Жылу м?лшері.Затты? меншікті жылу сыйымдылы?ы 8 сынып физика
Сабақтың типі: аралас сабақСабақтың түрі: теориялық – практикалықСабақтың әдіс – тәсілі: сатылай кешенді талдау технологиясы және үш өлшемді әдістемелік жүйе технологиясы.Пәнаралық байланыс: информатика, математика Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалықОқушылардың танымдық іс – әрекетін ұйымдастыру тәсілі бойынша: ізденіс, проблемалық, зерттеушілікСабақтың көрнекіліктері: үлестірмелі кестелер, плакаттар, компьютердегі слайдтар Сабақтың құрылымы:Ұйымдастыру.Үй тапсырмасын сұрау.Білімдерін тексеру (деңгейлік тапсырмалар).Жаңа сабаққа мақсат қою.Жаңа білім беру.Түсінгенін тексеру.Бекіту.Үйге тапсырма беру. Сұрақ – жауапЖылу берілудің қандай түрлерімен таныстыңдар? Оларды қысқаша сипаттаңдар. сәулелену конвекция жылуөткізгіштік Сұрақ – жауапӨздеріңе белгілі жылу берілу түрлерін атаңдар және оларды қысқаша сипаттаңдар. Олардың қайсысы орталық жылу жүйесінде маңызды роль атқарады? Сұрақ – жауапКлиматы суық жерлерде тұрғын үй салу үшін жылу шығынын азайтатын шараларды ескеру керек. Жылу берілудің қандай түрлері бұл шығынға себеп болады? Оларды азайтуға арналған қандай ұсыныстарың бар? Сұрақ – жауап 4 – жаттығу. № 5,6 І деңгейҚыста кең немесе тар аяқкиімнің қайсысында адамның аяғы тез тоңады?Төмендегі заттардың қайсысының жылу өткізгіштігі жоғары: мыс, ауа, алюминий, су, шыны, су буы? ІІ деңгей1) Тазаланған терезе әйнегі күн сәулесінің әсерінен неліктен қызбайды, ал кір, лас әйнек неге тез жылынады? 2) Кастрөлдегі тағамды тез суыту үшін мұзды ыдыстың астына қойған дұрыс па, әлде қақпағының үстіне қойған дұрыс па? ІІІ деңгей1) Терезе әйнегін неге қос қабатты етіп жасайды?2) Желдеткішті неге бөлменің жоғарғы жағына орналастырады?3) Неге термостың ішкі ыдысы күмістеліп, айнаның бетіндей етіп жасалады? Жылу берілу кезіндегі ішкі энергияны өлшеуге бола ма? а) Механикалық жұмыс істеу процесі. Ішкі энергияны механикалық жұмыс істеу жолымен өзгертудің өлшемі жұмыс деп аталады. б) Жылу берілу процесі Жылу берілу кезінде ішкі энергияның өзгеруінің өлшемін деп атайды. Ішкі энергияны өзгертудің екі тәсілі бар: жылу мөлшері 1 – тәжірибеЖылу мөлшерінің заттың массасына тәуелділігі Q ~ m 2 – тәжірибеЖылу мөлшерінің температураның өзгерісіне тәуелділігі 3 – тәжірибеЖылу мөлшерінің заттың тегіне тәуелділігі Q ~ заттың тегіне Заттың меншікті жылу сыйымдылығы Сипаттамасы: Заттың табиғи қасиетін сипаттайтын физикалық шама. Өлшем бірлігі: Меншікті жылу сыйымдылықтың өлшем бірлігі - джоульдың килограмм цельсий градус көбейтіндісіне бөліндісі [C]=[1Дж/кг°C] Анықтамасы: Массасы 1 кг заттың температурасын 1° С – қа өзгерту үшін қанша мөлшерде жылу қажет екендігін көрсететін физикалық шаманы заттың меншікті жылу сыйымдылығы деп атайды. Байланысы: С ~ Q Белгіленуі: С - әрпімен белгіленеді. Жылу берілу процесіндегі жылу алмасу құбылысына көңіл бөлу.Штативтер, муфталар, термометрлер, спирт шамы,әр түрлі сұйықтар (май, су) Ыдыстағы суды жылыту және қатты қыздыруСуды жылыту үшін оған аз жылу мөлшерін береміз, қаттырақ ысыту үшін көбірек жылу мөлшерін береміз Әр түрлі массадағы суды аламыз. Оларды қыздырамыз.Массасы көп суды қыздыру үшін көп жылу мөлшері қажет екендігін көреміз. Бірдей мөлшердегі майды және суды алып, қыздырамыз.