Санды ж?здіктерге жазбаша к?бейту ж?не б?луді ?айталау.4 сынып


№7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің І санатты, ІІ деңгейлі сертификатталған бастауыш сынып мұғалімі Шарғабаева Жанаргүл Сағынбайқызы
Математика пәнінен қысқа мерзімді жоспары
Тақырыбы: Санды жүздіктерге жазбаша көбейту және бөлуді қайталау.
Мақсаты: Санды жазбаша көбейту және бөлуді меңгертуде оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамыту. Деңгейлі тапсырмалар орындата отырып, білімдерін толықтыру.
Сілтеме: Математика оқулық, АКТ көздері, электронды оқулық, үлестірме материалдар.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар сын тұрғысынан ойлай отырып, жазбаша көбейту және бөлудің меңгереді. Берілген тапсырмалар арқылы білімдерін толықтырады.
Ақпарат көздері, қолданатын материалдар: Интербелсенді тақта, флипчарт, электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер, стикер, бағалау парақшалары.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Оқыту әдіс тәсілдері: топпен жұмыс, бірлескен оқу.
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету: ашық сұрақтар қою, Блум таксономиясы, сәйкестендіру, «Аялдама» әдісі, «Бумеранг» тәсілі, «Үш қадамды сұхбат»
АКТ-ны қолдану: презентация, электронды оқулық,
Жас ерекшелікке сәйкес оқыту: деңгейлі тапсырмалар.
Өзара бағалау және өзін өзі бағалау: Кері байланыс, Критерийлер бойынша бағалау.
Негізгі дереккөздері: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2013 жыл, математика оқулығы, әдістемелік жұмыс, ЖОО-да интербелсенді оқыту әдістемесі А.Әлімов Алматы-2013.
Сабақтың барысы: Коуч әрекеті:
Тапсырмалар береді. Оқушы әрекеті:
Тапсырмалар орындайды, талдайды.
Ұйымдастыру.
2 минут Оқушыларды әр түрлі түсті қарындаштар арқылы топтарға бөлу.
Шаттық шеңберін құру. Бір-біріне сәттілік тілеу.
Білу.
3 минут Өткенді еске түсіру. Санды жүздіктерге көбейту мен бөлуді жазбаша қалай орындаймыз? Оқушылар ауызша талдап айтады. Көбейту мен бөлудің жолдарын ажыратып айтып береді. Бірін-бірі толықтырады. Есептеу алгоритмін айтып береді.
Түсіну.
Оқулықпен жұмыс.
2 минут Есте сақталған мәліметтерді таныс жүйеге түрлендіру. №1, №2 тапсырмаларды жұппен орындату. Жазбаша көбейту мен бөлуді өздеріне орындату. Жұппен жұмыс.
Жазбаша көбейтуді және бөлуді жұптасып орындайды. Бір-біріне қолдау көрсетеді. Әр жұп жұмыстарын қорғап шығады.

Электронды оқулықпен жұмыс.
5 минут Жазбаша орындау тәсілін электронды оқулық арқылы түсіндіру. Өз жұмыстарын оқулықтағы берілген жұмыспен салыстырады.
Қолдану.
Тақтамен жұмыс.
В, С деңгейлі оқушымен жұмыс. 7 минут №3. Амалдарды орындау.
580•40 542 400÷600
260•70 103 800÷300
74 200 ÷70
768 000 ÷ 80 Әр топтан бір оқушы шығып тақтада жазбаша көбейту мен бөлуді орындайды. Қатемен жұмыс жасалады.
Талдау. «Аялдама» әдісі.
12 минут 1-топ. №5 Шарты:
U1- 12 км/сағ
U2- 14 км/сағ
T- 3 сағ.
S-? Км
Шешуі: (12 км/сағ + 14 км/сағ) • 3 сағ= 78 км
2-топ. №6
3-топ. №7 есептер бір біріне ұқсас. Кері есептер.
Сұрақ: Бұл қандай есептер? 1-топ. №5
2-топ. №6
3-топ. №7
Есептерді топта бір-біріне көмектесіп отырып шығарады. «Аялдама» әдісі арқылы топ басшысы басқа топ мүшелеріне есепті қалай шығарғанын түсіндіреді. Қатемен жұмыс жасалады.
Оқушылар кері есептер екенін ажыратып айтады.
Жинақтау. Сәйкестендіру.
8 минут Оқушыларға қиылған қағаздар беріледі. Ол қағаздарда жазбаша көбейтуге және бөлуге арналған көбейтінділер мен бөлінділер беріледі. Сонымен қатар олардың шешілу жолдары жазылған қағаздар да таратылады. Әр оқушыға бір тапсырмадан беріледі. Тақтада ілінген тапсырмаларды қолдарындағы тапсырмалардың жұптарымен сәйкестендіреді. Шешу жолын талдап айтады.


Бағалау. «Үш қадамды сұхбат»
2 минут
Ойын: Санның бөлігін тап. Оқушылар ондыққа және жүздікке көбейту мен бөлуді салыстырады.
Есептеуге өз ойларын қосады. Пікір айтады. Бір-біріне сұрақ қояды, жауап береді, сұрақ қояды, пікір айтады.

Сабақты қорытындылау.
Рефлексия бөлімі.
2 минут Кері байланыс орнату.
Бүгінгі алған білімдеріңіз толықты ма? Өздеріңізге не алдыңыздар? Парақша толықтыру.
Білдім. Білгім келеді. Үйренемін.
Үйге: №4, 9 тапсырмалар.
Бағалау.
2 минут Өзін-өзі бағалау.
Критерийлер бойынша бағалау. Жазбаша көбейте білу.
Жазбаша бөлуді білуі
Есепті шығару.
Талдай білуі.
Сәйкестендіру.