Арнаулы ?леуметтік ?ызметтер к?рсету орталы?ында «Біз досты?ты с?йеміз» атты та?ырыпта м?мкіндігі шектеулі т?л?алар?а семинар-тренинг ?ткізді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Біз достықты сүйеміз» атты тақырыпта мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренингтің мақсаты: Тұлғаға достың адам өміріндегі маңызы, орны туралы, достықтың шынайы белгісі туралы айтып түсіндіру.Тұлғаларды адамгершілікке, имандылыққа, адалдыққы, тату, мейрімді болуға тәрбиелеу. Әр тұлғаға өзінің досының жақсы жақтарын үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерін көріп өз бойына сіңіре білуге және өз досын дұрыс танып білуге үйрету. Іс- шараға ( қызмет алушы18 жастан асқан14 тұлға) , әдіскер, бөлім меңгерушісі,әлеуметтік мамандар қатысты. Семинарға қатысушылардың барлығы үлестірмелі материалмен қамтамасыз етілді. Әр түрлі сұрақтар қойылып, тұлғалардың жауаптары, ой пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар ойын түрінде пікір-талас болып, тұлғалар өз айларын айта білді. Көрермендер өтіп жатқанның бәрін бақылап, тұлғалар арасындағы плюстері мен минустерін көріп, тұлғамен қарым- қатынас кезіндегі жиі кездесетін қателерді атап өтті. « Өз жартынды тап » Мозайка әдісімен суреттерді құрастыру. Тұлғалардың барлығына суреттер таратылады. . Көрнекілікпен жұмыс,суретте не жетіспейді?Ұқсастығын тап? Тұлғалар тез қолдана білді.. Соңында әр қайсысы өз шығармашылығының тұсаукесерін көрсете алды. Семинар-тренинг соңында рефлексия өткізіліп, талқыланған мәселенің жалпы қортындылары бірігіп тұжырымдалды. Кері байланыс мәліметтері қатысушылар іс- шарадан толық қанағат алғандарын, сминар-тренинг олардың күткендерінен асып түскендігін көрсетті. Қазіргі кезеңдегі еліміздегі мүмкіншілігі шектеулі балалар санының көбеюі, денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау салаларының осы мәселеге көңіл бөлуін талап етіп отыр. Жыл санап мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрды. Үкіметіміздің мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған көптеген көмектерінің ішінде үйде әлеуметтік көмек беру ерекше орын алады.Кеміс балалардың жан айқайын қоғамға жеткізу, яғни бала ағзасындағы ауытқулар мен бөгеттердің себеп-салдарын анықтап, олардың отбасындағы қарым - қатынастарын дамытып, дені сау баламен араласуына жағдай туғызу.
Тәрбиелеу барысында жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды шешім қабылдай алуға, өзін - өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу қажет. Мұндай балалардың тәрбиесі өзара жақсы түсіністікті қажет етеді және оларды болашаққа сенімді көзқараспен қарауға тәрбиелеудің мәні зор.
Мүгедек балалардың жанұяда тәрбиелеудің бір -біріне қарама - қарсы екі түрі кездеседі. Олардың бір түрі «шектетілгендер» , яғни ата -анасы баланың жан -жақты, материалдық жағынан толық қамтамасыз етеді, бірақ оның ішкі әлеміне үңіліп рухани қажеттіліктеріне терең бойлай бермейді. Тіпті кейде баланы жазалайды. Бұндай отбасындағы балалар іштей күйзеліске түседі, ата - аналарының сүйіспеншілігіне, махаббатына ылайық емеспіз деп ойлайды. Олардың көңіл - күйі түсіп, өз-өзіне сенімсіздік пайда болады. Осыдан келіп балалардың тіл дамуында, танымдық қызметінің қалыптасуында, тәрбиесінде әр түрлі кемшіліктер пайда болып, зияты төмендеп, білім деңгейі тежеледі. Екінші бір жағдай баланы шектен тыс қамқорлыққа алу, мұндай ата-аналар бала алдындағы «кінәсін» сезініп оны тым бос ұстап, еркелетеді. Кез- келген өтінішін орындауға тырысады. Өз -өзіне сенімсіз, әлжуаз болып өседі. Мұндай балалар әлеуметтік даму жағынан түрлі қиындықтарға тап болады.