолдарын біледі.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: өлеңді жатқа айтып,бере біледі.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Күні 2016 жыл. Топтың аты:
Білім беру саласы:әлеуметтік орта
Тараулары: көркем әдебиет
Тақырыбы: «Үш қыз»(ертегі)
Мақсаты: ертегіні балаларға таныстыру, мазмұнын ашу, кейіпкерлердің тағдырын түсінуге баулу. Сөздік жұмыс: аяулы жан, қайырымдылық.
Әдіс - тәсілдер:әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ - жауап
Керекті құралдар: ананың және қыздардың иллюсттрациялы суреттері.
Іс – әрекет
кезеңдері Тәрбиешiнiң іс- әрекеті Балалардың
іс -әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Біздің топта балалар,
Тату тәтті ойнайды.
Дос көңілі әрқашан,
Тек жақсылық ойлайды.
Балалар шеңберіне тұрып , бірі-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Іздену-ұйымдастыру-
шылық Балалар өмірдегі ең жақын, ең аяулы жан кім? Ең аяулы жан- ол ана.Анамызды сыйлап айтқанын орындап ренжітпей жүруіміз керек. Ал енді татар халқының «Үш қыз» ертегісімен танысамыз.
Сөздік жұмыс:Аяулы жансөзі өмірдегі ең жақын, ең қымбат деген мағынаны білдіреді. Рефлексивті-
түзетуші Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс.
Дидактикалық ойын «Бұл қандай аң» Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.
Күтілетін нәтиже: Нені біледі:ертегіні тыңдап,көктем сәні неде екенін айта алады.
Қандай түсінік игерді: аңдарға қамқорлық көрсету керектігін, табиғатты аялап, күтіп-баптау керектігін түсінеді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ертегінің мазмұнын сахыналап, рөльге бөліп ойнайды.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Күні 2016 жыл. Топтың аты:
Білім беру саласы:әлеуметтік орта
Тараулары: көркем әдебиет
Тақырыбы: «Түлкі мен қоян »(ертегі)
Мақсаты: ертегіні сурет бойынша әңгімелету, жағымды-жағымсыз кейіпкерлерді ажырата білуге үйрету. Сөздік жұмыс:қу, айлакер. Әдіс - тәсілдер:әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ - жауап
Керекті құралдар: Түлкі мен қоян және ертегі кейіпкерлерінің суреттері
Іс – әрекет
кезеңдері Тәрбиешiнiң іс- әрекеті Балалардың
іс -әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбер Адал, жақсы ниетпен Бар адамға бақ тілеп, Жарып шыққан жүректен, Сөздің бәрі-ақ тілек. Балалар шеңберіне тұрып , бірі-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Іздену-ұйымдастыру-
шылық Балалар мына жұмбақты кім шешеді екен. Бұлаңдаған құйрығы, Бар алдарлық қулығы. (Түлкі) Қалқиып ұзын құлағы, Елеңдеп қорқып тұрады(Қоян)
Балалар бүгін біз «Түлкі мен қоян» ертегісіментанысамыз.Түлкі- жабайы аң орманда жүреді.Өте қу айлакер. Қоян-өз сыбдырынан да қорқатын қорқақ аң.
Сөздік жұмыс:қу айлакер деген сөздер алдайды деген мағынаны білдіреді. . Рефлексивті-
түзетуші Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс.
Ертегіні рөльге бөліп ойнаймыз. Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.
Күтілетін нәтиже: Нені біледі:ертегіні рөльге бөлініп ойнайды
Қандай түсінік игерді:түлкінің қу аң екенін, қоянның ақылдылығын түсінеді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: достары ешқашан алдамай, бір-біріне көмек көрсетіп тату болу керегін біледі.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Күні 2016 жыл. Топтың аты:
Білім беру саласы:әлеуметтік орта
Тараулары: көркем әдебиет
Тақырыбы: «Ерте,ерте,ертеде»
Мақсаты: суреттер бойынша өткен ертегілерді еске түсіре отырып, ертегіСөздік жұмыс:ертегі-қызықты әлем. Әдіс - тәсілдер:әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ - жауап
Керекті құралдар: Өтілген ертегілердің суреттері,жұмыс дәптері
Іс – әрекет
кезеңдері Тәрбиешiнiң іс- әрекеті Балалардың
іс -әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбер Адал, жақсы ниетпен Бар адамға бақ тілеп, Жарып шыққан жүректен, Сөздің бәрі-ақ тілек. Балалар шеңберіне тұрып , бірі-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Іздену-ұйымдастыру-
шылық Балаларды төрт топқа бөліп әр топтың атын ертегінің кейіпкерінің атымен атаймыз .
Тапсырма берілген ұяшықта сандар бар..Ұяшық санын айтса, ұяшық ашылады.Сол ашылған ұяшықтан ертегінің суреті шығады.
Сөздік жұмыс:Ертегі –қызықты әлем дегені-ертегі оқиғасы біз өмір сүріп жатқан әлемге ұқсамайды.Аңдар адамша сөйлейтін, адамша іс-әрекет жасайтын қызықты әлем дегенді білдіреді. Балалар белсене қатысады
Топтарға бөлінеді.
Өткен ертегілерді сурет бойынша естеріне түсіріп, атын атайды.
Рефлексивті-
түзетуші Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс.
Ертегіні рөльге бөліп ойнаймыз. Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.
Күтілетін нәтиже: Нені біледі:ертегіні рөльге бөлініп ойнайды
Қандай түсінік игерді:Әрбір өткен ертегінің мазмұнын еске түсіреді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ертегі –қызықты әлем дегені-ертегі оқиғасы біз өмір сүріп жатқан әлемге ұқсамайды.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Күні 2016 жыл. Топтың аты:
Білім беру саласы:әлеуметтік орта
Тараулары: көркем әдебиет
Тақырыбы: «Достық мерекесі »
Мақсаты: Серікбай Оспановтың «Тілеріміз бейбіт күн»өлеңін мәнерлеп сөздерінің мағыналарын түсіндіру. Сөздік жұмыс:құшағын ашу,тең басқан. Әдіс - тәсілдер:әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ - жауап
Керекті құралдар: Мерекелік иллюстрациялар,әртүрлі ұлттың киімін киген балалардың суреттері.
Іс – әрекет
кезеңдері Тәрбиешiнiң іс- әрекеті Балалардың
іс -әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбер Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтайық
Ашық болсын күніміз. Балалар шеңберіне тұрып , бірі-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Іздену-ұйымдастыру-
шылық 1-мамыр- халықтар достығының ынтымақ мерекесі.
Балалар біз мерекеде қолымызға не ұстаймыз?
Достық-барлық елдердің бірлігі,берекесі,татулығы.Еліміз тыныш болса,бәрі жақсы болады.
Біз бүгін сендермен ақын Серікбай Оспановтың «Тілеріміз бейбіт күн» өлеңімен танысамыз.Сөздік жұмыс: Құшағын ашу сөзі-бәрін бірдей жақсы көру мағынасын білдіреді. Тең басқан сөзі -Шар,жалауша ұстап мерекелік шеруге барамыз.
Рефлексивті-
түзетуші Барлық ұлттар тең деген мағынаны білдіреді. Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс.
Дос туралы мақал жаттау. Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.Мақал жаттап алады.
Күтілетін нәтиже: Нені біледі: Достық мерекесі туралы өз түсініктерін айтады.
