Конспект урока по казахской литературе на тему: Творчество А.К. Абая


АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ
ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ
Шелек ауылы
«П. Б. Вихрев» атындағы орта мектеп
Тақырыбы: «Абай – тұтас бір әлем»
Мұғалімі: Байжанисова А.А.

Тақырыбы: АБАЙ - ТҰТАС БІР ӘЛЕМ
Эпиграф: Абайтану - арға сын.
Мақсаты:
1. Білімділік: қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын білу.
2. Дамытушылық: Абайдың оскен ортасы туралы айта алу. Оның шығармашылығы туралы айта алу, мәнерлеп оқу, жатқа айту, әндету. Оқушылардың өленді талдау машығын, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
3. Тәрбиелік: оқушыларға Абайдың ұлылығын, оның поэзиясын тереңдігін сезіндіру, туған елін, Отанын сұю, құрметтеу сезімдеріне әсер ету. Оқушыларға адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру. Еңбекқорлыққа, саналылыққа тәрбиелеу.
Надандық, зұлымдық, жалқаулық, еріншіктік сияқты осал қылықтардан сақтандыру. Халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшыл, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері, әндері мен қара сөздерінің таралуын насихаттау. Бұгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру.
Жұмыс түрі: әдеби – ән – күй композиция.
Әдістері: мәнерлеп оқу, жатқа айту, шығарма талдау, әндету.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу өнері, ән - күй.
Көрнекілік: Абай портреті өмірі мен шығармашылығы туралы кестелер, Абай мұражайындағы Абай қолданған заттардың суреттері, оның туған жерін бейнелейтін суретгер, Абай туралы пікірлер жазьлған кестелер, Абайдың екі томдық шығармалар жинағы, Мұхтар Әуезовтің “Абай жолы” атты төрт томдық кітабы, Абай туралы жазылған кітаптар мен журналдар көрмесі.
Сабақтыц барысы.
1. Мүғалім сөзі:
Бүгінде өз алдына тәуелсіздік алып, егеменді ел, дамыған өз жолы бар мемлекет атанған Қазакстан Республикасы өзінің ұл-қыздарын, халық арасынан шыкқан дана ғұламалары мен ақындарын, батырлары мен шешендерін, ел басқарған қайраткерлерін ұмытппай, кейінгі ұрпаққа жеткізіп, танытып отыр. Олардың әрбір жақсы сөзі мен іс-әрекетін насихаттап, мерейтойларын кеңінен атап өтуде. Бүгін біздің өнеге сағатымыз Абай шығармашылығының таралуына арналады.
Ғасырлар бойы қыспақтан есеңгіреген еліміз егемендікке қолы жетіп, “соктықпалы, соқпақсыз” өмір кешкен үлы Абайдын асыл арманы бүгінгі бейбітшілікті берік қолдағаң егеменді елімізде жүзеге асып жатыр. Тіліміз бен дініміз, салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыз қайта қалыптасып келеді. Сондықтан да Абайды ардақтап, адамзат үшін асыл қазына болып табылатын ақын еңбегін терең оқып, үйрену – парызымыз. Бүгін де, ертең де, тіпті келешек ұрпақ үшінде керекті Абай тағыльімын зер сала оқып үйренудің маңыздылығына шек жоқ. Еліміздің адамзат тарихында алатын орны, әдет - ғұрпы, салт-санасы Абай шыгармаларьшан көрініс табады.
“Өлді деуге бола ма, ойландаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған”, - деп төрелігін озі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді. Ұлы атамыздың бізге берген еншісі, қалдырған аманат - асыл сөздері. Біз оны ардақтаймыз. Аз өмір сүріп, азаппен өмірі өткет Абай мәңгі жасамақ. Жеріне жеткізіле айтылып, жүрек түктірінен ныққан сөздің далаға кетпесі анық. Сонымен қатар Абай атасын білім көшінің нысанасы етіп ұстаған шәкірт, өлеңді рахаттана жаттаумен қатар, болашағына бастау алары хақ.
