Саба?ты? та?ырыбы ?лулар типіне жататын ж?ндіктерді? негізгі ерекшеліктері


Сабақтың тақырыбы Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білім дағдысын қалыптастыру
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өзін – өзі дамуына жетелеу және оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбие және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты игеру
Сабақтың көрнекілігі:
І Кіріспе 
Ұйымдастыру кезеңі:      - оқушылармен амандасу
                                          - сыныптың тазалығын тексеру
                                          - сыныптың кезекшілігін анықтау
                                          - оқушыларды түгендеу
                                          - сабаққа дайындықтарын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
2. Құрамы нәруызға бай, сүліктің сілекейінде болатын, қанды ұйытпайтын ерекше зат.
3. Егістік жерді жыртқанда қарғалар теріп жейтін буылтық құрт.
4. Әрі аталық, әрі аналық жыныс мүшелерінің бір құрттың бойында болуы
5. Көпқылтанды буылтық құрт
6. Буылтық құрттар типінің теңізде мекендейтін түрі.
7. Шұбалшаңның қанның түсі
Жауаптары.
1. Сүлік                          5. Құмқазар2. Гирудин                     6.Нереида
3. Шұбалшаң                 7. қызыл
4. Гермафродит
ІІ Негізгі бөлім. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі
            Ұлулар денесі жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялы көпжасушалы омыртқасыз жәндіктер. Олардың денсі бастан, тұлғадан, аяқтан, бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан тұрады. Ұлулар типіне бұрын «былқылдақденелілер» деген атау пайдаланылған. Ұлулар типінде 130 мыңнан астам түр бар деп есептеледі 
Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі ерекшелігі – денесі бунақтарға бөлінбейді. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат – шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығындашапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады.
Асқорыту жүйесі едәуір күрделі. Дененің алдыңғы бөлігіндегі ауыз тісшелері – үккі тілге және жұтқыншаққа жалғасады. «Бауыр» деп аталатын асқорыту безінің аузы қарынға ашылады.Көпжасушалы жәндіктерден бұрын кездеспеген асқорытуға қатысатын без бауырды ұлулардан бірінші рет байқаймыз.
Тағы бір ерекшелік – ұлуларда қантарату жүйесі ашық. Көптеген ұлулардың қаны түссіз. Қанның түсі көгілдір (басаяқтылар) ұлулар да бар. Жүректе бір немесе екі құлақша, бір қарынша болады.
Құрлықта тіршілік ететін ұлулар өкпемен тыныс алады. Суда тіршілік ететіндерінің тыныс алуы шапанша астында орналасқан желбезектер арқылы жүзеге асады.
Ұлулардың зәршығару жүйесі бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралады.
Бауыраяқты ұлулар класы.
Бұлар – теңізде және құрлықта тіршілік тееттін жәндіктер. Оларды көлдерден, тоғандардан, суқоймалардан да кездестіруге болады. Түйіртек, жұмырлақ көлдерде және тоғандарда өмір сүреді. Шалшық ұлуы, тоспаұлу және қошмармүйіздер баяу ағатын суқоймаларда кездеседі. Жүзім ұлуын – жүзімдіктен, ал жалаңаш шырышты бау – бақшалар мен өзге заттар астынан кездестіре аламыз.
жүзімұлу; 2 – тоспаұлу, 3 – жалаңаш шырышты, 4 – қошқармүйіз
Қосжақтаулы ұлулар класы.
Бұлар – Жер шарына кең таралған көпжасушалы жәндіктер. Олар мұхитта, теңізде, тұщы суқоймаларында, өзендерде тіршілік етеді. құрлықта кездеспейді. Қосжақтаулы ұлулар класының өкілі айқұлақ. Олардың бақалшағы ашып – жабылатын екі жақтаудан тұрады. Сондықтан  бұл жәндіктер қосжақтаулы ұлулар деп аталған.
Басаяқты ұлулар класы.
Олар – ең жоғары құрылымды жәндіктер. Бұларда бақалшақ жойылып кеткен. Суы тұзды және оңтүстіктегі теңіздерде, мұхиттарда ғана өмір сүреді. Басаяқты ұлулар – өте ірі жәндіктер. Басаяқтылардың денесі бастан және тұлғадан құралады. Қармалауыштардың ішкі жағында бірнеше қатар сақиналанған сорғыштар бар. Сегізаяқтар қармалауыштардың  жәрдемімен су түбінде жүріп, корегін аулайды. Каракатица және кальмар өте баяу жүру үшін қармалауышы мен басын алдыға қаратып жүзеді.  
