Проект по истории Казахстана «Б?кенбай батыр атына байланысты жер-су атауларыны? тарихы»
«Бөкенбай батыр атына байланысты жер-су атауларының тарихы»
Жоба атауы:Бөкенбай батыр атына байланысты жер су атауларының тарихы
Мәселелік сұрақтар зерттеу сұрағы:Ақтөбе облысындаБөкенбай батыр атына байланысты жер-су атауларының шығу тарихы.Олар-Ырғыз ауданындағы «Бөкенбай шоқысы»,Байғанин ауданындағы «Мәстағат»,«Бөкенбай қорымы»,Жем өзеніне құятын «Байсары Бөкенбай»,«Құр Бөкенбай»,«Ащылы Бөкенбай»,Қобда ауданындағы «Бөкенбай асуы»,Ақбұлақ ауданының терістігіндегі«Бөкенбай жазығы» деген жерлер.Бұлар-Бөкенбайға қойған халық ескерткіштері және ұлы тұлғаға берілген көше аты.
Жобаның көкейкестілігінің кіріспе негіздемесі:Бөкенбай батыр және оның әулетінің негізіндеБатырдың көзі тірісінде ғұмыр кешкен аймағы Кіші жүздің жері-Батыс Қазақстан,Арал теңізінің солтүстік-шығыс жақ беті,Жайық,Жем,Ырғыз,Ойыл,Қобда өзендерінің бойы.Оның пейілі қандай кең болса,ата-қонысы да сондай кең болғанға ұқсайды.Жем өзенінің орта тұсынан құятын Қаратөбе Бөкенбай,Ақжарлы Бөкенбай деп аталатын кішігірім өзен сулар,Құр Бөкенбай,Ащы Бөкенбай және Байсары Бөкенбай деген жер аттары патша үкіметінің карталарында кездеседі.Ақтөбе облысында Бөкенбайға байланысты жер-су аттары жеткілікті.Олар-Ырғыз ауданындағы «Бөкенбай шоқысы»,Байғанин ауданындағы «Мәстағат»,«Бөкенбай қорымы»,Жем өзеніне құятын «Байсары Бөкенбай»,«Құр Бөкенбай»,«Ащылы Бөкенбай»,Қобда ауданындағы «Бөкенбай асуы»,Ақбұлақ ауданының терістігіндегі
«Бөкенбай жазығы» деген жерлер.Бұлар-Бөкенбайға қойған халық ескерткіштері.
Зерттеу объектісі:Ақтөбе облысының Мәртөк,Қобда ауданы
Зерттеу пәні:Тарих,георгафия,әдебиет
Жоба болжамы:
Жоба мақсаты:
Жоба міндеттері:
Зерттеу әдістері:
Жобаны жүзеге асырудың күнтізбелік жоспары:
Жобаны жүзеге асырудың практикалық жазбасы және зерттеу нәтижелерінің қорытындысы:
Қазақ халқы азаттық жолында өмірін паш еткен ардақты ұлдарын
әрдайым ұлығылап келген.Қазақтың батырлар жырлары жас ұрпақты
ерлік жолында тәрбиелеудің аса тиімді құралдарының бірі болатын.
Әрбір қазақ баласы жөргегінен бабасының ерлік ғұмырын дәріптеген батырлар жырың елі мен халқы үшін отқа да,суға да түскен кейіпкерлері бар «Ер Төстік» секілді ертегілерді тыңдап өсетін.Бүгінгі таңда қазақ қоғамында үлкен рөл атқарған батырлардың жеке әлеуметтік топ ретінде қалыптасуы мен дамуы және оның әлеуметтік институт ретінде жойылуы мәселелерін зерттеудің бүгінгі жастарды
патриоттық сезімде тәрбиелеу ісінде маңызы жоғары екені даусыз.
Батырлардың өмір жолы мен қызметін зерттеу тек қана жас ұрпақты
тәрбиелеуде ғана емес,дәстүрлі қазақ қоғамының ерекшеліктерін
зерттеу үшін де маңызды болып табылады. «Батыр» атауы көптеген еуразиялық көшпелі халықтарда кездеседі. Терминнің алғаш пайда болуын зерттеушілер ерте орта ғасырларда пайда болды деп есептейді.
Бұл кезеңде «батыр» термині әлеуметтік мәнге ие болмағанмен жеке тұлғалық ерекшеліктерді сипаттайтын термин ретінде қоғамда қолданысқа ие болды.
