Ашы? саба? биологиядан ?лулар типіне жататын ж?ндіктерді? негізгі ерекшеліктері (7 класс)


Қарағанды қаласы,
Жамбыл атындағы
мамандандырылған
мектеп – интернатының
биология пәнінің мұғалімі
Бекбауова Айнаш Толеухановна
7 cыныбы
Тақырыбы: Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.Бауыраяқтылар класы.Қосжақтаулылар класы.
Сабақтың мақсаты: Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктерімен таныстыру.Міндеттері: - Ұлулар типінің өкілдерін, олардың көбеюін, қан айналымы жайлы түсінік беру.- топта, жұпта, жеке жұмыс жасауға үйрену.- жауапкершілікті, табандылыққа, қоршаған ортаны қорғай білу.Сабақтың типі: Жаңа сабақты игеру
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайд, флипчарт, видеоматериал, электронды оқулық, слайдтар, постер, үлестірме тапсырмалар.  І.Кіріспе 
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Егістік жерді жыртқанда қарғалар теріп жейтін буылтық құрт. (шұбалшаң)
Буылтық құрттар типінің теңізде мекендейтін түрі. Көпқылтанды буылтық құрт.(нерейда, құмқазар)
Денесінде қылтандары болмайтын буылтық құрт.(сүлік)
Көпжасушалы жәндік және жануарлар денесінің ішкі қабырғасы мен ішкі мүшелер арасындағы кеңістік.(целлом)
Кішкене аяқ, аяққа ұқсас деген нені білдіреді? (параподия)
Құрамы нәруызға бай, сүліктің сілекейінде болатын, қанды ұйытпайтын ерекше зат.(гирудин)
Денесінде кірпікшелері бар дернәсіл.(трахафора)
Әрі аталық, әрі аналық жыныс мүшелерінің бір құрттың бойында болуы. (гермофродит)
Шұбалшаңның қанның түсі. (қызыл)
ІІ.Жұмбақ шешу.
Мәліметтер беру.Қазақ ұлуды-сыртында дөңгелек иірілген қатты қабығы бар, суда, дымқыл жерде тіршілік ететін құрт тәрізді ұсақ жәндіктер қатарына жатқызады. Жыл санау есебінде бесінші орынды ұстайды. Ұлу жылы туылған бала берекешіл болады. Кең ырыздықты келеді. Еліне сыйымды, халқына жағымды болады. Алғыр ойлы, алымды болады. Халқына ұлық болуы мүмкін. Қазақта ұлу жылы туылған адам ұлуды өлтірмейді. Себебі өлтірсе басына пәле сонан жабысуы мүмкін деп ырымдайды.
Сынып оқушыларын шағын топтарға бөлу. Мозайка (ұлулардың өкілдері) арқылы 3 шағын топтарға бөлу.
І топ: «Бауыраяқты – тоспаұлу»
ІІ топ: «Қосжақтаулы – айқұлақ»
ІІІ топ: «Басаяқты – сегізаяқ»
Қызығушылықты ояту.
Алдарыңда мозайкадан қандай сурет көріп тұрсыңдар?
Қалай ойлайсыңдар ұлулар қандай жәндікке жатады?
Ұлулар типіне жататын жәндіктердің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
ІІ.Негізгі бөлім.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.
Ұлуларды зерттейтін зоология ғылымының саласы – малакология деп аталады. Гректің «малакион»- ұлу, «логос»- білім деген сөзінен алынған. Ұлулар су түбінде тіршілік етуге бейімделгендіктен бентосты ағзаларға жатады. «Бентос» грекше судың терең қабаты немесе судың түбі деген мағынаны білдіреді. Ұлулар- денесі жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялы көпжасушалы омыртқасыз жәндіктер. Олардың денсі бастан, тұлғадан, аяқтан, бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан тұрады. Ұлулар типіне бұрын «былқылдақденелілер» деген атау пайдаланылған. Ұлулар типінде 130 мыңнан астам түр бар деп есептеледі. Слайд 7
Ұлулар типі: Бауыраяқтылар         Қосжақтаулылар            Басаяқтылар Слайд 8
Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі ерекшелігі – денесі бунақтарға бөлінбейді. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат – шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады.
Асқорыту жүйесі едәуір күрделі. Дененің алдыңғы бөлігіндегі ауыз тісшелері – үккі тілге және жұтқыншаққа жалғасады. «Бауыр» деп аталатын асқорыту безінің аузы қарынға ашылады. Көпжасушалы жәндіктерден бұрын кездеспеген асқорытуға қатысатын без бауырды ұлулардан бірінші рет байқаймыз.
Тағы бір ерекшелік – ұлуларда қантарату жүйесі ашық. Көптеген ұлулардың қаны түссіз. Қанның түсі көгілдір (басаяқтылар) ұлулар да бар. Жүректе бір немесе екі құлақша, бір қарынша болады.
Құрлықта тіршілік ететін ұлулар өкпемен тыныс алады. Суда тіршілік ететіндерінің тыныс алуы шапанша астында орналасқан желбезектер арқылы жүзеге асады.
Ұлулардың зәршығару жүйесі бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралады
«ҰЛУ» бейнефильм көрсету.
Мағынаны ашу. Оқушыларға блум таксономиясы бойынша тапсырма беру. Постер құру.«ДЖИГСО» әдісін пайдалану.
№1 Ұлулардың негізгі ерекшеліктерін талдау
№2 Бауыраяқты ұлулар класының өкілдерін талдау.
№3 Қосжақтаулы ұлулар класы.Ұлулар типінің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
Бауыраяқты ұлулар класы.Слайд 13. Бұлар - теңізде және құрлықта тіршілік ететін жәндіктер. Оларды көлдерден, тоғандардан, суқоймалардан да кездестіруге болады. Түйіртек, жұмырлақ көлдерде және тоғандарда өмір сүреді. Шалшық ұлуы, тоспаұлу және қошқармүйіздер баяу ағатын суқоймаларда кездеседі. Жүзім ұлуын - жүзімдіктен, ал жалаңаш шырышты бау-бақшалар мен өзге заттар астынан кездестіре аламыз. Бұлардың көпшілігінің денесін бақалшақ қаптайды. Бақалшақтарының пішіні әр түрлі болады. Кейбіреулерінде, мысалы, жалаңаш шырыш денесінде бақалшақ қалдығы ғана сақталған. Денесі жұмсақ. Бақалшақты ұлулардың денесін жобалап бас, тұлға және аяққа жіктеуге болады. Аяғы дененің астыңғы бөлігі - бауырын толық қамтитындықтан, бұлар бауыраяқты ұлулар класына жатқызылады. Бауыраяқтылардың 80 мыңға жуық түрлері белгілі. Бау-бақшаға, жүзімдіктерге, баққа жалаңаш шырыш, жүзім ұлуы айтарлықтай зиян келтіреді. Тоспаұлулар - паразиттік жолмен өмір сүретін таспақұрттардың аралық иесі. Ұлудың жер астынан алынған қалдықтары (Маңғыстау ұлутасы) құрылыста пайдаланылады.
Бауыраяқтылар – ұлулардың ішінде түр құрамы ең көп класс. 1. Денесі бас, тұлға және аяқтан тұрады. Бас бөлімінде аузы, көзі, 2жұп қармалауыштары болады. Аяғы жақсы дамыған және ол денесінің бауыр жағын түгелдей алып жатады. Сондықтан бауыраяқтылар деп аталады.2. Тыныс алу жүйесі – атмосфералық ауамен тыныс алатындықтан, оның мантия қуысы өкпеге айналған. Мантияны ұсақ қан тамырлары торлап жататындықтан, газ алмасу мантия қуысында жүзеге асады. 3. Асқорыту жүйесі - ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек. 4. Қанайналым жүйесі - ашық, яғни қан тамырларынан шығып, ішкі мүшелерге таралады да, қайтадан қан тамырларының ішімен ағады. Жүрегі 3 бөлімнен тұрады. 1 бөлімі қанды бүкіл денесіне, ал қалған 2 - уі қанды желбезектерге таратады.

