Та?ырыбы: ?ыстырма,ода?ай с?здерге байланысты ?ойылатын ?тір Ма?саты: О?ушыларды? ?з бетімен ж?мыс істеу да?дысын жетілдіру ?ыстырма, ода?ай с?здерге байланысты ?ойылатын тыныс белгісі – ?тір екенін, оны с?йлем ішінде ?з беттерімен тауып ?оя білу С?йлеу
Қазақ тілі
9 сынып
Тақырыбы: Қыстырма,одағай сөздерге байланысты қойылатын үтір
Мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру;
Қыстырма, одағай сөздерге байланысты қойылатын тыныс белгісі – үтір екенін, оны сөйлем ішінде өз беттерімен тауып қоя білу;
Сөйлеу мәнерін, туған жерді, тілді сүюге тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: топтық, сұрақ-жауап. «Аквариум», «Инсерт» тәсілі, 5 жол өлең стратегиясы
Сабақ түрі : Жаңа сабақты меңгерту
Көрнекілігі: интерактивті тақта, қима қағаздар
Барысы: Ұйымдастыру (Оқушылар 4 топқа бөлініп отырады)
Қазір қазақ тілі сабағы. Біз осы пәннен, яғни тілдің көмегімен өнер-білімді, ғылымды игереміз, өткен-кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. Тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз.
Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі тілдердің бірі. Ендеше, тілге байланысты ақын өлеңдерінен үзінді тыңдайық. (Поэзия минуты)
ІІ. «Аквариум»
(Тақтаға әр топтан бір оқушы шақырылады) өткен тақырыптар бойынша сұрақтар беріледі.
Сөйлем ішіне қандай тыныс белгілері қойылады?
Тыныс белгісін қою не үшін қажет?
Тыныс белгілерінің кездесетін(қойылатын) жері нешеу?Қандай жерлер?
Бірыңғай мүшелерге байланысты қойылатын тыныс белгісі?
1-ден,тыныс белгісін дұрыс қою, дұрыс оқу- адамның жалпы мәдениетін, сөйлеу мәдениетін көрсетеді.
2-ден, ауызша сөйлегенде адам ойының жетпей тұрған жерін бет-жүзін, қол қимылы, дауыс ырғағы сияқты қосымша құралдармен бере алады. Сол себепті, яғни ойды дұрыс, анық жеткізу үшін – тыныс белгілерін пайдаланамыз.
Тыныс белгілері: а) сөйлем соңында
Ә) құрмалас құрамындағы жай сөйлемдер арасында
Б) жай сөйлем ішінде кездеседі.
Бірыңғай мүшелер арасына үтір қойылады.
Да, - де, - әрі, - я немесе жалғаулық шылаулары қайталанып келгенде үтір қойылады.
Жаңа сабақ.
ІV. Қыстырма және одағай сөздерге байланысты қойылатын үтір
(Инсерт тәсілі, яғни «түртіп алу» әдісі) 171 және 174 беттен тақырып оқуға беріледі. Оқу барысында қарындашпен V-білемін, + білдім, ? –түсінбедім белгілері қойылады.
(Әр топ өз белгілері бойынша жаңа тақырыпты талдап шығады).
V. Интерактивті тақтада сөйлемдер жазылған. (Онда қыстырма, одағай сөздердің сөйлем басында, ортасында, аяғында келуіне мысалдар келтірілген.)
VІ. Ой қорыту.
«Табиғат» мәтіні
Төмендегі сұрақтарға жауап береді
Мәтін тақырыбы не жайлы?
Жазушы стилін анықта
Мәтіндегі бірыңғай мүшелерді, қаратпа сөздерді тап.
VІІ. Жаттығу жұмысы
173-жаттығу( Сөйлемдерді оқып, тиісті тыныс белгісін қою, не себепті қойғанын түсіндіру. Әр топ 2 сөйлемнен дәптерлеріне жазады.)
175-жаттығу (Одағайларды тауып, тыныс белгісін қою. Әр топтан бір сөйлемнен тақтаға жазады.)
VІІІ. Әр топқа бірден сөз беріледі, сұрағы бойынша аяқтау.
Бірыңғай мүшелер
Тұлғасы-
Сұрағы –
Байланысы-
Саны -
Одағай сөздер
Мағынасы-
Нені білдіреді-
Түрі-
Сөйлем мүшесі-
Қыстырма сөздер
Мақсаты-
Сөйлем мүшесі-
Тыныс белгісі-
Орны-
ІХ. Мен бір бет қағаз жіберемін. Сондағы берілген қыстырма, одағайды қосып, әр т оп бір сөйлем құрайды. Нәтижесінде, сөйлемдерден әңгіме құралуы керек, яғни 1-ші сөйлемдегі ойды ары қарай жалғастыру керек.
Меніңше,
Өкінішке орай,
Бақытымызға қарай
Х. Бағалау
ХІ. Үйге тапсырма: 176 –бет «Өзіңді тексер!»