Б?лім 4. ?аза?стан тарихын инновациялы? ?дістемелік о?ыту жолдары О?ытуды саралау- интерактивті модульдік о?ыту технологиясы ?аза?стан тарихы саба?тарын ?йымдастыруды? ма?ызды факторларыны? бірі


Бөлім 4. Қазақстан тарихын инновациялық әдістемелік
оқыту жолдары
Оқытуды саралау- интерактивті модульдік оқыту технологиясы Қазақстан тарихы сабақтарын ұйымдастырудың маңызды
факторларының бірі
У.У.Касымова
«Кеңес Одағының Батыры
И.М. Бережной атындағы
Келлер орта мектебі »КММ
Тайынша ауданы
Солтүстік Қазақстан облысы
М.М.Жанпейісова бойынша білімді толық меңгерту әдістемесіндегі мұғалімнің жүйеде құрылатын жұмысы: оқу модулі- оқу ақпаратының біршама дербес блогы, оған оқу мақсаты мен міндеттері, әдістемелік нұсқаулар, шамамен алғандағы іс-әрекеттер негізі, оқу қызметін атқару жетістігін бақылау (өзін-өзі бақылау) құралдары енеді.
Мақсаты: оқу үрдісінде оқушының шығармашылығын дамытуға қолайлы жағдай туғызу және оны іске асырудың педагогикалық шарттарын айқындап, оңтайлы формаларын дайындау.
Міндеттері:жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыру;таным үрдістерін дамыту;сөздік қорын дамыту;өзара көмек және бірге бастан өткізу;оқу себептілігін өзгерту;оқу пәні Қазақстан тарихының ішкі мазмұнын оқушының ойлау, іздену үрдісіне сәйкестендіріп құру;ұстаздың дайын білімді жеткізуші қызметінен оқушыны ойландыру, іздендіру, танып білуге өздігінен талаптандыру қызметіне көшу;оқушының алған ББД іс жүзінде қолдана білу, білім сапасын арттыруға қолайлы жағдай туғызудың бір жолы-интерактивтік модульдік оқыту технологиясы; («кесте 1»)
Қазақстан тарихы. 6-сынып
Модуль №1. Сақтар /6 сағат/
Модуль құрылымыБөлінетін сағатМодульдің мазмұныБөлінетін уақытыКіріспе1-сабақ 1. Модульдің мақсаты мен міндетін түсіндіру.
2. Тірек сызбамен тақырыпты түсіндіру / лекция:Сақтардың тарихы, мекендеген орны./
3. Оқулықпен, дәптермен жұмыс5 минут
15 минут
20 минут
Сөйлесу бөлімі2-сабақ Оқу материалын меңгерту1. «Қарлы кесек» ойыны2. Қорытынды. Үйге тапсырма40 минут
5 минут
3-сабақ Білім іскерлік дағдыларын дамыту1. «Өз жартыңды тап» ойыны2. Мерзімдерді жатқа айту.
3. Қорытынды. Үйге тапсырма20 минут
20 минут
5 минут
4- сабақБілім, іскерлік дағдыларын пысықтау1.Бір-біріне диктант жүргізу2. Карточкамен жұмыс3. Қорытынды. Үйге тапсырма15 минут
25 минут
5 минут
5-сабақ Білім, іскерлік дағдыларын қорыту, бекіту1. «Брейн - ринг» ойыны2.Шығармашылық жұмыстарды қорғау3. Қорытынды. Үйге тапсырма20 минут
20 минут
5 минут
Қорытындыбөлімі6- сабақ1. Тест
2. Сынақ15 минут
20 минут
Осыдан келіп мұғалімнің жұмысы мынадай жүйеде құрылады:
- оқушыларды оқытудың мақсатымен таныстыру; сыныпта берілген блок (мазмұны бойынша жақын) тарау бойынша жалпы оқыту модулінің мазмұнымен таныстыру;мұғалімнің материалды қысқаша түсіндіру (сызба, график,кесте және т.б.); оқушыға оқу материалын зерттеу жұмысы негізінде беру;оқушылардың әрбір сабақта іс-әрететін бағалау үшін диалогтың қарым-қатынас негізінде оқушының танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру;жалпы тарауды, тақырыпты 4-7 рет қайталау негізінде оқу материалын меңгерту;барлық тақырып бойынша тест ( сынақ, сынақхат, бақылау жұмысы т.б. ) жүргізу;
Психологтардың пікірі бойынша, әрбір жеке тарау (тақырып) оқу негізі 3 кезеңнен тұру керек: кіріспе-себептілік; танымдық іс-әрекет; рефлексивті бағалау. Осы аталған тұжырымдамаға сүйене отырып, оқу модулінің диалог бөлімінің оқушының іс-әрекет қадамдарын төмендегідей жасадым:оқу материалы біртұтас, жеңілден күрделіге қарай «өсу» бағытымен беріледі;тақырып бойынша оқушының оқытылу деңгейіне сәйкес деңгейлік тапсырмалар беріледі;
Жоғары ● Орташа ■ Төмен ▲
-оқушылардың оқу мотивациясын, шығармашылығын дамытуға бағытталған, өз бетінше ізденуге жағдай туғызатын шығармашылық сипаттағы тапсырмалар беріледі;диалог бөлімінің барлық сабақтарында оқытудың белсенді формалары қолданылады.