Еліміз басынан кешірген 18 ғасырдың бірінші жартысындағы алмағайып заманда ел азаттығын сақтау күресінде бірнеше батырлар тарихта ізін қалдырды.Олардың қатарында қызметі мен өмірі толық зерттеліп,ұрапққа таныс болғандары да,керісінше жасаған саяси-қоғамдық істері жан-жақты зерттеу таразысынан өтпей,әлі де беймлім есімдер қатарынан табылып жатырғандары да бар.Осы сөздеріміз қазақ тарихындағы белгілі есімдер Бөкенбай мен Бөгембайларға да қатысты.Зерттеуіміздің арқауы болып отырған Бөкенбай батырдың тарихы танымы жайында осы кейінгі тұжырымымызды айтуға тура келеді.Бұл жерде кейінгі кездері баспасөз беттері мен арнайы тарихи зерттеулерде жазылып жүрген төрт Бөгенбай мен үш Бөкенбай мәселесін айта аламыз.Ел аузындағы сақталған жырларындағы мәлеметтерді жан-жақты салыстыра қарамаудың салдарынан осы есімдерге қатысты қателіктерге жол берілген.Төрт Бөгембай үш Бөкенбайдың кімнің кім екенін дәлелдеуге ұмтылған авторлардың әрқайсысы өз тұжырымдарын жасайды.Осы мәселеге қатысты біраз зерттеулер жазып жүрген ғалым Ә.Мұхтар «тарихтағы аттас қазақ батырларының ерліктері атадан балаға жеткенімен,маңызды оқиғаларға кімнің нақты қатысқаны тиянақты анықталған емес»,-деп орынды атап өтеді.
Төреғали Қаратаев «Тарихтағы аттас тұлғалар»деп аталатын мақаласында Бөгенбай атына қатысты былай жазады:1) Арғынның Қанжығалы деген руынан шыққан батыр.Әкесінің аты Ақша,Абылайдың батыры.Абылай жас кезінде жауынгерлік тәжірибені осы Бөгенбайдан үйренген.2)Бөгенбай кіші кіші жүздің табын руынан шыққан батыр.1731 жылы 10 қазанда Ресейге бодан болуға ант берген,осы туралы актіге Әбілқайыр ханмен бірге қол қойған Байұлы Мырзатай батыр,Тама Есет батыр,Арғын Жәнібек батырлардың қатарында осы әрі батыры,әрі старшыны Бөгенбай да болған.Табын руының Бөкенбайы негізінен Кіші жүз ханы Әбілқайырдың қасында болған ең сенімді батырлардың бірі ретінде Қазақстандағы ресейлік саясаттың сол тұстағы әсері негізінде ресейлік мұрағаттарда есімі сақталды.XVII ғ.соңы- XVIII ғасырдың бастапқы кезеңіндегі қазақ жерінде қалыптасқан күрделі тарихи жағдайда тарих төріне шыққан тұлғалардың бірі Бөкенбай батыр Қараұлы жайында арнайы зерттеу жұмыстары жоқ.Дегенмен де,оның өмірдеректеріне қатысты бірқатар мәліметтер әртүрлі анықтамалықтар,энциклопедиялар,мақалаларда мол кездеседі.
Бөкенбай батыр 1667 жыл шамасында дүниеге келген.Нақты туған жері белгісіз,дегенмен Елек,Шыңғырлау немесе Үстірт пен Ырғыз аралықтарының бірінде дүниеге келген деп жорамалдауға болады.Тарақты Табынның Жиембет бөлімінен тарайды.Әкесінің есімі Бисембі,ол да батыр болған..Оның атын алты алашқа мәлім қылған
1710 ж. өткен Қарақұм бойында өткен бүкілхалықтық құрылтай,дәлірек айтқанда сол жиында сөйлеген жалынды сөздері еді.Біз Бөкенбайды ең алдымен осы сөздері арқылы білеміз.Азаттық үшін күрестің мәңгі ұранына айналған оның бұл сөздері қазақ тарихында алтын әріптермен жазылуы тиіс еді.Бөкенбайдың сөздері жиналған елге қатты әсер етеді,олардың рух-жігерін көтереді.Деректе айтылғандай,осы оқиғадан соң барлығы оның кеңесімен жүруге ант еткен,халықтың ынта-жігерінің артқандығы сондай,тіпті кейбір билер анттың беріктігі үшін өздерін-өздері жаралап,өзіндік ырым-жоралғылар істеген.Ақ боз атты
құрбандыққа шалып,алдағы жеңістердің кепіліне құдайға құлшылық еткен.Ең бастысы осы ұлы жиында жиналған халықтың игі жақсылары-билері,батырлары мен төре-сұлтан тұқымы Әбілқайырды хан сайлап,Бөкенбай батырды ерекше алғыс сезімімен бүкіл қазақ қолының
Бас Қолбасшысы етіп тағайындайды.
