Коучинг О?ушы жетістігін ба?алауда критериалды ба?алауды? арты?шылы?ы
Коучингтің тақырыбы: Оқушы жетістігін бағалауда критериалды бағалаудың артықшылығы.
Мақсаты: Мұғалімдерді бағалау жүйесінің әдіс тәсілерімен хабардар ету.
Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер сабақ үдерісінде бағалау жүйесін өзгертуге әрекет етеді.
Дерек көздер: мұғалімдерге арналған нұсқаулық, үлестірме материалдар
Пайдаланатын құралдар: стикер, маркер,плакат, слайд, проектор
№ уақыты Коучтың іс әрекеті Мұғалімдердің іс әрекеті ресурстар
1 3 мин Әріптестер, сіздер адам бойындағы қандай қасиеттерді жоғары бағалайсыздар?
«Адалдық, инабаттылық ,кішіпейілділік, өжеттілік»- осы айтылған қасиеттер бойынша төрт топқа бөлінеді.
Бүгінгі коучингтен не күтесіздер? Стикерге жазып ілсеңіздер. Коучинг соңында талқылаймыз.
Адам бойындағы қасиеттерді айтып, топқа бөлінеді.
Стикерге бүгінгі коучингтен алғысы келеген ақпараттың түрлерін жазады Стикер
2 7 мин Бағалау дегеніміз не?
Бағалау не үшін керек?
Бағаны кім қояды?
Сіз үшін баға мақсат па , әлде құрал ма?
Оқушыны қалай бағалайсыздар?
Бағаны шынайы қоямын деп ойлайсыздар ма? дәлелдеңіз
Сіз қойған баға баланың білімінің артуына ықпал етеді ме?
«Мен оқушыны қалай бағалаймын?» эссе жазу Сұрақтарға жауап береді
Эссе жазады 3 25 мин Тапсырмамен жұмыс
Аққаланың суретін салыңыздар.
Салған суреттеріңізді қасыңыздағы әріптесіңізге бағалатыңыз
Неге мұндай баға қойдыңыз?
Ал енді парақтың келесі бетіне тағы да аққала салыңыздар.Төмендегі критерийлер бойынша бағалату :
- парақта орналасуы
- Түстердің үйлесімдігі
- Бөлшектер саны (аузы, мұрны, көзі, түймесі, қолында сыпырғы, басында шелегі болу керек)
Бағалау шкаласы бойынша бағалату
Салған суреттеріңізді қасыңыздағы әріптесіңізге критерийлер бойынша бағалатыңыз.
-Алғашқы қойған бағаларыңызбен қазіргі бағаларыңызда айырмашылық болды ма?
-Қойған бағаңыз қаншалықты өзгерді?
-Неліктен өзгерді деп ойлайсыз ?
Баға шынайы әрі нақты қойылды деп есептейсіз бе?
Бағалаудың осы түрін сабақ үдерісіне енгізер ме едіңіз?
Сурет салып, бірін- бірі бағалайды
Пікірін білдіреді
Ұсынылған критерийге сәйкес бағалайды
Пікірлерін білдіреді Маркер, түрлі-түсті қаламдар
4 15 мин Оқушының оқу жетістігін бағалау критерийлері \ слайд көрсету\
-Сіздің күнде қойып жүрген бағаңыз бағалаудың қай түріне жатады?
-Сіздің қойған бағаңызға оқушылардың келіспеген кезі болды ма?
Ол келеңсіздікті қандай жолмен шештіңіз? Пікірін білдіреді 5 10 мин «Бекболат Тілеухановтың психологиялық эксперименті» бейне ролигін көрсету
Мұғалімдерді 2 топқа бөліп, бір топ сыртқа шығарылады. Сыныпта қалған топ мүшелеріне белгісіз азаматтың портреті көрсетіліп, төмендегіше критерийлер айтылады:
-Бұл портреттегі адам өте танымал актер.
Өте жақсы адам
Осы азаматтың портретіне қарап, психологиялық мінездеме беріп өтсеңіздер
Сыртқа шығарылған екінші топ мүшелерін ішке кіргізіп, портретті көрсету арқылы төмендегіше критерийлер ұсынылады:
-Бұл өте зұлым адам. Зұлымдығы соншалық бірнеше елге қасірет әкелген. Бұл азамат қандай қылмысқа баруы мүмкін деп ойлайсыздар?
Әріптестерім пікірлерін айтып өткен соң, бейне роликті соңына дейін көріп тамашалайды.
- бұл роликті не үшін көрсеттім деп ойлайсыздар?
- Бір адамның портретіне неге екі түрлі сипаттама берілді?
- Бұл бейне роликтен қандай тұжырым жасадыңыз? Ұсынылған критерийлерге сәйкес пікірлерін білдіреді АКТ
6 20 мин Мәтінмен жұмыс жасату.
Әр топқа бірдей тақырыпта мәтін беріліп , критерийлер ұсынылады:
Осы мәтіннің маңызды деген бес ұғымын іріктеу
Мәтін бойынша он сұрақ құрастыру
Бұл тапсырманы нақты орындауға не ықпал етті?
Мәтінмен жұмыс жасауда критерийлерді ұсынудың қаншалықты маңызы бар?
Әр топ мәтінмен жұмыс жасап, қорғайды Мәтін жазылған парақшалар
7 10 мин Кері байланыс жасау: «Бес саусақ» әдісі бойынша
Коучингтен алған әсерлерін жазады Түрлі қағаздар