?стаздар?а арнал?ан психологиялы? тренинг


«Жаңа жылды жағымды бастайық!»
Ұстаздарға арналған психологиялық тренинг
Мақсаты: ұстаздар арасында жағымды қарым-қатынас орнату, көңіл -күйді көтеру, өзін-өзі қосымша тануға, бірін-бірі жақсы түсінісуге ықпал жасау, баулу.
І. Сәлемдесу. «Бумба – Юмба» жаттығуы
Мақсаты: ұстаздар арасында жағымды қарым-қатынас орнату
Біз барлығымыз Бумба-Юмба тайпасына ұсталып қалдық деп елестетейік. Олардың қағидасы: «Тайпаға қабылданғыларың келсе – қасыңдағы адаммен мұрын түйістіріп, соңынан арқа сүйкеп амандасу керек.»
2. «Оның есесіне мен...» жаттығуы
Мақсаты: өзін-өзі тануға ықпал жасау
Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.
- Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есессіне...
- Мен шаршадым, оның есесіне...
- Мен өте жақсы билей алмаймын, оның есесіне...
- Мен көп ұйықтаймын, оның есесіне...
- Мен жұрттың бәріне құрметті бола аламаймын, оның есесіне...
- Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне
- Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне...
- Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне...
- Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне...
- Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне...
- Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне...
- Мен тым толықпын, оның есесіне...
- Менің аяқтарым оқтаудай түзу емес, оның есесіне...
- Мен кемшіліктерім көп, оның есесіне...
- Менің жазуым маржандай әдемі емес, есесіне...
- Мен кез-келген адаммен тез тіл табысып кете алмаймын, оның есесіне...
3. «Жасырын хат, ойлан тап!» жаттығуы
Мақсаты: бірін-бірі жақсы түсінуге баулу
Қажетті құралдар: ватман, түрлі түсті фломастерлер, қарындаштар, өшіргіш, сызғыш
Уақыты 20 минут
Барысы: Қатысушылар 3 топқа бірігіп отырады
Жүргізуші:  Ерте-ерте-ертеде . . . әлі адамдар әріп танымаған уақытта да, олар бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізіңіздер. Әр бір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі
«Бүгін маған сағат кешкі 6-да телефон соқшы» - 1-ші топқа арналған хат;
«Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық» - 2-ші топқа арналған хат;
«Жексенбі күні сағат 15.00-де менің туған күніме кел» - 3-ші топқа арналған хат
Ұстаздар өздеріне берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салып, өзара алмасады. Келесі топтың қатысушылары, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет.
4. «Майшам» жаттығуы
Біздің тренингіміз аяқталуға жақын. Ал қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір жылы сөз айтып май шамды беріп отырамыз.
Қоштасуға майшамды алған себебім, ол айналасына жарықшашады, жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да күндеріңіз ашық, жарқын болсын деген тілек білдіремін. Алдағы уақытта барлығымыз бір адамдай ұйымшыл болып қызмет атқарайық!
Назарларыңызға РАХМЕТ!!!