«№150 ?аза? орта мектебі» коммуналды? мемлекеттік мекемесі Информатика п?ні бойынша сыныптан тыс іс-шара


НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН? атты
Брейн - рингтің бағдарламасы
Құрметті көрермен қауым! Оқушылар! Ұстаздар! Бүгінгі «Не? Қайда? Қашан?» атты сайысымызға қош келіпсіздер! Бүгінгі сайысқа қатысатын, өз өнерлерін, білімдерін сынасқалы тұрған ойыншыларды ортаға шақырып, ойыншыларымызды бүгінгі сайыстың шартымен таныстырамын. Сайыс 9 кезеңнен тұрады:
«Өзім туралы» топтардың таныстыруы.
«Болашақ компьютері» атты шығармашылық жұмыс
«Жарнама» Power Point бағдарламасындағы топтың атына сай презентация құру.
Сұрақ-жауап. «Бәйге»
Мәліметті енгізу пернесі? (Enter)
Принтердің неше түрі бар? (3)
Интернетпен қосылуды жүзеге асыратын заңды тұлға? (Провайдер)
Билл Гейтс алғашқы программасын неше жасында құрды? ( 13 жаста)
Интернет желісі қай жылы пайда болды? (1969)
Циклдік алгоритм деген не? (Жеке команда немесе команда топтары көп рет қайталанатын алгоритм)
«Көбейтілуге» және басқа программаларға «жұғуға» қабілетті шағын компьютерлік программа қалай аталады? (Вирус)
LAPTOP қандай компьютер? (Тізелік)
«Компьютердің атасы» деп кімді атаған? (Чарлз Бэббидж)
ЭЕМ-нің неше буыны бар? (5)
«Жас программист» программа құру.
1. Нютонның ІІ-заңы.
Алгоритм тіліПаскаль тілі
Алг заң (арг. Бүтін ...., а, нәт.бүтін F)program zan;
Басы var F, a, m: integer;
Енгізу т, аbegin
F=m*aread (m, a);
Шығару FF:=m*a;
Соңы Write (‘F=’, F);
End.
2.
Алгоритм тіліПаскаль тілі
Алг у есептеу (арг. Бүтін x,z. нәт.бүтін y)program y esepteu;
Басы var x, z, y: real;
Енгізу x,zread (x,z);
y=(2*x-3*z)/(x-5)y=(2*x-3*z)/(x-5);
шығару ywrite (‘y=’,y);
соңы end.
3. АВС үшбұрышы берілген. Герон формуласымен ауданды табу. S=?
Алгоритм тіліПаскаль тілі
Алг у есептеу (арг. Бүтін А,В,С,Р,
нәт.бүтін S) program audan;
Басы var A,B,C,P: real;
Енгізу A,B,Cread (A,B,C);
P:=A+B+C/2P:=(A+B+C)/2;
S:=SQR(P*(P-A)*(P-B)*(P-C));
шығару Swrite (‘S=’,S);
соңы end.
Топ басшылар сайысы «Сынақ»
«Қатені тап»
Бір оқушылар компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.
Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды сақтаймын Жауабы: 8 қате жіберілген
1. Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет
2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі
3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылыды
4. Компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады
5. Сәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады
6. Ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққалқан керек
7. Құжаттар компьютердің сыртқы жадында сақталады
8. Плоттердің екінші аты – график сызғыш құрылғы.
2. Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы программа Word графикалық редакторы шығар. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын. Өз жұмысымның нәтижелерін мен векторлық .bmp форматында сақтаймын.
Жауабы: 3 қате жіберілген
1. Word графикалық редактор емес
2. Word-та суреттің кез келген бөлігін бояу оңай емес
3. Графикалық bmp. форматы векторлық форматқа жатпайды.
«Құпия жәшік»
Бұл құралдың жасы 2000-5000 жылдар шамасы. Бұл құралды гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан» деп, жапондықтар «серобян» деп атаған.
Жәшіктің ішінде қандай құрал бар?
Жауабы: Есепшот
«Бұл кім?» сайысы
Оқушыларға және қатысып отырған көрермендерге ғалымдардың суреттері ұсынылады. Суретте кім бейнеленгенін айтып беру керек.
Бұл кісі 1902 жылдың 2 қарашада Нижний Новгородта мұғалімдер жанұясында дүниеге келген. 1928 жылы инженер-электрик мамандығын алып Бауман атындағы университетте сабақ берген. 1939 жылы докторлық диссертация қорғаған. 1947 жылы электротехника институтының директоры болып тағайындалды.
Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ 1947-1948 жылдары осы академиктің басшылығымен жасалады, оны МЭСМ деп атаған.
(Сергей Алексеевич Лебедев)
2. Есептеуіш техниканың қарқындап дамуы ХІХ ғасырдан басталады. 1833 бұл ғалым бағдарлама арқылы басқарылатын «Аналитикалық машина» жобасын жасады. сондықтан да оны қазіргі компьютердің атасы деп те атайды. (Чарлз Бэббидж)
3. ХІХ ғасырдың соңында американдық ғалым есепші – перфорациялық машина құрастырды. Өз машинасының көмегімен бұл ғалым көп адамдар жеті жыл бойы есептейтін есептеулерді үш жылда орындап шықты. Бұл кісі есепші перфорациялық машиналарды фирманың негізін қалады, кейін ол дүние жүзіне әйгілі компьютер шығаратын ІВМ фирмасына айналады.
(Герман Холлерит)
4. Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған бұл ғалым – әйел бірінші программист болып саналады. Бұл әйел атақты Байронның қызы.
(Ада Лавлейс)
5. 1642 жылы бұл француз математигі он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектермен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды.
(Блез Паскаль)
6. Қазіргі таңда бұл адам атақты „Microsoft„ компаниясының президенті. 13 жасында алғаш программасын құрған. (Билл Гейтс)
10. „Бұл не?„ сайысы
Компьютер ақылшысы? (процессор)
Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы (модем)
3. Сыртқы жады (диск)
4. Графикалық редактор бұл құрылғысыз жұмыс істемейді
(тышқан тетігі)
7. Көп пернелі құрылғы (пернақта)
6. Компьютердің теледидары
(монитор)
Қорытынды. Марапаттау.