Теория - проблеманы шығармашылықпен шешудің катализаторы болса, сөйлесу-әр түрлі көзқарастардың тоғысқан жері. Оқушы пікірімен санасу, оны сыйлау- шығармашылыққа бастаудың негізгі кілті. Ал, ұжымдық іс-әрекет- шығармашылықты дамытудың негізі.
Мұғалім оқу модулінің диалогтық бөлімін дайындаған кезде оқу материалының негізгі мазмұнын құрастырып, оны бөлшектерге бөледі. Диалогтық қарым-қатынас –бұл әңгімелесу, пікірлесу, тілдік байланыста болу арқылы екі немесе бірнеше адамдардың іскерлік немесе достық байланысы. Мектепте субьект-обьект ретінде қарым-қатынасты (монологтық) диалог арқылы субьект-субьект қарастырады.
Интерактивті модульдік оқыту технологиясының міндетті шарты- оқытуды ойын түрінде және белсенді оқыту формалары арқылы ұйымдастыру. Бүгінгі таңда ойын оқыту процесінің тиімді тәсілдерінің бірі деп есептеледі.Ойыннның педагогикалық құндылығы-оның жалпы оқушы тұлғасын қалыптастыруға,оның ақыл-ой қабілеттерін дамытуға жағымды әсер етуінде. Дәстүрлі ұйымдастырылған оқу үрдісіне қарағанда, ойын арқылы оқыту үрдісінде оқушылар аз шаршайды және көп мағлұмат алады, ойын үрдісінде жағымды эмоциялар алып, белсенділігі артады, сөздік қоры дамиды жеке тұлғаның қажеттіліктері қанағаттандырылады.
Интерактивті үрдістің мақсаты- педагогикалық өзара ықпалдастық әрекетіне қатысушылардың мінез-құлық және қызмет үлгілерін өзгерту және жақсарту.Өз әрекетін және серіктесінің әрекетін талдай келе, әрбір қатысушы өз мінез-құлқының үлгісін өзгертеді және оны саналы түрде меңгереді.Интерактивті үрдісті ұйымдастырудың жетекші қағидалары:-ойлау қызметін ұйымдастыру;мазмұн шығарушылық қызметті ұйымдастыру;таңдау еркі;рефлекцияны ұйымдастыру;оқу үрдісіне қатысушылардың бірлескен оқу еңбегінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуы, олардың қызмет нәтижесі үшін ортақ жауапкершілігі;оқу міндеттерін шешуде оқушылар мен ересектер қарым-қатынасының белсенді-жағымды, гуманистік сипаты; бір-біріне деген сенім, қайырымдылық, оқудағы қиындықтарда өзара көмек көрсету. Бұл сипат оқушылар мен ересектер арасындағы авторитарлық қатынаспен, ересектердің құқығы, ал оқушылардың міндеттері басым болуымен мүлдем жанаспайды;оқушылардың қызығушылығын, өзіндік дербестігін, тәжірибелік және интеллектуалдық бастамашылығын, шығармашылығын ынталандыратын оқыту әдістемесі. Ол мәжбүрленуді, педагогтардың білімді түсіндіріп беру үстемдігін, оқушылардың тек дайын ақпаратты ғана қабылдауын болдырмайды.
Топтық жұмыстың аса маңызды басымдылығы-топ ішінде, мұғалім мен оқушылар арасында қандай да бір шартты талаптарсыз еркін түрде, демократиялық тұрғыда оқыту мүмкіндігі. Яғни, топ жұмысының тиімділігі үшін қарым- қатынасты ұйымдастыру мәселесінің маңызы зор.
Интерактивтік модульдік оқыту технологиясының маңызы факторларының бірі- оқытуды саралау. М.М. Жанпейісова бойынша, оқытуды саралау- интерактивті модульдік оқыту технологиясы аумағында оқу процесін ұйымдастырудың маңызды факторларының бірі. Саралған тапсырмалар оқу модулінің сөйлесу бөлімінің 3-4 сабағында беріледі және ол 3 деңгейде құрастырылады яғни, «оқушының өзі үшін қиындық туғызытын деңгейде құрылған оқу неғырлым пайдалы әрі дамытушы болып есептеледі».Оқыту әдістерін дұрыс қолданған жағдайда ғана оқушылардың ой-өрісін тереңірек дамытуға мүмкіндік туады, бұл оқушылардың интелектісін,зейінін,ойлауын арттырады.
