Инновациялы? ?ызметті ынталандыратын мемлекеттік инновациялы? саясатты? ж?не нормативтік ???ы?ты? базаны? ?алыптасуы.


Нурекешов Т.К.
Инновациялық қызметті ынталандыратын мемлекеттік инновациялық саясаттың және нормативтік құқықтық базаның қалыптасуы.
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті
Азаматтық құқықтық пәндер кафедрасы
Nurekechovt @ mail.ru 87056728050
Forming of public innovative policy and normatively-legal base a stimulant innovative activity
It is Extremely important, that an innovative culture was formed in society. Creation of the specialized innovative Institutes, preparing specialists for an innovative production is an important step on the way of creation of such culture. It is necessary to attract young people in science, that it was interesting her as in creative, so willows material plan. Even the countries of Western Europe, having the developed market structures and financial means, running into innovative stagnation, search the ways of his overcoming.
Формирование государственной инновационной политики и нормативно-правовой базы, стимулирующей инновационную деятельность
Крайне важно, чтобы в обществе сформировалась инновационная культура. Создание специализированных инновационных Институтов, готовящих специалистов для инновационного производства является важным шагом на пути создания такой культуры. Необходимо привлекать молодежь в науку, чтобы ей было интересно как в творческом, так ив материальном плане. Даже страны Западной Европы, имеющие развитые рыночные структуры и финансовые средства, сталкиваясь с инновационным застоем, ищут пути его преодоления.
Инновациялық қызметті ынталандыратын мемлекеттік инновациялық саясаттың және нормативтік құқықтық базаның қалыптасуы.
«Инновация» терминi латын тілінен алынған, ол - «жаңару, өзгеру» дегендi бiлдiредi. Бұл түсінік XIX ғасырдағы зерттеулерде пайда болып, белгiлi бiр мәдениеттің кейбiр элементтердің бiрiнен екiншісіне енгiзу дсгендi бiлдiрдi. ХХ ғасырдың 30-жылдарында Еуропада ғылымның жаңа саласы, жаңашылдық ғылымы пайда болып, ал 50 жыдары педагогикалық инноватика қалыпасты. КСРО-да бұл термин ХХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап қолданыла бастады. Инновация - мәдениеттану мен әлеуметтануда этностың алғашқы даму кезеңінде болмай, кейіннен пайда болған мәдени құбылыстар мен өзгерістер.
Мемлекеттiк инновациялық саясат - әлеуметтiк-экономикалық саясаттың инновациялық қызметтi дамыту мен ынталандыруға бағытталған құрамдас бөлiгi. Инновациялық қызмет - нәтижелерi экономикалық өсу мен бәсекелестiк қабiлеттiлiгi үшiн пайдаланылатын, өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларына жаңа идеяларды, ғылыми бiлiмдердi, технологиялар мен өнiм түрлерiн енгiзуге бағытталған қызмет.
Инновация – ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің нәтижесі болып табылатын жаңа технология. Бұл процесс негізгі капиталдың жаңаруын қамтиды. Қазіргі жаңа заманғы дәуірде барлық мемлекеттердің, өнеркәсіптердің, кәсіпорындардың және фирмалардың тұрақты және серпінді дамуы инновация процесімен өте тығыз байланысты. Ииновация процесі жаңа жаңалықтарға, жаңа идеяларға жүгінеді, ал бұл процесті өз кезегінде жүзеге асыратын – мемлекет және адам капиталы.
Кез-келген экономикалық жүйеде, оның ішінде нарықтық зкономикада, мемлекеттік мәжбүр етудің құқына және мүмкіндігіне ие болатын агент ретінде болады. Салықтық саясат, мемлекеттік заң саласында. Мұндай мәжбүр ету жеке мүдделерді қоғамдық мүдделерге бағындыруды талап ететін саяси, әлеуметтік қажеттілікпен негізделеді. Ғылым-техникалық зеріттеулердің дамуын басқаруды мемлекеттік ұйымдастыру түрлері XX ғасырдың орта шеніне таяу қалыптасқан. Ғылыми-техникалық зерттеулер    мен    оларды    өндіріске    енгізу процестерін қолдайтын, ынталандыратын жеке ғылыми-техникалық саясат ең алғаш рет АҚШ-та, соғыс жылдарынан кейін пайда болған. Бұл саясат мынадай факторлар негізінде қалыптасқан.
