?аза? тілі п?нінен тест ж?мысы


10-сынып қазақ тілі пәні бойынша тест жұмысы
1.Сөз мәдениетінің жоғары формасы?
А)өнер
Б)шешендік
В)мәдениет
Г)норма
2.Шешендік сөз төмендегі талаптың қайсысына жауап береді?
А)шындықты, ақиқатты тануға ұмтылдыруы тиіс
Б)сөздік қолданысы стильге негізделеді
В)сөздің көркемді қолданылуы
Г)тарихы бар жеке ғылым
3.Шешендік сөз сөйлеушілер санына қарай қалай бөлінеді?
А) тұрақты, тұрақсыз
Б)толымды, толымсыз
В)монологтік, диалогтік, полилогтік
Г)әлеуметтік, саяси
4.Шешендік өнер ретінде,ғылым ретінде қайдан бастау алады?
А)Ежелгі Франция
Б)Ежелгі Грекия мен Ежелгі Рим
В)Ежелгі қазақ тарихы
Г)Ежелгі Германия
5.»Шындықты білмеген адамның шешендігі күлкілі әрі бейшара күйге ұшырайды» кімнің сөзі?
А)Платон В)Сократ
Б)Аристотель Г)Цицерон
6. «Риторика» атты еңбектің авторы?
А)Платон В)Аристотель
Б)Сократ Г)Квинтилиан
7.Ресейде қай ғасырдан бастап шешендік өнердің теориясы қалыптаса бастады?
А)XX ғ. В)XXI ғ.
Б)XVIғ. Г)XVII ғ.
8.Орыс тілінде риторика оқулығын арнайы жазған әйгілі оқымысты кім?
А) М.В.Ломоносов В)В.Г.Белинский
Б) М.И.Усачев Г)П.С.Проховщиков
9.Қазақтың ұлттық шешендіктануы ғылымының тамыры кімнің еңбектерінен бастау алады?
А)Ш.Уәлиханов В)А.Йгінеки
Б)әл-Фараби Г)Ж.Баласағұн
10.Қазақ халқының ұлттық шешендік өнері қай дәуірден бастап дамыған?
А)Түрік қағанаты дәуірде В)Абай дәуірінде
Б)Хандық дәуірде Г)XX ғасырда
11.Қазақ даласында шешендік өнердің өсіп-өсуіне себеп болған фактор
А)Халықтың сөз бостандығына ерік беріп, еркіндікке жол ашқаны
Б)Билердің сөз еркіндігі
В)Көшпелі елдің тіршілік жағдайы кедергі келтірді
Г)Әлеуметтік жағдай
12.Қазақтың ұлттық шешендік өнері туралы тұңғыш пікір білдірген ғалым?
А)Ы.Алтынсарин В)А.Құнанбаев
Б)Ш.Уәлиханов Г)М.Балақаев
13.Қазақ шешендіктануына бүкіл ғұмырын арнаған, «Шешендік өнер» атты монография жазған қазақ ғалымы?
А)М.Балақаев В)Н.Уәлиев
Б)Р.Сыздықова Г)Б.Адамбаев
14. «Шешендік сөз» ұғымын алғаш термин ретінде қолданған, зерделеуші ғалым?
А)Р.Сызыдықова В)А.Байтұрсынов
Б)Б.Адамбаев Г)Ш.Құдайбердіұлы
15.Шешен сөздің сапасы, үш мәселеге айрықша назар аударуды керек етеді, оларды көрсет
А)сөз, білім, ұйқас
Б)сөйлеу стилі, сөз мәнерлігі, негізігі талаптарды сақтауы
В)сөйлеу стилі, ұйқас, ырғақ
Г)мәнер, ырғақ, интонация
16.Шешендік сөздің қатысымдық сапасын көрсет?
А)Тіл тазалығы В)кідіріс
Б)Ырғақ Г)өткірлік
17.Сөйлеу техникасының құрамды бөліктерін көрсет?
А)кідіріс,ырғақ,екпін В)кідіріс,ұйқас,
Б)сөз, буын, дауыс сазы Г)дауыстың мақамы, бунақ
18. «Өмір- теңіз, білім- қайық, білік- ескек бүгінде» Көріктеуіш құралдың қайсысына жатады?
А)айшықтаулар
Б)риторикалық сұрақ
В)метафра
Г)қайталау
19.Градация дегеніміз не?
А)айтылған ойға тікелей байланысты сөздердің тіркес құрамында үйлесімді қалыпта орналасуы
Б)шешендік сөздің эмоцияналдық әсерлілігін арттыра түсетін риторикалық тұлғалардың бірі
В)сөз мәнерлігі мен бейнелілігін арттыруда қолданылатын шешендік құрал
Г)бейтаныс нәрселерді таныс дүниелермен салыстыра, салғастыра сипаттау
20.Шешендік сөздің түрін көрсет?
А)Академиялық В)шешен сөз
Б)Риторикалық Г)сөз өнері
21.Әлеуметтік саяси шешендік сөз қайда қолданылады?
А)сотта В)ресми, дипломатиялық кездесулерде
Б)күнделікті тұрмыста Г)жоғарғы оқу орындарында
22.Академиялық шешендік сөздің стильдері?
А)ғылыми,ресми, публицистикалық
Б)көркем әдебиет, ресми іс қағаз
В)ғылыми, көркем әдебиет
Г)көркем әдебиет,ауызекі сөйлеу
23.Діни шешендік сөздерге кімнің сөздері жатады?
А)мұғалім
Б)дін қызметкерінің уағыздары мен иман сөздері
В)сот өкілінің
Г)депутаттардың халық алдындағы сөздері
24.Әлеуметтік тұрмыстық шешендік сөздерде қолданылатын тілдік құралдар?
А)деректер, терминдер В)риторикалық сұраулар, қаратпа сөздер
Б)сілтемелер, салыстырмалар Г)мақал мәтелдер, афоризмдер
25.Сот ісінде қолданылатын шешендік сөзді көрсет
А)уағыздар, иман сөздері В)адвокаттың қорғау сөзі, айыпкердің қорғану сөзі
Б)көңіл сұрау, ғылыми баяндамалар Г)баяндамалар, сьезд, саяси шолу
Дұрыс жауаптары:
1.Б
2.А
3.В
4.Б
5.А
6.В
7.Г
8.А
9.Б
10.А
11.А
12.Б
13.Г
14.В
15.Б
16.А
17.А
18.В
19.Б
20.В
21.А
22.А
23.Б
24.Г
25.В