Оқушы білімді өз дәрежесінде игермесе немесе оны іс жүзінде қолдана алмаса,онда танымдық белсенділік те көрсете алмайды.Бұл олардың шығармашылығының дамуына кері әсер етеді.
М.Ж..Жадрина мектептегі білім беру процесінде кездесетін қайшылықтардың басты себептерінің бірі оқушылардың жеке танымдық мүмкіндіктерін жете танып, ескермеу деп есептейді. Ғалым бұл оқушылардың оқуға деген қызуғушылығын төмендетеді деген пікір айтады. Осыдан келіп, жеке бір пән аумағында оқушылардың даярлық деңгейін саралау мәселесі өзектілене түседі. Оқушылардың жеке танымды мүмкіндіктерін ескеру-әр сыныпта әр пән бойынша олардың жалпы білімдік даярлығына қойылатын оқу талаптарын саралауды білдіретінін дұрыс атап көрсетеді.
Бұл үшін тек пән бойынша аз көлемдегі білім мазмұны ғана емес, сонымен қатар қандай да бір жас кезеңінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес мазмұн мөлшері де қажет. Осыдан келіп, автор әр пән бойынша оқыту нәтижелерін үш даярлық деңгейі негізінде жоспарлауды ұсынады:
шағын көлемдегі(міндетті);көтеріңкі (ілгерілетілген, оздырылған );
тереңдетілген.Осындай оқыту нәтижелерінің деңгейлер жүйесі автор пәндер бойынша даярлық сапасына қоғам тарапынан қойылатын жаңа талаптар ретінде қарастырады. Мындай жүйеде шағын көлемдегі даярлық деңгейі пәнді оқытудың міндетті нәтижесін сипаттайды. Көтеріңкі және тереңдетілген деңгейлер оқытудың неғұрлым жоғары нәтижесін білдіреді. Бұл жүйе білімді меңгеру деңгейін есепке алуды қамтамасыз етеді.
Оқушыларға оқу модулінің диалог бөлімінде берілетін тапсырмалардың күрделілік деңгейін анықтауда М.М. Жанпейісова Б. Блумның таксономиясынан сүйенуді ұсынады:
«III денгей –білім стандартының қарапайым білу мен түсіну деңгейндегі талаптарын қанағаттандыратын тапсырмалар ;II деңгей –білім стандартының білімді қолдану және талдау деңгейіндегі талаптарын қанағаттандыратын тапсырмалар; I деңгей –шығармашылық ізденушілік сипаттағы тапсырмалар». Технология авторы атап көрсеткендей, нәтижесінде соңғы баға қойлатын қорытынды тапсырмалар тек мемлекеттік білім стандартының талаптары аумағында әзірленеді.
Осыдан келіп оқу процесін кұрудағы мұғалімнің жұмысында өзгерістердің қажеттілігі шығарады. Әрбір оқу бірлігінің шегінде толық меңгеру әдістемесіндегі мұғалім жұмысы мына дай дәйектілікпен құрылады: балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру;
сыныпты сол бөлім бойынша жалпы оқу жоспарымен таныстыру (оқу бірлігіне);оқытуды жүргізу (материалды мұғалімнің беруі түрінде);диагностикалық тестің ағымдық тексеруін жүргізу;
тексерудің нәтижелерін бағалау және бөлімінің мазмұнын толық меңгерген оқушыларды анықтау.Толық меңгеруге жетпеген оқушылармен коррекциялық оқыту процедурасын жүргізу.
Диагностикалық тест жүргізу және оқу бірлігінің мазмұнын толық меңгерген оқушыларды анықтау.
Модульдік технологияда бұған ерекше мән беріледі.
Танымдық қызметіне рахаттанып, қанағаттану- әр оқушының соңында жоғарғы нәтижеге қол жеткізуінің маңызды факторларының бірі, Сондықтан да сөйлесу бөліміндегі бағалар және бағалау ыңталандырушы сипатта болады. Оқу модулінің бұл бөлімінде оқу еңбегінің нәтижесін бағалауда «тәтті лимон» (оқушы атқарған әрекеттің құндылығын асыра көрсету) және «жасыл жүзім» (оның теріс нәтижесін құнсыздандыру) қағидалары кеңінен қолданылады.
Бұл технологияның маңызды шарты - оқушылардың кез келген ғылыми көздерді, оқулықтарды, оқу құралдарын пайдалануына болатындғы, сондайақ ұйымдастырушы, көмекші, кеңесші ретінде мұғалімнің жедел кеңес ала алатындығы.
