М?тінді ??ру. Кестелерді, суреттерді, бейнені ж?не дыбысты кірістіру. Анимация ?серлерін баптау. Презентацияларды к?рсету.


Пәні: информатика
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді құру. Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру. Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету.
Білімділік: PowerPoint бағдарламасын іске қосуды үйрету. PowerPoint бағдарламасын қолдана білу. Программаның негізгі мүмкіндіктері туралы айту және қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Компьютердің басқа программаларын меңгерте отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.
Тәрбиелік: Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, тапсырмалар орындау
Сабақтың көрнекілігі: компьютер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Сынып оқушыларын түгендеп, назарларын сабаққа аударамын
ІІ Жаңа сабақ
1.Презентацияны дайындау.

2.Жаңа презентация деген команданы таңдау.
3.Өздікмазмұн шеберінде бос слайд командасын таңдау.
Көрме құруда мыналарды есте сақтау керек:
Көрменің мақсаты және мазмұнын жоспарлау;
Әрбір слайдтың мазмұны және есте сақталатындай болу;
Слайдтағы ақпарттар қарапайым және мазмұнды болу;
Объектілердегі бейнелер фоннан түстері бойынша ерекше болу;
Слайдты безендіруде түстерді таңдау;
Тыңдаушылардың назарын аударатындай анимациялық өтулер, дыбыстар қою;
Слайд қойғанан кейін оған Түстер сұлбасын қою керек. Түстер сұлбасын қою үшін Пішімдеу мәзірінен Түстер сұлбасы әмірін орындаймыз:

Шыққан түстер сұлбасы терезесінде ашылатын тізім ішінен басқа түсті немесе Құю тәсілін таңдауға болады. Біз Құю тәсілін таңдаймыз. Ол үшін Құю мүмкіндіктері әмірін таңдаймыз.

Бұл терезе төрт бөлімнен тұрады:
1.Градиент – бір түстен екінші түске баяу өту.
2.Текстура – материалдардар беттерінің макеті.
3.Узор – компьютерлік орнаменттер.
4.Рисунок – дайын суретті қою немесе фотобейне.
1. Градиенттік – бір немесе екі түсті таңдау 2. Текстура – бұл материалдардың
3.Узор – компьютерде жасалған өрнек 4.Сурет – фото немесе дайын сурет3778885127000
Түстер сұлбасын таңдағаннан кейін түстер сұлбасы терезесінде қолдану батырмасын басу керек, егер түстер сұлбасы ағымдағы слайдқа ғана қойылмайтын болса, барлық слайдқа қолдану батырмасын басамыз.
Жаңа слайд құру үшін Кірістіру мәзірінде немесе пішімдеу құралдар тақтасында слайд дайындау әмірін таңдаймыз.
Объектілерді қою үшін Кірістіру – Объект, ал жаңа слайд қосу үшін Кірістіру – Слайд дайындау мәзірін орындау керек.

Слайдқа мәтін енгізу үшін Сурет салу құралдар тақтасында батырмасын басамыз. Мәтін тұратын жерге курсорды қойып мәтінді пернетақтадан тереміз.
Кесте қою үшін Кірістіру мәзірінен Кесте әмірін таңдап, шыққан терезеде баған және жол санын енгізу керек. Кестені слайдта өңдеп мәтін енгізу қажет.

Схемалар салу үшін сурет құралдар тақтасында Өзкескіндер батырмасын басып керекті фигураларды таңдап слайдқа қоямыз. Фигуралардың ішіне мәтін енгізу үшін фигураны белгілеп тінтуірдің оң жақ бетырмасын шертіп жанама мәзірде мәтін жазу әмірін таңдаймыз.

Диаграмма қою үшін стандартты құралдар тақтасында немесе Кірістіру мәзірінде Диаграмма әмірін таңдаймыз. Шыққан кестеде бәрін өшіріп өзіміз жаңадан мәтіндер енгіземіз. Диаграмманың объектілерін жеке өңдеуге болады.

Егерде көрмеде кейбір слайтарға бағыттау (Гиперсілтеме) керек болса, онда басқару батырмаларын қою керек. Ол үшін Слайдтарды көрсету мәзірін таңдап Басқару тетікшелері әмірінен керекті батырманы таңдаймыз.

Батырманы слайдқа қойғанда Настройка действие терезесі шығады.
Онда Гиперсілтеме арқылы өту пунктін таңдап тізім ішінен слайд таңдаймыз. Слайдтар тізімі шығады онда керекті слайдты таңдап ок батырмасын басамыз
Клиптермен дыбыстарды қою үшін:
Егер презентация Интернетте ұсыну, компьютерде автономды көру және басқа да электронды жариялым үшін болса, оны дыбыстық көркемдеумен сүйемелдеуге болады. Бұл музыка, сөз, дыбыстық эффектілер болуы мүмкін. Әдетте дыбыстық эффектілерді жекелеген слайдтарға зейін аудару элементі ретінде пайдаланады, ал музыка шығармашылық тақырыпты ұсыну кезінде баяндаманың дербес элементі ретінде болады. Сөзді әдетте автономды көруге бағытталған презентацияны түсіндіру үшін пайдаланады. Сонымен қатар, сөздің жазбасын аудиториялық баяндама дайындау үшін де қолдануға болады.
Дыбыстық эффектілер бүтіндей слайдқа немесе оның объектілеріне аудиторияның көңілің аударту үшін ендіреді. Интернетте дыбысты жіберу белгілі бір қиыншылықтармен байланысты болуын көңілде ұстау керек, себебі дыбыстық файлдардың көлемі өте үлкен болуы мүмкін. Дыбыстық файлдардың арнайы пішімдерін, сапасын басқару мүмкіншілігімен қысудың жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін, мысалы: МРЗ пішімі қолдану ұсынылады. Ағымдағы слайдқа дыбыстық файлды ендіру үшін, келесі әрекеттерді орындау қажет:
Кірістіру – Фильм және дыбыс – Файлдан дыбыс пунктін тандаңыз.
Дыбысты кірістіру терезесінде сіздердің компьютерлеріңізде сақталған дыбыстық файлдардың біріне жол көрсетіңіз.
3381375000
Сурет қою үшін: Кірістіру мәзірінен Сурет әмірін таңдап, суретті файлдан, сканер немесе камерадан және дайын суреттерді қоюға болады.
ІҮ.Бағалау.
Ү. Үйге тапсырма: тапсырмалар орындау.