?скелен ?рпа??а ?лтты? ат спортыны? ?сері.


Ғылыми зерттеу жобасы Тақырыбы: Өскелен ұрпаққа ұлттық ат спортының әсері. Орындаған :Мурасханова Назым және Токтарова Дина 8 “А”сыныбының оқушыларыЖетекшісі:Изгуттинова А.А. биология пән мұғалімі“Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешені”КММ2013жыл Денсаулық ол – зор байлық, баршаға мәлім, Денсаулық ол – асыл қазына, баға жетпес бізге Салауатты өмір салтын қолдайық барша халық, Келешегі кемел елге дені сау боп қадам басайық! Өзектілігі: Ат спорты арқылы жасөспірімдер бойында ұлттық тәрбие нышандарын қалыптастыру. Ұлттық тәрбие арқылы салауатты өмір салтын насихаттау. Мақсаты: Ұлттық спортты дамыту. Атадан балаға мирас болып келе жатқан асыл мүра баға жетпес ұлттық спортты келешек жас ұрпаққа насихаттау. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту, салт дәстүрге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстау, табиғатқа деген жанашырлық.Міндеттері: Ат спортының жас өспірімнің физиологиямен психологиялық әсерін білу.Иппотерапия түрлеріне мәлімет жинақтау.«Намыс» ұлттық спорт үйірмесінің жұмысы арқылы қорытынды жасау. Зерттеу обьект:«Намыс» спорт клубы.Болжам: Ат спортының адам денсаулығына тигізетін әсері бұл: тірек-қимыл жүйесі, жүйке, қан айналым және имундық жүйеге әсері мол. Ұлттық спорт жас ұрпаққа салауатты өмір салтын қалыптасу мүмкіндігін туғызады. Ипотерапия және оның маңызы Атпен жүрудің көмегімен емдеуді иппо-ат-терапия-ем, яғни иппотерапия деп атайды. Қазақстанда иппотерапия секілді сауықтыру әдісі әлі де болса кеңіне тарала қоймаған. Атпен емдеу пайдалы, мұны көпшілік біле бермейді. Дегенмен, бұл жаңаша әдісті дамыту жолында алғашқы қадамдар жасалып та жатыр. Мәселен, науқастарды салт атқа мінгізіп, емдеу мен оңалту әдісін соңғы екі жылдан бері біздің орталықта қолданысқа енгізіп отырмыз. Иппотерапия сал ауруымен ауыратын балалардың денсаулығын жақсартуға ең тиімді емдік тәсіл ретінде қолданылады. Салт атпен жүргенде олардың көңілі көтеріледі, өз-өзіне деген сенімділігі артады. Сонын әсерінен баланы жүруге, сөйлеуге бейімдеуге болады. Ал сенім мен көтеріңкі көңіл күй нәтижелі ем алудың ең басты шарты.Сонымен қатар ортопедиялық ауруларға, қозғалыс үйлесімділігі бұзылғандарға, сіңірі тартылып қалатындарға, омыртқа жотасы қисайғандарға мұндай дәрісіз емнің шипасы тиеді. Талдау сараптамасы бойынша Біздің ауылда ат спорт үйірмесі өтіледі. Ер және қыз балаларды ұлттық тұрғыда, ата-бабалар салып келген жол арқылы салауатты өмір салтын ұстану мен атадан қалған мұраны дамып келе жатқан өркениетке ілестіріп, насихаттау мақсатын көздеген. Бұл АӘД пәнінің мұғалімі Мағзұмов Қайырлы Дәлелұлының ұйымдастыруымен жүргізіледі. Үйірме апта сайын өтеді. Үйірменің мақсаты:Ұлттық спортты дамыту.Үйірменің міндеті:«Жастарды ұлттық ат спортына баулу,салауатты өмір салтын насихаттау” Зерттеу бөлімі. «Намыс» ұлттық спорт үйірмесіндегі әр балаға бекітілген жылқылар:Сембаев Еламан парасат жирен 6Гизотоллаев Амангелді өрмек жирен 8Рамазанов Әділет сұңқар торы 6Пазылов Талғат бәйтерек жирен 6Айтқалиев Алмас ақбақай қара 7Жумадулов Ернұр құлагер торы 5Ерғалиев Ақылбек искра торы 10Кәрібасов Елдар сарыгүл құра 6Мақан Дархан самғау жирен 4Тоқтарова Дина даулпаз қара 5 «Намыс» ұлттық спорт үйірмесінің олжалы жетістіктері 2010-2013жж :Аудандық әкім жүлдесінде «Аламан бәйгеде» 3-орынға иелендік.Қатысушы- Сенбаев Еламан.«Жорға жарысында» арбамен 1-2 орынға иелендік. Аудандық көлемінде.Ақсуат ауылы «Аламан бәйгеде» 2 орын. Қатысушы: Гизотолаев Амангелді.Облыстық жүлдесінде 3-орын.Биғаш ауылында 1-2орын, топтық құнан жарысы.Самар ауылы арбамен жарыс. Т.б «Намыс» ұлттық спорт үйірмесінің олжалы жетістіктері 2010-2013жж Болашақтағы жоспар:Үлкенбөкен ауылында жаттығу «эподромын» салу.Базасын кеңейту.Өскемен жіне Семей қалаларындағы жылқы заводтарымен тәжиребе алмастыру,экскурсия қуру. Сараптама нәтижелері. Денсаулықтары едәуір жақсарды Балалалар арасында қарым –қатынастары қзгерді. Оқу үлгерімі жақсарды Қорытынды: Адам денсаулығына спорт елеулі септігін тигізеді. Ұлттық спорт ойындары, сонын ішінде ат спортының орыны ерекше.. Атадан қалған мирас болып келе жатқан асыл мүра баға жетпес ұлттық спортты келешек жас ұрпақ үшін денсаулықтың кепілі.. Сонымен қатар Ұлттық ат спорты – берекіліктердің дәнекері. Шеберліктің, шымырлықтың және ержүрек ұл-қыздарымыздың тәрбие мектебі екені мақтан тұтамыз. Дені сау ұрпақ – елдің ертеңі дегендей болашақтың денсаулығы бүгіннен басталады Назарларыңызға рахмет!!!