Презентация «Білім беру мазм?нын жа?арту жа?дайында дене шыны?тыру п?ні м??алімдеріні? к?сіби ??зыреттіліктерін дамыту»


Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі2015-2016 оқу жылындағы аудандық Тамыз педагогикалық кеңесіБаяндама тақырыбы:«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»Баяндамашы: дене шынықтыру пәнінің І санатты мұғалімі Кажгалиев.С.С26 тамыз 2015 жыл Дене шынықтыру пәнінің келешек ұрпақ өмірінде алатын орны Жас ұрпақты жан-жақты дамыған, ой-өрісі биік, тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін білім жүйесінде дене тәрбиесінің алар орны орасан зор. Ал оны неғұрлым ерте кезінен бастап, дұрыс жолға қойып жүргізсе соғұрлым нәтижесі жемісті болатыны анық. Демек болашақ азаматтың дені сау, мүсін тұлғасы дұрыс қалыптасқан, жігерлі де қайратты болып, көпшілдік  дағдыларын бойына  терең сіңіріп өсуіне мектептердегі дене шынықтыру пәнінің қосар үлесі зор.  Мағжан Жұмабаев: «Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене жанның қабы. Қап берік болса ішіндегі заты берік болмақ. Дене жанның құралы. Құралы мықты болса иесі де мықты. Сау жан – сау денеде ғана болады» - деген. Сондықтан да оқушылар ағзасының қызметін жетілдіру, денсаулығын жақсарту, жүйкенің жұмысын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, икемді, сымбатты етіп өсіру, міне, осының барлығын ғылыми негізде оқу мен тәрбиенің түрлерімен ұштастыра жүргізу – мектептердің негізгі мақсаты мен алға қойған үлкен міндетінің бірі.Қазақтың кемеңгер ақыны дене тәрбиесіне зор көңіл бөлді. Құзыреттілік латынның «competentis» — бейім сөзінен пайда болған, қандай да бір оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті жеке тұлғаның орындай алу қабілеттілігі, яғни бұл адамға берілген немесе жүктеген істі нәтижелі түрде орындауын бағалау мінездемесі. Бұл адамның бойында өзіндік, жауапкершілік, жаңалықты жоғары қабылдайтын, мәселені шеше алатын, адамгершілігі мол, білімі жоғары, жаңа технологияларды меңгерген, ұжымда жұмыс жүргізе алатын, белсенділік қасиет - қабілеттерінің   болуы. Кәсіби құзіреттілік -деп мұғалімнің жеке бас сапалары мен оның психологиялық – педагогикалық және теориялық білімнің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады. Мұғалім өз ісінің шебері болу үшін мамандығына қажетті қабілеттерді және жалпы әлемдік спортты, өз елінің спорт мәдениетін меңгеріп әлемдік білім кеңістігінің өрісінен шыға алуға талпынуы керек. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін дамытуда еңбек өтілі мен тәжірибесі үлкен рөл атқарады. Кәсіби біліктілігі, шығармашылық ойлауы жоғары мұғалімге қашанда сұраныс көп.Дене шынықтыру пәні мұғалімінің ерекшелігіне байланысты оқытылатын пәннің теориялық мазмұнын жетік біліп,  оны оқушыларға жеткізе алатын кәсіби құзыреттілігі болмаса, ондай мұғалімнің еңбегі нәтижелі бола алмайды. Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін төмендегідей жұмыстарды жолға қойған дұрыс болар еді:· Спорттық ойындардың техникасын және дағдыларын жандандыру;· Педагогикалық-психологиялық инновацияларды меңгеру;· Әр түрлі формада жаңа технологияны меңгеруге көмек көрсету;· Оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыру;· Өзара іс-тәжірибелермен алмасу, т.б. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем.Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану арқылы кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Кез-келген кәсіп иесі жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына енуді ұмытпауымыз керек. . Волейбол үйірмесі - бұл сыныптан тыс жұмыстың ең белсенді әрі тиімді формаларының бірі, мұндағы тарау-тақырыптар кеңейіп, тереңдей оқытып, үйретіледі. Үйірме кезінде оқушынының кәсіби мүмкіндігі мен қызығушылығын есептей отырып, еңбекке деген ынта-ықыласын нығайту және мамандықты саналы түрде таңдай білуге даярлау. Оқушыларды волейбол ойынын ойнап қана қоймай, болашақта кәсіби спортшы болуға, денсаулықтарын нығайтуға әсерін тигізеді. Командалық ойын барысында оқушылардың адамгершілік сезімдерін дамытып, жеке басының шеберлігін арттыруға , олардың жеңіске деген жігерлерін күшейтіп, патриоттық сезімдерін оятады. Кәсіби деңгейін көтеріп отыру – мұғалімнің қоғам және оқушы алдындағы басты міндеті. Сенім-үлкен жеңіске жетелейді. Волейболдан командалық жеңістер... Шәкірт жетістігі – ұстаз мақтанышы. Қортындылай келгенде, дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысқан оқушыларымыз, айналыспаған құрдастарына қарағанда денсаулығы мықты, әр түрлі жаңалықтарды сергек қабылдап ой елегінен өткізуге қабілетті келетіндігі ғылым мен тәжірибеде дәлелденген. Спорт қоғамда жат қылықтармен күресуде, ұжымдық көзқарасты қалыптастыруда белсенді өмірмен жоғары адамгершілік қасиеттерді дамытуға маңызы зор екені белгілі болды. Дене тәрбиесімен айналысқан оқушыларымыз келешекте жоғарғы оқу орындарында дене тәрбиесі және спорт бөліміне А.Ә.Д және туризм салаларына, құқық қорғау органдарына сынақ тапсыру арқылы өз мамандықтарын таңдай алады. Назарларыңызға рахмет !!!