Батыр есімдеріндегі шатысулар.Осы жерде Бөгенбай-Бөкенбай батырлардың бастарын ашып алу керек сияқты.Қазақ жеріне елшілікке жіберілген Ресей Сыртқы істер Коллегиясының аудармашысы Тевкелев Кіші жүз Бөкенбайдың қасында көп жүріп,көп тілдескен,ол туралы өзінің күнделігінде де,Коллегияға жолдаған хаттарында да көп жазған.
Кейбір мамандар Қарақұмда сөйлеген Табын Бөкенбай екендігіне күмәнмен қараулары мүмкін.Алайда,көптеген ертедегі және қазіргі зерттеушілер дәлелді түрде 1710 ж. қолбасшылыққа сайланған дәл осы батыр екеніне ешқандай шек келтірмейді.Қарқұмда халық алдына шыққан Бөкенбай екенін нақты дәлелдейтін мысалдар өте көп.Бұған атлаған кеңесті ежелгі дәстүр бойынша қазақ аға хандарының астанасы Түркістан маңында емес,өз жерлерінде өткізген негізгі ұйымдастырушылары да,қатысушылары да Кіші жүз рулары екенін,табындардың қыстаулары сол өңірге жақындығын,Әбілқайыр мен Бөкенбайдыі үнемі бірге жүргендігін т.б. факторларды айтуға болады.Әбілқайыр мен Бөкенбай саясаттарының негізгі өзегі-бүкіл қазақ руларын біріктіріп,өз ықпалдарына алып,Ресей қорғауындағы орталықтандырылған мықты мемлекет құру болатын.
Батырдың көзі тірісінде ғұмыр кешкен аймағы Кіші жүздің жері-Батыс Қазақстан,Арал теңізінің солтүстік-шығыс жақ беті,Жайық,Жем,Ырғыз,Ойыл,Қобда өзендерінің бойы.Оның пейілі қандай кең болса,ата-қонысы да сондай кең болғанға ұқсайды.Жем өзенінің орта тұсынан құятын Қаратөбе Бөкенбай,Ақжарлы Бөкенбай деп аталатын кішігірім өзен сулар,Құр Бөкенбай,Ащы Бөкенбай және Байсары Бөкенбай деген жер аттары патша үкіметінің карталарында кездеседі.Ақтөбе облысында Бөкенбайға байланысты жер-су аттары жеткілікті.Олар-Ырғыз ауданындағы «Бөкенбай шоқысы»,Байғанин ауданындағы «Мәстағат»,«Бөкенбай қорымы»,Жем өзеніне құятын «Байсары Бөкенбай»,«Құр Бөкенбай»,«Ащылы Бөкенбай»,Қобда ауданындағы «Бөкенбай асуы»,Ақбұлақ ауданының терістігіндегі
«Бөкенбай жазығы» деген жерлер.Бұлар-Бөкенбайға қойған халық ескерткіштері.Ал Бөкенбайдың қазіргі ұрпақтары,біз,Бөкенбайсынды ұлы тұлғаға бір көше атын да бере алмай отырғанымыз-ұят жағдай.
«Ақтөбе» газеті, 27 қыркүйек 2007 жыл
Бөкенбай шоқысы
Ырғыз-Шалқар қатынас жолы бойындағы етегінде Талдысай бекеті салынған биік шыңды халық Бөкенбай шоқысы деп атайтын.Өз тарихымыздың оқулығы жұқа кезде оқыған біздер ауылдың тау-тасына,
өзен-көліне көңіл бөлгеніміз жоқ. «Бөкенбай шоқысының» мәніне үңілмедік.Одан бері қанша уақыт өтті.Сол жол үстіндегі шоқы сырлы құпиясын ішіне бүгіп,санасы оянар ұрпақты күтіп жата беріпті.
Жаманшың тауларының жүйесіне жалғаса отырып,сол жерге шөге қалған бұл шың да мыңдаған жылдар бойына желмен жиған топырақты
бойына сіңіріп,судан нәр алып,жермен бірге түлеп,бірге солып,бірге ақ қарға оралып,тастары жолақтанып тегі тау жынысы екеніне хабардар етіп тұратын.Ал,көктемде етегіне ұшар басына дейін өсімдіктің неше түрі көктеп,жаңбырлы жылдары ақсиып шығып тұратын тастарды жуа сатып,жасартып жіберетін.Шоқының етегіндегі қалың көк майса да ұзақ уақыт бойы қурамайтын.Күзде шыңның шөптері солып,желмен ұшып тас жоталарын жалаңаштанып қоңыр сұсты кейіпке көшетін.
