На тему ?й жануарлары мен т?лдері


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №
Бекітемін Күні Тобы «Ақбота »
Білім беру саласы «Коммуникация»
Бөлімі Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы Үй жануарлары мен төлдері (байланыстырып сөйлеу)
Мақсаты Үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету;
Өзара сыйластыққа, төрт-түлік малды қадірлеуге тәрбиелеу;
Танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер қуыршақ Шопан ата, киіз үйдің макеті, төрт түлік малдың суреті немесе мүсіндері.
Сөздік жұмысы Төлдер, сүзеген, өріс.
Билингвалды компанент Бота-верблюжонок, қозы – ягненок, лақ-козлёнок.
Іс – әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық «Еркелетіп айт» сөздік ойыны
-Балалар, сендерді үйде ата-әжелерің «ботам», «қозым» деп еркелете ме?Ендеше, менің қолымдағы қазақтың киіз үйін сыйлау арқылы бір-бірімізді еркелете отырып, тілек айтайық.
Көздерін жұмғызып, үнтаспа арқылы үй жануарларының дыбыстарын тыңдатады. Қай жануардың дыбысы екенін сұрайды. Осы кезде топқа Шопан ата кіреді.
-Ал, көзімізді ашайық, бізге кім келіп тұр екен? Бұл кісі төрт түлік малдың иесі – Шопан ата. Шаттық шеңберіне тұрып, киіз үйді бере отырып, бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Көздерін жұмып, ауылдағы ата-әжелерінің ауласындағы үй жануарларын елестетеді. Дыбысы арқылы қай жануар екенін анықтайды.
Ұйымдастыру-іздестіру Шопан ата балалармен амандасады, сұрақтар қояды:
-Сендер қандай үй жануарларын білесіңдер?
-Ал, олардың төлдері қалай аталады?
Жарайды, мен сендердің жандарыңа отырып демалайын.
Атай отырып, оқу іс-әрекетіне қатысады.
Ұйқасын тап
Қы-қы-қы – жүйрік екен ...,
Кі-кі-кі – сүзеген ғой ...,
Із-із-із – сиырда бар ...,
Та-та-та – үлкен көзді ...,
Сөздік жұмысы: «төлдер, сүзеген, өріс» деген сөздердің мағынасын түсіндіреді.
«Сипаттап бер» ойыны
Тақтаға үй жануарларының суреттерін іледі. Балаларға өздері қалаған бір үй жануарының суретін алып, соны сипаттап беруді ұсынады.
Сергіту жаттығуы
Төлдер жыры
Шөре-шқре лғым,
Тентек болма шырағым,
Секектеме деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Шығармашылық сәт
Төлдер туралы жатқа білетін өлеңдерін еске түсіруді ұсынады.
«Қайсысы артық?» д/о:
Суреттер қатарынан (үй жануарларының арасында бір жабайы жануар) артық суретті табуды ұсынады.
Дәптермен жұмыс
Тапсырмаларды түсіндіре отырып орындатады. Жеке балалармен жұмыс жүргізеді: табуға көмектеседі, қолын ұстап, сыздырады. Тәрбиешіні мұқият тыңдап, Шопан атамен амандасады.
Сұрақтарға жауап береді.
Ұйқас сқздерді табады:
-жылқы
-ешкі
-мүйіз
-бота
Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.
Қалаулары бойынша бір үй жануарының суретін алып, суреттеп шығады.
Өлеңді бірге айтып, қимыл-қозғалыстар жасайды.
Төлдер туралы білетін әндерін айтады.
Артық суретті тауып, алып тастайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды.
Рефлексивті-түзетушілік Сұрақтар қойып, тақырыпты қорытады. Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды. Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек Үй жануарлары мен төлдерін, олардың тіршілік ету ерекшеліктерін.
Нені игереді Әңгіме құрастыру барысында жаңа сөздерді дұрыс қолдануды.
Нені біледі Жануарларды күтіп баптауды, оларға қамқорлық жасай білуді.