Қосжақтаулы ұлулар класы.Слайд 14. Бұлар - Жер шарына кең таралған көпжасушалы жәндіктер. Олар мұхитта, теңізде, тұщы суқоймаларында, өзендерде тіршілік етеді. Құрлықта кездеспейді. Жануартекті жеммен қоректенеді, паразиттік жолмен өмір сүретіндері де бар. Қосжақтаулы ұлулар класының өкілі айқұлақ. Олардың бақалшағы ашып-жабылатын екі жақтаудан тұрады. Сондықтан бұл жәндіктер қосжақтаулы ұлулар деп аталған. Бұлардың бас бөлігі жойылып кеткен. Денесі тек тұлға және аяқтан ғана құралады. Мысалы, айқұлақтың аузы аяғының қасында орналасқан. Айқұлақта бас болмағандықтан, оның тілі де, жұтқыншағы да жоқ. Сондықтан қорек тікелей өңешке түседі. Одан қарынға өтіп, ішекке барады. Қосжақтаулы ұлулар - дара жынысты жәндіктер. Олардың ғаламшарымызда 20 мыңға жуық түрлері мекендейді. Бұлар суды денесі арқылы өткізіп, оны бактериялардан, планктон және қалқып жүрген өлі қосындылардан сүзіп тазартады. «Планктон» - грек сөзі, «кезбе» деген мағына береді. Ол - теңіздің қалың қабатында кезіп жүріп тіршілік ететін ұсақ тірі ағзалар жиынтығы. Теңізде тіршілік ететін кейбір қосжақтаулы ұлулар (мидия, устрица, гребешок) тағам ретінде пайдаланылады. Теңіз қосжақтаулыларының бақалшағынан түйме жасалады. Көптеген ұлулардың бақалшағынан ұн тартылып, ірі қараға жем ретінде беріледі. Қосжақтаулы ұлулардың ағаштан жасалған құрылыстар мен кеме түбін тесетін түрлері бар. Олар өте қауіпті зиянкестер болып табылады. Денесінің алдыңғы бөлігіндегі қосжақтаулы кішкене бақалшағымен сүректі бұрғылан теседі. Сөйтіп өзіне жол салады да, ағашты пайдалануға жарамсыз етеді.
Ұлулардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Слайд 20,21,221. Жақтауларынан түрлі сәнді бұйымдар жасалады. (ыдыстар, моншақ, түйме)2. Дәмді әрі бағалы еті үшін ауланады. Ұлудың еті қуатты, сіңімді, пайдалы. Еті үшін ауланатын улы түрлері(мидия, теңіз тарағы айқұлақ, тіссіз ұлу)3. Ұлудың бұлшық етінде А, В, С, Д дәрумендері, йод, темір, цинк, мыс кездеседі.4. Қосжақтаулы ұлулардың 90 %- Жапония, Корея, Қытай, Индонезия елдерінде көп ауланады.5. Қосжақтаулы ұлулардан меруерт алынады. Меруерт (жемчуг) алу Жапонияда ертеден бері дамыған. Дүние жүзінде ең үлкен меруерт алып тридакна ұлуынан алынған. Оның бақалшағының ішінен 7 кг меруерт табылған.1.Сызғыштағы сандар нені білдіреді? Слайд 23

