Саба?ты? та?ырыбы: Циклдiк алгоритм. Саба?ты? ма?саты:?айталау сандары берiлген алгоритмдердi ?арастыру.О?ушыларды циклдiк алгоритммен ж?мыс жасау?а да?дыландыру. О?ушыларды есептерді шы?ару


«Тексерілді»
Мектеп директорының ОІЖО:
18. Сабақтың тақырыбы: Циклдiк алгоритм Күні: Сынып: 4 «Б» Мұғалімнің аты-жөні:
СЫНЫП: Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Оқушыларға циклдiк алгоритм түсiнеді
Сабақтан күтілетін нәтиже:
1-деңгей
(білу, түсіну): Оқушылардың барлығы орындай алады:
Оқушыларды циклдiк алгоритмдердi құрайды, жаза алады
2-деңгей
(қолдану, талдау): Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды орындай алады,белсенділік танытады
3 деңгей
(жинақтау, бағалау): Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:
Күрделі тапсырмаларды орындай алады
Тілдік мақсат:
Негізгі түсініктер мен терминдер:
Термин сөздермен сөйлей алады. Алгоритм, циклдік алгоритм Компьютердің адам өміріндегі қажеттілігі
Ресурстар: стикер, дидактикалық материалдар, суреттер
Пәнар-қ байланыс: Бейнелеу, қазақ тілі
Алдыңғы оқу: Тармақталу алгоритм
С А Б А Қ Ж О С П А Р Ы
Сабақ барысы және
жоспарланған уақыт Берілетін тапсырмалар және
қолданылатын әдістер Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
3 минут Психологиялқ ахуал қалыптастыру.
І.Ұйымдастыру
Топқа бөлу «Санамақ» әдісі
1топ-сызықтық алгоритм
2топ-тармақталу алгоритм
3топ-циклдік алгоритм Әр топқа бағалау парағын таратып беру.
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ 5 минут
1-деңгей
(білу, түсіну):
2-деңгей
(қолдану, талдау):
3-деңгей
(жинақтау, бағалау): (Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)
1. Қайсысы алгоритмге жатпайды?
А) сызықтық
B) бұйрықтық
C) тармақталу
D) циклдік
2. Циклдік алгоритм дегеніміз?
А) Командалары бiрiнiң соңынан бiрi тiзбектелiп орындалатын алгоритм
B) іс-әрекеттің орындалуы қойылған шартқа тәуелді алгоритм
C) егер алгоритм тізбектеле орындалса
D) алгоримнің графикалық түсіндірілуі
3. Алгоритм дегеніміз не?
А)Командалардың кез келген ретсіз тізбегі
В)Блоктар мен сызбалар түріндегі арнайы құрылымдар
С)Берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру
D) атқарушыға арналған әрекеттер тізбегі
4. Тармақталу алгоритм дегеніміз не?
А)Іс әрекеттердің логикалық шартын тексере отырып, тармақтала орындалуын сипаттайтын алгоритм
В)Программалау тіліндегі нұсқаулар
С)Есептердің шешімін табу жолдары
D) Әрекеттердiң атқарылу реттілігі белгiлi бiр шарттарға байланысты түрде орындалатын алгоритм
5. Алгоритмнің түрлері?
А) сызықтық, циклдік
В) тармақталу, сызықтық, негізгі
С) сызықтық, тармақталу, циклдік
D) негізгі, қосымша Дұрыс жауаптарға 1-5 балл қойылады.
ЖАҢА САБАҚ
12 минут
(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)
(Жаңа сабаққа дайындықпен келген оқушының қорғауын ұйымдастыру);
Бұл сабақта қайталау сандары берiлген циклдiк алгоритмдер, яғни параметрлi алгоритмдер қарастырылады.
Оқушылардың назарын алгоритмнiң блок-сызбасына аудару керек: алгоритмнiң басы мен соңы сопақша фигурамен, мәлiметтердi енгiзу мен шығару –параллелограммен, ал белгілі бір әрекеттерді орындау төртбұрыштармен жазылады, шарт – бұл ромб, алтыбұрыш – параметрлi цикл басы
554355103505І.Көңiлдi алгоритм.