К.Роджестің пікірінше, мұғалім ондай жағдайды жасай алады, тек сол үшін келесі қағидаларды басшылыққа алуы тиіс:
1. Балаларға әрқашан сенім көрсетуі;
2. Оқушыларға оқытудың мақсаттары мен міндеттерін белгілеп, нақтылауға көмектесуі;
3. Оқушылардың оқуға деген ішкі қызығушылығына мән беруі;
4. Әртүрлі тәжірибенің қайнар көзі ретінде, оқушы қиындыққа кездескенде әрқашан кеңес алуға болатын тұлға ретінде тұруы;
5 Мұғалім әрбір оқушы үшін осындай рөлде болуы;
6. Өзінде топтың көңіл-күйін сезіну және оны қабылдау қабілетін дамыту.
7. Топтық өзара әрекетке белсенді түрде қатысу;
8. Топта өз сезімін ашық білдіруі;
9. Әрбір оқушының сезімі мен көңіл толуларын түсінуге мүмкіндік беретін эмпатиялық дәрежеге ұмтылуы.
10.Өз-өзін жақсы білуі тиіс.
Оқу үрдісіне енгізілген интерактивтік модульдік оқыту технологиясы-оқушы шығармашылығының кепілі.Интерактивтік модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі – білімді меңгеруге емес, жеке тұлғаның таным қабілеттері мен таным процестерін арнайы жасалган оқу және танымдық жайлар арқылы дамытуға, жеке тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі көрсетуін, маңыздылығын анықтауға, өзара қарым-қатынас, ойын арқылы шығармашылық қажеттіліктері мен белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша) дамытуға бағытталған.Олай болса, оқу үрдісін белгілі бір жүйемен нәтижелі мақсатта құру әрі мақсатқа жету үшін атқарылатын жұмыстардың алгоритмін нақты анықтау қажет. Мұғалім модульдік оқыту технологиясының құрылымын, оқу үрдісін ұйымдастыру алгоритмін, оның үш кезеңін (кіріспе - мотивациялық әрекеттік-танымдық рефлексивті-бағалаушылық) әр кезеңнің мақсатын, алдын-ала дайындау жұмысындағы қадамдарды, өзінің атқаратын рөлін жете білуі шарт.Сондай-ақ мұғалім мазмұнға бірнеше мәрте қайта оралу-концентрлі, өспелі, жеңілден қиынға, репродуктивті тапсырмадан-шығармашылық ізденіс ( кейбір жағдайда зерттеушілік әрекетке дейін), әр оқушыға түсіну деңгейінен-білімді көшіру деңгейіне дейін екендігін терең игеруі қажет.Әр бөлімінің мақсат-міндеттерін,бұл бөлімнің не үшін қасиеттігі әрі қандай оқу міндеттері жүктелетінің анықтау схема, таблица, белгілердің не үшін қажеттілігін білу керек.Ұғымдарды, материалды игеруде алғашқы түсініксіз сезімнен оқушы зердесінде із қалдырмау, түсініктер мен ұғымдар оқушы зердесінде қатталып, сақталып, оны қажетіне жаратуына ықпал жасау қажет.
Модульдік оқыту технологиясының негізгі артықшылықтары мыналар:өткен тақырыптар нақтыланып, жүйелі түрде талқыланады;
оқу материалын қабылдауда оқушылардың дағдысы, икемі белсендіріледі; ізденуі, логикалық ойлануы дамиды, пәнге деген танымдық құлшаныс оянады, бағаның көбеюіне жағдай тұғызады;
оқушылардың практикалық дағдысы дамып, өздігінен жұмыс істеу қабілеттілігі қалыптасады;
оқу материалын теориялық және практикалық дәрежеде терең ұғынуға көмектеседі; кәсіптік бағдар немесе белгілі бір пән төңірегінде тереңірек үңілуіне жағдай тұғызып, оқушының оқу сапасы жоғарылайды; пәндер арасында және пәннің ішінде сабақтастық пен бірізділік ұстанымды сақталады;модульді тапсыру әр оқушыға міндетті болғандықтан, білімдегі үздіксіздік сақталады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
[1]. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 2007 ж.
[2]. Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. М, 1995
[3]. Якиманская И.С. Технология личностно-ореинтированного образования.- М., 2000
[4]. Әсімбетова Л.К. «Білім беру жүйесіндегі кәсиби дамудың жаңа технологиялық жүйесі»
[5]. Көшімбетова С. «Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогиқалық шарттары» Алматы, 2008.
Технологизация учебного процесса Казахстанский опыт
Педагогтың кәсіби деңгейін өсіруде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жолдары
[6].Ғылыми – практикалық жинақ
А.Ш.Орақова , Ж.О. Баймұратова 2008ж. РИПК СО, 2008ж.
[7].Орақова А.Ш. Оқушының шығармашылығын дамыту модульдік оқыту технологиясыны тиімділдігі -5
[8].Баймұратова Ж.О. Озық педагогиқалық технология – білім сапасын арттыру кепілі -15