Қандай түсінік игерді:Қазақстан мемлекеті көпұлтты мемлекет екенін біледі
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: достары ешқашан алдамай, бір-біріне көмек көрсетіп тату болу керегін біледі.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Күні 2016 жыл. Топтың аты:
Білім беру саласы:әлеуметтік орта
Тараулары: көркем әдебиет
Тақырыбы: «Қол не үшін керек»
Мақсаты: әңгімені мәнерлеп оқып,бере отырып, қолдың не үшін керек екендігін ің маңызын түсініп біледі. Сөздік жұмыс:әлемді қолмен тіреген.. Әдіс - тәсілдер:әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ - жауап
Керекті құралдар: қолмен жұмыс істеп жаткан адамдардың иллюстриялды суреттері.
Іс – әрекет
кезеңдері Тәрбиешiнiң іс- әрекеті Балалардың
іс -әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбер Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам, Жамандықтан жиреніп, Үлгі аламыз жақсыдан Балалар шеңберіне тұрып , бірі-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Іздену-ұйымдастыру-
шылық Балалар сендер қолдың не үшін керек екенін білесіңдер ме?
-Біз бүгін Е Пермяктың «Қол не үшін керек?»деген әңгімесімен танысамыз.Әңгімені оқып, мазмұнын түсіндіру. Қол тек зат ұстау үшін емес,әлемде болып жатқан өзгерістер мен жақсылықтардың барлығы да қолмен жасалатындығын түсіндіреді. Сөздік жұмыс: Әлемді қолмен тіреген сөзі барлық нәрсені жасауға болады деген мағынаны білдіреді. Балалар белсене қатысады
Балалар өз ойларын ортаға айтады.
Рефлексивті-
түзетуші Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс.
Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.
Күтілетін нәтиже: Нені біледі:Әңгімені тыңдай отырып, мазмұнын айта біледі.
Қандай түсінік игерді: әлемдегі барлық еңбектер адам қолымен жасалатынын біледі..
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: өз ойларын толық жеткізе алады.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Күні 2016 жыл. Топтың аты:
Білім беру саласы:әлеуметтік орта
Тараулары: көркем әдебиет
Тақырыбы: Мен ғарышкер боламын
Мақсаты: Балаларға тұңғыш ғарышкер жайлы түсінік беру. Қазақ ғарышкерлерінің суреттерімен таныстыру.Өлеңді оқып, сөздердің мағыналарын түсіндіру.
Сөздік жұмыс: Зымыран, космос, ғарышкер, айлақ т/б.
Әдіс - тәсілдер:әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ - жауап
Керекті құралдар: Ғарышкерлердің суреті бейнеленген плакаттар, зымыранның суреті.
Іс – әрекет
кезеңдері Тәрбиешiнiң іс- әрекеті Балалардың
іс -әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері.
Балалар сендер өскендеріңде кім болғыларың келеді?
Бүгінгі сабағымызда ұшқыштар жайлы әңгімелесеміз. Балалар шеңбер құрып тұрады.Балалар,өз-армандарын,айта бастайды,біреулері-дәрігер,біреулері ұшқыш
Іздену-ұйымдастыру-
шылық -Байқоңыр –ғарыш айлағы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы аумағында орналасқан. Байқоңырдан 1961 –ші жылы 12-ші сәуірде Ю.А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды.1991 жылы Т.А .Мұсабаев ұшты.
Сөздік жұмыстарын жүргізу.
Ғарыш-аспан әлемі,космос
Айлақ –ғарышқа ұшуға арналған қолайлы алаң.
Пікірталас өткізуге арналған сұрақ
Ғарышкер болу үшін қандай болу керек.? Балалар сабақты зейін қойып тыңдайды.
Сөздік жұмысты балалар қайталап,жаттап алады
Тәрбиеші берген сұрақтарға жауап береді,
Жақсы оқып,техниканың тілін жақсы меңгеру керектігін айтады
Дене бітімі мен дайындықты талап етеді дейді
Рефлексивті-
түзетуші Сергіту сәті
«Ғарыш әткеншегі» ойыны
Ғарышкер өлеңінің мазмұнын ашу.
Зымыранның суретін салу
Балалар ойынға белсене қатысады
Зымыранның суретін салады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:Байқоңыр жайлы түсінік алды
Қандай түсінік игерді: Ұшқыш болу күшті ерік жігерді талап ететінін
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ғылымға құштарлығы оянды
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Күні 2016 жыл. Топтың аты:
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Тараулары: Көркем әдебиет
Тақырыбы:Көктем сәні
Мақсаты: Ертегіні түсіндіре отырып, балаларды көктем мезгілінің ерекшелігін сезіне білуге, табиғатты аялай білуге, қамқор болуға тәрбиеле
Әдістәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Керекті құралдар:Жабайы аңдардың суреттері
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы
Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Қосылып айтады:
Табиғатқа қамқор боп,
Байлығын біз қорғайық.
Әдепті де, тәртіпті боп,
Жақсылығын қолдайық.
Балалар бәрі бірге
Іздену-ұйымдастыру
шылық Табиғатты аялап, қорғасақ, өз денсаулығымызды қорғағанымыз.
Әрбір жыл мезгілі өз сәнімен ерекшеленеді. Жазда ыстық, күзде сары, қыста қар, көктемде жасыл болады. «Көктем сәні» ертегісін оқып, балаларды таныстыру.
- Арыстан орманға аңдарды не үшін шақырды?
- Қандай аңдар жиналды?
- Ақбөкен не деп жауап берді?
- Қоян, Арқар, Аю, Түлкі не деп жауап берді?
- Сендер көктем сәні не деп ойлайсыңдар?
«Кім тез құрайды?»
Ойын шарты: Бірнеше жабайы аңдардың қиылған денелерін құрастыру.Арыстан ақырады, қоян секіреді,
Түлкі қылмыңдайды, аю қорбаңдайды.
Қимылмен көрсетеді).
Баяу музыка әуенімен көзімізді жұмып, орманды елестетеміз.
Орманда жануарлар жүр. Орман іші жап-жасыл. Таза ауа, сайраған құстар үні, сылдырап аққан судың сыбдыры құлаққа жағымды естіледі. Көзімізді ашайық.
Балалар апайды мұқият тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
Дәптермен жұмыс
Сергіту сәті.
Рефлексивті-
түзетуші Көктем сәні - ол гүлдер, көбелектер, алғашқы ұшып келген құстар, күннің жылуы.
Қорытынды.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Көктемдегі табиғат ерекшеліктерін айтады.
Қандай түсінік игерді: Ертегінің мазмұнына дейін тыңдап түсіңгендерін дұрыс игерулері.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктер: Көктемнің тамаша ерекшеліктерін атап ауа райының қандай болатындарын айтады.
Топ жетекшісі:
. Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Күні . Топтың аты:
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта
Тараулары: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Менің елімнің рәміздері
Мақсаты: Қ.Р-ның мемлекеттік рәміздері туралы әңгімелеу. Балалардың Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін, Қ.Р-сы туралы білімін арттыру.
Сөздік жұмыс: тәуелсіз, мемлекет
Әдіс - тәсілдер: Әңгімелеу, көрсету, сұрақ- жауап
Керекті құралдар: Карта, суреттер.
Іс – әрекет
кезеңдері Тәрбиешiнiң іс- әрекеті Балалардың
іс -әрекеті
Мотивациялық қозғаушы І Психологиялық сәт
ІІ Әнұран тыңдату Балалар үстелге келіп жайғасады
Іздену-ұйымдастырушылық ІІІ Кіріспе әңгіме
Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Сұрақ- жауап
Біз сендермен қай қалада тұрамыз?
Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
Отан деген не?
«Менің Қазақстаным» тақырыбында бейнеленген суреттерге қарап, әңгіме құрау. Балалар зейін қойып тыңдайды, қойылған сұрақтарға жауап береді.
Рефлексивті-
түзетуші Отан туралы мақал- мәтелдер
Қорытынды
Мадақтау Балалар белсене қатысады
Күтілетін нәтиже: Нені біледі: Балалар Қ. Р. жайлы біледі
Қандай түсінік игерді: Қ.Р-ның мемлекеттік рәміздері туралы
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ұқыптылық, еңбекқорлық Топ тәрбиешісі:
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Күні 2016м жыл. Топтың аты:
Білім беру саласы:
Тараулары: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Қыс» өлеңі
Мақсаты: Балаларға қыс жайлы мәлімет беру, әр жыл мезгілінің ерекшелігін түсіндіру..Балаларды еңбекке баулу, қызығушылығын арттыру.
Сөздік жұмыс:
Әдіс - тәсілдер: Әңгімелеу, көрсету, сұрақ- жауап
Керекті құралдар: Қыс мезгіліне байланысты суреттер
Іс – әрекет
кезеңдері Тәрбиешiнiң іс- әрекеті Балалардың
іс -әрекеті
Мотивациялық қозғаушы І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Психологиялық сәт
Бір топ бала сырғанап
Барады әне жарысып
Қалды артында қыр алап,
Іздерінен қар ұшып Балалар сабаққа дайындалып, үстелге келіп жайғасады
Іздену-ұйымдастырушылық ІІІ Кіріспе әңгіме
Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Сұрақ- жауап
Кәзір жылдың қай мезгілі?
Қазір қалай киініп жүрсіңдер?
Қыс несімен қызық?
Қыста не жасаймыз?
«Қыс» туралы өлеңнің мазмұнын ашып, өлеңді жаттау. Балалар сабақты зейін қойып тыңдайды, қойылған сұрақтарға жауап береді.
Рефлексивті-
түзетуші Дидактикалық ойын: «Қар жинау»
Қорытынды
мадақтау Балалар ойынға белсене қатысады
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: балалар жыл мезгілдері жайлы біледі
Қандай түсінік игерді: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін біледі. Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ұқыптылық, еңбекқорлық
Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Күні:____________
Білім беру салалары:Қатынас. Әлеументтік орта
Оқу іс-әрекеттері:Көркем әдебиет
Тақырыбы: « Шаруа мен аю» (орыс халық ертегісі)
Мақсаты:а) өз ойын қиялмен ұштастыра отырып, жағымды-жағымсыз кейіпкерлерді өздігінен ажырата білуге үйрету.
ә) ертегі арқылы балаларды еңбекті сүюге тәрбиелеу
б) балалардың сөйлеу ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер, қажетті құралдар: ертегі желісі бойынша шаруа мен аюдың суреттері,жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаш.
Сөздік жұмыс: шаруа, қызылша
Блингвальды компонент: шаруа-крестьянин, аю-медьведь, қызылша-свекла, бидай-пшеница
Оқу іс-әрекетінің кезіңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері
Адал жақсы ниетпен ,
Бар адамға бақ тілеп,
Жарып шыққан жүректен
Сөздің бәрі ақ тілек. Балалар шатық шеңберіне тұрып, қолдарына ұстаған гүлді бір-біріне бере отырып жылы лебіздерін білдіреді.
Ұйымдастырушылық – ізденістік Кіріспе әңгіме
Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
Балпаң-балпаң басады,
Қыр-жотадан асады.
Паналайды үнгірді,
Іздемейді тасаны.
Ол не?
« Шаруа мен аю» туралы орыс халық ертегісімен таныстырады.
Балаларға ертегіні толық оқып беріп, мазмұнын түсіндіру.
Сөздік жұмыс
Шаруа- жерді баптап,күтіп, егін өсіретін еңбекқор адам.
Блингвальды компонент: шаруа-крестьянин, аю-медьведь, қызылша-свекла, бидай-пшеница
Сұрақ –жауап
- Ертегі қалай аталады?
- Ертегіде қандай кейіпкерлер кездеседі?
- Шаруаға не келді?
- Аю шаруаны қалай қорқытты?
- Олар неге келісті?
- Шаруа не екті?
- Аюға қай жағын берді?
- Келесі жылы шаруа не екті?
- Аю нені білмеді?
Сергіту сәті
Ормандағы аюдын,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық.
Қалтамызға салайық.
Ертегіні рөлге бөліп ойнау.
Дәптермен жұмыс
Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіңдіру
Балалардың жауаптары.
Жауабы: аю
Балалар ертегігні тыңдайды
Балалар қайталайды
Балалар сұраққа жауап береді.
Балалар қимыл мен сөзбен қайталап көрсетеді.
Ойнайды
Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.
Рефлекциялық түзетушілік - қызылша жердің астында жатады, жапырақтары жердің бетіне шығады
Ал бидай дәні масақта болады. Сабағын жемейді. Бидайдан ұн жасап, ұннан нан , түрлі тағамдар пісіреді. Балалар ертегімен танысып, мәңерлеп айта біледі. Рөлге бөлініп ойнай алады.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: ертегіні тындай отырып, еске түсіреді,ертегіні рөлге бөліп ойнайды.
Түсінеді: шаруаның ақылды, аюдың аңқау екендігін түсінеді.
Қолданады: ертегіні сахналау арқылы байланыстыра сөйлеуге дағдыланады.
Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Күні:--------------------
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі : Көркем әдебиет .
Тақырыбы: М. Әлімбаев «Менің ойыншықтарым» Мақсаты: Білімділік: Балаларға ойыншықтар туралы түсінік беру, олармен қалай ойнауды көрсету,үйрету.
Дамытушы: Шығарманы мұқият тыңдап жеке сөздерді қайталауға, көркем сөз арқылы ойыншықтардың аттарын дұрыс айтуға жаттықтыру. Балаларға шығарманың мазмұнын түсіндіру барысында сөздік қорларын жаңа сөздермен молайту.
Тәрбиелік: Балаларды шығарманы мұқият тыңдауға тәрбиелеу, ойыншықтарға мейірімділікпен және ұқыпты қарауға талаптануларын арттыру, машинамен қимылдар жасауға үйрету.
Сөздік жұмысы: Ойыншықтар, машина, қуыршақ.
Көрнекіліктері, құралдар : Суреттер, ойыншықтар.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойыншықтармен ойнау.
Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері Педагогтің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушы Шаттық шеңбер.
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып,жылы лебіздерін білдіру. - Бану, мен саған жақсылық тілеймін!
- Жантөре , мен саған күннің жылуын тілеймін!
Іздену- ұйымдастырушы Кіріспе әңгіме
Педагог балаларға жұмбақ жасырады;
Тепсең-ақ секіріп,ұстатпай қашады.
Бір жерге бекініп,
Тұра алмай жатады.
Ол не?
- Доппен біз ойнаймыз. Қурыршақ,машина-олар да ойыншыққа жатады.
- Балалар, бүгін ақын Мұзафар Әлімбаевтың « Менің ойыншықтарым» деген өлеңімен танысамыз.
Жүрмейсің бе абайлап,
Болмасаңшы ұрыншақ.
Асыр салып көп ойнап,
Ақсап қапсың, құлыншақ.
Сөздік жұмыс
Құлыншақ – жылқының төлі. Қатты шапқылағанда аяғын немесе бір жерін жарақаттап алуды ұрыншақ деп айтады.