Абай тек қазақ әдебиеті тарихында емес, бүкіл қазақ халқының тарихындағы үлкен де ерен құбылыс. Тамаша ақынның кемеңгер ойшылдың, дарынды сазгердің өмірі мен қайраткерлігі тарихи жағынан да, әдебиет тұрғысынан да өте қызық.
Абай - туған халқының, болашақ ұрпақтын өнегелі тәрбиешісі, ана тілінің бастауы, қамқоры. Ұлы Абай бабамыздың өмірі мен шығармашылығын, әсем әндерін кейінгі ұрпақтары жақсы біледі. Біз солардың ізбасарларымыз.
2. Әдеби - ән күй композиция.
Оқушы: “Әлемнің Абайы”
Абай - біздің кемеңгер,
Теңдесі жоқ, асқар биік шыңымыз,
Ақ ниетті, әділетішіл шынымыз,
Асыл қазына, ойламаган сырымыз,
Таусылмайтын мәңгі-бақи жырымыз!
Абай — біздің Данышпан,
Алға бастап шуақ шашар нұрымыз,
Сусындайтын мөлдір бұлақ суымыз,
Мәуелі бақ, мәңгі жасыл нурымыз,
Биік ұстар тәуелсіздік туымыз.
Абай - біздің ақылпаз,
Үйренетін өнер, білім пәніміз,
Сарқылмайтын ғибрат алар нәріміз,
Мақтан етер, үлгі тұтар сәніміз,
Әдебиетте асқақ салар әніміз!
Оқушы: қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы Семей жерінде Шыңғыс тауында туған. Өз әкесі Қүнанбай, атасы Өскенбай, арғы атасы Ырғызбай - бәрі де Тобықты руының билеушілері, ірі феодалдар болды. Жас кезінен өлең, әңгімеге әуес Абай халықтың ертегі - аңыздарын құмарта тыңдап өседі. Әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі - аңыздар Абай сусындаған халық әдебиетінің алғашқы үлгілері саналады. Алғашқы сауатын ауыл молдасынан ашқан Абайдың әкесі он жасында Семейге оқуға жібереді. Ахмет - Ризаның медресесінде оқиды. Болашақ ақын өзімен сабақтас шәкірттерден анағүрлым үздік окыған. Мектепте жүргізілетін Дін сабағын жеңіл үлгеріп, бос уақытын кітап оқуға, өз бетімен іздеңуге жұмсайды. Шығыстың классик ақындары Низами, Саади, Хафиз, Навои шығармаларымен Абай осы кезде танысып, оларды қызыға оқыған. Медресенің соңғы жылыңда Абай мұсылманша оқумен тоқтамай, Семейдегі «Приходская школаға» түсіп, үш айдай орысша да оқыған. Бұл - Абайдың кейін өз бетімен даярланып, орысшаны игеріп кетуіне негіз болған.
Оқушы: он үш жасында Абайды әкесі Қүнанбай оқудан шығарып, өз қасына алады. Ел билеу әдісін үйретіп, өз үлгісіне баули бастайды. Ел басқару ісінде өз орнымды басар ұлым - осы болар деген оймен Абайға жол-жоба көрсетіп, өзінше тәрбиелейді. Алғашқы кезде әкесінің басқаларға ауызша сәлемін жеткізіп, олардан жауап әкелуден бастап, Абай ел ішіндегі әр түрлі мәселелерге араласады. Ел ісіне араласу - зерек те талапты жас Абайдың ел танып, жер танып, халықтын әдет-ғұрып, салт-тұрмыстарымен кеңірек танысуына жол ашады.