- таза ғылыми сферадан шығып кеткен процестерді игеруге қажетті жаңа теоритикалық білімнің керектігі техникалық инновациялардың пайда болуы, оларды игеру қиындығы;
 - теоритикалық білім мен тәжірбиелерді, инновацияларды қоддануға сәйкес жаңа өнеркәсіп салаларының пайда болуы;
 - осы салаларда жаңа технология  жасаушы лабораториялар мен фирмалардың пайда болуы. Былайша айтқанда «инноваииялық қызмет», осы қызметті мемлекет реттеп, бағыт-бағдар беріп отыруы керек. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті HYPERLINK "http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U100000958_" \l "z21"айқындайтын экономиканың басым секторларын дамытуды ынталандыру негізінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығы негізгі мақсаты экономиканың шикізаттық түрінен инновациялық түріне өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа жоғары технологиялар мен қызмет көрсетулер негізінде Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіруіне жәрдемдесу болып табылады. Сонымен қатар мынандай  міндеттеріді атап көрсетеді:
- Инновацияларды, аса жаңа материалдар мен технологияларды тұтынуды кеңейту, Қазақстанның энергетикалық теңгерімінде жаңартылатын энергия көздерінің үлес салмағын арттыру үшін инновацияларды үстемелеуге жәрдемдесу.
- Жетекші инновациялық кластерлерді, оның ішінде «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесін өткізу мүмкіндіктерін қолдана отырып, одан әрі дамыту.
- Перспективалы технологиялық бағыттарды дамытудың оңтайлы сценарийін айқындау және одан кейін индустрияландырудың жаңа кезеңінің егжей-тегжейлі жоспарын жасау.
- Өңірлік экономикалық интеграция мен ішкі басқаруды орталықтан алу процестерін ескере отырып, өңірлік инновациялық жүйелерді күшейтуді қамтамасыз ету.
- Аса жаңа технологияларды тарту мен жоғары технологиялықөндірістерді жасау бойынша шетелдік инвесторлармен және компаниялармен ынтымақтастықты кеңейту үшін елдің шикізаттық әлеуетін пайдалану[3].
Қазіргі уақытта Қазақстандағы инновациялық белсенділік пен экономикалық дамуды арттыру мақсатында инновацияны мемлекеттік қолдау құралдарының кең топтамасы ұсынылған. Инновациялық белсенділікті арттыру,шағын кәсіпкерлікті дамыту ел экономиқасының артуына үлес қосатын бірден-бір бағыт. Бұл бағытты жүзеге асыру үшін мемлекеттік инновациялық саясаттың және жүйелі нормативтік құқықтық базаның қалыптасуының маңызы ерекше. 2012 жылдың 9 қаңтарындағы №534-IV «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау» туралы Заңны, 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексімен өзгертіліп,бірізділендірілді. Бұл Кодекс Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылына, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және қолдауға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеудің жаңа бағыттарын айқындауға негіз болып отыр.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы инновациялық белсенділік пен экономикалық дамуды арттыру мақсатында инновацияны мемлекеттік қолдаудың ерекше бағыттарының бірі Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес инфрақұрылымның элементтерінің маңызы өте зор. Сондай-ақ, Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік    қолдау саласындағы уәкілетті орган және оның жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саласындағы құзыреті айқындалған: Индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган болып табылады. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау шаралары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексімен айқындалып отыр.Оған, қоса қаржыландырумен бірге алғанда, жобаларды қаржыландыру, лизингтiк қаржыландыру; қарыздар бойынша кепiлдiк мiндеттемелер және кепiлдiмелер ұсыну; қаржы институттары арқылы кредит беру; қаржы институттары беретiн кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау; жарғылық капиталдарға инвестицияларды жүзеге асыру; кепiлдендiрiлген тапсырыс; инновациялық гранттар беру; бiлiктi кадр ресурстарымен қамтамасыз ету; инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету; жер учаскелерiн және жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру; iшкi нарықта қолдау; шетелдiк инвестицияларды тарту; отандық өңделген тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын дамыту және ілгерілету; еңбек өнімділігін арттыруды және аумақтық кластерлерді дамытуды қолдау; қаржы-экономикалық сауықтыру шеңберінде берешекті қайта құрылымдау жатады.
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптік кешенiнде қызметтi жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау Кәсіпкерлік Кодекске және «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.     
Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган, өзге де мемлекеттiк органдар, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау шараларын қарау, келiсу және ұсыну кезiнде мынадай өлшемшарттардың бiрiн басшылыққа алуға міндеттілігі нақты айқындалан:      1) инновациялық – экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi ескере отырып, жаңа немесе жетiлдiрiлген өндiрiстердi, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi жасау арқылы қызметтiң экономикалық тиiмдiлiгiн арттыруға бағыттылықты;      2) бәсекеге қабiлеттiлiк – қол жеткiзiлетiн нәтиженiң оны алуға кеткен шығындарға қатысы ретiнде айқындалатын, қол жеткiзiлетiн экономикалық және әлеуметтiк тиiмдiлiк деңгейiнде көрiнетiн ұқсас индустриялық-инновациялық жобалармен салыстырғандағы артықшылықты;      3) ауқымдылық – Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту үшiн индустриялық-инновациялық жобаны іске асырудың маңыздылығы.