Билингвальды компонент:
Құлыншақ-жеребенок
Ойыншықтар- игрушки
Сергіту сәті
Добымғдобым домалақ,
Тоқтамайсын домалап.
Үстел үстін бүлдірдің,
Тәрелкені сындырдың.
Тентек болып кеттің деп,
Тұрмын сені тепкім кеп.
Дәптермен жұмыс
Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.
Сұрақ –жауап
Қандай ойыншық түрлерін білесің?
Ойыншықтарды қалай ұстау керек?
Ойыншықтарды қайдан аламыз?
Ойыншық туралы қандай тақпақ білесің? Балалардың жауаптары
Жауабы: доп
Өлеңді балалар қайталап, жаттайды
Құлыншақ, ұрыншақ сөздерінің мағынасын қайталайды
Балалар қайталайды.
Құлыншақ-жеребенок
Ойыншықтар- игрушки
Балалар қимылмен көрсетеді.
Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.
Балалардың жауаптары.
Таза, ұқыпты.
Дүкенен сатып аламыз.
Жаттаған тақпақтарын айтып береді
Рефлексивті -
Түзетушілік - Өзің жақсы көріп ойнайтын ойыншықтарынды ата. Балалар өз ойыншықтарын айтады.
Өлеңді жатқа айтып береді
Күтілетін нәтежелер: ойыншықтарға арналған т ақпақтарды еске түсіреді.
Ойланады :Таныс ойыншықтардың танып , аттарын атау.
Түсінеді: ойыншық түрлері көп екендігін біледі , ойыншық жасап шығаратын адамдардың еңбегін бағалау қажеттігін түсінеді.
Қолданады: ойыншықтарды әрбір ойында ұқыпты,етіп қолданады.
Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру салалары:Қатынас. Әлеументтік орта
Оқу іс-әрекеттері:Көркем әдебиет
Тақырыбы: « Білімнің – бұлағының» (өлеңмен танысу)
Мақсаты:а) «Білімнің – бұлағының» өленің оқып –үйретіп, сөздердің мағыналарын түсіндіру.
ә) Өлең арқылы ақылды, білімді болып өсуге тәрбиелеу
б) Балалардың сөйлеу ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекілік құралдар: білім күніне арналған суреттер, балабақшаның ішкі- сыртқы көрінісінің суреттері, жұмыс дәптері, түрлі-түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс: талмайды, самғайды
Блингвальды компонент: білім-знание, ұстаз-учитель
Оқу іс-әрекетінің кезіңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері
Балаларды шеңберге тұрғыщады.
- Шеңберге тұрғанда бір-бірімізді көріп, қуанышқа бөленеміз. Сондықтан да біз бір-бірімізге бүгінгі Білім күні мерекелік көңіл күй және жылылық сыйлайық. Балалар шеңбер болып тұрып, бір-біріне көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.
Армысың, асыл Күн,
Армысың, жан досым,
Жылуыма жылу қос,
Міне меніңқолым! қолдарымен бір-біріне жылу береді.
- Балалар, бүгін- ерекше күн!
Бүгін-Білім күні!
Барлық балалар мектепке балабақшаға барады.
Балабақша-бұл екінші үйіміз. Сендер ақылды, тәрбиелі,ұқыпты, жақсы азамат болып өсулерін үшін балабақшада,мектепте көп нәрсе үйреніп, білім аласыңдар.
Балабақшада және мектепке барғанда көптеген дос табасындар.
Педагог апйларың сендерді өзінің баласындай мәпелеп тәрбиелейді, білім береді.
- Енді балалар, ақын Ақылбек Шаяхметовтың
«Білімнің –бұлағың» деген өлең жолдарымен танысамыз.
Қанатым талмайды,
Қиялым самғайды.
Ақын да,ғалым да,
Ұстазсыз болмайды.
Мереке күніңмен
Құттықтап бүгін мен.
Ойыма ой қоссам
Сен берген біліммен.
Сөздік жұмыс
Педагог балаларға қиялымда,самғайды сөздерін 2-3 ретқайталатып, түсіндіреді.
Қиялым самғайды сөзі елінің өркендеп өсуін армандау мағынасын білдіреді.
Білімді деп кітапты көп оқитын , кітапты ұқыпты ұстайтын көп ізденетін адамды айтады.
Қанатым талмайды –ерінбей іздену.
Билингвальды компонент:
Білім-знание
Ұстаз-учитель
Сергіту сәті
Бала бала баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа,
Батамыз да қаламыз
- Білімді деп қандай адамды айтамыз?
- Сендерді кім оқытады?
- Нені үйретеді?
Дәптермен жұмыс
Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру
Д/О «Ғажайып қоржын»
Ойының шарты: ғажайып қоржының ішінде бірнеше заттар:ойыншықтар,оқу құралдары бар. Сол заттардың ішінен оқу құралдарын бір бөлек, ойыншықтарды бір бөлек жинап алу керек.
Мақал жаттау
«Білім таусылмайтын қазына»
Мектепке деген жақсы тілектерін айтады.
Сурет бойынша балабақша немесе мектепке бара жатқан балалардың ұстазына гүл беріп жатқан балалардың, достардың бір-бірімен кездескенің, алғашқы қоңырау соғылғанын, балалардың қуанышты сәттерін көріп тамашалайды.
Балалар педагогпен бірге өлең жолдарынқайталайды. Балалар балабақша, білім туралы өздерінің білетін тақпағын еске түсіріп, айтып береді.
Балалар түсінгендерін өз ойларымен жеткізеді.
Талмайды,самғайды сөздерінің мағынасын түсінеді,қайталайды.
Балалар қайталайды:
Білім-знание
Ұстаз-учитель
Қимылмен көрсетеді.
- Көп оқып,еңбектенетін, ізденетін адамды.
- Педагог оқытады.
- Тәртіпті болуды,сурет салуды үйретеді, ертегі,әңгіме оқып береді,өлең жаттатады.
Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды ,дәптердегі сурет бойынша әңгіме құрастырады.
Балалар оқу құралдарымен ойыншықтарды ажыратып,бөлек жинайды.
Балалар мақалды қайталап жаттап алады.
Рефлекциялық
Түзетушілік - Білімді болу үшін не керек?
- Ақын да ғалым да білімді қайдан алады? - Білімді болу үшін көп оқып іздену керек.
- Мектептен жақсы білім алса,ақын да,ғалым да бола алады.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: өлең шумақтарымен танысады,балабақшаға мектепке бара жатқан балалардың қуанышты сәттерін әңгімелеп береді.
Түсінеді: білімді болу үшін көп оқып,ізденіп,еңбек ету керектігін,ақында,ғалым да мектептен,ұстаздан білім алғанын түсінеді
Қолданады: Білім күніне арналған өлеңді тыңдай отырып, алған әсерлерін көрсетеді. Дидактикалық ойын арқылы оқу құралдары мен ойыншықтарды ажыратады.
Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру салалары:Қатынас. Әлеументтік орта
Оқу іс-әрекеттері:Көркем әдебиет
Тақырыбы: « Шаруа мен аю» (орыс халық ертегісі)
Мақсаты:а) өз ойын қиялмен ұштастыра отырып, жағымды-жағымсыз кейіпкерлерді өздігінен ажырата білуге үйрету.
ә) ертегі арқылы балаларды еңбекті сүюге тәрбиелеу
б) балалардың сөйлеу ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер, қажетті құралдар: ертегі желісі бойынша шаруа мен аюдың суреттері,жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаш.