Сұйықтардың әр түрлі қызатындығын байқаймыз. Нәтижені талдау:Денені қыздыруға қажетті жылу мөлшері бірнеше физикалық шамаларға тәуелді болып шықты. Физикалық тәжірибе Тәжірибеден қорытынды:Жылу беру кезінде ішкі энергияның өзгеруінің өлшемі жылу мөлшері болады Жылу мөлшері ішкі энергия өзгеруінің өлшемі бола тұрып, дененің температурасына байланысты болады, белгіленуі Q - әрпімен белгіленеді (ку – латын әрпі) Анықтамасы: Жылу берілу кезінде ішкі энергияның өзгеруінің өлшемін жылу мөлшері деп атайды. Өлшем бірлігі: 1 кг суды 1° С – қа қыздыру үшін берілетін жылу мөлшерін калория деп атайды. 1 кал = 4,19 Дж Формуласы: Q=cm( t2 – t1 ) Денені қыздыруға қакжетті немесе ол суығанда бөлінетін жылу мөлшері заттың тегіне, массасына және оның температурасының өзгеруіне тәуелді. Жылу мөлшері Байланысы: Q ~ t2 t1 ; t= t2 - t1 температура өзгерісі. Q ~ m; m – дене массасы Q ~ с; с – заттың меншікті жылу сыйымдылығы Деңгейлік топтардың белгіленуі А – тобы Б – тобы С – тобы Аталуы Белгіленуі Өлшем бірлігі Формуласы Жылу мөлшері Дененің массасы Бастапқы температура Ақырғы температура Меншікті жылу сыйымдылығы Температура өзгерісі Абсолют температура 1 –тапсырма Деңгейлік топтардың белгіленуі А – тобы Б – тобы С – тобы Аталуы Белгіленуі Өлшем бірлігі Формуласы Жылу мөлшері Q Дж Q=cm( t2 – t1 ) Дененің массасы m кг m= Q/c( t2 – t1 ) Бастапқы температура t1 ° С t1 =t2 -Q/cm Ақырғы температура t2 ° С t2 =Q/cm+t1 Меншікті жылу сыйымдылығы c Дж/кг*° С c=Q/m*t2 – t1 Температура өзгерісі t ° С t=Q/cm Абсолют температура T К T=Q/cm 1 –тапсырма 2 –тапсырма. 6-жаттығу /49-бет/1 – есеп Массасы 250г суды 50С-қа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері кетеді?2-есеп 0,2 кг жезден жасалған бөлшектің температурасы 3650С. Ол 150С -қа дейін суытылғанда қоршаған ортаға қанша жылу мөлшерін береді?3-есеп 84 кДж жылу мөлшерін бере отырып қанша мөлшердегі суды 100С -қа көтеруге болады? А – тобы Б – тобы С – тобы 1 кДж = Дж1 Дж = кДж1 МДж = Дж1 Дж = МДж3 кДж = Дж5 МДж = ДжО°С = К100°С = КО К = °С 1 л = м3р= кг/м3m= … V кг Массасы 1 кг болат 1°С –қа суынғанда қоршаған ортаға қанша жылу мөлшерін бөледі? Адам массасы 200 г, температурасы 46,5°С стакан шай ішкенде қандай жылу мөлшерін алады? Адам денесінің температурасы 36,5°С. Массасы 2 кг болат 1°С-қа суынғанда қоршаған ортаға қанша жылу мөлшерін бөледі? Массасы қандай суды 10°С – 60°С қа дейін қыздыруға болады? Егер оған 210 кДж жылу берілсе. Массасы 4 кг болат 2°С-қа суынғанда қоршаған ортаға қанша жылу мөлшерін бөледі? Массасы 100 кг су қоршаған ортаға 8400 кДж жылу мөлшерін бере отырып, қанша градусқа суынған? (Кельвинмен өрнекте) 3 –тапсырма Бекіту сұрақтары:Жылу мөлшері дегеніміз не?Жылу мөлшері неге тәуелді? Мысал келтіріңдер.3.Заттың меншікті жылу сыйымдылығы нені көрсетеді?Заттың меншікті жылу сыйымдылығының бірлігі не?Мұздың меншікті жылу сыйымдылығы 2100 Дж / кг°C – қа тең. Бұл нені білдіреді? 6)1 – кестеден меншікті жылу сыйымдылықтары ең жоғары және ең төменгі болатын заттарды атаңдар. Олардың жылу сыйымдылықтарының неше есе айырмашылығы бар? § 9,10 2. 5- жаттығу /барлығы орындайды/3. 6- жаттығу ( 4,9,10) /“4” бағасына үміткерлер орындайды/4. 6- жаттығу ( 5-8) /“5” бағасына үміткерлер орындайды/