Үйкеле
Үйкеле
Үйкеле
Үйкеле
Тесiк пайда болады

ІІ. Блок-сызба бойынша алгоритмдi орындап, кестенi толтыр.
1-Сөз 2-Сөз 89789088900А -нәтиже
Ала тау Алатау
Көк жиек Көкжиек
Қара қат Қарақат
Сая хат Саяхат
Жол барыс Жолбарыс
Көркем сурет Көркемсурет
Сергіту сәті:
- Балалар бұл суреттегі қай қаланың суреті?
- Астана
- Астана қандай қала?
- Бас қала. Еліміздің астанасы.
- Ұлтымыз қандай?
- Қазақ
- Жақсы балалар олай болса Ерболат Құдайбергеновтың «Мен қазақпын» өлеңіне билеп, серігіп алайық.
Өте жақсы, сергіп алсақ барлығымыз орындарымызға отырамыз.
1799590-410210ІІІ. Тапсырма. Үш топқа үш блок схема беріп ішін толтыртып, түсінігін аламын. Толтырған блок-схемасын интерактивті тақтаға орындайды. Бұл жерде алгоритмнің түрлерінің блок схемаларын сызып, ережелерін айтады.
1 топқа 2 топқа 3 топқа САБАҚТЫ БЕКІТУ
15 минут
1-деңгей ( білу, түсіну):
2-деңгей
(қолдану, талдау):
3-деңгей
(жинақтау, бағалау): (Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)
Әр топқа таратпа қағаздар беріледі. Топпен ақылдасып сөйлемдерді толықтыру.
І топ – «Сызықтық алгоритм» тобына
1. Алгоритмнің бірнеше рет орындалуы _________________ деп аталады.
2.Блок-сызбада циклдік алгоритмнің шарты _________________ фигураға жазылады.
3.Тармақталу алгоритмінің формасы __________ және _________________ болуы мүмкін.
ІІ топ – «Тармақталу алгоритмі» тобына
1._________________ - берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы.
2.Алгоритмді орындаушы адамды _________________ деп атайды.
3.Кез –келген алгоритм ________ деген бұйрықпен аяқталады.
ІІІ топ – «Циклдік алгоритм» тобына
1.Алгоритмнің ___ түрі бар, олар: _________________, _________________, _________________
2._________________ алгоритмде барлық бұйрықтар алгоритмде көрсетілгендей тізбектей орындалады.
3.Егер алгоритм қадамдарының тізбектеле орындалуы қандайда бір шартқа тәуелді өзгеретін болса, онда ондай алгоритмді _________________ дейміз. Жұптық жұмыс.
Дұрыс жауаптарға 1-3 балл қойылады.
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
5 минут
1-деңгей (білу, түсіну): (Оқушыларға келесі сабаққа шолу жасату)
Ережелерді жаттап келу.
Алгоритм. Алгоритмнің түрлерін қайталау Тапсырманы орындағанға «3» баға қойылады.
2-деңгей
(қолдану, талдау): Оқушыларға өтілген тақырып бойынша «Сөзжұмбақ» жасау тапсырылады. Тапсырманы орындағанға «4» баға қойылады.
3-деңгей
(Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар) Сызықтық, тармақталған,, циклдік алгоритмдерге ойдан есеп құрастырып алгоритм және блок – схемасын құрастыру Тапсырманы орындағанға «5» баға қойылады.
БАҒАЛАУ
3-5 балл жинаған оқушыларға «3» баға қойылады.
6-8 балл жинаған оқушыларға «4» баға қойылады.
9-12 балл жинаған оқушыларға «5» баға қойылады. КЕРІ БАЙЛАНЫС Себет ,чемодан, еттартқыш (2 мин) Р Е Ф Л Е К С И Я
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды? Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды? Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз? Тәлімгер: