Ма?ала: Бастауыш пен орта буын саба?тасты?ында?ы педагогтармен ж?мыс
Бастауыш пен орта буын сабақтастығындағы педагогтың жұмысы « «мұғалімдерге семинар»
Ең бастысы – орта мектепке бейімделу кезінде балаға көмектесу, оны психологиялық жағынан дайындау.
Сонымен біздің басты мақсатымыз – бастауыш сыныптың түлегінің орта буындағы оқуы табысты болуы үшін жағымды жағдай жасау.
Бастауыш сынып оқушыларының орта буынға көшуін дағдарыс кезеңі деп атайды.
Әрине мұндай шешімге келуге толық негіз бар. Оқушыларды бақылау кезінде көбісінің сабаққа үлгерімдерінің оқуға деген қызығушылықтарының төмендегені, өзара қарым-қатынас кезінде достық сезімдері ажырап, достардың арасында салқындық сызаты түскені байқалады, ұстаздар тарапынан болған ескертулерге шамданып, қатты дауыспен жауап беру кездеседі. Осы көріністің бәрі дағдарыстың айғағы.
5 класс оқушылардыңда кездесетін қиындықтар
Әртүрлі мұғалімдердің көптігі (оларды есте сақтау керек, әрқайсысының
қойған талаптарына үйрену керек);
Үйреншіксіз сабақ кестесі (жаңа режим);
Оқу бөлмелерінің көптігі және олардың әртүрлі жерде орналасуы;
Сыныпта жаңадан келген оқушылардың болуы;
Жаңа сынып жетекші;
Жоғары сынып оқушыларымен тіл табыса алмайтын кездерінің болуы (асханада, үзілісте)
Орта буында біз ең кіші сыныппыз, ал бастауышта біз ең үлкен сынып болғанбыз!
Бейімделу кезіндегі қиындықтар
Баланың денсаулығындағы ауытқулар;
Эмоционалдық қиыншылықтар, қобалжу, мектептегі проблемалар туралы уайымдау;
Бейімделу кезеңінің дұрыс өтпеуі;
Интеллектуалдық іс-әрекеттің бұзылуы;
Өз сыныптарынан даму жағынан қалып қоюы;
Тәртіптілік – моральдық және құқықтық нормаларға сәйкес келмейтін тәртіптің түрі;
Коммуникативтік проблемалар – үлкендермен өз құрдастары мен қарым-қатынас жасай
алмауы.
Бейімделудегі қиыншылықтар мынадай белгілер арқылы байқалады:
баланың сыртқы келбеті шаршаңқы;
өткен күн туралы айтпайды;
Мектептен тыс басқа тақырыптарға әңгімелесіп кетуі;
Үй жұмысын орындауға еріну;
Мектеп атына, мұғалімдерге, оқушыларға кір келтіріп сөйлеу;
Мектепке байланысты кейбір оқиғаларды жамандау;
Тұрақсыз ұйқы;
Таңертең тұрғанда қиналу;
Үнемі өзін жаман сезіну.
Мұғалімдерге арналған ұсыныстар
Бірге толғана, сын айтыңыз. Бұл орайда төмендегі тәсілдерді пайдаланыңыз.
Қолдау қуаттау сыны (ештеңе етпес. Бұл жолы болмаса ендігіде
жақсылап орындайсың)
Сәйкес сын (сендей кезімде, мен де тап осы қателікке душар болғанмын)
Сын үміт (ендігі мәрте тапсырманы жақсы орындап келетініңе сенемін)
Мақтау сын (жұмыс жақсы орындалған, бірақ жағдайдан уақытынан сәл
бұрын)
Бірге қинала сынау (сені түсініп тұрмын, жағдайыңды да білемін, бірақ
сен мені түсінші)
Сын өкініш (өкінішті –ақ, бірақ айтпасам болмайды: жұмыс сапасыз
орындалған)
Сынай қателікті жұмсарту (мүмкін, істің бұлай болғанына тек сен айыпты емес шығарсың)
- Өз оқушыңыздың аты мен беделін ардақтай жүріңіз.
Бала сізден қорықпасын десеңіз:
оның қателерін кешіруге;
жазаламауға;
ол үшін барлық нәрсеге дайын екеніңізді көрсетуге;
сүйіспеншілігіңізді көрсетуге тырысыңыз
Балалар сізден жалықпасын десеңіз:
сан рет қайталаудан;
стіне түсіп әрдайым өбектеуден;
Әр қадамын аңдудан;
берген сөздеріңізді ұмытудан аулақ болыңыз!
Оқушыларға сабақ беретін ұстаз:
Өзінің педагогикалық концепциясы бар;
Өз мамандығы бойынша құзыретті;
Коммуникативті;
Жан-жақты дамыған;
Жаңашыл;
Шығармашыл БОЛУЫ КЕРЕК!
Парктикалық кезкең :
«Өз қорқынышыңды суреттеп сал» арт терапия
Мақсаты: Адам бойындағы қорқыныш сезімін жеңу
Құрал жабдықтар А4 ақ қағазды , акварелны краска , қарындаш, қалам
Барысы: Оқушылар ақ қағазға өзінің екі қорқынышын суреттейтін сурет салады. Салынған екі суреттің бірін таңдап алып жазып , реттік сан бойынша белгілеу керек .Мысалы: жол мен жаман аурудың суреті болса .соның ішінен жолды таңдаймын. Ертеде Ерте- ертеде бір қыз алыс сапарға шығыпты деп бастауға болады мен белгі берген уақытта келесі адамға сіздің ойыңызды жалғастыруға бересіз. Осылай соңынан аяқталады. \
2. «Менің бейнем» артперапия
Мақсаты: Адамдардың бір –біріне деген көз –қарасын өзгерту мақсатында.
Құрал жабдықтар: 21 көлемде әйнек, гуаш, кестичка,
Қатысушы екі адам бір –біріне қарама қарсы отырып орталарына әйнекті ұстап отырып әйнекке ( портретін) яғни бейнесін мақтау сөздер айту арқылы салады. Соңынан орындарын ауыстырады.
3. «Ессіз архитектор» арттерепия елементтері
Мақсаты: Мұғалімдер арасындағы өз –ара қарым қатынасты нығайту
Құрал жабдықтар: плпкат, гуаш, қарындаш, кестичка,
Барысы: Қатысушыларға мынандай сөздер беріледі, осы сөздердің суретін салып уй жасау керек.
1 топқа
Зебра
Пима
Қалам
Тыква
Телефон
Акфариум
Жүрек
2 топқа
Гүл
Кран
Гитара
Трубка
Унитаз
Вилка
Колессо
2.Сергіту сәті
Қатысушыларға Піл , Фалма, Бука деп айтқан кезде олардың әрекетін жасау керек . Ал дұрыс жасамаған яғни шатасқан адамдар айып бұл төлейді