САБА? ЖОСПАРЫ, ХІХ ?асырды? 60-70 жылдарында?ы азатты? к?рес


Сабақ тақырыбы: ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы азаттық күрес
Жаңа сабақ 2 сағат Мектеп:
Сынып: 8 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:
Сабақтың мақсаты Білу: ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы азаттық күрес туралы ақпаратты меңгеру;
Түсіну: Отаршылдық кезеңіндегі қазақ шаруаларының жағдайы туралы әңгімелеу;
Қолдану: 1860-1870 жж. Көтерілістердің ерекшеліктері анықтау;
Оқыту нәтижесі ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы азаттық күрес туралы ақпаратты меңгеретін болады (барлығы).
Отаршылдық кезеңіндегі қазақ шаруаларының жағдайы туралы әңгімелей алады (көпшілігі);
1860-1870 жж. Көтерілістердің ерекшеліктері айқындай алатын болады (кейбіреуі);
Сабақ барысы
Сабақ қезеңдері Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер
Оқыту ресурстары
Басы
3 минут
10 минут
Блум таксономиясы бойынша Білу және түсіну.
2 минут
Блум таксономиясы бойынша Қолдану.
15 минут
Адай күйін тыңдату. «Адай» күйінің авторы  Құрманғазы Сағырбайұлы. Күй халықтың еркіндік жолындағы ерлік күреске толы ой-идеясын екпінді ұран түрінде беруге құрылған деп айта өту.
Сынып үш топқа бөлінеді. Үш түрлі қағаз қиындысына Орал, Торғай және Маңғыстау сөздері жазылған. Оқушылар аталған қағаз қиындыларынан өздеріне қажетті түсті таңдап топқа бөлініп отырады.
Екі топқа Каспийдегі балықшылар өмірін көрсететін бірдей сурет беремін.
Тапсырма:
1.топ суреттен не көріп отырғанын жазады.
2. топқа мазмұнды оқиға құрастыруға тапсырма беремін. Суретте не бейнеленген?
Бұл суреттің бүгінгі тақырыпқа қандай қатысы бар деп ойлайсыз? Сабақ тақырыбына шығу. Суретке қатысты ойларын толықтыру. Картаны пайдаланып Орал, Торғай, Маңғыстаудағы облыстарын, көтеріліс ошақтарын көрсетемін.
Жаңа тақырып бойынша мәтіндер беріледі. «Құмырсқа» стратегиясы. Сынып қабырғасына алдын-ала ілініп қойылған мәтіндерден әр топ мүшелері ақпарат жинап өз тобына тасымалдайды. Керекті ақпаратты жинап алған соң «5 W» стратегиясы стратегиясы бойынша, әр саусақтағы сұрақтарға оқиғаның себептері, барысы, маңызы, нәтижесі, жетекшілеріне байланысты жауап жазу. Күйді тыңдату
Қосымша №2 (слайд 1)
Қосымша №3 топқа бөліуге арналған қима қағаздар
Қосымша №4
10 минут
Блум таксономиясы бойынша Анализ
Мәтіндер бойынша жұптарға көтерілістердің ерекшеліктерін анықтатамын.
Проблемалық сұрақтар
Патша үкіметінің енгізген реформалары не себепті қазақ даласында үстем болды?
Егер де 1860-70 жылдардағы Орал, Торғай, Маңғыстаудағы азаттық күрестер жеңіске жеткен болса, халықтың әлеуметтік жағдайы қандай болар еді?
Көтеріліске бүкіл қазақтар қатысқан болса азаттық күрестің нәтижесі қандай болар еді? бағалау дескрипторы
Соңы
Жеке жұмыс
3 минут
1860-70 ж.ж. көтерілістердің негізгі себептерін ата. Көтеріліс қай өңірлерде болды?
Орал, Торғай облыстарындағы көтеріліс басшыларын ата:
Маңғыстаудағы көтеріліс басшыларын ата:
Реформа енгізуге қарсы болғандарға қандай әрекет қолданды?
Көтерілістің жеңіліске ұшырауына не себеп болды? Оқушының өзін –өзі бағалау парағы