ПСИХОЛОГИЯ ?БТ-?а психологиялы? дайынды? тренинг-саба?


ПСИХОЛОГИЯ "ҰБТ-ҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ" САБАҚ-ТРЕНИНГ
Ең алдымен психолог өзін таныстырып, тренингтің ережесімен таныстырып кетеді. Олар: 1. Ашық қарым-қатынас; 2. Көтеріңкі көңіл-күй; 3. Бір-бірін тыңдау; 4. Көтерілген қол белгісі; 5. Қазір және осында. «Танысу» жаттығуы. Мақсаты: Топтағы адамдармен танысу және қандай көзқараспен қарайтынын, топқа өзін қалай ұстайтынын бақылау. Жаттығу барысы: Адамдарды шеңберге тұрғызып, бірін-бірі қолдарын ұстап тұрып өзінің атын айтады да, оны кім қойды, оның шығу тарихын, өзінің атының қандай мағына беретінін айту. Атының бас әрпіне байланысты қандай жақсы қасиеттерді жатқызуға болады, соны айтады. Енді алақан сипаған кезде қандай сезімде болдыңыздар. Алақан сипаудың да өзіндік психологиялық ерекшеліктері бар екен. Сергіту жаттығуы: «Мейірімді балалар» – Балалар, біз сендермен топ ұйымдастырып отырмыз. Өзімізді бір бүтін топ ретінде сезіну үшін «Мейірімді балалар» жаттығуын ұсынамын. Шеңбер жасап бір-біріңе иық тіресіп, қолдарыңнан ұстаңдар. Балалар дем алады. Бір қадам алға аттап, дем аламыз, бір қадам артқа аттап, дем шығарамыз. Балалардың жүрегі соғады. Екі қадам алға, екі қадам артқа адымда. Рахмет. «Сыр сандық» жаттығуы. Ойлануға арналған «Сыр сандық» ойынының шартын таныстырамын. Мен сұрақтарды оқимын. Сендер әр сұраққа 2-3 оқушы жауап беруі керек. Барлығы 10 сұрақ. Ойынның шарты: Біз бір-бірімізді жақын тану үшін барлығыңа «сыр сандықты» ұсынамын. Топтың әр қатысушысы «сыр сандықтағы» аяқталмаған сөйлемді өз сөзімен аяқтайды. 1. Ең үлкен қорқыныш – бұл... 2. Мен мынадай адамдарға сенбеймін... 3. Мен ренжимін, егер... 4. Мен ұмытпаймын, егер... 5. Маған көңілсіз, егер... 6. Егер маған дауыс көтерсе, мен... 7. Мен қарсыласқанда... 8. Егер мен сенімсіз болсам, онда... 9. Егер маған біреу ұнап қалса 10. Егер, мен шаршасам... – Сөйлемді аяқтағанда, қандай сезімде болдыңдар? Әрине, әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесе көңілсіздік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз. Тренинг тақырыбы: «Жеміс-жидек» Тренинг мақсаты: Ұжымға, топқа келген бөтен адамға бейімделуіне көмектеседі. Жеміс-жидектер аттарын айтып шығады. Алдында айтылып кеткен жеміс-жидек қайталанбауы керек. Барлығы өзіне жеміс-жидек таңдап болғаннан кейін, қатысушылардың ішінен өз еркімен бір адам ортаға шығады да, осы топтың ішіндегі айтылған жеміс-жидектерді қайталап шығады. Егер қайталай алмаса, ойынға қатысушылар айыппұл төлеуін талап етеді. Егер қайталай алса, онда ол адамға қошемет көрсетіледі. Бұл жаттығудың бөлігінде есте сақтау, зейінмен жұмыс істейді. Жаттықтырушы ортада тұрады, ал топтың ішіндегі қатысушылардың біреуі ойынды бастайды. Көзбе көз Мақсаты: осы кезеңде топ қатысушылары терең әрі сенімді қатынас орнатулары үшін. Күнделікті өмірде біз, адамдар, қарым-қатынастың тек үстіңгі, терең емес жанасуларымен қанағат ететміз, бір-бірімізді түсінуге тырыспаймыз да! Қатысушыларға 3-5 минут аралығында бір-бірінің көздеріне қарап тұрып, әрбірімен жанасу орнату үшін. Талқылау кезінде қойылатын сұрақтар:  Осы жаттығу кезінде қандай сезімде болдыңыздар?  