?леуметтік орта саласы, ?ОІ?: Экология, Та?ырыбы: Нан ?айдан келді?
№54 негізгі мектебі “Абылай” шағын орталығының тәрбиешісі Кулшанбаева Гулбану Мусағалиқызы Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Экология.Мақсаты: Дән тұқымымен танысу, бидайдан нан жасалынатынын айта отырып, дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен, қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру. Өсіп келе жатқан өсімдікке қызығушылығын тудыру. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Жаңа сөздер: Наубайхана, диірмен, комбайн, дихан, соқалы трактор, масақ.Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сергіту, ойын, әңгімелеу, сұрақ-жауап, СТО технологиясы.Керекті құралдар: «Нан қайдан келді?» сериялық суреттер, нан түрлерінің суреттері және піскен нан, ұн, диірмен, масақ, су, жыл мезгілдерінің суреттері.Қостілдік компонент: нан – хлеб, ұн – мука, дүкен – магазин. Ынталандыру.Сезімді ояту. Сәлеметсіздерме балалар!Қане балалар алдымен әдеп сақтап төрде отырған үлкендермен амандасып алайық. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Үлкендерді құрметтеп, Бас иеміз біз! І.Қызығушылығын ояту.Ендеше бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік! Күніміз жарқын болсын,Аспанымыз ашық болсын.Күніміз сәтті болсын,Деніміз сау болсын! Іздену кезеңі Жылдың неше мезгілі бар?Төрт.Қане, атап шығайық!Көктем, жаз, күз ,қыс.Далада ауа-райы қандай?Суық.Балалар қазір жылдың қай мезгілі?Қыс.Қыс мезгілінің айларын ата.Желтоқсан, қаңтар, ақпан. Суретке назар аударту Суретте не бейнеленген? Елтаңбадағы бидай масақтарын көрсете отырып, бүгінгі іс-әрекетімізде ас атасы нан туралы екендігін айтамыз. Елтаңбадағы бидай масақтарын көрсете отырып, бүгінгі іс-әрекетімізде ас атасы – нан туралы екендігін айтамыз. Суретпен жұмыс Көктемде бұл тракторлар жерді жыртып, оны тырмалайды. Жерге бидай дәндерін тастайды. Бірнеше күннен кейін дәндер өседі. Бидайдың сабақтары пайда болады. Дихандар оны суарады. Бидай масақтары пісіп жетіледі. Түстері сарғаяды. Мезгілі жеткенде комбайн бидайды орып, оны тазартып, көлікке салып береді. Машина элеваторға тасиды. Бидайды диірменге тартады. Ұннан наубайханада әртүрлі нандар пісіріп шығарады, оны дүкендерге, балабақшаларға жібереді. Балалар, ұннан жасалатын қандай нан түрлерін білесіңдер? Нанның орысша атауы не? Хлеб Жұмбақ:Алтын сары тоны бар,Ортасында дәні бар. Бидай Нан туралы мақал – мәтел Арпа, бидай – ас екен,Алтын, күміс – тас екен. Логикалық есеп:Дүкен сөресінде 4 нан болды, оның біреуін Гүлназ сатып алды. Дүкен сөресінде қанша нан қалды? Дүкен сөресінде 3 нан қалды. Қандай ақылды балалар! Бауырсақ әжесімен атасына аман-есен барыпты. Сергіту сәті: «Орнын тап!» Балаларға үстел үстінде жатқан суреттер арқылы нанның қалай келетінін көрсетіп құрастыру. Ол үшін суреттердің орын тауып қоюы керек. Рефлекстік түзету. Балалар, нан біздің дастарханға келу үшін қандай жолдардан өтеді екен?Сол үшін қаншама адам жұмыс істеп, тер төкті қане атап кетейік. Сондықтан қаншама адам еңбек етіп, тер төккен қасиетті нанды біз қадірлеп, қастерлеуіміз керек. Нан қоқымын шашпаңдар,Жерде жатса баспаңдар.Теріп алып, қастерлеп,Торғайларға тастаңдар! Нан – тіршіліктің, өмірдің алтын қызығы. Нан – береке, нан – байлық. Бұл бидай масақтары біздің мемлекеттік елтаңбамызда да бейнеленген. Осымен ұйымдастырылған оқу іс-әркетімізді аяқтаймыз. Формативті бағалау. Өлең жолдары және нақыл сөздер айту Бағдаршам» оқушылар қолдарына берілген қағазға жазып, үш түсті бағдаршам көзінің қалауына жабыстырады.Қызыл: «Сабақ менің көңілімнен шықты. Мен өзіме көп пайдалы нәрсе алдым. Мен сізді де, сабақты да толық түсіндім. Өзіме тиісті баға алдым» дегенді білдіреді.Сары: «Сабақ қызық болды. Мен оған белсенді қатыстым. Белгілі бір деңгейде маған сабақ түсінікті. Мен сабақта өзімді жайлы сезіндім».Жасыл: «Сен үшін сабақтан еш пайда болған жоқ. Түсінгенде жоқпын. Сабақта сұрақтарға жауапта айта алмадым. Мен сабақта өзімді жайсыз сезіндім» Күтілетін нәтиже: Білді: Трактор, диірмен, комбайн мен бидайдың не екенін және нанның оңай жолмен келмейтіндігін білді.Меңгерді: Көктем, жер жырту, тырмалау, диірмен, комбайнмен ору, наубайхана сөздігін және нанды қастерлеуді, шашпауды меңгерді. Жасай алуы: Суреттерді ретімен орналастыра алу, сұрақтарға толық жауап бере алу.