?аза? хал?ыны? ?лтты? киімдері
Қазақтың ұлттық киімдері
Ер адамның киімдері: шапан, тон, шалбар, белбеу.Әйел кейімдері: Көйлек, қосетек койлек, камзол.Бас киімдері: тымақ, бөрік, тақия, сәукеле, кемешек.
ШапанҚазақстан мен Орта Азия халықтарының ұлттық киімі . Оны қалың адам арасына жүн, мақта салып, астарлан немесе қос астарлан сырып тігеді. Ол негізінен тік жағалы, ішінара қайырма жағалы да болады. Шапан: сырмалы шалан, қаптал шапан, қималы шапан деп бөлінеді. Қызкеліншектерге арналған қималы шапанды түрлі-түсті масатыдай тігіп, жаға-жеңіне, етегі мен екі өңіріне зер ұстайды. Түйме орнына асыл тастар орнатылған күміс қапсырма (ілгек) тағады. Қазіргі кезде түрлі-түсті масатыдай екі өңірі мен жеңі кестеленген немесе зер ұсталған жадағай (арасына жүн, мақта салмай) шан айдар тігіліп сатылады. Қазақ халқының арасында сыйлы адамдарға сыйлық ретінде шапан кигізу дәстүрі кең тараған.
Тон - қазақтың ұлттық киімдерінің бірі, оны қойдың, ешкінің және құлынның терісінен тігеді. Тон тігетін теріні ең алдымен шел майынан арылтады. Одан соң оны күбіге салып не ашық күйінде илейді. Қой мен ешкінің терісінен тон тіккенде терінің жүні мен тігісі ішіне қарайды. Тонды тебен инемен басып тігіп, немесе шалып тігіп кестелейді. Кейде сыртына тыстық жапсырып қаптама тон да тігеді. Қаптама тондардың тыстарын әр түсті жіппен кестелеп, елтірі, сеңсең, аң терілерінен қайырма жаға жасап тіккен
Шалбар ды барқыт, пүліш, шұға, тібен, шөшінше, шибарқыт, шегрен, ләмбөк, мәлескен, қырмызы, қамқа, көк мауыты сияқты ширақы маталардан, қой-ешкі терілерінен тігеді. Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі, қалтасыз, кең балақ болып келеді. Оның кең тігілуі салт атқа мініп-тұруға, малдас құрып отыруға өте қолайлы болған. Шалбардың балағы кейде етік қонышының ішіне салынып, кейде қоныштың сыртында жүреді. Жеңіл шапан мен бешпенттің етегін де ышқыр астынан жіберіп, шалбарланып алатын. Шалбарланып жүру әсіресе аңшылар мен батырларға, балуандарға тән әдет еді.
Белдікпен кісені қайыстан, былғарыдан қабаттап, күмісті мықтармен, білезіктермен, көзді күміс бұдырлармен сәндейтін. Бұлардан басқа құр, терме, шекпен белбеулер де болған. Оларды да өрнектеп, шашақтап, әдемілеп істеген.
Сәукеле — әйелдің бас киімі, оны ұзатылған қыздар және оның жанына еріп жүретін құрбылар киген. Сәукеленің негізгі бөліктері — тәж, төбе, құлақбау және артқы бойы. Сәукеленің төбесі қиық конус тәрізді болып келеді. Оның төбесінде «Тәж» деп аталатын жартылай дөңгелек айдары болады. Оны асыл тас, алтын, күміс, меруерт, маржанмен өрнектеп, алтын жіппен әшекейлейді. Сәукеленің төбесінің биіктігі екі сүйем, кейде одан да биік болады. Сәукелені өлшеп пішіп алып, ішіне астар, сырт жағына бидай шүберек ұстап жиі етіп сыриды. Одан соң оның сыртын қамқа, дүрия, торғын сияқты асыл матамен тыстайды. Сәукелені әшекейлеу үшін оның тысының сыртынан зер жіптен тоқылған оқаларды белдеулен басады.
Қазақтың ертеден қалыптасқан ұлттық бас киімі , оны бағалыаң терісінен және жас төлдің- етірісінен тігеді . Оның жаздық және қыстық түрлері болады. Терінің түріне қарай бөрік әр алуан аталады. Құндыз бөрік, сусар бөрік, кәмшат бөрік, жанат бөрік, түлкі бөрік, елтірі бөрік, т. б. деп аталады. Оны ерлер де, қыздар да киеді . Бөріктің төбесі көбінесе алты сай (қиық) , төрт сай болып келеді . Оны тіккенде алдымен өлшеп алып, жұқа киізден төрт не алты сай етіп пішеді . Әр сайдың төбеде түйісетін ұштары бұрыш тәрізді , етек жақтары тік төрт бұрыш болады. Осы қиьіндылардың бір бетіне шүберектей астар, екі арасына жұқа матадан бидай шүберек салып, жиі етіп сыриды. Одан соң жеке-жеке сайларды біріне-бірін ебістіріп ішінен де, сыртынан да жермен тігеді . Оның сыртын асыл матамен (барқыт, пүліш, қамқа , т. б.) тыстайды. Бөріктің іші сай болса, оның тысы да сонша сай болады.
Кимешек — қазақ әйелдерінің киелі бас киімі.Әдетте кимешек ақ матадаң немесе ақ жібектен молдау пішіліп, адамның басын, иығын, кеудесі мен жаурынын жауып тұрады. Кимешекке қарап әйелдердің шырайын, жас мөлшерін, тұрмыс-жайын, тіпті жүріс-тұрысына дейін анық ажыратып алуға болады екен. Апаларымыздың ұқыптылығы мен салақтығы да кимешегінен көрінетін. Кимешектің түрі мен тарихи тұрпаты сан-алуан. Олар көбіне рулық-тайпалық өмір ерекшеліктеріне байланысты.
ТақияҚазақта тақияның түрі көп. Соның ішінде аса сәндісі, көркемі – бүлдіршін қыздар киетін үкілі тақия. Ол биіктігі 10-15 см мөлшерінде дөңгеленіп тігілген, жалпақ төбесіне үки тағылатын жеңіл бас киім. Айнала жиегіне ою салынып, түрлі асыл тастармен көмкеріледі.Оны жас қыздар үзатылғанға дейін киеді. Ұзатылған қыз – қыз ғумырдың белгісі – тақиясымен «сыңсу» айтып қоштасады.
ТымақҚазақта тымақтың түрлері көп, соның ең бағаласы – түлкі тымақ. Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі де, сырты мақпалмен, пүлішпен немесе басқа асыл маталармен сырылып тысталады. Тымақтың төбесі төрт немесе алты сай (бөлек) үшкіл (үш бұрышты) киізден құралып, шошақ болып келеді.
Қыздар мен жас әйелдердің ең бір сәнді киімі қос етек көйлек. Қос етек көйлек әдетте ақ түсті қымбат жібектен, асыл матадан тігіліп таза жүннен тоқылады. Мұндай көйлекті қыс киюге арнайды да, бір киер көйлек санайды.
Назар аударғандарыңызға көп-көп рахмет