8 СЫНЫП БОЙЫНША ЕР БАЛАЛАР?А АРНАЛ?АН ТЕХНОЛОГИЯ П?НІНЕН ТЕСТ С?РА?ТАРЫНЫ? ЖИНА?Ы


Қостанай ауданы әкімдігініңбілім бөлімінің«Владимиров орта мектебі» ММ ГУ «Владимировская средняя школа» отдела образования акимата Костанайского района

8 СЫНЫП БОЙЫНША ЕР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫ
Дайындаған: Байгужина М.С.
Қостанай
2017
2016-2017 оқу жылы
Технология пәнінен тест сұрақтарының жинағы
Түсінік хат
Қазіргі уақытта тестілеу - алған білімдерін өзін-өзі тексеру үшін пайдаланылатын орта және жоғары мектеп үшін негізгі нысандардын бірі. Классикалық тесттің басты артықшылығы нақты стандарттау, сандық бағалау мүмкіндігі, статистикалық материалда жаппай білім тексеру болып келеді.
Осы оқу-әдістемелік құралда «Технология» пәнінен, сегізінші сыныпқа ұл-балаларға арналған тесттер ұсынылған. Тест тапсырмалары оқу бағдарламасына сәйкестендіріліп жинақталып, барлық бөлімдерді толық қамтиды. Әрбір тест құрамында үш жауап нұсқасының ішінен біреуі ғана дұрыс.
Ұсынылған оқу құралында тесттік тапсырмалар алған білімді бекітуге мүмкіндік береді. Тест сұрақтары арқылы технология пәніне деген тұрақты қызығушылықтарын қалыптастырудың маңыздылығы зор. Технология пәнінен үлгерімді арттыруды, сондай-ақ орталықтандырылған тестілеу және түрлі деңгейдегі олимпиадаларға жоғары көрсеткіштерін көздейді.
Ұсынылған тесттер оқушылардың жедел білімді бақылау үшін, сондай-ақ тест түрінде өткізілетін қорытынды емтихан және сынаққа пайдаланылуы мүмкін.
Мақсаты:
Әдістемелік құралдың мақсаты - технология пәнінде оқушылардың алған білім жүйесінің нәтижелігін, сауаттылығын тексеру, сонымен қатар, технологиялық ойлау қабілетін, ой-өрісін кеңейтіп, еңбекке деген шығармашылық көзқарасын дамыту болып табылады. Өтілген тақырыптарды қаншалықты меңгерілгендігін анықтап, интеллектуалды жан-жақты тұлға етіп тәрбиелеу.
1.Шірінді
А. Органикалық қалдықтардан түзілген пайдалы қазба.
Б. Түрлі органикалық заттардың, микроағзалардың қызметі әсерінен ыдырауы нәтижесінде пайда болатын органикалық тыңайтқыш.
С. Борпылдақ жер массасы.
2.Тыңайтқышты топыраққа сіңірудің неше әдісі бар
А. 3
Б. 2
С. 1
3. Өсімдіктерді арамшөптерден, аурудан, паразиттен қорғау үшін қолданылатын химиялық зат
А. Органикалық тыңайтқыш
В. Минералдық тыңайтқыш
С. Пестицид
4. Инсектицид
А. Арамшөптерді жоюға арналған дәрмектер.

Б. Саңырауқұлақ ауруларын қоздырушыларға қарсы дәрмектер.
С. Зиянды жәндіктерді жоюға арналған дәрмектер.
5. Дәнді дақылдарды өсіру технологиясы неше шаралардан тұрады
А. 5
Б. 3
С. 4
6. Араланған немесе кесілген жерлерді өңдеуге арналған зат
А. Бақша нұмы
Б. Әктас ерітіндісі
С. Фунгицид
7. Күздік дақылдардың себу кезі
А. Жаздың соңы – күздің басы
Б. Көктемнің соңы – жаздың басы
С. Қыстың соңы – көктемнің басы
8. Технологиялық құжаттама деп
А. бұйымда пайдалануға, дайындауға, реттеуге, бақылауға қажет болатын ережелер мен нұсқаулар берілетін құжат
.
Б. бұйымның жасалу тәртібін анықтайтын графикалық және мәтіндік құжаттарды айтады.
С. бұйымның құраушы бөлшектері мен олардың арасындағы байланыс шартты белгілермен бейнеленетін құжат.
9. Бұйымның құрамына кіретін тетіктердің атауын /санын, материалын/ білу үшін қандай құжатқа қарау керек
А. Сипаттізімге
Б. Нұсқаулыққа
С. Құрастыру сызбасы
10. Қозғалтушы механизм қандай жұмысты атқарады
А. Қозғалтқыштан атқарушы механизмге қозғалыс береді.
Б. Технологиялық үдеріс операцияларын орындайды.
С. Кесу, жылжыту сияқты, сонымен қатар көмекші жұмыстық әрекеттерді орындайды.
