Технологическая карта по обучению грамоте на тему Звук и буква Н подготовительная группа


Мерзімі: ________________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сауат ашу
Білім беру саласы: Қатынас
Тақырыбы: «Н» дыбысы мен әрпі.
Мақсаты:
«Н» дыбысы және әрпімен таныстыру.
Сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Буынға бөлуді үйрету және түсінігін кеңейту.
Логикалық ойындар арқылы балалардың ақыл-ойын дамыту.
Балаларды имандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, бауырсақ, үлестірмелі материал,
Әдіс- тәсілдер:көрнекілік, сөздік, ойын, практикалық.

Әрекет кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық -Балалар,бүгін бізге көп қонақтар келген екен.
Сәлем күнім!
Сәлем досым!
Бүгінгі күн,
Сәтті өтсін!!!
Қыран және күн болып екі топқа бөлемін. Балалар амандасады.
Балалар көтеріңкі көңіл
күйде қимыл-қозғалыс жасап,сәлем беріп сәттілік тілейді.
Ұйымдастырушылық
ізденушілік - Балалар, біз қандай дыбыстарды өттік, оны есімізге түсіріп қайталап өтейік, өткен дыбыстарды кім айтады?
- Дыбыс дегеніміз не?
- Ал, әріп дегеніміз не?
-Осы дыбыстардың қайсысы дауысты, қайсысы дауыссыз?
-Неге «А» дыбысы дауысты дыбыс?
-Айтылу жолына қарай қалай айтылады? Жуан, жіңішке.
-Дұрыс айтасыңдар.
-«Т», «П» дыбыстары ше? Дауысты, дауыссыз?
Жаңа сабақты хабарлау .
Біздің бүгінгі сабағымызға Наубайханадан бауырсақ келді. Өзімен бірге көңіл күйлерін ала келді. Ол әр түрлі тапсырмалар әкелді сендерге. Әр тапсырмаға алып келген көңіл күйлерін көрсетеді.
Сурет бойынша нанның дастарқанға қалай келетіндігі туралы айту .
1 – тапсырма. Жұмбақ шешу.
Үсті тас, асты тас,
Ортасында піскен ас.
Бауырсақ, таба нан бір сөзбен қалай айтуға болады?
Дұрыс, балалар. Жарайсыңдар. Қандай ақылдысыңдар.
2-тапсырма.
- «Нан» сөзінде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр ?
- «Н» дыбысымен таныстыру.
- Дауыссыз дыбыс.
– Н дыбысын хормен, жеке айтқызу.
Сергіту сәті:
Нанның қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастандар.
3-тапсырма.
Буынға бөлу:
Нан, а – на, қо – ян, ба – ла – пан, и – не, нар.
4 – тапсырма:
Н дыбысын жаздыру.
Ауада, тақтада, дәптерге жаздыру
Дәптермен жұмыс.
Қыран тобы – Н әрпінің бас әрпін жазады.
Күн тобы – н әрпінің кіші әрпін жазады.
Постер жинақтау. «Нан қайдан келеді»? « А», «Т», «П»
Дыбысты естиміз, айтамыз.
Әріпті көреміз, жазамыз.
«А»дыбысы дауысты. Аузымыз еркін ашылып, ән айтады.Жуан.
«Т» «П»дауыссыз
Кедергімен айтылады.
Тыңдап отырады.
Жұмбақты шешті.
Таба нан .
Нан
«Н»дыбысы.
Н дыбысымен танысты.
Хормен, жеке айтты .
Сергіту сәтін қимылмен жасап көрсетеді.
Буындардың санын айтады.
Н дыбысын жазды.
Дәптерге жазады
А3 бетіне нанның үстелге келетін жолдарын жабыстырады
Рефлексивті
түзетушілік Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз сендерге ұнады ма?
Қандай әсерде болдыңдар?
Бүгінгі сабақта сендерге не қиын болды?
Балалардың жауаптары.
Күтетін нәтиже:
Білу: Дыбыс пен әріпті ажырата білді .
Игеру:Н әрпінің баспа түрін жазуды игерді .
Меңгеру: Дыбыстық талдау жасауды меңгерді.