 
 
ІІІ Қорытынды. Бекіту кезеңі.
Кесте толтырып, дұрысына (+) белгісін, дұрыс келмегеніне (-) таңбасын қойыңд
 
Ұлулар типі Дене қуысы Асқорыту жүйесі Артқы ішек Аналь тесігі Тынысалу жүйесі Қантарату жүйесі Сорғыштар  
Пайда болған жаңа жүйе туралы қысқаша баяндап жазыңдыр
Жүзімұлу
Айқұлақ
Кальмар                
 
 
Бақалшағы жоқ сыртында,
Үккісі бар ұртында.
Корегін ұстар таяғы,
Арқанға ұқсас аяғы               (Сегізаяқ)
IV Үй тапсырмасын беру кезеңі: §45 оқу, 209 беттегі «Біліміңді сына»
V Бағалау. Оқушыларды бағалау.
Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері. 7 сынып
Сынып: 7 Сабақтың тақырыбы: Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың білім дағдысын қалыптастыру Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өзін – өзі дамуына жетелеу және оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбие және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Сабақтың типі: Жаңа сабақты игеру Сабақтың көрнекілігі: І Кіріспе Ұйымдастыру кезеңі: - оқушылармен амандасу - сыныптың тазалығын тексеру - сыныптың кезекшілігін анықтау - оқушыларды түгендеу - сабаққа дайындықтарын тексеру Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1 2 3 4 5 6 7 1. Денесінде қылтандары болмайтын буылтық құрт. 2. Құрамы нәруызға бай, сүліктің сілекейінде болатын, қанды ұйытпайтын ерекше зат. 3. Егістік жерді жыртқанда қарғалар теріп жейтін буылтық құрт. 4. Әрі аталық, әрі аналық жыныс мүшелерінің бір құрттың бойында болуы 5. Көпқылтанды буылтық құрт 6. Буылтық құрттар типінің теңізде мекендейтін түрі. 7. Шұбалшаңның қанның түсі Жауаптары. 1. Сүлік 5. Құмқазар 2. Гирудин 6.Нереида 3. Шұбалшаң 7. қызыл 4. Гермафродит ІІ Негізгі бөлім. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі Ұлулар денесі жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялы көпжасушалы омыртқасыз жәндіктер. Олардың денсі бастан, тұлғадан, аяқтан, бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан тұрады. Ұлулар типіне бұрын «былқылдақденелілер» деген атау пайдаланылған. Ұлулар типінде 130 мыңнан астам түр бар деп есептеледі. Ұлулар типі Бауыраяқтылар Қосжақтаулылар Басаяқтылар Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі ерекшелігі – денесі бунақтарға бөлінбейді. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат – шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады. Асқорыту жүйесі едәуір күрделі. Дененің алдыңғы бөлігіндегі ауыз тісшелері – үккі тілге және жұтқыншаққа жалғасады. «Бауыр» деп аталатын асқорыту безінің аузы қарынға ашылады. Көпжасушалы жәндіктерден бұрын кездеспеген асқорытуға қатысатын без бауырды ұлулардан бірінші рет байқаймыз. Тағы бір ерекшелік – ұлуларда қантарату жүйесі ашық. Көптеген ұлулардың қаны түссіз. Қанның түсі көгілдір (басаяқтылар) ұлулар да бар. Жүректе бір немесе екі құлақша, бір қарынша болады. Құрлықта тіршілік ететін ұлулар өкпемен тыныс алады. Суда тіршілік ететіндерінің тыныс алуы шапанша астында орналасқан желбезектер арқылы жүзеге асады. Ұлулардың зәршығару жүйесі бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралады. Ұлулар типі Бауыраяқтылар Қосжақтаулылар Басаяқтылар • Бауыраяқты ұлулар класы. Бұлар – теңізде және құрлықта тіршілік тееттін жәндіктер. Оларды көлдерден, тоғандардан, суқоймалардан да кездестіруге болады. Түйіртек, жұмырлақ көлдерде және тоғандарда өмір сүреді. Шалшық ұлуы, тоспаұлу және қошмармүйіздер баяу ағатын суқоймаларда кездеседі. Жүзім ұлуын – жүзімдіктен, ал жалаңаш шырышты бау – бақшалар мен өзге заттар астынан кездестіре аламыз. 1- жүзімұлу; 2 – тоспаұлу, 3 – жалаңаш шырышты, 4 – қошқармүйіз • Қосжақтаулы ұлулар класы. Бұлар – Жер шарына кең таралған көпжасушалы жәндіктер. Олар мұхитта, теңізде, тұщы суқоймаларында, өзендерде тіршілік етеді. құрлықта кездеспейді. Қосжақтаулы ұлулар класының өкілі айқұлақ. Олардың бақалшағы ашып – жабылатын екі жақтаудан тұрады. Сондықтан бұл жәндіктер қосжақтаулы ұлулар деп аталған. • Басаяқты ұлулар класы. Олар – ең жоғары құрылымды жәндіктер. Бұларда бақалшақ жойылып кеткен. Суы тұзды және оңтүстіктегі теңіздерде, мұхиттарда ғана өмір сүреді. Басаяқты ұлулар – өте ірі жәндіктер. Басаяқтылардың денесі бастан және тұлғадан құралады. Қармалауыштардың ішкі жағында бірнеше қатар сақиналанған сорғыштар бар. Сегізаяқтар қармалауыштардың жәрдемімен су түбінде жүріп, корегін аулайды. Каракатица және кальмар өте баяу жүру үшін қармалауышы мен басын алдыға қаратып жүзеді. 4 – сегізаяқ, 5 – кальмар, 6 – каракатица ІІІ Қорытынды. Бекіту кезеңі. Кесте толтырып, дұрысына (+) белгісін, дұрыс келмегеніне (-) таңбасын қойыңдар Ұлулар типі Дене қуысы Асқорыту жүйесі Артқы ішек Аналь тесігі Тынысалу жүйесі Қантарату жүйесі Сорғыштар Пайда болған жаңа жүйе туралы қысқаша баяндап жазыңдыр 1. Жүзімұлу 2. Айқұлақ 3. Кальмар Жұмбақ шешу Аяғы, тұлға, басы бар, Аяғы бар басы жоқ, Сыртында сауыт тасы бар. Тұлғасы бар қарны тоқ. Ойланып көр балалар, Екі жақтау қорғаны, Шешуін оның табыңдар. Ол болмаса сорлады. (Ұлу) (Айқұлақ) Бақалшағы жоқ сыртында, Үккісі бар ұртында. Корегін ұстар таяғы, Арқанға ұқсас аяғы (Сегізаяқ) IV Үй тапсырмасын беру кезеңі: §45 оқу, 209 беттегі «Біліміңді сына» V Бағалау. Оқушыларды бағалау.
Ұлулар (Gastropoda) — жұмсақ тәнді жәндіктердің — моллюскалардың бір класы. Бұл ұлулардың 3 класс тармағы бар: алғыжелбезекті, артқыжелбезекті және өкпелі. Бұлардың 90000-дай түрі бар. Теңіздің 4 800 метр терең түбінде және 5 000 метр биік тауларда да тіршілік етеді. Ұлулардын денесі жұмсақ, былқылдақ. Ұлулардың 3 классы бар: артқы желбезекті, алғыжелбезекті және өкпелі.
Мазмұны
  [жасыру] 
1 Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері2 Бауыр аяқты ұлулар класы3 Қосжақтаулы ұлулар класы4 Басаяқты ұлулар класы5 ДереккөздерҰлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

Ұлу
Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі айырмашылығы - денесі бунақтарға бөлінбейді. Сондықтан ішкі мүшелердің денеде орналасуы қайталанбай, атқаратын қызметі бірдей, біртұтас күйде болады. Айқын жіктелмесе де, олардың бас бөлігін тұлғалан ажыратуға мүмкіндік бар. Ұлулардың ішкі мүшелері бастан кейінгі тұлға қапшығында орналасады. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат - шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады.
Зәршығару жүйесі мен жыныс тесіктері және артқы ішектің аузы шапанша қуысына ашылады. Бақалшақтар құрылысы үш түрлі үлгіде кездеседі: қозғалмалы бөлікті тақташа түрінде (сауытты ұлуларда); екі жақтау түрінде(қосжақтаулыларда); имек немесе бұрала оралған түтік түрінде немесе қақпақша тәрізді бауыраяқтыларда. Аяқ - ұлулардың негізгі қозғалу мүшесі.
Ұлулардың зәршығару жүйесі бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралады. Қан құрамындағы улы заттарбүйректен өтіп, сүзінді сыртқа бөлініп шығады. Табиғатта қосжынысты да, дара жынысты да ұлулар тіршілік етеді. Қосжынысты ұлулар өзін-өзі ұрықтандыра алмайды. Сондықтан ұрықтандыруға өзге дарағы қатысады. Мұны айқаспалы жолмен ұрықтану деп атайды. Жұмыртқадан тікелей жәндіктер дамиды. Қосжақтаулы ұлулар және басаяқтылар - дара жынысты жәндіктер. Бұлардың даму жолдары түрліше өтеді. Мысалы, қосжақтаулы ұлулардың ұрықтануы іште өтеді. Жұмыртқадай дернәсіл дамиды, ал дернәсілден ересек жәндік өседі. Дамудың бұл жолы - түрленіп даму деп аталады.Паразит қосжақтаулылардың (айқұлақтың) дернәсілдері балықтың терісінде паразиттік жолмен тіршілік етеді. Басаяқты ұлулар (ірі басаяқтылар) су астындағы әр түрлі заттарға топтастырып жұмыртқа салады. Жұмыртқадан тікелей, пішіні ересектеріне ұқсас жас ұлулар өрбиді. Дамудың бұл жолы - тура даму деп аталады. Ұлулардың көпшілігінің жүйке жүйесі жүйке түйіндерінен тұрады. Алайда басаяқты ұлулардың жүйке жүйесінің күрделеніп, жүйке талшықтарының жинақталуынанми түзілетіні мәлім. Басаяқтылардың көз құрылысы да күрделі.
Кальмарлар,каракатицалар, сегізаяқтар өте жылдам реактивті қозғалыс жасайды. Олар саңылауы арқылы шапанша қуысына су жинап алады да, оны түрі өзгерген аяқ ойысынан күшпен айдай шығарады. Денесінің алдыңғы бөлігінде орналасқан аяқтары түрін өзгертіп, қармалауыштарға айналады. Аяқтарының орналасуы және пішініне қарай бұл жәндіктер бауыраяқтылар, күрекаяқтылар, т. б. кластарға жіктеледі. Тұщы суда мекендейтін ұлулардың екі көзі - қармалауыштардың түбін ала (тоспа ұлу), ал құрлықта мекендейтіндерінікі (жүзім ұлуы, жалаңаш шырыш) қармалауыштардың ұшында орналасады.
Бауыр аяқты ұлулар класы
 Толық мақаласы: Бауыраяқты ұлулар
Caption text
Бұлар - теңізде және құрлықта тіршілік ететін жәндіктер. Оларды көлдерден, тоғандардан, суқоймалардан да кездестіруге болады. Туйіртек, жұмырлақ көлдерде және тоғандарда өмір сүреді. Шалшық ұлуы, тоспаұлу және қошқармүйіздер баяу ағатын суқоймаларда кездеседі.
Жузім ұлуын - жүзімдіктен, ал жалаңаш шырышты бау-бақшалар мен өзге заттар астынан кездестіре аламыз. Бұлардың көпшілігінің денесін бақалшақ қаптайды. Бақалшақтарының пішіні әр түрлі болады. Кейбіреулерінде, мысалы, жалаңашшырыш денесінде бақалшақ қалдығы ғана сақталған. Денесі жұмсақ. Бақалшақты ұлулардың денесін жобалан бас, тұлғажәне аяққа жіктеуге болады. Аяғы дененің астыңғы бөлігі - бауырын толық қамтитындықтан, бұлар бауыраяқты ұлуларкласына жатқызылады. Бауыраяқтылардың 80 мыңға жуық түрлері белгілі. Бау-бақшаға, жүзімдіктерге, баққа жалаңаш шырыш, жүзім ұлуы айтарлықтай зиян келтіреді.
Тоспаұлулар - паразиттік жолмен өмір сүретін таспақұрттардың аралық несі. ұлудың жер астынан алынған қалдықтары (Маңғыстау ұлутасы) құрылыста пайдаланылады.
Қосжақтаулы ұлулар класы
Бұлар - Жер шарына кең таралған көпжасушалы жәндіктер. Олар мұхитта, теңізде, тұщы суқоймаларында, өзендерде тіршілік етеді. Құрлықта кездеспейді. Жануартекті жеммен қоректенеді, паразиттік жолмен өмір сүретіндері де бар. Қосжақтаулы ұлулар класының өкілі айқұлақ. Олардың бақалшағы ашып-жабылатын екі жақтаудан тұрады. Сондықтан бұл жәндіктер қосжақтаулы ұлулар деп аталған. Бұлардың бас бөлігі жойылып кеткен. Денесі тек тұлға және аяқтан ғана құралады. Мысалы, айқұлақтың аузы аяғының қасында орналасқан. Айқұлақта бас болмағандықтан, оның тілі де, жұтқыншағы да жоқ. Сондықтан қорек тікелей өңешке түседі. Одан қарынға өтіп, ішекке барады. Қосжақтаулы ұлулар - дара жынысты жәндіктер. Олардың ғаламшарымызда 20 мыңға жуық түрлері мекендейді. Бұлар суды денесі арқылы өткізіп, оны бактериялардан, планктон және қалқып жүрген өлі қосындылардан сүзіп тазартады.
«Планктон» - грек сөзі, «кезбе» деген мағына береді. Ол - теңіздің қалың қабатында кезіп жүріп тіршілік ететін ұсақ тірі ағзалар жиынтығы. Теңізде тіршілік ететін кейбір қосжақтаулы ұлулар (мидия, устрица, гребешок) тағам ретінде пайдаланылады. Теңіз қосжақтаулыларының бақалшағынан түйме жасалады. Көптеген ұлулардың бақалшағынан ұн тартылып, ірі қараға жем ретінде беріледі.Мидия-калифорниялық мидиялар-"бисал тізбегі" деп аталатын талшықтары арқылы жартастарға жабысып тірішілік етеді.Гамбут хитондары-"қақпақша" аталатын сегіз тілемшеден тұратын ұлулар. Мүйізді ұлудың артқа қарай бағытталған мүйіз тәріздес өсінділері бар қарақошқыл қабыршағы болады. Қосжақтаулы ұлулардың ағаштан жасалған құрылыстар мен кеме түбін тесетін түрлері бар. Олар өте қауіпті зиянкестер болып табылады. Денесінің алдыңғы бөлігіндегі қосжақтаулы кішкене бақалшағымен сүректі бұрғылан теседі. Сөйтіп өзіне жол салады да, ағашты пайдалануға жарамсыз етеді.

Каракатица
Басаяқты ұлулар класы
Олар - ең жоғары құрылымды жәндіктер. Бұларда бақалшақ жойылып кеткен. Суы тұзды және оңтүстіктегі теңіздерде, мұхиттарда ғана өмір сүрелі. Басаяқты ұлулар - өте ірі жәндіктер. Мысалы, тереңсу кальмарының ұзындығы - 18 м, мұның 10 метрі қармалауыш. Қармалауыштың жуандығы 20 м. Басаяқтылардың денесі бастан және түлғадан құралады. Ауыз төңірегінде өте күшті 8 - 10 қармалауыштар болады. Қармалауыштардың ішкі жағында бірнеше қатар сақиналанған сорғыштар бар. Сегізаяқтар қармалауыштардың жәрдемімен су түбінде жүріп, қорегін ауданды. Сөйтіп бұлардың басындағы қармалауыштар аяқ қызметін де атқарады. Каракатина және кальмар өте баяу жүру үшін қармалауышы мен басын алдыға қаратыл жүзеді. Өте шапшаң қозғалу қажет болған жағдайда денесінің артқы бөлігімен реактивті қозғалады. Аяғы (қармалауыштары) басында болғандықтан, бұл жәндіктер басаяқты ұлулар класына жатқызылады. Басаяқтылардың қазіргі кезде 800-ге жуық түрлері бар.
Басаяқты ұлулардың бір өкілі - кальмар. Шеміршекті бассүйегінде ми орналасады. Бұл - оның басы. Бастың екі жағында үлкен көздері бар. Оның құрылымы адам көзінің құрылысына ұқсас. Бір қызығы: көздің біреуі бір затты, екіншісі екінші затты жеке-жеке көре алады. Кальмарлар су тереңінде сағатына 50 шақырымдық жылдамдықпен жүзіп, қорегін аулайды.

Сегізаяқ
Каракатица да - басаяқты ұлу. Ол су түбін ала тіршілік етеді. Құмда жасырынып жатқан асшаянды аулайды. Жемін аулау үшін құмға бас бөлігіндегі ойыстан су атқылатады. Құм жан-жаққа ұшып, асшаян көрініп қалады. Енді оны ұстап жеу каракатинаға қиындық келтірмейді. Сегізаяқ су түбінде баяу қозғалады. Өзге басаяқтылар тәрізді сегізаяқ жауынан сиялы сұйықтығын шашып, құтылып кетеді. Бір қызығы сегізаяқты «сиқырлан» ұйықтатуға болады. Ол үшін сегізаяқтың аузын жоғары қаратыл, қармалауыштарын төмен салбыратса болды. Ол дереу ұйқыға баталы. Енді оған не жасаса да сезбей, ұйықтай береді. Бұлар жыртқыш болғандықтан, теңіздегі балықтарды, шаянтәріздестерді, өзге ұлуларды, т. б. қорек етеді. Кәсіптік балық үйірінің шырқын бұзып, оларды құртады (мысалы, қиыршығыстық кальмар). Сондай-ақ басаяқты ұлуларды тісті киттер, акулалар, ескекаяқтылар (теңізмысық), т. б. қорегіне жаратады. Кейбір елдердегі тұрғындар каракатицаны және сегізаяқты тағам ретінде пайдаланады.
Көптеген елдерде каракатица мен кальмар кәсіптік мақсатта ауланады. ұлулар - түрлер саны бойынша бунақденелілерден кейінгі екінші орындағы жәндіктер. Олардың қазіргі кезде 80 мың түрі бар деп есептеледі. Ұлулар типіне жататын жәндіктердің денесі жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялық көпжасушалы, құрылысы ұқсас болып келеді. Олардың денесі бастан, тұлғалан, аяқтан (қармалауыштардан), бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан тұрады. Денесі бунаққа бөлінбеген. Асқорыту жүйесі едәуір күрделі. Тіс орнына - үккі, асқа қатысты без - бауыр мүшелері бар. Қантарату жүйесі - ашық. «Жүрегі» - екі құлақша, бір қарыншадан тұрады. Табиғатта қосжынысты және дара жынысты ұлулар кездеседі. Жүйке жасушалар жинақталып, түйінге айналады. Тынысалу өкпе және желбезек арқылы жүзеге асады. Бізге ұлулардың үш класы көбірек таныс. Олар, бауыраяқты ұлулар, қосжақтаулы ұлулар және басаяқты ұлулар.[1] Сабақтың тақырыбы: Буынаяқтылар типі.Бунақденелілер класы. Бунақденелілердің дамуы және пайда - зияны.Білімділік мақсаты: Бунақденелілердің алуан түрлілігі туралы білім қалыптастыру.Олардың тіршілігі туралы білімдерін кеңейтуДамытушылық мақсаты: Оқушыларға бунақденелі жәндіктердің түрлері туралы білім береотырып, олардың құрылысын, қоректенуін, дамуын түсіндіру.Тәрбиелік мақсаты: Табиғаттағы маңызына тоқтала отырып, жәндіктерді қорғауғатәрбиелеу.Әдісі: Жаңа білім меңгерту.Түрі: Әңгіме, сұхбатКөрнекілігі: Интерактивті тақта, жәндіктер суреттері, кесте, тірек - сызба.Сабақтың барысы: І - кезең: «Ой қозғау»Үй тапсырмасы.1. Тип неліктен буынаяқтылар болып аталған. Буынаяқтылар типінің кластарын ата.2. Шаянтәріздестер класы3. Өрмекшітәріздестер туралы не айтасың.4. Кенелер - ауыл шаруашылық жануарлар мен өсімдіктердің зиянкестері5. Буынаяқтылар типінежататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.Үй тапсырмасын қорытындылау.(Сонымен балалар, буынаяқтылар типінің қандай кластары бар екен).Ерекшеліктері --------------------------------------------- Шаршылы өрмекші ------------ Өзен шаяны1. Денесі баскөкіректен және құрсақтан тұрады.2. Денесі қалың хитинді жабынмен қапталған3. Хитнді жабыны өте жұқа4. Екі мұртшасы болады5. Мұртшалары жоқ.6. Жүруге арналған аяқтары бес жұп7. Жүруге арналған аяқтары төрт жұп.8. Көздері күрделі құрылысты.9. Көздері қарапайым құрылысты.10. Тынысалу мүшесі - желбезек11 Тынысалу мүшесі - демтүтік.12. Құрсағында аяқтары бар13. Құрсағында ешбір аяқ орналаспайды14. Зәр шығару мүшесі - екі жасыл без15. Зәр шығару мүшесі - мальпигий түтігіБуынаяқтыларды кластарға бөліп орналастыр.ШаянтәріздестерӨрмекшітәріздестер1. Көбеклек, 2. Құршаян. 3. Кене. 4. Қағысшаян. 5. Омар. 6. Шыбын. 7. Шегіртке.8. Циклоп. 9. Баларасы. 10. АсшаянБуынаяқтылар типі1) Шаянтәріздестер 2) Өрмекші тәріздестер 3) Бунақденелілер11 - кезең: Ойды іске асыруСабақтың тақырыбы: Буынаяқтылар типіБунақденелілер класы.Бунақденелілердың дамуы және пайда - зияны. 15. 03. 2012. жылБунақденелілер – буынаяқтылар типіне жататын көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер класы. Бунақденелілер – ғаламшардың кез - келген түкпірінде таралған жануарлардың ең үлкен тобы. Олардың 700 000 (миллионға жуық) түрлері бар деп есептелінеді. Бунақденелілер класы негізгі екі класс тармағына жіктеледі. Олар туақанатсыздар және қанаттылар класс тармағы деп аталады. Бунақденелілер класында 35 отряд бар. Бұлардың басқа буынаяқтылардан негізі ерекшелігі – денесі айқын үш бөліктен құралады. Олар; Бас, көкірек, құрсақ.Бунақденелілердің барлығы 6 аяқты. Басым бөлігінде қанаттары болады. Дене бөлімдері - алуан түрлі қызмет атқарады. Екі мұртша, күрделі және жай құрылысты көздер мен көзшелер баста орналасқан. Көкірек бөлігінде қимыл - қозғалыс қызметін атқаратын аяқтар мен қанаттар орналасқан. Көбею мүшелері құрсағында болады. Бунақденелілердемтүтік (трахея) арқылы тыныс. Қантарату жүйесі - ашық жүйе. Бұлшықет жүйесі күрделі.Бунақденелілер↓Қандала Бұзаубас Шегіртке Зұламат Суқандала Маса Тарақандар Қоңыздар суаршынШыбындар Бүрге Көбелектер Баларалар ҚұмырсқаларДәуіттер БиттерБУНАҚДЕНЕЛІЛЕР↓Жер бетінде жорғалап (қоңыз, құмырсқа, тарақан)Топырақ астында (бұзаубас)Ауда ұшып (шыбын, маса, көбелек, инелік)Суда (суаршын, су қандала, су шалқақ, зұламат)Адам мен жануарда паразиттік жолмен тіршілік етеді(бүрге, бит, қандала)Бунақденелілердің ауыз мүшелерінің құрылысы да сан түрлі. Мысалы:Сүзіп жалаушы - шыбынШаншып - сорушы - Маса, орман қандаласыКеміруші - Тарақан, қоңыздарКеміріп - жалаушы - БалараСорушы - КөбелекСезім мүшелері жақсы жетілген. Дара жынысты. Зәр шығару мүшесі - ішекке ашылған мальпигий түтікшелері.Бунақденелілердің дамуы Тура даму:(Аққұйрық, камподея)Шала түрленіп даму: (қандала, шегіртке, тарақан, инелік, бит)Толық түрленіп даму: (маса, шыбын, ара)Тура даму дегеніміз - ұрықтанған жұмыртқадан тікелей ересек бунақденеге ұқсас жас жәндіктердің шығуы. Олардың тек денесі өседі және жыныстық жағынан ғана толысып дамиды.Тура даму: Жұмыртқа --- имаго.Шала түрленіп даму: Жұмыртқа --- дернәсіл --- имаго.Толық түрленіп даму: Жұмыртқа --- дернәсіл --- қуыршақ --- имаго.Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталады. Имаго – ересек жәндік. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым - энтомология деп аталадыАл жануарлардың мінез - қылығын зерттейтін ғылым - этология деп аталады.Бунақденелілер табиғатта және адам өмірінде үлкен роль атқарады.Бунақденелілердің пайдасы Өсімдіктерді Тозаңдандырады (көбелек) Топырақтарды түзуге қатысады(көңқоңыз)А/шаруашылығына зиян келтіретін зиянкест. жою.(шаншар, қанқыз) Баларалар адамға бал ж/е балауыз бередіЖібек көбелектерінен жібек алынадыДаладағы, ормандағы жануарлар өлексесімен өсімдіктер шіріндісімен қоректенеді (қоңыз)Паразиттік тіршілігіменБунақденелілердің зияны↓Улылығымен А/шаруашылығына дақылдарын, бүлдіруАуру таратқыштығымен Түсімін кеміту, жайылымдар бүлдіру.Көкқасқа шегіртке өте қауіпті, зиянкес жәндік. «Шегірткелер егін жер, екпей - сеппей тегін жер» деген мәтелді халық бекер айтпаған. Аналық шегіртке құрсағының ұшында қысқа жұмыртқа салғышпен топырақты шұңқырлап ерекше безден бөлініп шыққан көбікті затпен бірге сол жерге жұмыртқа салады. Бөлінген зат жұмыртқаларды бір - біріне жабыстырып, шұжық пішінді қоймақалта түзеді. Жұмыртқалар қоймақалтада қыстап шығып, одан көктемде дернәсілдер дүниеге келеді. Дернәсіл қанатсыз болады, сондықтан оны жаяушегіртке деп те атайды. Дернәсілдер бірнеше рет түлейді де, топтасып тіршілік ете бастайды. Дернәсілдер тобы жаушоғыл деп аталады. Дернәсіл бесінші рет түлеген соц ересек шегірткеге айналады. Көкқасқа шегірткенің аналығынан бір жазда өрбіген ұрпақтары екі қойды тойдыратын азықты жояды. Ал олардың жаушоғылдары мен үйірлері 1 - 2 сағатта жүздеген, тіпті мыңдаған гектар егістікті тып - типыл етеді. Жаушоғыл түзетін қанатсыз дернәсіл жаяушегіртке деп аталады. Жаяушегірткелерден құралған жаушоғыл жолында кездескен өсімдік атаулыны жайпайды. Сөйтіп бір жерден екінші жерге көшеді.«Шегірткеден қорыққан егін екпес»демекші, қол қусырып қарап қалмай, олардан қорғану шараларын жасау керек. Ең алдымен олардың қоймақалтасын құрту керек. Ол үшін шегірткелер дамитын су сағаларын құрғатып жыртады. Сол жерден терең ор қазып, жаяушегірткелер ұша алмайтындықтан сол орға түсіріп жоюға болады.Дәптермен жұмыс: (термин сөздердің мағынасын түсініп алыңдар).ИМАГО - ЭНТОМОЛОГИЯ - ТРАХЕЯ - ЭТОЛОГИЯ -Сергіту. Жұмбақ шешу.Сызбаға бунақденелілердің даму жолдарын жаз.1 тапсырма: Бунақденелілерге тән белгілерді ірікте және берілген сұрақтарға жауап бере отырып, жауабыңды сызбаның ұяшықтарына жаз.1) Денесі қандай бөліктерден тұрады? 2) Бунақденелілердің аяғы нешеу?2) Бастарында қанша мұртша бар? 4) Көкірегінің арқа тұсында не орналасқан?5) Бунақденелілер қандай мүшесі арқылы тыныс алады? 6) Бунақденелілерді зерттейтін ғылым қалай аталады?2 тапсырма: «Бунақденелілер – ауыз мүшесі» сәйкестігі бойынша ірікте.1) шыбын; 2) саратан қоңыз; 3) қабықжегі; 4) маса; 5) бал арасы; 6) көбелек;7) қандала; 8) бүрге; 9) орамжапырақ ақ көбелегі.3 тапсырма: Сызбаға бунақденелілердің даму жолдарын жаз және оларға берілген тізімнен мысалдар ірікте.1) Инелік; 2) саратан қоңыз; 3) көк шегіртке; 4) көбелек; 5) шыбын; 6) маса; 7) құмырсқа; 8) шегіртке; 9) тарақан; 10) бал арасы.111 - кезең: Қорытындылау. Венн диаграммасы:Пайдасы ЗияныОқушы білімін бағалау.Үйге тапсырма: 47. Бунақденелілердің дамуы пайда – зияны.Құмырсқа илеуінің құрылысы туралы хабарлама дайындау.

«Иә» немесе «жоқ» сұрақтарға жауап беру
 
1 Бунақденелілердің бәрі зиянды ма?
2. Бунақденелілер демтүтік арқылы тыныс ала ма? 
3. Шыбын шала түрленіп дамиды ма? ( )
4. Бунақденелілердің зәр шығару мүшелері мальпигий түтікшелері ма? (
5. Масаның ауыз мүшесі шаншып-сорушы ма?
6. Балараның ауыз мүшесі сүзіп-жалаушы ма?
7. Бунақденелілердің денесі 3 бөліктен тұра ма?
8. «Имаго» сөзі ересек жәндік деген мағына бере ме?
9. Дамуы 3 сатыдан тұратын бунақденелілер толық түрленіп дамитын бунақденелілер деп атала ма?
10. «Энтомология» бунақденелілерді зерттейтін ғылым ба
11. Балара ауыл шаруашылық зиянкес па
12. Бунақденелілерде 4 жұп аяқ бар ма?(
 
Тиісті сандарды дұрыс жауабына сәйкес қой
Ерекшеліктері --------------------------------------------
Шаршылы өрмекші
Өзен шаяны
1. Денесі баскөкіректен және құрсақтан тұрады.2. Денесі қалың хитинді жабынмен қапталған3. Хитнді жабыны өте жұқа4. Екі мұртшасы болады5. Мұртшалары жоқ.6. Жүруге арналған аяқтары бес жұп7. Жүруге арналған аяқтары төрт жұп.8. Көздері күрделі құрылысты.9. Көздері қарапайым құрылысты.10. Тынысалу мүшесі - желбезек11 Тынысалу мүшесі - демтүтік.12. Құрсағында аяқтары бар13. Құрсағында ешбір аяқ орналаспайды14. Зәр шығару мүшесі - екі жасыл без15. Зәр шығару мүшесі - мальпигий түтігі