Сөздік жұмыс: шаруа, қызылша
Блингвальды компонент: шаруа-крестьянин, аю-медьведь, қызылша-свекла, бидай-пшеница
Оқу іс-әрекетінің кезіңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері
Адал жақсы ниетпен ,
Бар адамға бақ тілеп,
Жарып шыққан жүректен
Сөздің бәрі ақ тілек. Балалар шатық шеңберіне тұрып, қолдарына ұстаған гүлді бір-біріне бере отырып жылы лебіздерін білдіреді.
-- Кіріспе әңгіме
Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
Балпаң-балпаң басады,
Қыр-жотадан асады.
Паналайды үнгірді,
Іздемейді тасаны.
Ол не?
« Шаруа мен аю» туралы орыс халық ертегісімен таныстырады.
Балаларға ертегіні толық оқып беріп, мазмұнын түсіндіру.
Сөздік жұмыс
Шаруа- жерді баптап,күтіп, егін өсіретін еңбекқор адам.
Блингвальды компонент: шаруа-крестьянин, аю-медьведь, қызылша-свекла, бидай-пшеница
Сұрақ –жауап
- Ертегі қалай аталады?
- Ертегіде қандай кейіпкерлер кездеседі?
- Шаруаға не келді?
- Аю шаруаны қалай қорқытты?
- Олар неге келісті?
- Шаруа не екті?
- Аюға қай жағын берді?
- Келесі жылы шаруа не екті?
- Аю нені білмеді?
Сергіту сәті
Ормандағы аюдын,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық.
Қалтамызға салайық.
Ертегіні рөлге бөліп ойнау.
Дәптермен жұмыс
Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіңдіру
Балалардың жауаптары.
Жауабы: аю
Балалар ертегігні тыңдайды
Балалар қайталайды
Балалар сұраққа жауап береді.
Балалар қимыл мен сөзбен қайталап көрсетеді.
Ойнайды
Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.
Рефлекциялық түзетушілік
- қызылша жердің астында жатады, жапырақтары жердің бетіне шығады
Ал бидай дәні масақта болады. Сабағын жемейді. Бидайдан ұн жасап, ұннан нан , түрлі тағамдар пісіреді. Балалар ертегімен танысып, мәңерлеп айта біледі. Рөлге бөлініп ойнай алады.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Ертегіні тыңдай отырып,еске түсіреді,ертегіні рөлге бөліп ойнайды.
Түсінеді: шаруаның ақылды ,аюдың аңқау екендігін түсінеді.Қолданады: ертегіні сахналау арқылы,байланыстыра сөйлеуге дағдыланады.
Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру салалары:Қат ынас. Әлеументтік орта
Оқу іс-әрекеттері:Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Менің елімнің рәміздері» (өлеңді жаттау)
Мақсаты:а) имандылық , адамгершілік тәрбиесіндегі үлгі- өнеге сөздерді үйретіп,елді қорғауға баулу.
ә) балаларды еліміздің рәміздерін қастерлеуге , туған жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.
б) Балалардың сөйлеу ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекілік құралдар: ел таңба, ту суреттері, гимн мәтіні, жұмыс дәптері, түрлі-түсті қарандаштар.
Сөздік жұмыс: елдігімнің белгісі,рәміздер
Блингвальды компонент:Отан – Родина , ту-флаг,рәміз-символ, елтаңба-герб.
Оқу іс-әрекетінің кезіңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері
Менің Отаным өте сұлу!
Менің Отаным өте бай!
Меніңі Отаным әдемі!
Менің Отанымда барлық ұлттар тату тұрады!
Мен Отанымды ,рәміздерімді мақтан етемін! Балалар шеңбер болып тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді
Ұйымдастырушылық
ізденістілік Кіріспе әңгіме
- Бүгін біз өзіміздің туған жеріміз-Отанымыз туралы әңгімелесеміз.
- Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады?
- Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы,туы,гимні бар.
- Елтаңбаның авторлары кім?
- Тудың авторлары кім?
- Гимннің авторлары кім?
- Енді балалар , ақын Нұрлан Қалқаның « менің елімнің рәміздері» өлеңімен танысамыз.
Рәміздерім-елдігімнің белгісі,
Білу керек баладағы ең кіші.
Рәміздерім-елтаңба,ту,гимнді,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Сөздік жұмыс.
Елдігімнің белгісі,рәміздер
Билингвальды компонент:
Отан-Родина, ту-флаг, рәміз-символ,елтаңба-герб.
Дәптермен жұмыс
Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.
Сергіту сәті
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Көкке қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай самғаймыз.
Дидактикалық ойын:
«Менің сүйікті қалам»
Ойының шарты: балалар дөнгелене шеңберге тұрады. Ойын бастаушы «Сүйікті қаланды ата!»- деп , допты бір балаға лақтырады.Бала жауабын айтып,келесі балаға лақтырады.Келесі бала ойынды әр қарай жалғастырады.
Біздің Отанымыз – Қазақстан
Балалардың жауаптары.
Балалар өлеңді қайталай отырып жаттайды. Қазақстан Республикасының рәміздері-тудың,гимннің, елтаңба авторларын қайталайды.
Сөздің мағынасын түсінеді.
Балалар қайталайды:
Отан-Родина, ту-флаг, рәміз-символ,елтаңба-герб.
Балалар жұмыс дәптерріндегі тапсырмаларды орындайды.
Балалар қимыл мен сергіту сәтін орындайды.
-Менің сүйікті қалам-Астана!
- Менің сүйікті қалам-Алматы!
-Менің сүйікті қалам-Қарағанды!
Рефлекциялық
Түзетушілік Қазақстан Республикасның бас қаласы-Астана!
Қазақстан қазба байлықтарға өте бай.
Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеу керек. Балалардың толық жауаптары тыңдалады.
Балалар өлеңді жатқа айтады.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Қазақстан Республикасының рәміздерін жатқа айтады.
Түсінеді: Қазақстан Республикасының рәміздеріне құрметпен қарауды,отанын қорғау міндеті екенін түсінеді.
Қолданады: рәміздерді мәнерлеп суреттей алады.
Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Жемістер жыры» (өлең).
Мақсаты: комуникативтік дағдыларын дамыту. Жемістерді (алма, қара өрік, өрік, шие) атау барысында балалардың сөздік қорын жетілдіру. Жемістер туралы түсініктерін дамыту. Жеміс пен көкөністің айырмашылығынбілу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жемістердің суреттері, муляж, хрестоматия.
Сөздік жұмыс: жеміс, алма, шие, өрік.
Оқу іс-әрекетінің кезіңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері
Балалар, бүгінгі күнді тамаша әнмен бастағым келіп тұр. Олай болса, бәріміз шеңбер бойымен айналып тұрамыз.
«Күз – жомарт» әнін орындайық:
Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып түседі.
«Күз – жомарт», - дейміз біз,
Жемісін жейміз біз.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын қайталап айтады.
Ұйымдастырушылық
ізденістілік Кіріспе әңгіме
Балалар, біздің осы орындаған өлең шумағында не туралы, не жайлы айтылған? - Күздің бізге берер қандай сыйы бар?
Қандай жемістерді білесіңдер?
Ал енді, балалар, мына өлең шумағын тыңдайық.
Алма:
Нарттай қызыл алмам бар,
Мәз болады алғандар.
Жазда әдемі киінем.
Тілді балдац үйірем.
Өрік:
Көктемде ерте гүлдеймін,
Кешігуді білмеймін,
Піспей тұрған кезімде,
«Менен аулық жүр» деймін.