Индустриялық-инновациялық қызметті дамытуды жүзеге асырудың негізгі бағыттары ретінде қаржы институттары арқылы кредит беру көзделіп отыр. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын қаржы агентiнің қаржы институттарында қаражатты шартты түрде орналастыруы арқылы жүзеге асырылады. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды жасау, жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобаларды жасау, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған және (немесе) тұрып қалған өндірістерді қаржы-экономикалық сауықтыру, олардың инвестициялық тартымдылығын жақсарту және (немесе) қалпына келтіру үшiн олар өзiнiң жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкiн, оның iшiнде ақша ұсыну арқылы қатысқан жағдайда жүзеге асырылады[2].Индустриялық-инновациялық қызметті қолдаудың маңыздылығы инновациялық гранттар беру. Инновациялық грант деп инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобаларын іске асыру үшін оларға өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты түсініледі.
Инновациялық гранттар беруді технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.Инновациялық гранттар индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруды қоса қаржыландыру арқылы беріледі.
Инновациялық гранттар: технологияларды коммерцияландыруға; салаларды технологиялық дамытуға; кәсіпорындарды технологиялық дамытуға беріледі. Инновациялық гранттарды беру кезінде индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Инновациялық гранттарды беру қағидаларына сәйкес сараптама жүргізіледі. Технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты гранттар берілген индустриялық-инновациялық жобалар бойынша жоспарланған мақсаттарға қол жеткізуді талдау мақсатында берілген инновациялық гранттарға мониторинг жүргізеді.
Инновация ғылыми-техникалық прогресс жетістіктері болып табылса Авторлық және сабақтас құқықтардың заңды қорғалуы инновациялық қызметті ынталандыратын негізгі фактор болатыны сөзсіз.
Туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектілеріне қатысты:
автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз туындыларды немесе сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын қолдану арқылы белгіленген шектеулерді алып тастауға бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыруға;
егер мұндай іс-әрекеттер нәтижесінде авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын пайдалану мүмкін болмаған не осы техникалық құралдар аталған құқықтардың тиісті қорғалуын қамтамасыз ете алмаған жағдайларда кез келген құрылғыны немесе оның компоненттерін дайындауға, таратуға, прокатқа беруге, уақытша пайдалануға беруге, импорттауға, жарнамалауға, оларды пайда табу мақсатында пайдалануға не қызмет көрсетуге;
автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз авторлық құқықтарды басқару туралы ақпаратты жоюға немесе өзгертуге;
автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз мүліктік құқықтарды басқару туралы ақпараты жойылған немесе өзгертілген туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектілеріне қатысты оларды қайта шығаруға, таратуға, тарату мақсатында импорттауға, көпшілік алдында орындауға, жалпы жұрттың назарына кәбіл бойынша хабарлауға немесе эфирде беруге, жалпы жұрттың назарына жеткізуге жол берілмейтіні заңда көзделген[5].
Қорыта келегенде инновациялық қызметті ынталандыратын мемлекеттік инновациялық саясаттың және нормативтік құқықтық базаның қалыптасуы экономикалық дамудың басты өзегі болып табылады. Инновациялық үрдістің құқықтық базасы қазіргі таңда интеллектуалдық меншіктің аймағындағы заңнама болып табылады. Сондықтан, инновациялық қызметті заңдық  реттеуге жататындар: инновациялық қызмет субъектілерінің қызығушылықтары мен құқықтарының қорғалуы, инновацияларды бөлу, қолдану құқығының қорғалуы, келісімдік қатынастардың дамуы болып табылады.       Зияткерлік  меншік обьектілерінің құнын оларды шаруашылық айналымға (компанияның жарғылық капиталына жарналар) енгізу үшін сапалық бағалауды жүзеге асыру үшін лицензианттардың рейтингін айқындау және бағалаушы-компаниялардың қысқаша тізімін қалыптастыру қажет.
Бағалауды жүргізудің нәтижесінде зиян келтіру салдарынан туындаған бағалаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды дамыту бойынша шаралар қабылдау қажет.
Мемлекет, инновациялық қызмет саласындағы мамандардың дамуына бағытталған негізгі шаралар ретінде; мемлекеттік білім беру стандарттарында    көрсетілген  мамандықтарды енгізуге байланысты, Қазақстанда инновациялық қызметті жүзеге асыратын тиісті сұраныстағы мамандықтар бойынша жоғарғы оқу орындарында жүйелік оқытуды ұйымдастыру; менеджменттің біліктілігін арттыру, сондай-ақ қазіргі заманғы әдістемелік қабылдаулар мен қазіргі заманғы техникалық құралдарды, бұл ретте даму институттарының әлеуетін пайдалану мүмкіндігін пайдалана отырып интерактивті режимде оқып үйретуді жүргізу; басқарушылық және кәсіпкерлік мәдениетті дамыту керек.
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995, 30 тамыз
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығы
О товарных знаках, знаках обслуживания и наименованиях мест происхождения товаров. Закон РК от 26 июля 1999 г. //СПС «ЮРИСТ.
Об авторском праве и смежных правах: Закон РК от 10.06.1996 г. // Казахстанская правда. – 1996, 17 июня; отд. изд.: Алматы: Жеты жаргы, 1999.