М??алім мен о?ушы ?арым — ?атынасы
-450215-29527500
«Мұнайлы ауданы №6 орта мектебі»ММ
Педагог –психолог:Баймуратова С.К
2015/2016 оқу жылы
Тренингтің тақырыбы: «Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы»
Тренингтің мақсаты: Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту
Тренингтің жүрісі: Тренингтің ережесімен таныстыру
1. Сергіту сәтіӨздеріңізде мамандыққа байланысты стресстік жағдайда жиі болатындығы белгілі. Сондықтан біз қазір бірнеше жаттығулар жасайық. Денеңізді бос ұстап отырыңыз. Денеңізді мұрыныңызбен ішке тартып, демді сыртқа шығарар кезде қатты бар даусыңызбен «А» дауысын айтыңыз- ол сіздің бүкіл денеңіздің сауығуына көмегін тигізеді.«Е» қалқанша без жұмыстарына әсер етеді.«И» миыңызға, көзіңізгеғ құлағыңызға әсер етеді.«О» жүрегіңізбен, өкпеңізге әсер етеді«У» қарныңыздың маңындағы дене мүшелеріңізге«Х» денеңіздің тазаруына«Ха» көңіл-күйіңіздің көтерілуіне әсер етеді2. «Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы» психологиялық жаттығуыҚазіргі қоғамда оқушы мен мұғалім қарым-қатынас сауаттылығы маңызды сипат алып отыр Төменде Американдық психотерапевт Вирджиния Сатирдің мұғалімдер типологиясын анықтау арқылы мұғалім мен оқушының қарым-қатынасын жақсартуға араналған психологиялық жаттығу берілген. Жаттығудың мақсаты:- өзін-өзі тану, түсіну, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу;- ойдың икемділігін, тапқырлығын талап ету;- ойлаудың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру;- өзінің не өзгенің даралығын дамыту.Жүру барысы: алдарыңыздағы ақ параққа аты-жөндеріңізді жазыңыз және төменде берілген 4 жауаптың біреуін таңдап жазып қоясыздар. 1. Мұғалім-басшы2. Мұғалім- компьютер3. Мұғалім- қиналушы4. Мұғалім- таныс досҚорытындысы:1. Мұғалім басшы.Оның «беделі»-билік. Оқушылардан ол тіл алуды, бой ұсынуды талап етеді. Ол үнемі өзінің күшіне сенетін жендетке (рахымсыз, қатыгез адамға) ұқсайды. Ол үнемі оқушыларды кіналап, қорқынышта ұстайды. Ол-оқушылардың жасырын кемшіліктерін және құпия қорқыныштарын білетін «тәжірибелі мұғалім». Ол өзінің осы «білімін» өзінің беделін қолдауда шебер пайдаланады. Ол принцип ұстанғыш. Ол мұғалім кез-келген сұраққа жауап беру керек деп санайды.Нәтижесі: Мұғалімнің мұндай мінез құлық түрінің нәтижесі, оқушылардың реніші, қақтығыс қарым-қатынас жасауда шыншылдықтың жоқтығы.2. Мұғалім- компьютер.Оның «беделі»- белгілі бір аймақтағы негізделген білімді меңгерген. Ол оқушылардан білім, жаңалық, дәлел талап етеді. Ол түмі суық, белгілі жағдайды айтатын роботқа ұқсайды. Ол көбінесе сөйлегенде былай сөйлеп бастайды. «Бәрімізге белгілі», «Мынадай ой бар...», «Барлығы біледі...» Ол өте суық, қатал, жабық адам.Нәтижесі: оқушының өз-өзіне сенімділігінің түсуі, сабақта жағымсыз көңіл-күйдің жоқ болуы «әсіресе пәнді меңгеруде қиындық көретін оқушылар). Соңында оқушылардың оқу мотивациясы төмендеп, тіпті пәнді жек көрушілік пайда болады3. Мұғалім- қиналушы. Оның беделі қақтығысқа түспеушілік. Ол оқушылардан тіл алуды, тыңдауды талап етеді. Ол көбінесе болмашы нәрсе үшін құрбандықтарға барады. Ол өзіне қатысты жұмыс болмаса да, қақтығысқа түспеу үшін үнемі басқаның жұмысын орындайды. Бәрінен де бұрын ол қақтығыстан қорқады. Ол үнемі өзін кінәлі сезінеді. Оқушының міселесі оның көңіл-күйін түсіреді. Егер оқушыда бір мәселе болса, мұғалім бірінші өзін кінәлайды. Нәтижесі: оның бағыты оқушы үшін зиян. Кейбір оқушыларды ол мұғалімдерді бағындыруға итермелейді. 4. Мұғалім- таныс досОның «беделі»- әйгілілік. Оқушылардан ол жақсы қарым-қатынасты талап етеді. Ол мейірімді жолдас әрқашан барлығын кешіре алады. Мұндай мұғалім ешқандай проблемасыз жүреді.Нәтижесі: оқушыда жауапкершілік сезімі жоқтығы.3. «Құрмет көрсету грамотасы» психологиялық жаттығуМақсаты: оқушы тәрбиесін жаөсы жолға қоюды сынып жетекшісінің ой-пікірін анықтау.Жүру барысы: қазір мен сіздерге 10 сұрақ қоямын. «Иә» деп жауап бергендеріңіз орындарыңыздан тұрыңыздар. Отырып қалған мұғалімдер орындарыңызда қол соғып қошеметтеп отырасыздарНәтижесі:- Тестілеу жүйесі дұрыс емес- Жоспарлы шаралар өткізіп жүремін- Оқушыға да, мұғалімге де бірдей форма кию керек- Сыныбымда темекіге әуес оқушылар бар- Сыныбымда қиындық келтіретін оқушылар бар- Мектептегі үйірмелерге қызығушылық жоқ- Үнемі сынып оқушылармен жиналыс, тәрбиелік сағатын өткіземін- Қосымша сабаққа келмейтін оқушылар бар- Сыныбымның сабағына жиі қатысамын- Оқушылардың ата-анасы сабаққа қатысады- Оқушының тірбиесіз әрекеті ата-ана ықпалымен болады4. «Менің сынып жетекшім» жаттығуыШарты: әр топ сынып жетекшінің моделін қорғау І топ «Бастауыш сынып оқушылары»ІІ топ «Орта буын оқушылары»ІІІ топ «Жоғары сынып оқушылары»5. «Мұғалімнің конфликтогендігіне» тест6. «Күннің шуағы» жаттығуыШарты: күннің шапағына тілек жазу арқылы айналаға жылу тарату