Оқушы: 60 - жылдардың аяқ кезінен бастап Абай аздап оқыған орысшасын өз бетімен оқу арқылы дамытьш, орысша кітаптарды көп оқиды. Семей кітапханасьшан кейде өзі барып, кейде арнайы кісі жіберіп, кітаптар алады. Қысқы айларда қалада ұзақ жатып, кітапханада отырып оқитын болады. Сөйтіп жүріп, ол 1870 жылы Петербургтен жер аударылып келген жас төңкерісшіл Е.П.Михаэлиспен кездесіп, достасады. Соның көмегімен Абай ендігі жерде керек кітаптарды ірікгеп, жүйе-жүйемен оқитын болады. Ол орыс, батыс әдебиетгерін, философиялық, қоғамдық әдебиеттерді беріле оқиды. Орыс әдебиетінің үлы классиктерінің және төңкерісшіл - демократгарының еңбектерін мол қамтып, терең зерттеп оқуы оның өмірге көзқарасын айқындаған. Абай орыс әдебиеті мен публипистикасын тек оқушы, үйренуші ғана болып қойған жоқ, оларды қазақ даласына насихаттаушы, идеясы мен мазмұнын, эстетикалык касиеттерін дәл жеткізуші болды.
Оқушы: 80 жылдардьш орта кезінен бастап Абай ақындық жолға біржола бет бүрады. Бүл кездегі оның өлеңдерінің қай-қайсы болсын - ер жеткен ой - санасының жемісі. Бүған дейін жазған өлеңін өз замандасы Көкбай атынан таратып жүрген Абай 1886 жылдан бастап өз атына көшірген.
Абайдың ақындық жолға бет бүрғандағы алғашқы сөзі орыс мәдениеті мен білімінің маңызын насихаттауға арналады. Оның 1885 жылы жазған “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” өлеңі бұл тақырыптағы түңғыш шығармасы болды. Ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісін де танытады.
Оқушы: “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” (жатқа айту)
Оқушы: 1886 жылы Абай “Ғылым таппай мақтанба”, “Интернатта оқып жүр” деген өлеңдер жазды. Мүның алғашқысы ұстаз ақыннын кейінгі ұрпақка айтар өсиеті үлгісінде жазылған. Бүкіл өлең бойында Абай “ғылым” деген сөзді қайталап айта отырып, адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы ғылым болуы керектігін түсіндіреді.
Оқушы: “Ғылым таппай мақтанба” (жатқа айту)
Оқушы: “Интернатта оқып жүр” өлеңінде Абай үлгі ойларына тың пікірлер қосады. Мүнда өсіресе сыншылдық басым. Ақын патшалық ел билеу жүйесіне, оқыту тәртібіне сын айтады. Халыққа пайдалы емес, залалды больш шығатьн әкімдер мен шалғай төрелердің оқу мақсатын көрсетеді. Заманы мен озі өмір сүріп отырған ортаның кемшілік қайшылықтарын өткір және әділ мінеп сынайды.
Оқушы: Ақын өткеніне көз тастайды, ауыр азап пен бейнет жолын еске алады. Соны болашаққа сабақ етуді ойлайды. Өз халқының келешегіне әбден сенген ол тарихта өлместік із қалдырғанына риза. Ақын болашақ ұрпақпен тілдесіп, оған мұңын шаға сырласады. Бұл жолдарда жаңа заман жасы ақынның әділет үшін күресін түсінер деген үміт мол. Оларға Абай өз дәуірінің қиыншылығын да, ерекшелігін де ескертеді. Надандықты жеңіп, адамшылық үстемдік алған кезге ол осылай иек артады. Сондықтан да өлім туралы айтылып отырған өлеңнің аяғы уайыммен, қайғымен бітпейді, ойлы әзілмен аяқталады. Сырын жұртқа өлеңіне тоқтау айтады.
Оқушы: Абайдың ақындық тілі өзінің байлығамен алуан түрлі үлгілердің молдығымен қазақтын жазба әдеби тіліне негіз болды.
Көркем шығармаларын Абай таза халық тіліне жазады.
Парасатты болып туған
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған
Қазағымның Абайы.
Ақылмен дана болған
Бүкіл әлем Абайы.
Оқушылар: Абайдың қара сөздерін жатқа айтады: 7, 17, 19, 38
Абайдың аудармалары: Лермонтов, Пушкин, Крылов жатқа айту.