Баурайынан өтіп жатқан үлкен жол қанша рет жөнделседе шоқыға залал келтірмеген.Халқымыздың қаһарман ұлы Бөкенбай тағдырымен
байланысы бар осы шоқы қазақ халқының жауынгерлік шежіресімен
өз үлесін алып, еншімізге тарихи ескерткіш болып енген.Табиғатпен тарих сыйлаған ескерткішті жоғалттық-ау деуге аузым бармаса да естір құлақ,көрер көзге дәл бүгін ақталар шамам да жоқ.
Бөкенбай шоқысы дегенді бұл жердің барлық адамдары білсе де,сол Бөкенбай кім,неге бұлай аталған деген ой ешкімді толғандырмаған.Осы шоқыға байланысты халық арасында Бөкенбайдың ерлігін баяндайтын әңгімелер сақталған.Бөкен батырдың ерлігімен байланысты халық арасында ұмытылмай келе жатқан аңыз әңгімеге арқау болған Ырғыз жеріндегі табиғаттың үш ескерткіші-Бөкенбай шоқысы,Бес оба және Батыр үңгірі тарих беттерінен лайықты орын алатыны сөзсіз.Бөкенбай өте даулетті кісі болған,оның қалың жылқысы Мұғалжар,Жем-Сағыз бойы және Ырғыз жері Ақсақал Тәуіпке дейін жайлаған.Ескі картада Бөкенбай суы деген өзен Мұғалжар жерінде көрсетілген.Бұл жерлер батырдың өмірінің соңғы кезеңі ғана болуы мүмкін.
Бөкенбай шоқысы
Сексен көл айналасы сәнді ұқтырған,
Көлінде балықтары қарғып тұрған.
Бұл-Ырғыз қасиетті киелі жер,
Мекені Табындардың хандық құрған.
Батыр аты тектен-тек аталмайды,
Атын беру?жамылған бөтен қайғы.
Бөкенбайдың Шоқысы тұтқа болып,
Ырғыз бүгін көтердің Бөкенбайдың.
Бөкенбайға Ырғызды нәсіп қылған,
Сардар болып атағы асып тұрған.
Әскери стратег,бас қолбасшы,
Осы жер сарбаздарың машықтырған
Базарбай Иман
Қарабатыр шыңы
Атақты Бөгенбай батырдың әкесі Қара оның лақап аты болуы мүмкін-ау дегеніміз рас болып шықты.Бүгінде ұрпақтарының ата-бабаларынан естіген,естеріне сақтаған деректерінен белгілі болғаны-Қара батырдың шын есімі Бисенбі екен.Ал қара деген ат әр рулардан шыққан батырларда кездеседі.Адамға,ірі малға айтылатын қара сөзі сын есімнен зат есім орнына қолданылуы әлі күнге дейін кең тараған.Ертеде бір кездері қара сөзі үлкен алып күш иесі дегенді білдірген.Қара атанған жігіттің ерекше ерлігін айқындайтын батыр атақ-халық берген баға.Келе-келе Қараға батыр атағы бірге айтылып,батырдың есіміне айналған.Қарабатыр-Кіші жүздің Жеті рудан тараған Табын руынан.Бұл кісінің заманында қалың Табын жұрты Еділ-Жайық,Қобда бойы,Тұзтөбе,Електі тұтас жайлаған Қарабатырдың ерлігі қалмақтармен шайқаста шықса керек.Жаудан жерін тазартқаннан кейін ұзақ жасапты дейді халық аузында.Сол аймақта билігі жүрген,еліне ес болған кісі деседі.
Шың-тарихтың хаты,мәңгілік тілсіз куәсі.Бұл жердің Қарабатыр Шыңы деп аталуы бізге жұмбақ.Батырдың не жерленген,не аса ерлік көрсетіп,жеңіске жеткені үшін аталған ба?Қазіргі көріністен шыңның басынан етегіне шейінгі бейіттер бір уақытта түскенін байқайсыз.Қырғын шайқаста опат болған сарбаздар жерленгенге ұқсайды және олардың табиғи тастармен қоршалуы қалың қолдың күші.Тас жамылған қалың бейіттер бұл төбені әрі биіктетіп,әрі сұстандырып келген.Бүгінде Қарабатыр шыңы деген атау ұмыт болуға айналған,білетін адамдар азайған,жақын десек те жат елде жатқан боздақтар жерленген киелі жер.Бізге жер де,атау да,батыр да аса қымбат.Кезінде Қарабатырдың жан аямай қорғап,мекен еткенбұл жері енді шет елдің еншісінде қалған.Көңілге бір ғана медеу-Қарабатыр шыңы атауының сақталуы.Бұл қас батырдың биік мұратына сай рухының күші шығар.Енді біздің ұрпақтар да біліп жүруі керек.