11. Дайындаманы, фанерлерді, ағаш материалдарын пішімдеу үшін қолданылатын білдектің атауы.
А. Ажарлағыш білдек
Б. Токарлық білдек
С. Шеңберлі ара білдегі
12. Тегістегіш-рейсмустық білдек...
А. Тақтай және қырлы кесектерді жону және бетті тегістеуге арналған
Б. Дайындаманы, фанерлерді, ағаш материалдарын пішімдеу үшін қолданылады.
С. Цилиндр және конус беттерді сырттай ажарлауға арналған.
13. Үй пышағын қайрау бұрышы
А. 60°
Б. 35-40°
С. 20-40°
14. Ағаш бөлшектерін негізгі неше әдіспен біріктіреді
А. 3
Б. 5
С. 2
15. Иықтастыру
А. Ағаш кесектерін немесе тақтайларды талшықтық бүйірлерін біріктіру арқылы орындалады.
Б. Ағаш кесектерін немесе тақтайларды шеттерін жанастырып біріктіру .
С. Ағаш кесектерін немесе тақтайларды бұрыштап, кертіктерді пайдаланып, желімдеп біріктіру.
16. Ашық түрдегі кертікті-жәшіктік біріктірудің түрлері арасындағы ең кең таралған әрі берік түрі
А. Сұңқардың тұмсығы
Б. Қарлығаштың құйрығы
С. Бұқанын мүйізі
17.Ағаш бұйымын жасағанда, сүйір және доғал бұрыштарын өлшеу үшін не қолданылады
А. Малка және транспортир
Б. Циркуль және малка
С. Транспортир және циркуль
18. Металл мен қорытпаларды неше негізгі топқа ажыратады
А. 3
Б. 2
С. 5
19. Металдың беріктігін, қаттылығын арттыратын термиялық өңдеу операциясын не деп атайды?
А. шынықтыру
Б. босаңдату
С. Қыздыру
20. Металды шынықтыру оның қандай қасиетін арттырады?
А. созылымдылық, беріктілік
Б. иілімділік, омырылғыштық
С. беріктік, қаттылық
21. Механикалық өңдеу
А. Металды балқытып, қалыптарға құю арқылы қажетті пішінді алу үдерісі
Б. Металл қорытпалар немесе олардан дайындалған материалдарға кесу, бұрғылау, жону және басқа кескіш құралдардың көмегімен механикалық әсер ету үдерісі.
С. Бұл үдеріске илемдеу, созу, басу, соғу, түзету, қалыптау және ию сияқтылар жатады.
22. Металды қысым астында өңдеу
А. Бұл үдеріске илемдеу, созу, басу, соғу, түзету, қалыптау және ию сияқтылар жатады.
Б. Металл қорытпалар немесе олардан дайындалған материалдарға кесу, бұрғылау, жону және басқа кескіш құралдардың көмегімен механикалық әсер ету үдерісі.
С. Металды балқытып, қалыптарға құю арқылы қажетті пішінді алу үдерісі.
23. Металды құю
А. Металл қорытпалар немесе олардан дайындалған материалдарға кесу, бұрғылау, жону және басқа кескіш құралдардың көмегімен механикалық әсер ету үдерісі.
Б. Бұл үдеріске илемдеу, созу, басу, соғу, түзету, қалыптау және ию сияқтылар жатады.
С. Металды балқытып, қалыптарға құю арқылы қажетті пішінді алу үдерісі
24. Металды жону арқылы өңдеу қандай кесу түріне жатады
А. Ішкі цилиндр беттері үшін
Б. Сыртқы цилиндр беттері үшін
С. Жазық беттері үшін
25. Кесу жылдамдығы деп
А. Кескіштің өңделетін дайындаманың бір айналымындағы орын ауыстыру мәні.
Б. Жону кезіндегі өңделетін бет нүктесінің 1 минутта жүріп өткен жолы.
С. Токарлық кескіштің бір жүрісінде алып тастаған қабатының қалыңдығы.
26. Сызба, эскиз, техникалық сурет қандай құжатқа жатады
А. Графикалық
Б. Технологиялық
С. Конструкторлық
27. Өңделетін дайындама бір бекітілген бойы өзгерместен тұрғанда орындалатын технологиялық операцияның бөлігі
А. Жұмыстық жүру /өту/
Б. Ауыстырым
С. Қондырым
28. Киіз үйдің қаңқасы неше бөліктен тұрады
А. 2
Б. 5
С. 4
29. Шаңырақтың дөңгелек шеңберін не деп атайды?
А. күлдіреуіш
Б желі
С. Тоғын
30. Уықтың иіні деп
А. уықтың жоғары түзу жағын айтады.
Б. уықтың керегенің басына байланатын жалпақтау жағын айтады.
С. иленбеген теріден немесе жүннен есілген бауын айтады.
31. Керегенің басы мен шаңырақты ұштастырып, күмбезді қалыптастыратын ағаш сырық.
А. Кереге
Б. Уық
С. Сықырлауық
32. Жарма есік /сықырлауық/ неше бөліктен құралады
А. 3
Б. 5
С. 4
33. Есік, босаға, маңдайша қай ағаштан жасалады
А. Қарағай
Б. Терек
С. Қайың
34. Киіз үйдің киіздік қаптамасы неше бөліктен тұрады
А. 2
Б. 5
С. 4
35. Киіз үйді тұрғызу неден басталады
А. Кереге қанаттарын байланудан
Б. Шаңырақты көтерілуден
С. Есігін орналастырудан
36. Инкрустация
А. Ағаш бетін басқа текстура және түске ие ағаш түрімен, тереңдете, желіммен жабыстырып безендіру.
Б. Бұйымды басқа ағаш түрімен безендіру суретін тілікшелерден жинақтап, дайын жиынтықты бұйымның бетіне желімдейді.
С. Бұл ағаш бетін металл, сүйек, т.б. материалдан жасалған кесекшелермен безендіру.
37.Металды көркем өңдеу түріне не жатады
А. Жону
Б. Гравировка
С. Мозаика
38. Дифовка дегеніміз
А. металл табағын балғаменен тоқпақтау арқылы орындалатын, суық өңдеудің көне тәсілі.
Б. металл, тас, ағаш немесе шыны бетіне суретті, өрнектерді, жазуларды қол немесе механикалық әдіспен салу өнері.
С. металлды көркемдеп қию техникасы.
39. Тамақ және ыдыс-аяқ сақтайтын үй жиһазы
А. Тостаған
Б. Асадал
С. Шөміш
40. Қолданылуына қарай зергерлік бұйымдар неше топқа бөлінеді
А. 2
Б. 3
С. Бөлінбейді
41. Сақинаның өлшемі немен анықталады
А. Сыртқы диаметрмен
Б. Ішкі диаметрмен
С. Сантиметрмен
42.Электрөлеуіш құрал неше бөлімнен тұрады
А. 4
Б. 2
С. 3
43. Индукциялық жүйеде қандай магниттік өріс қолданылады
А. Айналмалы
Б. Қозғалмалы
С. Айнымалы
44. Магнитті электрлік жүйе
А. Магниттік өріс тудыратын қозғалмайтын шарғы және қозғалмалы ферромагниттік зәкірден тұрады, мұнда шарғы домалақ және жазық дайындалады.
Б. Тұрақты магнит және шарғыдан тұрады, бұл жүйеде қозғалмайтын магнит және қозғалмалы шарғы қолданылады.
С. Екі электромагниттік айнымалы тоқпен қалыптасатын және қозғалмалы алюминий дискіге ықпал ететін, айналмалы магниттік өріс қолданылады.
45.Функционалдық схема
А. Құрылғының негізгі функционалдық бөліктерін, және өзара байланысын көрсетіп, құрылғымен таныстыру үшін қолданылады.
Б.құрылымдық құжаттарды дайындау үшін негіз болып, болашақта электржабдығын жөндеу үшін де қолданылады және олар құрылғының жұмыс істеу қағидалары жөніндеегжей-тегжейлі көрініс бере алады.
С. Құрылғының тізбегіндегі жүріп жатқан бөлек үдерістерді көрсетіп, оның жалпы әрекетімен танысу кезінде қолданылады.
46. Коммутациялық құрылғы
А. Ток күші үлкен үстемедегі тізбектерді қосу және ажырату үшін қолданылатын құрылғы.
Б. Қысқа тұйықталу немесе ток шектен тыс артып кетуі кезінде электрқондырғыларды тізбектен ажыратуға арналған құрылғылар.
С. Электрқондырғыларды басқарту, атап айтқанда, ажырату, қосу және ауыстыру үшін қолданылатын құрылғылар.
47. Әрекет қағидаларына қарай сақтандырғыштар неше сыныпқа ажыратылады
А. 5
Б. 4
С. 3
48. Күшейтілген дабылдардың тұтынушы құрылғыны
А. Кушейткіштің жүктемесі
Б. Кірісі
С. Дабыл көзі
49. Жеңіл желдің жылдамдығы
А. 1,8-3,4
Б. 0,05
С. 0,6-1,7
50. Суық және ауыспалы жыл мезгілінде, бөлмедегі температураның санитарлық-гигиеналық мөлшері
А. 23-25
Б.20-22
С. 18-21

Тест кілттері:
С 11- С 21- Б 31- Б 41- Б
А 12- А 22- А 32- С 42- Б
С 13- С 23- С 33- А 43- А
С 14- А 24- Б 34- С 44- Б
С 15- Б 25- Б 35- С 45- С
А 16- Б 26- С 36- С 46- С
А 17- А 27- С 37- Б 47- Б
Б 18- Б 28- С 38- А 48- А
А 19- А 29- С 39- Б 49- А
С 20- С 30- Б 40- А 50- С
Пайдаланылған әдебиет: 8 сыныпқа арналған «Технология» оқулығы.