Урок на тему Адам ?міріне ?ажетті жа?дайларды ?айдан алады? 2-сынып


Сабақтың тақырыбы: Адам өміріне қажетті жағдайларды қайдан алады?Сабақтың мақсаты:
1)      Білімділік: Адам мен табиғат қарым-қатынасы туралы түсінік қалыптастыру, өздігінен оқу, мазмұндағы  құбылыстарды түсіну, өзін ойланту сияқты үрдістерге қосу.
2)      Дамытушылық: Сөздік қорларын  байыту,  терең ойлауға  және  еркін сөйлеуге үйрету. Шығармашылық  қабілетін  дамыту.
3)      Тәрбиелік: Отанды,  туған  жерді таныту, табиғатты  қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:плакат, күн.
Сабақтың  түрі:дәстүрлі сабақ.
Сабақтың   әдіс-тәсілдері:түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Пәнаралық  байланыс:әдебиеттік оқу, қазақ тілі.
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
І Ұйымдастыру  бөлімі.
ІІ  Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша сұрақтарға беру, әңгімелеу, талдау жасату.
ІІІ  Жаңа  сабақ.
Күн-табиғаттың бір бөлшегі. Енлеше, адам жылуды күннен алады. Күн-табиғатқа жылу, жарық сыйлайды. Күзде, жазда, көктемде жылу жерге күннен мол тарайды. Адам, өсімдік, жанувр рақаттанып, тіршілік етеді. Күннен келетін жылу барлық тіршілік иелнріне, соның ішінде адамдарға, өсімдіктерге, жануарларға да қажет. Мысалы ағаштар күннен алған жылудың артық мөлшерін денесінде сақтайды. Отынды жаққанда одан жылу бөлінеді, оған адам тамақ пісіруге, үйді жылытуға болады. Ендеше отын да табиғаттың заты, яғни өсімдіктер, жануарлар-бәрі-бәрі күн сияқты табиғаттың перзенті. Адам жылуды табиғаттан алады,- деген пікірдің бір дәлелі осы.Қыс кезінде адам өзі тұрған үйді от жағып жылытады. Адамдар жылы қыстық киімдер киеді. Жылы киімге керекті материалды мақтадан, аң мен малдың жүнінен, терісінен дайындайды. Адам үйді салғанда оған кірпіш, саз, құм, тас, ағаш, шыны, т.б құрылыс материалдарын пайдаланады. Бұл материалдар да табиғаттан алынады.
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкене ағаштарҮп-үлкен боп өседі.
1. Оқулықпен  жұмыс.  Мәтінді оқып, тапсырмалармен жұмыс жасау, сұрақтарға жауап беру.
1) Адамның жылуды, ауаны, жарықты, суды, тағамды табиғаттан қалай алатынын өз сөзіңмен әңгімеле.
2) Киім тігу үшін адамдар табиғаттан нені пайдаланады?
Шығармашылық тапсырма:
1-топ: Табиғат перзенті дегенді қалай түсініесіңдер? Эссе жазу
2-топ: Сурет салу
3-топ: Постер қорғау
Қорытындылау. Бүгін не үйрендік? Не білдік?
Үйге тапсырма. Әңгімелеу
Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау