Тыныс алу м?шелеріні? аурулары.


Сабақтың тақырыбы : Тыныс алу мүшелерінің аурулары.
Сабақтың білімділік мақсаты: Тыныс алу мүшелерінің аурулары,олардың пайда болу себептерін,аурудың жұғуы жолдары,ауру белгілері, емделу жолдары, алдын алу шаралары
Сабақтың тәрбиелік мақсаты :жеке бас гигиенасын сақтау,ұқыптылыққа, салауатты өмір салтын ұстануға, темекінің зияны ұғынуға, одан аулақ болуға ұлттық құндылықтармызды сақтауға,салт-дәстүрімізді мақтан етуге тәрбиелеу
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың шығармашылық,іскерлік әркеттерін дамыту,зерттеушілікке ,ізденушілікке, тақырыптың тың мазмұнын ашуға, сындарлы логикалық ойлану қабілеттерін дамыту
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ Өту әдісі : Топпен жұмыс, сұрақ-жауап, жеке жұмыс, жұптық жұмыс
Қажетті ресурстар: А-3 форматты қағаз, маркелер, интернет материалдары,интербелсенді тақта,тәжірибелік құралдар: тыныс алу жүйесінің мүшелер макеті ,темекі , стакан, мақта, бағалау бетшелері.
Пәнаралық байланыс: Биология, химия,өзін-өзі тану, дінтану пәндері.Сабақтың барысы І Ұйымдастыру кезеңіІІ Мақсат қою кезеңіІІІ Материалды түсіндіруІҮ Жаңа сабақта түсінгенін тексеру кезеңіҮ Бекіту кезеңіҮІ Үйге тапсырма
Бағалау
1.Ұйымдастыру Оқушылармен амандасуТүгендеу, сабаққа дайындығын тексеру Ынтымақтастық атмосферасы: «Шаттық шеңберін» құру : Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып
"Табыс" тілеп көзбенен
Жаңа білім алуға
Алға қадам бастаймыз
Түстер бойынша топқа бөліну.. 1-топ «Тұмау, 2-топ « Темекі , 3-топ «Өкпе». Бағалау парақшалары және жауап берген оқушылар үшін жұлдызшалар
 ІІ. Үй тапсырмасын сұрау «Таңғажайып тоғыздық » «Сұрақты ұстап ал! » Фасоль салынған дорбаны топтар бір-біріне лақтыру 178-183беттегі сұрақтар бойынша өзара бір-біріне сұрақ береді 1. Мұрын қуысында ауа қандай өзгерістерге ұшырайды ? 2.Өкпенің тіршілік сыйымдылығы деген не ? 3. Тыныс алу көлемі деген не ? 4. Тыныс алуға қажетті ауаның құрамы? 5.Сыртқа шығарылған ауаның құрамы қандай ? 6.Өкпенің тіршілік сыйымдылығын қандай құралдармен анықтайды ? 7.Ауа тамырының құрылысы қандай ? 8.Тыныс алуға және тыныс шығаруға қандай бұлшық еттер қатысады? 19. Плевра және плевра сұйықтығының маңызы қандай ?
Ой қозғау.Топтарға адам ағзасы аурулары жазылған шеңберлі диаграмма таратылады.Оқушылар соның ішінен тыныс алу аураларын ғана бояу керектігі айтылады.Тапсырманы қарай отырып,Оқушылар сіздер неліктен ол аурулар түрін боядыңдар,әрине ол сендерге таныс болғандықтан ал кейбіреулері неге боялмады себебі сіздерге ол таныс емес екен ендеше тыныс алу аурулары туралы толық танысқыларын келе ме? деп жаңа сабақты бастаймыз
ІІІ.Жаңа сабақ: Тыныс алу мүшелерінің аурулары. 1.Өкпе аурулары: (плеврит өкпе рагы,туберкулез)
2.ауа-тамшы аурулары:(тұмау , кеңсірік аурулары: гайморит «полип, бронхы аурулары тонзилит,лорингит аурулары
3. темекі тартудың-тыныс алуға зияны туралы интербелсенді тақтадан слайд арқылы және видеоны көрсете отырып жаңа сабақты түсіндіремін.
