?аза? ?дебиеті Саба?ты? та?ырыбы: Халы? даналы?ы 5 сынып
Астана қаласы, Сырбай Мәуленов атындағы № 37 орта мектеп.
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Осипбекова Нұржамал Ақылбекқызы.
Қазақ әдебиеті, 5 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Халық даналығы.
Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік-ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету. 2. Дамытушылық-сөздік қорын байыту, логикалық ойлау қабілетін дамыту. 3.Тәрбиелік-адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, үлестірмелі материал.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: психологиялық тренинг, Блум таксономиясы, жеке, жұппен, топпен жұмыс, өзара бағалау.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Тапсырмалар Жұмыс формасы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі.-(3 мин.)
Мақсаты: оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. Оқушылар бір-біріне қошемет сөздер айтып, жағымды психологиялық жағдай орнатылады.
Оқушыларды суреттердің көмегімен екі топқа бөлемін, әр топта спикер сайланады, спикер сабақ бойы бағалау парақтарын толтырып отырады
Білу (5 мин.) Мақсаты: Өткенді қайталау, жаңа сабақтың тақырыбымен байланыстыру.
Ұжымдық жұмыс. Слайдта сұрақтар беріледі:
1. Фольклор дегеніміз не?
2. Қазақ халқы ауыз әдебиетінің түрлері.
3. Мақал-мәтел деген не?
4. Тақырыптары қандай болады?
Оқушылар жауап береді.
Түсіну.
(5 мин.) Слайдтан әзіл аралас сұрақтар беріледі.
Мақсаты: оқушылар сұрақты түсініп, бұрын оқыған мақалдарды еске түсіріп, жауап беру керек. Жеке жұмыс Оқушылар қиналса, мұғалім сол мақал-мәтелдерге оқушылардың назарын аударады.
Слайдтағы сұрақтар:
-Тас жеңіл бола ма? (Керек тастың ауырлығы жоқ)
-Бір қазанға қандай бас сыймайды? (Бір қазанға екі қошқардың басы сыймас)
-Қандай адамды ешкім мақтамайды? (Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды)
-Адам пәлені неден табады? (Басқа пәле тілден)
-Қандай жүк жеңіл? (Жұмыла көтерген жүк жеңіл)
-Адам несімен мықты? (Ағаш тамырымен мықты, адам досымен мықты)
-Алдыңа не келеді? (Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді)
-Адамның көркі не? (Еңбек-адамның көркі) Оқушылар мақал-мәтелмен жауап беру керек.
Қолдану.(8 мин.) Тапсырма: Берілген жағдаяттарда қандай мақал-мәтелдерді қолдану қажет?
Мақсаты: оқушыларды
өмірде мақал-мәтелдерді орынды қолдануға үйрету. Топпен жұмыс Әр топқа қағазға жазылған бір жағдаяттан беріледі.
1 жағдаят. Берік отбасымен бірге алыс сапардан келді. Үйге кірісімен Берік бөлмелерді аралап, көзге түскен заттарды қолымен сипап, жүзінен күлкі кетпеді. Сонда әкесі баласының қуанышын көріп бір мақал айтты. Ол қандай мақал?
2 жағдаят. «Бүгін сынып бөлмесін жинау керек, парталарды жуып, гүлдерді суарып, қоқысты шығару керек»-деді мұғалім. «Осынша жұмысты қашан бітіреміз? Үйге баруымыз керек»-деп күбірлесті балалар. Бірақ барлығы жұмысқа кірісіп, сынып тап-таза болғанда, ешкім үйіне асықпай, сыныбына біраз қарап тұрды. Мұғалім осы жерде бір мақал айтты. Ол қандай мақал? Топ ішінде пікірлесіп, өз жауабын айтады. Басқа топ тыңдап, келісетінін/келіспейтінін айту қажет.
Талдау (8 мин.) Әр топқа бір мақал-мәтелден беріледі.
Мақсаты:
Берілген мақал-мәтелдегі айтылған тұжырымды дәлелдеу.
Неге әке балаға сыншы болады? Неге адамның көркі шүберек? Топпен жұмыс 1-топ
Әке – балаға сыншы.
2-топ
Ағаш көркі – жапырақ,
Адам көркі – шүберек. Оқушылар топта талқылайды, айтылған тұжырымды А3 қағазға дәлелдеп, басқа топқа өз жазғандарын жібереді. Топтар жұмыстарымен алмасады. Мұндағы мақсат – өзара бағалауды жүргізу.
Әр топ басқа топтың пікірін оқиды да, стикерге 2 жұлдыз, 1 ұсыныс жазып береді.
Содан кейін жұмыс өнімдерін тақтаға іліп қою керек. Әр топтың оқушысы шығып, өздері жазғандарын, басқа топтың пікірін оқиды. Берілген ұсынысты бағалайды (мысалы, Біз келісеміз/келіспейміз, өйткені ... ).
Жинақтау
(6 мин.) Тапсырма: «Мақал-мәтелдер» тақырыбына кестені толтыру.
Мақсаты: оқушылардың білімін жинақтау. Жеке
жазбашажұмыс Берілген кестені толтыру (кесте дайын беріледі, әр оқушыға)
Мақал-мәтелдер
мақал-мәтел дегені-міз не? оның көлемі қан-дай? олар қалай тара-ған? мақал-мәтел не үшін қажет? мақал-мәтелдер адамды неге тәрбиелейді?
Оқушылар тақырып бойынша алған білімдерін жинақтап, ой түйеді.
Бағалау
(7 мин.) «Мақал – халық даналығы», «Мақал – тілдің көркі» тақырыптарына сұхбат құрастырып, өз ойын білдіру қажет. Жұптық жұмыс Мұғалім бірнеше жұпты тыңдауға тырысады.
Оқушылар сабақта өтілген тақырыпты қорытындылау үшін, түсінгендері жөнінде сұхбат құрастырады (3,4 сұрақ-жауап).
Үйге тапсырма-3 мин 7 мақал жаттап келу. Мұғалім спикер толтырған бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалайды, мадақтайды.