Уылжыған өрікпін,
Мен бау – баққа көрікпін.
Сөздік жұмыс.
Нарттай қызыл-алманың қып-қызыл болып піскенің айтады.
Уылжыған өрік-жұмсақ болып піскен өрікті айтады.
Билингвальды компонент:
Бау(бақ) –сад, жемістер-фрукты, алма-яблоко, өрік-абрикос
Сергіту сәті
Әр ағаштың түбінде,
Жатыр алма қамбасы.
Баптап,күтсең,күніне.
Берер саған алмасын.
Дәптермен жұмыс
Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.
Д/О: «Дәмін тап»
Ойының шарты: ойынға қатысушы балалардың кезекпен көзін байлап,кесілген дайын жемісті аузына салады, балалар онын қандай жемістің дәмі екенін айтады.
Жаңылпаш жаттау
«Не деген таңғажайып бақша бұл, төбеден алма қарша жауып тұр»
Күз мезгілі.
Алма, шие, өрік
Балалар өлең шумақтарын мұқият тыңдайды.
Өрік сары түсті болады.
Нарттай,уылжвыған сөздерін жаттайды.
Балалар қайталайды
Балалар қимылмен көрсетеді.
Балалар берілген тапсырманы орындайды.
Жемістердің дәміне қарай ажыратады.
Балалар жаңылпашты жаттайды.
Рефлекциялық түзетушілік - Өлеңде қандай жемістер туралы айтылған?
Нарттай қызыл деген сөзді қалай түсінесін? Алма,өрік туралы.
Балалар өз ойыншықтарын айтады.
Балалар тақпақты мәнерлеп жатқа айтып береді.
Күтілетін нәтиже:
Ойланады: жемістер туралы жаттаған тақпақтарын еске түсіреді
Түсінеді: жемістерді ажырата алады,адам денсаулығына пайдасы бар екендігін түсінеді
Қолданады: «Жемістер жыры» өлеңін тыңдай отырып,әр жемістің өзіне тән тілді үйретін дәмі,түсі бар екендігін ойын арқылы көрсетеді.
Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Әдептілік ілемі» (өлең оқу)
Мақсаты: а) «Әдептілік әлемі» өленгің оқу,өлең арқылы балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
ә) әдептілік туралы өз ойларын ашып айтуға баулу.
б) әдепті,кішіпейлі,,мейрімді болуға тірбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: әдептілік туралы суреттер,жұмыс дәптері түрлі-түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс: аяқ-*табақты,асықпай.
Билингвальды компонент:әдептілік-воспитаность, әлем-мимр
Оқу іс-әрекетінің кезіңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері
Кел балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді
Ұйымдастырушылық
ізденістілік Кіріспе әңгіме
- Балалар , «әдептілік» деген сөзді қалай түсінесіндер?
- Әдептілік деп-үлкенді сыйлау,кішіге қамқор болу,тазалықты сүю,достарымен ренжітпей ойнау,қиын кезде көмектесуді айтамыз.
-Бүгін ақын Ермек Өтетілеуұлының «Әдептілік әлемі» өлеңімен танысамыз.
Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жина аяқ-табақты.
Сөздік жұмыс
Аяқ –табақ- тамақ ішетін ыдыстар.
Билингвальды компонент:
Әдептілік-воспитаность, әлем--мир
Сұрақ –жауап
- Әдепті бала деп қандай баланы айтамыз?
- Әдепті атану үшін қандай болу керек.
Сергіту сәті
Көшелерден біз өткен,
Ата көрсем жақын кеп,
Сәлем берем ізетпен.:
«Есенсіз бе, ата?»-деп
Алдан әже жолықса,
Бөгелем де әдейлеп.
Сәлемдесем сол тұста,
«Есенсіз бе, әжей?»-деп
Дәптермен жұмыс
Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.
Балалармен жеке жұмыс жүргізу
Д/О «Қайсысы дұрыс?»
Ойының шарты: тақтаға бірнеше сурет ілінеді,балалар сол суреттердің ішінен әдептілік туралы не көрсетілгенін әңгімелеп береді.
Мақал жаттау
«Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені» Балалардың жауаптары
-Әдепті болу-үлкенді сыйлау,ұқыпты киініп жүру,тәртіпті болу,жаман сөз айтпау,достарын ренжітпеу.
Балалар өлеңді жаттайды.
Сөздің мағынасын түсінеді
Балалар қайталайды:
Әдептілік-воспитаность, әлем-мир
Балалардың жауаптары.
Балалар қимылмен көрсетеді
Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.
Рефлекциялық түзетушілік -Әдепті бала қандай болады?
- Сен әдепті болу үшін не істер едің? Балалардың жауаптары.
.
Күтілетін нәтиже:
Ойланады: әдептілік туралы өлең сөздерінің мағынасын түсініп,мәнерлеп айтып береді.
Түсінеді: әдепті болу үшін мейрімді,үлкенді сыйлап, кішіге қамқор бола білу,таза жүріп, достарына адал болу керектігін түсінеді.
Қолданады: берілген ойын тапсырмадағы суреттітауып бере алады
Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Ақымақ қасқыр» (ертегі)
Мақсаты: а) балалардың ойлау,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
ә) балаларға ертегіні оқып беріп, ертегі кейіпкерлерінің жағымды-жағымсыз қасиеттерін көре білуге, өз ойларын жеткізе білуге баулу.
б) ертегі арқылы жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қасқырдың, қойдың, ешкінін, қойшынын суреттер,жұмыс дәптері түрлі-түсті қарындаштар, ертегі бойынша бейне таспа
Сөздік жұмыс: ақымақ, жылы-жұмсақ
Билингвальды компонент: қасқыр-волк, қой-овца, ешкі-коза
Оқу іс-әрекетінің кезіңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері
Балаларды шаттық шенберіне тұрғызып жылы тілек айтқызады Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді
Ұйымдастырушылық
ізденістілік Кіріспе әңгіме
- Балалар сендер қандай ертегі білесіңдер?
- Сол ертегілердің ішінен қайсысы ұнайды?
- Ертегі несімен ұнайды?
- Қазір біз «Ақымақ қасқыр» ертегісімен танысамыз.
Ертегіні мәнерлеп оқып береді.
Сөздік жұмыс
Қасқыр- жабайы,азулы аң.
Қой- жуас,момын,үй жануары.
Билингвальды компонент: қасқыр-волк, қой-овца, ешкі-коза
Сұрақ –жауап
- Ертегі қалай аталады?
- Ертегіде қасқыр қандай үй жануарын кездестіреді?
- Қасқыр жайылып жүрген нені ұстап алады?
- Қой қасқырдан қалай құтылады?
- Қасқырға тағы не жолығады?
- Ешкі қасқырдан қалай құтылады?
Сергіту сәті
Жарға шығып ойнайды,
Ойынға бір тоймайды.
Болса дағы сақалы,
Секеңдеуді қоймайды.
Дәптермен жұмыс
Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.
Балалармен жеке жұмыс жүргізу Балалардың жауаптары
Балалар ертегімен танысады
Сөздің мағынасын түсінеді
Балалар қайталайды:
қасқыр-волк, қой-овца, ешкі-коза
Балалардың жауаптары.
- Қойды ұстап алады
- «Мен арықпын. Мені босат,қоралы қойға қайтайын,қозымды саған әкеліп тартайын», -дейді.
-Ешкі жолығады.
- «Мен қарапайым ешкі емеспін, тойда билеп торқа киген ешкімін»,-дейді.
