Урок К?рі ?ыран (7-класс)
Тақырыбы: Қ.Мырзалиев « Кәрі қыран»
Мақсат: мазмұны мен идеясын жете меңгереді.
Сілтеме: Психологиялық ахуал Эмоциялық жаттығу:
Шаршадым «ух!» дедім
Ренжідім «Тух!» дедім
Қорықтым «Ой» дедім
Өкіндім «Ах!» дедім
Шарасыз «еһ!» дедім
Таңырқап «о!» дедім
Кейідім «е!» дедім
Қуанып «ха-ха-ха!» дедім
Топқа бөлу: 4 топ
1 . Бейбітшілік.
2. Бақыт нұры
3.Асқақ арман
4.Асыл мақсат
Видео «Қыран»
Бағыттаушы сұрақтар:
-бейнефильм мазмұнынан не байқадыңыздар?
-қандай тақырыпта ой қозғаймыз деп ойлайсыздар?
Ой қозғау Топта ой қорыту 1 спикер сөйлейді.
Оқушы Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін жатқа оқиды.
-Қыран қазасы қияда
-Құс патшасы-бүркіт, аң патшасы- арыстан
-Сұңқар қанаты ұшқанда қатаяды.
-Аттың бәрі тұлпар емес, құстың бәрі қыран емес.
-Қайырсыз сұңқардан қайырлы тұрымтай артық.
-Біртуар ұлы тұлғаларды халқымыз әспеттеп, құрметтеп отырған.
«Қырандай алғыр, қырандай биікке самға» деген ақ тілекті де айтқан.
Бүгінгі тақырыбымыз Қ.Мырзалиев « Кәрі қыран»
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте !
-Осы өлеңнің авторы кім ? Топтастыру стратегиясы бойынша оқушылар жұмыстанады.
Біртуар тұлға Бұрынғы әнұран авторларының бірі Ақын,ән мәтінінің авторы. Балалар ақыны «Иірім», «Жазмыш» кітабының авторы
Мақсатты тақтаға жазу -патриотизм
-алға қойған мақсат
-өмірді сүю
- табандылық
Топ басшы. Бағалау парағын беру
Өлеңді мәнерлеп оқу
Сергіту сәті Мен қазақпын
Проблемалық сұрақтар 1 топ Өлеңді құрылысына талдау
4 3 4
Қанатынан// қаңтардың// қары бүркіп// а 11
4 3 4
Қашатұғын// көргенде // бәрі де үркіп// а 11
4 3 4
Қырағы көз// бүгінде// қарауытып// б 11
4 3 4
Қалғып отыр //қияда// кәрі бүркіт// а 11
11 буынды, 3 бунақты, а а б а — қара өлең ұйқасы , 1 шумақта 4 тармақ
3 топ Өмірдің мәні эссе
Өзіңіз таңдаған цитатаны оқу Бұл үзіндіні неге таңдадыңыз ? СебебіҚанатынан қаңтардың қары бүркіп,
Көретұғын көргенде бәрі де үркіп.
Қырағы көз бүгінде қарауытып
Қалғып отыр қияда кәрі бүркіт.
Қыран кезінде, жас кезінде бәрі үшін қорқыныш туғызатын жабайы құс болғанды. Уақыты өтті, қартайды. Қиядағыны жібермейтін қырағы көз енді қалғу-мүлгуге көшті.
3 топ 5 жол өлең стратегиясы
1.Қыран
2.Кәрі, жас
3.Ұшады, өледі, аулайды.
4.Қыран-еркіндіктің, тәуелсіздіктің нышаны.
5.Жыртқыш құс, түз тағысы.
4 топ сахналық қойылым Қортынды: Қазақстан туын, Алтын адам, әнұраны бар көрнекілікті ортаға әкеліп :
-Оқушылар, мына заттардың бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар деп ойлайсыздар ?
-Алтын адам-біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырдағы сақ жауынгері. Алматы облысы, Есік қаласында табылған. 1969 жылы археолог Ақышев тапқан. Әшекейлерінде аңдар бейнеленген. Алтын адам Қазақстанның азаттық символына айналды.
-Қазақстан туындағы қыран құстың бейнесі мүлдем жаңа көркемдік шешім тапты. 1-ден -бейбіт, салмақты мінез сипаты сезіледі. 2-ден- ол күн астында тұрғандықтан қанатымен Прометей алауын, бақыт нұрын алып келе жатқандай әдемі әсер қалдырады. 3-ден -қозғалыс үстінде бейнеленген. Асқақ арман , асыл мақсатқа құлаш ұрып келе жатқандай.
Қазақы дүниетанымда қыран құсқа байланысты еркіндік, асқақтық, тәкәпарлық, қайрат-жігер, биік мұрат, кеңпейілділік пен жан тазалығы тәрізді ғажайып ұғымдар ойға оралады.
Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.
Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР әнұранының музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әнұранының музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.
Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік әнұран жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік әнұранын бекітті.
Мұғалім :- Қыран тәуелсіздік белгісі болса, біздің тәуелсіз елдің қырандары-сендер. Осындай тәуелсіз елдің қыраны-Қ.Мырзалиевтің әнұран авторларының бірі болуы біз үшін үлкен мәртебе.
Мақсатқа оралу ......
бағалау сабақта белсенділік көрсеткен оқушыларды топбасшы бағалайды
Үйге тапсырма: өлеңді жаттауға және «Мен- тәуелсіз елдің қыранымын» тақырыбына шығарма жазуға береді .
Кері байланыс Не үйрендім? Нені білдім? Зерттегім келеді..... ұсыныс
Аты-жөні Ой қорыту Сөз шеберлігі Топпен жұмыс
Әрбір орындалатын жұмысқа бағалау болады. Бағалау төмендегідей түрде:
3 балл- үздік
2 балл- жақсы
1 балл-қанағат
Аты-жөні Ой қорыту Сөз шеберлігі Топпен жұмыс
Әрбір орындалатын жұмысқа бағалау болады. Бағалау төмендегідей түрде:
3 балл- үздік
2 балл- жақсы
1 балл-қанағат
Аты-жөні Ой қорыту Сөз шеберлігі Топпен жұмыс
Әрбір орындалатын жұмысқа бағалау болады. Бағалау төмендегідей түрде:
3 балл- үздік
2 балл- жақсы
1 балл-қанағат