Көздік қатынас орнату кімге қиынға түсті?  Неліктен қиын болды? «Бұзылған телефон» жаттығуы Мақсаты: вербальде деңгейде бірін-бірі түсінуді үйрену үшін. Қатысушылар бір-бірден тізбекке тұрады. Жүргізуші тізбектің соңына тұрады. Осылайша барлық қатысушылар бір-біріне арқаларымен тұрады. Иыққа қағыспен қатысушы алдында тұрған қатысушыға қарауды ұсынады. Содан кейін ол ым-ишара арқылы бір затты көрсетеді ( сіріңке қорабы, пситолет, волейболды доп және т.б.). Бірінші қатысушы екінші қатысушыға қарайды және жәнегі иық қағысымен оның қарауын сұрайды, сосын затты көрсетеді және сол сияқты ары қарай ақырғы қатысушыға дейін. Ең ақырғы қатысушы сол затты атайды. шарттары: барлығы да дыбыссыз орынадалады, тек қана ым-ишара арқылы, тек қана қайталауды сұрауға болдады және қатысушылар кезегі жетпей бұрылмауы керек. Талқылау кезінде қойылатын сұрақтар:  Қатысушылар бір-біріне әдепті болды ма?  Кімге өз досын түсінуге ұиын болды? «Арқаға арқа» жаттығуы Мақсаты: күнделікті өмірде болмайтын қарым-қатынастың тәжірибесін алу. Екі қатысушы бір-біріне арқаларымен отырады және осы жағдайда 3-5 минут әңгіме құрады. Аяқталысымен олар өз сезімдерімен бқліседі. Талқылау кезінде қойылатын сұрақтар:  осы әңгіме күнлеікті әңгімеге ұқсады ма, мысалы, телефондық әңгіме, қандай айырмашылықтар бар:  әңгіме құру оғай болды ма;  әңгіме қалай болды - ашық па әлде жоқ па. Қалғандары да дәл осылай істей алады. «Періште» ойыны. Барысы: Ойынға барлық оқушы қатысады. Кішкентай қағаздарға оқушылардың атын жазып, бүктеп жасырамыз, бүктеген қағаздарды әр оқушы бір-бірден алады және оны ешкімге айтпай, құпия ұстауы керек. Өйткені ол сол адамның періштесі болады, ойын оқу жылының аяғына дейін жүреді, сол аралықта құпия періште таңдаған қағазындағы адамды әр қашан қорғап, оған жақсы көңіл-күй сыйлап, қиналғанда қол ұшын беріп, сыйлықта сыйлап тұруға болады. Талапкердің соңғы күні кім өзінің періштесі бар екенін сезінгені туралы айтамыз. «Не жаңалық бар» жаттығуы. Мақсаты: бөлшектеріне дейін зейінді қоя білуді дамыту. Барысы: ересек адам тақтаға геометриялық фигураларды салады. Тақтаға балалар кезекпен келіп, жетіспей тұрған бөліктерін қосымша сала отырып, суретті аяғына дейін жеткізеді. Біл бала тақтаға шығып, суретті толықтыра бастағанда, қалған ойыншылар көзін жұмып отырады, жұргізушінің командасы бойынша, олар көздерін ашып, тақтаға қандай бөлік қосылғанның айтады. Ойын қаншалықты ұзаққа созыла бастағанда, соншалықты жаңа бөліктерді табу қиынға түседі. РЕФЛЕКСИЯ: Флешмоб билеу.