- Ешкі билеп,секіре-секіре жалт беріп,көп қойдың арасына кіріп кетеді.
Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.
Рефлекциялық түзетушілік - Ертегі неге «Ақымақ қасқыр» деп атаған. Балалардың жауаптары.
Күтілетін нәтиже:
Ойланады:ертегідегі кейіпкерлердің дыбыстауын , жүрісін қимылмен көрсете алады.
Түсінеді: жануарларға қамқорлық көрсету керектігін біледі; ертегідегі қасқырдың ақымақтығын,қой мен ешкінің ақылдығын түсінеді.
Қолданады: ертегідегі жағымды-жағымсыз кейіпкерлерді ажырата алады.
Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Күз жомарт» өленің жаттау
Мақсаты: а) күздің ерекшеліктері туралы алған білімдерін толықтыру;
б)өлеңді дауыс ырғағын келтіре отырып жеткізу
в) күз байлығы адмдардың еңбегімен келетінін ұғындыру, оны бағалай білуге тәрбиелеу
Қолданылатын көрнекі құралдар: күз туралы суреттер,жеміс түрлері,жұмыс дәптері,түрлі түсті қарындаштар
Сөздік жұмыс: тоңазып,саудырып
Билингвальды компонент: жомарт күз-щедрая осень, жапырақ-лист
Оқу іс-әрекетінің кезіңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері
Арайлап атсын таңымыз,
Жайдары болсын күніміз.
Жайнасын бүгін жарқырап
Армысың жомарт күз! Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын қайталап айтады.
Ұйымдастырушылық
ізденістілік Кіріспе әңгіме
Педагог балаларға жұмбақ жасырады.
Жиын-терін болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсын?
- Күз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?
- Балалар, бүгін ақын Ермек Өтетілеуұлының «Күз жомарт» деген өлеңімен танысамыз.
-Жомарт күз деп-жемістердің пісетін,астық жиналып,,жиын-терін болатынкезді айтамыз.
Сөздік жұмыс
-Тоңазып сөзі –тону,суық деген мағынаны білдіреді.
Саудырап деп жапырақтардың сарғайып ,қурап , жерге түсуін айтады.
Билингвальды компонент:
Жомарт күз- щедрая осень
Жапырақ-лист
Сергіту сәті « Тербеледі ағаштар»
-Неліктен «Күз жомарт» деп атаймыз?
- Тоңазып деген сөзді қалай түсінесіндер?
-Саудырап деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
Дәптермен жұмыс
Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.
Д/О «Кім жылдам»
Ойының шарты:себетің айналасында жемістер мен көкеністер аралас жатыр. Себеттің ішіне тек жемістерді жинап салу керек.
Жұмбақ шешу
Жазда тұрып жоғары,
Күзде жерге қонды.
Ол не? Балалар жұмбақтың шешуін табады.
Жауабы:Жылдың күз мезгілі
- Күз мезгілінде күн суытады,жапырақтар сарғайып,жерге түседі,жемістер,көкеністер піседі.
Балалар өлеңді қайталап отырып жаттайды.
Балалар Жомарт күз туралы түсініктерін айтып береді.
Балалар қайталайды.
Жомарт күз- щедрая осень
Жапырақ-лист
Қимылмен көрсетеді.
- Күз мезгілінде барлық жемістер піседі,астық жиын-терін болады.
- Күз мезгілінде күн суытады,жапырақтар сарғайып,жерге түседі,жемістер,көкеністер піседі.
Ойының шартымен танысып ,жемістер мен көкеністерді арасынан жемістердіжинап,себетке салады.
Балалар жұмбақтың шешуін табады
Жауабы: жапырақ
Рефлекциялық түзетушілік - Тоңазып деп қай кезде айтылады? - Күз мезгілінде күн суытып, жерге қырау тұрады,соны жер тоңазыды дейді
Күтілетін нәтиже:
Ойланады: өлеңдегі күздің ерекшеліктерін дауыс ырғағын келтіре қайталап,жаттайды
Түсінеді: жемістер мен көкөністер пісіп, жинайтын,еңбектенетін кез күз мезгілінде болатынын түсінеді
Қолданады: «жемістер мен көкөністер туралы жұмбақтардың шешуін табады. Ойын барысында жемістер мен көкеністерді ажыратады.өлеңді мәнерлеп жатқа айтады.
Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: « Кішкентай бағбан.» (әңгімелеу)
Мақсаты: а) әңгімені таныстыруда балалардың зейінін аударып,әңгімеге деген қызығушылығын арттыру.
б) әңгіме арқылы ойын,қиялын дамыту,өз ойын қиялымен ұштастыра айтуға баулу.
в) табиғатты сүюге тәрбиелеу
Қолданылатын көрнекі құралдар: балалардың жеміс жинап жатқан сәті, ойнап жүрген балалардың,күзгі бақтың суреттері,жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс: тоңазып,саудырып
Билингвальды компонент: жомарт күз-щедрая осень, жапырақ-лист
Оқу іс-әрекетінің кезіңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері
Аспан түрді түндігін,
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық күн бүгін
Қайырлы таң,қайырлы күн болсын! Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын қайталап айтады.
Ұйымдастырушылық
ізденістілік Кіріспе әңгіме
- Балалар сендер жеміс жегенді ұнатасындарма?
Қандай жемістерді білесіңдер?
- Енді Мідіхат Төрежановтың «Кішкентай бағбан» әңгімесімен танысамыз.
Әңгімені мәнерлеп оқып,мазмұнын айтып береді.
Сөздік жұмыс
Көп қимылдайтын адам-еріңбей еңбек ететін адам.
Дегдіді-қар еріді,жер құрғадымағынаны білдіреді.
Педагог балаларға бағбан сөзі туралы түсінік береді.
Бағбан-баубақшада жемістерді күтіп-баптайтын адам.
Билингвальды компонент:
Бағбан-садовник
Еңбек-труд
Сұрақ –жауап
Садық бақта не істейді?
Садықты кім ойнауға шақырады?
Қалел досына не көрсетті?
Садық барды ма?
Күз мезгілінде не өседі?
- Садық Кәлелге әкесінін айтқан сөзін айтты. Әкесі қандай сөз айтып еді?
Балалармен бірге қайталау.
- Ойынға елікпей, көп ойнай бермейеңбек ету кеорек. Жер ол адамның еңбегін өтейді.кім еңбектенсе , сол адам еңбегінің жемісін жейді деген мағынаны білдіреді.
- «Кішкентай бағбан» деп кімді айтамыз?
- Екі достын аттары кім?
Балалармен жеке жұмыс жүргізу.
Сергіту сәті
Алма баққа барамыз,
Алма теріп аламыз.
Ең үлкені алманың
Анамызға сыйлаймы
Дәптермен жұмыс
Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.
Д/О «Сөзді аяқта»
Ойының шарты:педагог жемістердің алғашқы буынын айтады, балалар жалғасын тауып,сөзді аяқтайды.
Мақал жаттау
«Еңбекпен тапқаның- шекер, балдан тапқаның» Балалар жеміс түрлерін айтады.
Балалар қабырлап дегдіді сөздерін бірнеше рет қайталайды.
Бағбаның кім екенін,бақта еңбектенетінін біледі.
Балалар қайталайды
Бағбан-садовник
Еңбек-труд
-Әкесімен бірге еңбек етті.
- Калел деген досы ойнауға шақырады.
- Садыққа ойыншықтарын әкеп көрсетті
- Садық қызықсада бармады.
- Күз мезгілінде жеміс –жидек көп болып өсті.
