Химия п?нінен ашы? саба?: «Алюминий ж?не оны? ?осылыстары»
Сабақтың тақырыбы: «Алюминий және оның қосылыстары» Білімділігі: Алюминий элементінің периодтық жүйедегі орнын, табиғатта кездесуі, алынуы, физикалық қасиеттері, химиялық қасиеттері, қолданылуын, Қосылыстары туралы мәліметтерді меңгерту Дамытушылығы: Оқушының пәнге қызығушылығын, дүниетанымын, екідайлы элементтер жайлы алған білімді одан әрі дамыту. Тәрбиелігі: Алюминийдің тұрмыста қолданылуын, алюминий құймаларының құрамымен таныстыру, өмірдегі маңызын түсіндіру. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту Сабақтың көрнекілігі: алюминий ұнтағы, алюминий құймалары, периодтық жүйе, кестелер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Негізгі бөлім 1. Жаңа тақырыпты түсіндіру жоспары: 1. Алюминийдің периодтық жүйедегі орны (химик) 2. Табиғатта таралуы және маңызы (геолог) 3. Алюминийдің ашылу тарихы (тарихшы) 4. Физикалық қасиеттері (физик) 5. Алюминийдің алынуы (металлург) 6. Алюминийің кен орындары (географ) 7. Алюминийдің химиялық қасиеттері ( химик) 8. Алюминийдің қолданылуы ассоциация әдісі бойынша түсіндіру 9. “Кім жылдам?” есептерді орындау 10. Сәйкестікті тап 11. Тест тапсырмалары А. Сұрақтарға жауап беріңдер: 1. Қазақстан жерінде ежелден металдан жасалған бұйымдар? 2. Ең қиын, ең оңай балқитын металдар? 3. Ең жеңіл және ең ауыр металдар? 4. Түсті металдар? 5. Сирек кездесетін металдар. 6. Қазақстанның қазба байлықтарының металогендік картасын жасаған ғалым. 7. Мыс пен мырыштың балқу температуралары қандай? 8. Елімізде хромның бай кен орындарын ата 9. Темірдің биологиялық маңызы қандай? 10. р-элементтерге қандай элементтер жатады? Ә. «Қанатты металл» Болмасам да айтарлықтай салмағым, Мен көбіңмен ардақтымын, алдамын, Ұшақ болып аспанға ұшып қалықтап Жердің жүзін , көк аспанды шарладым , Дюралюминий дейтін менің қоспамды, Әспеттейді химияның достары. Осыларға төсек, үстел, ыдыс пен, Бағандардың бұйдаларын қос тағы. Қағаз да мен қант-шайды сәндеген, Тоққа балқып, келіп тұрған ән де мен. «Химик» Атом құрылысы Аl ІІІ периодта, ІІІ топта, негізгі топшасында Аl 1s2 2 s2 2 p6 3 s2 3 p1 Al /13протон, 14 нейтрон / 13 электрон Ar = 27 Тотығу дәрежесі +3 Валентілігі ІІІ «Металлург» 1827 жылы неміс химигі Ф.Вёлер. Француз ғалымы Берцелиус латынша аІumеn – ашудас 950 С, Nа3 [АІF6] 2АІ2О3 4АІ + 3О2↑ электр тогы «Физик» 1. Күмістей ақ түсті 2. Жеңіл металл 3. Бүйірлі орталынған торы бар 4. d -2,7г/см3 5. t – 660,24 С 6. t – 2500 С 7. Иілгіштік қасиеті жоғары 8. Электр өткіздігіштігі, жылу өткіздігіштігі жоғары «Химик» АІ Қосылыстары: Алюминий оксиді - Al2O3 – қиын балқитын, қатты зат. Al2O3 + 6HCl → 2AlCl3 + 3H2О Al2O3 +6NaOH→ 2Na3AlO3 + 3H2О Al2O3 +2NaOH→ 2NaAlO2 + H2О Алюминий гидроксиді Al(OH)3 – ақ түсті суда ерімейтін зат. 2AlCl3 + 3NaOH → Al(OH)3 + 3NaCl 2Al(OH)3 = Al2O3 + 3H2О «Кім жылдам?» Қорытындылау 1. Айналуларды жүзеге асырыңдар: Al→Al2O3→AlCl3→Al(NO3)3→ Al(OH)3→Al2O3→Al 2. Алюминтермия процесінде 80г темір (ІІІ) оксидін тотықсыздандырғанда 42,5г темір алынды. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнім шығымын (%) анықтаңдар. 3. 10г алюминий мен мыс қоспасы тұз қышқылымен өңделді. Бөлінген газдың алатын көлемі 6,72л (қ.ж). Қоспадағы әрбір металдың массалық үлесін анықтаңдар. «Сәйкестікті тап!» № Формулалар Аты 1 Na3AlF6 Корунд 2 Al2O3 Нефелин 4 KNaAlSiO4 Альбит 5 KAlSi3O10 Криолит «Тест тапсырмасы» 1.Алюминий қосылыстарда неше валентті? а) 2; ә) 3; б) 4; в) 5 2.Алюминиймен барлығы әрекеттесетін заттар тобы: а) HNO3, NаСl, KOH; ә) H2О, СuСl2¸NаOH; б) HСl, SO2¸KOH 3. Қазақстанда алюминий зауыты қай жылдан бастап жұмыс жасайды? А) 2000; ә) 1998; б) 2007; в) 1992 4. Алюминийді өнеркәсіпте алу әдісі: а) бокситтерден электрохимиялық әдіспен ә) алюминий тұздарының ерітіндісін бейтараптау б) Al2O3 сутегімен тотықсыздандыру 5. Алюминотермия әдісімен алуға болатын металдар тобы: а) Nа¸Mn¸Al; ә) Ni¸Cr¸Zn; б) Cu¸Nа¸Сr Тест жауабы: 1 – ә; 2 – ә; 3 – б; 4 – а; 5 – ә; Үйге тапсырма: Алюминий және оның қосылыстарын оқу.