2.Ұлуларды кластарға топтастырыңыз. Басаяқты, Бауыраяқты, Қосжақтаулы.Слайд 24
Сегізаяқ тоспаұлу кальмар каракатица айқұлақ Теңіз меруерті Кемеқұрт Жүзім ұлуы Қошқармүйіз Жалаңаш шырышты

3.Ұлулар қанының түсі қандай? Кальмар, Тоспаұлу, Қошқармүйіз.Слайд 25

4.Мына ұлулардың қайсылары су бетіне көтеріледі? Жауабы: Тоспаұлу, түйіртек, қошқармүйіз. Слайд 26

5.Ұлулардың маңызы бойынша сәйкестендір. Меруерттегі Кемеқұрт Жалаңаш шырышты Европалық меруерттегі Мидия.Слайд 27

6.Тек менде ғана.У Күкірт қышқылы Көк сия Пурпурлі темір Жанды фонар. Слайд 28


Биологиялық диктант. 1. Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі айырмашылығы –Денесі бунақтарға бөлінбейді-- --- --- ---2. Ұлулардың ішкі мүшелері –Бастан кейінгі тұлға қапшығында - --- --- --- орналасқан.3. Денесін ерекше қатпарлы –Шапанша (мантия)- --- --- қаптап жатады.4. Тұлға мен шапанша аралығында –Шапанша қуысы-- --- --- --- болады.5. Ұлулардың –Зәр шығару жүйесі- --- --- бір немесе екі бүйректен және –Несепағар- --- --- --- түтіктен құралады.
Венн диаграммасы:
Буылтық құрттар Айырмашылығы, ерекшеліктері Ұлулар
Семантикалық карта толтыру:
Ұлулар типі Дене қуысы Асқорыту жүйесі Артқы тесігі Аналь тесігі Тыныс алу жүйесі Қантарату жүйесі Сорғыштар Пайда болған жаңа жүйе туралы қысқаша баяндап жазыңдар
Жүзім ұлуы Айқұлақ Кальмар Бекіту.«Менен сұрақ, сізден жауап» сұрақ – жауап  әдісін  пайдалану.
1.Ұлулардың дене құрылысы неден тұрады? (бастан, тұлғадан, аяқтан, бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан).
2.Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі айырмашылығы? (денесі буылтықтарға бөлінбейді).
3.Ұлулардың негізгі қозғалу мүшесі? (аяқ).
4.Ұлулардың қаны? (түссіз, көгілдір ұлулар да бар).
5.Ұлулардың тыныс алу мүшесі: (құрлықта – өкпемен, суда – желбезектермен).
6.Түрленіп даму дегеніміз не? (жұмыртқадан дернәсіл дамиды, ал дернәсілден ересек жәндік өседі).
7.Қосжақтаулы ұлулар деп аталу себебі? (бақалшағы ашып – жабылатын екі жақтаудан тұрады).
8.Ұлулардың кластарын ата: (бауыраяқтылар, қосжақтаулылар, басаяқтылар).
9.Тұлғадан қандай ерекше қатпарлы қабат түзіледі? (шапанша «мантия»).
10.Ұлулардың қантарату жүйесі қандай? (ашық).
11.Ұлулардың жүрегіне сипаттама бер: (жүректе бір немесе екі құлақша, бір қарынша болады. Жүректі жүрек қабы қаптайды).12.Тура даму дегеніміз? (жұмыртқадан тікелей, пішіні ересектеріне ұқсас жас ұлулар дамиды).
13.Қосжақтаулы ұлулар класының өкілі? (айқұлақ).
14.Теңізде және құрлықта тіршілік ететін жәндіктер? (бауыраяқты ұлулар класы).
Үйге тапсырма: $45, Ұлулардың құрылысын атау, суретін салу.Терминсөздіктермен жұмыс.