Сабақты бекіту үшін берілетін тапсырмалар:
Шығармашылық тапсырма “Біз өмірді таңдаймыз!” Жұптық жұмысқа тапсырма беріледі
«Жарнама газетін шығару» 1- топ-Туберкулез дерті 2 -топ-Тұмау ауруы 3-топ-Темекіден болатын өкпе рагі ауруы Сыни ойлану тапсырмасы оқушылар бұл аурудан қалай құтылуға болатынын жарнамалайды .Оқушы ой белсенділігі есепке алынады
Тәжірибеден не түйеміз! Бөтелкенің ішіне мақта саламыз тығынның аузына шыны түтікше қоямыз темекіні тұтатып оған енгіземіз
Нені байқадын?
Қандай қортынды шығарасың?
Логикалық тапсырма Жеке тапсырма «Жасөспірімдер неге темекіге әуес ?!!» Оқушылар өз ойларын топтастыру әдісімен жазады
"Кім шапшаң» тапсырмасы ШАРТЫ:Ауру белгілері арқылы ауру аттарын тауып жарысады
1.Ауырған адам терлегіш, әлсіз, дене қызуы көтеріңкі болады.
2 Иіс, дәм сезу мүшелеріне қатты әсер етеді.
3.200-ден астам улы заттар болады
4.Тамаққа тәбеті тартпайды, жөтеледі, қан түкіреді.
5.Құрамындағы улы зат – никотин
6.Капилляр қантамырларының қабырғалары кеңейіп, кілегейлі қабықшадан сұйық заттар көп бөлінеді.
7.Жас ағзаны тез уландырады
8.Орталық жүйке жүйесін зақымдайды
"Әуе шары" Есептер шығару Бұл бірлескен жұмыс.Бұл әдіс бойынша оқушылар оларға ұсынылған нәрсе факті ме, әлде қарапайым пікір болып (құндылық туралы ойға негізделген) табыла ма, соны шешуге тиіс. Осы қиын тапсырма оқушыларды білімнің қалай алынатынын түсінуге ынталандырады (көптеген жағдайда бір нақты жауап болмауы да мүмкін). Оқушылар өз ұстанымдарын талқылау үшін топтарда жұмыс істейді.
1 топ.- 3 немес 5 жыл темекі шегетін 20 баланың денсаулығын тексергенде 70 %-ті екі түрлі аурумен (өкпе ауруы мен асқазан) ал,қалғандары бір аурумен бронхы аурумен ауырған Қанша бала (өкпе ауруы мен асқазан ауруымен) ,қаншасы бронхы ауруымен ауырған.
2 топ- Жаңа туған нәресетенің салмағы -3300 гр. Егер әкесі темекі шексе баланың салмағы -125 гр кемиді десек, баланың шешесі де темекі шегетін болса ,баланың салағы қаншаға кем туатынын (%--пен) есепте
3 топ- Темекі шегетін балалардың өмірі 15 %-ға қысқарады.Егер Қазақстанда орташа өмір сүру жасы 58 болса,онда темекі шегетін балалардың өмір сүру жасы қанша жыл?
Сабақты қортындылау Оқушылар дәрігер ролінде: «Дәрігердің кеңесі» оқушылар тақырыпты қорытындылауда бүгінгі тақырыпқа сәйкес ауырмау үшін өздерінің пайдалы кеңесін ұсынады
Рефлексиялық кезең Сабақты қорыту: "Баспалдақ" «Қадам басу»Бүгін біз не білдік? - Қандай тапсырмалар саған оңай болды? - Қандай тапсырмалар қиындық келтірді?
Үй тапсырмасы 42 тақырып Тыныс алу мүшелерінің аурулары 183-185 бетті оқу реферат жазу ,тест тапсырмаларын құру
Бағалау .Бағалау парақшаларымен .жұлдызшалар арқылы жинаған ұпайларына сәйкес бағалаймын