Әкесі:
«Кім ойынға елікпей еңбек етсе, жер соңы қарық қылады!»-деген еді.
Балалардың жауаптары.
Әңгімеде түсінбеген сөздерді балаға қайталату.
Балалар қимылмен көрсетеді
Балаалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.
- Ал ша, ал-ма, ши-е деп жалғастырып сөзді аяқтайды.
Балалар мақалды жаттайды.
Рефлекциялық түзетушілік -Әңгімеде не туралы айтылған?
- Садықтын еңбегін қалай бағалайсыңдар?
- Сендер Калелдін орынында болсандар, не істер едіңдер? -Бағбан баубақша.
-Садық-еңбекқор,әкесіне көмектеседі.
Әр бала өз ойын айтады.
Күтілетін нәтиже:
Ойланады: әңгімені тыңдайды,сөздік жұмысын жүргізу барысында сөздің мағынасын айтып үйренеді. Бағбаның еңбегін бағалай отырып,әңгімені баяндайды.
Түсінеді: ерінбей еңбек етсе,жемісін жейтіндігін,үлкендерге көмектесу керектігін және үлкендердің еңбегін бағалауды түсінеді.
Қолданады: еңбек туралы мақал -мәтел айтады,әңгімені мәнерлеп айтып бере алады.
Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: « Алтын астық» (әңгімелеу)
Мақсаты: а) өленің мазмұнын ашу,өлеңді дауыс ырғағын келтіре оқи отырып,әр шумағын қайталау арқылы жаттау
б) піскен астықты ору, жинау науқаны туралы балаларға айтып жеткізу.
в) еңбекке деген сүйіспеншілік,сезімдерін ояту,еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: астықты комбайынмен орып,жинап,машинамен комбайнмен орып,жинап машинамен қамбаға тасып жатқан суреттер, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс: қырманға,дәулет
Билингвальды компонент: астық-зерно, егін-посев
Оқу іс-әрекетінің кезіңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері
Кел, балалар ,күлейік
Күлкіменен түлейік.
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын қайталап айтады.
Ұйымдастырушылық
ізденістілік Кіріспе әңгіме
Педагог балаларға жұмбақ жасырады.
Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында дәні бар.
Ол не?
-Бидай,сұлы,арпа,тарыны жалпы астық деп атайды. Астық піскен кезде егін жинаунауқаны басталады.
-Бүгін біз Қосжан Мүсіреповтың «Алтын астық» өлеңімен танысамыз.
Көктемде егін егетін,
Күзде жиып теретін,
Біздің дала-бай дала
Алтын астық айнала
Ел егінді жинайды,
Қырманға дән сымайды.
Біздің дала –бай дала
Алтын астық айнала
Сөздік жұмыс
Қырманға,дәулет сөздерінің мағынасын білдіреді.
Билингвальды компонент:
астық-зерно, егін-посев
Сұрақ –жауап
-Егінді жылдың қай мезгілінде жинайды.
- Қандай дәндер астық түрлеріне жатады.
Сергіту сәті
Күз мезгілі, астық пісті.
Астықты комбайынмен орамыз
Машинамен қырманға тасимыз
Қамбаға әкеліп төгеміз
Дирменде ұн жасаймыз
Ұнды нан зауотына апарамыз
Ол жерде түрлі нандар,тәтті тоқаштар пісіреді.нандарды дүкенге апарады.
Дүкенен біз сатып аламыз
Дәптермен жұмыс
Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.
Мақал жаттау
«Ас атасы-нан» Балалардың жауаптары
Жауабы:бидай
Өлеңнің авторы- Қосжан Мүсіреповтың
Балалар өлеңді қайталай отырып жаттап алады.
Сөздердің мағынасын түсінеді.
Балалар қайталайды:
астық-зерно, егін-посев
-Күз мезгілінде
- Бидай,арпа,тары,сұлы
Балалар қимылдмен көрсетеді
Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.
Балалар мақалды жаттайды.
Рефлекциялық түзетушілік - Алтын астық деп не үшін айтамыз?
-Астықты қайда сақтайды Балалрдың жауаптары
.
Күтілетін нәтиже:
Ойланады: «асық» сөзінің мағынасын түсінеді,нанның қандай еңбекпен келетінін біледі.
Түсінеді: астық пісіп, жиналатын кез күз мезгілі екендігін түсінеді.
Қолданады: «Алтын астық» өлеңін жатқа айтады, мағынасын түсінеді,мәнерлеп айтып береді.
Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Мақтақыз бен мысық» (ертегісі)
Мақсаты: а) ертегіні оқуға балалардың зейінін аударып,ертегіге деген қызығушылығын арттыру.
ә) ертегінің мазмұнын түсініп,өз ойымен жеткізе білуге үйрету
б) балаларды кішіпейілікке,мейірімділікке тәрбиелеу
Қолданылатын көрнекі құралдар: мақтақыз, мысық,сиыр,тал,су дүкенші,жұмыртқа,қыздар,тышқаның суреттері,ертегі кейіпкерлердің бетпердесі
Сөздік жұмыс: қатық,ін
Билингвальды компонент: мысық-кошка, мейіз-изюм, қыз-девочка
Оқу іс-әрекетінің кезіңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері
Күн мен сені сүйемін,
Күн, мен сенен өтінемін
Бірінші маған,алтын күн,
Бейбітшілік,мейрімділік,
Денсаулық пен жылылық Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын қайталап айтады.
Ұйымдастырушылық
ізденістілік Кіріспе әңгіме
Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
Тонын киіп туған,
Жалап бетін жуған
Ол не?
«Мақтақыз бен мысық» ертегісімен таныстыру,ертегіні оқып беріп,мазмұнын ашу,түсіндіру.
Сөздік жұмыс
Қатық-сүтті ұйытыпдайындалатын тағам.
Ін-жердің астынан қазып,жасалатын баспана,тышқанның үці деген мағынаны білдіреді.
Билингвальды компонент:
Кошка-мысық
Мейіз-изюм
Девочка-қыз
Сұрақ –жауап
- Ертегі қалай аталады?
-Мақтақыз не тауып алады?
- Мақтағыз мысықты қалай жазалады?
- Мысық қатық іздеп қайда барады?
- Мысық құйрығын қалай қайтарып алды?
Сергіту сәті
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз,
Күнге қарай талпынып,
Көкке қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай самғаймыз
Дәптермен жұмыс
Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.
Балалармен жеке жұмыс жүргізу Балалардың жауаптары
Жауабы:мысық
Балалар ертегімен танысады
Қаттық сүттен жасалады
Тышқаның іні,үйі
Балалар қайталайды:
Кошка-мысық
Мейіз-изюм
Девочка-қыз
Балалардың жауаптары:
-Мақтақыз мейізді тауып алады.мысығын шақырады.
-Мысық келмеді
- Мақтақыз мейізді өзі жеп қояды.
- мысық қатықты төкті
- Мақтақыз мысықтын құйрығын кесіп алды.
Балалар қимылмен көрсетеді
Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.
Рефлекциялық түзетушілік -Ертегі желісі бойынша Мақтақыз бен мысықтың әрекетін әңгімелеу Балалар әңгімелейді
.
Күтілетін нәтиже:
Ойланады: ертегінін мазмұнын түсіне отырып,рөлге бөлініп ойнайды
Түсінеді: бір-біріне қамқор болуды,достарына көмектесіп,қолындағысын бөліп жеу керектігін түсінеді.
Қолданады: «Алтын астық» өлеңін жатқа айтады, мағынасын түсінеді,мәнерлеп айтып береді.