Коучинг жоспары А?паратты?-коммуникациялы? технология
Сағат:1500 – 1630
Сабақтың тақырыбы: Коучинг-сессия: «Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану» Power Point бағдарламасында жұмыс жасау.
Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық (110-114 беттер)
Жалпы мақсаты: Әріптестерге АКТ тақырыбына қатысты түсініктер беру, презентация жасауда фотоаппарат, сканер, интернет материалдарын пайдалану, сабақта АКТ-ны пайдаланудың тиімділігіне көз жеткізу.
Оқу нәтижелері: Коучинг –сессияның соңында мұғалімдер: АКТ-ның тек қана компьютер мен интерактивті тақта емес, басқа да байланыс құралдары екендігін түсінді, фотоаппаратпен, сканермен, интернетпен жұмыс жасауды және оларды сабақтарында тиімді қолдануды үйренді.
Түйінді идеялар: АКТ-ны сабақта не үшін пайдалану қажет? 7 мин
АКТ құралдарын пайдалану, заман талабына сай оқушы үшін де, мұғалім үшін де пайдалы болып табылады. Сабақта АКТның пайдалану үшін мынадай талаптар орындалу керек:
-АКТ құралдарын білу;
-отбасының жағдайы;
-оқушы мен ұстаз алдындағы қарым-қатынас;
-ұстаз біліктігі;
-мектептегі оқыту мен тәрбиенің деңгейі;
-мектепте АКТ құралдарының жеткілікті болуы;
Міне, осы талаптар ұштасқан кезде ғана заман талабына сай,қабілетті, ХХІ ғасыр оқушысы жетіле түседі.
Қорыта айтқанда, сабақта АКТ құралдарын жан-жақты пайдаланып, өзара қатынастарды жақсартып, ата-ана, оқушы, ұстаз байланысын жоғары ұстап шығармашылықпен жұмыс істеу қажет.
Жаттығулар: БІЛУ. 10 минут
АКТ аббревиатурасы туралы ой бөлісу. Дайын суреттерден таңдап алып, қандай қызмет атқаратынын айту. 10 минут
ТҮСІНУ (20 минут) постер жасау
І топ: АКТ дегеніміз не?
ІІ топ: Білім беруде АКТ-ны қолдану (жақсы және жаман жақтары)
ІІІ топ: Пән мұғалімінің АКТ-ны пайдаланудағы проблемалары және оны шешу жолдары.
Қорғау уақыты 5 минут барлығы 15 минут.
Қолдану. 25 минут
Әр топ фотоапаратты, сканерді интернетті, ұялы телефонды пайдалана отырып слайд жасау.
СЕРГІТУ СӘТІ 3 минут
Музыкамен билеу.
Талдау
Презентация қорғау
Жинақтау
Слайд жасауға қойылатын талаптар мен ережелерді презентация түрінде көрсету
Бағалау. 7 минут
Критерий арқылы бағалауы.
Белсенді мұғалімдерді жұлдызшалармен бағалау.
Кері байланыс: 3 минут
Сонымен
АКТ-ны пайдаланудың тиімді жолдары қандай?
Бүгінгі коучингтен сіз не алдыңыз?
Сабақта АКТ-ны пайдалану қажет пе? Иә. Неге? Жоқ. Неге?
Топқа бөлу. АКТ-ға байланысты суретті үш бөлікке бөліп,ортаға әр адамнан келіп бір бөліктен алады. Сол бөліктерді біріктіріп,суретті шығару керек. Солай 3 топ пайда болады.
АКТ элементтерінің атауларын айтып шығу. Ол үшін әркім бір-бірлеп ортаға шығып, АКТ аббревиатурасы туралы дайын суреттерден өздері білетін құрылғының суретін таңдап алып, қандай қызмет атқаратынын айтты.
слайд жасайды.
Жоғарыдағы 3 топ жасаған презентацияларын талдау.
Тақтадан слайд көрсету
Топтарды бағалау
.
Оқуға арналған тапсырмалар: Нұсқаулық.