Орта??ы тобына арнал?ан ?йымдастырыл?ан технологиялы? картасы.


Ортаңғы тобына арналған ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Білім беру саласы:әлеуметтік орта
Бөлімі:көркем әдебиет
Тақырыбы:«Біздің балабақшада»
Мақсаты:Балабақшадағы сыйластық туралы түсініктерін кеңейту. Ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Құрмет пен сүйіспеншілік сезімдеріне, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Билингвальді компанент: Балабақша-садик
Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері
Балабақшам менің
Жаңа қадам жасадым,
Қош болып тұр, бесігім.
Мен қуанып ашамын
Балабақша есігін.
Қайырмасы:
Әлдилеген елім,
Сәбиіңмен сенің
Сәбиіңмен сенің
Балабақшам менің.
Айтып берер тәтелер
Әсем өлең, жақсы аңыз.
Ойыншықтар әперер
Қандай жақсы бақшамыз Шеңбер бойына тұрып өлеңге сәйкес қимылдар жасайды
Ұйымдастырушылық -ізденістік Кіріспе әңгіме
Балалар, бүгін біз сүйікті бақшамыз туралы ой пікірімізді ортаға салайық.
Осы балабақшада сендер не үйренгендеріңді айта аласыңдар ма?
Дұрыс айтасыңдар! Сендер көп нәрсені осы балабақшада үйреніп жатырсыңдар. Себебі сендер күні бойы осы балабақшадасыңдар. Сондықтан «Балабақша –өз үйіміз » деп айта аламыз.
Ал сендер қалай ойлайсыңдар, балабақша деген атау не үшін берілген?
«Балабақша»-бұл әдемі атау. Мысалы, бақшада жас жемісағаштары өссе, ал балабақшада Отанымыздың жас ұлаңдары – сендер өсіп жатырсыңдар, бұл жерде сендер жаққсылыққа, достыққа, әдептілікке, мейірімділікке, бір-біріңді және үлкендерді сыйлауға үйреніп жатырсыңдар.
Қазір мен сендерге Мұзафа Әлімбаев ағамыздың «біздің балабақшада» деген өлеңін оқып берейін.
Балабақша есігін
Үшке тола шақанбыз
Балапандай өсіріп,
Мәпелейді бақшамыз.
Бұл-екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз,
Біз-осы үйдің гүліміз,
Біз-осы үйдің сәніміз.
Сұрақ -жауап
Осы оқылған өлең шумағында не туралы айтылған?
Сендерге балабақша несімен ұнайды? Балалардың жауабын тыңдап, қорытындылау.
Дұрыс айтасыңдар. Біз күні бойы балабақшада боламыз, бұл –біздің екінші үйіміз, біз осы балабақшаның гүліміз, сәнімен.
Тыныштық сәті (бояу әнмен)
Кірпігімізді түмен түсірсек
Көзіміз жұмылады.
Таза ауада еркін тыныстаймыз!
Ғажап қана ұйықтасақ,
Шаршағанымыз ұмытылып,
Деніміз босаңсиды.
Күн жылына бастады,
Қыстың соңғы күндерінде
Арықтардан су ағып,
Қар ери бастады.
Түн болды!
Аспада әдемі жұлдыздар жарқырап,
Денемізді жылытты.
Алғашқы бәйшешек гүл ашып,
Жұпар иісін ауаға таратып,
Жымиып күліп, күнге қарай созылды.
Ауаны терең жұтып,
Еркін тыныс алыңдар!
Оянатын сәт келді, оянамыз, тұрамыз,
Керілеміз,күлімдейміз
Бәрекелді қандай тамаша!
Сергіту сәті (әуенмен орындалады)
Кел, балақан, балақан,
Жай,жай,жай!
Қозғап барлық денені,
Қолды қатты соқ енді:
Сарт,сарт, сарт!
Тықылдатып аяқты:
Жай,жай,жай!
Айтқан кезде өлеңді,
Қатты басқын еденді:
Тарс,тарс,тарс!
Тақпақ жаттау:
Қар, мұз еріп,
Су көбейіп,
Бүршік шашып
Жапырақ ашып,
Бәйшешектер басады.
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қай кезде болады? Би билеуге ән айтуға, қамқор болуға,әдептілікке үйрендік
Балалардың жауабы.
Балабақша
Түрлі жауаптар айтылады
Балалар қимылдарды жасай отырып сергиді.
Балалар тақпақты жаттайды.
Көктем
Рефлексиялық- түзетушілік Оқу іс әрекетін қорытындылау.
Бір шаңырақ астында
Таиу-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз Шеңберге тұрып , өлең жолдарын қайталайдыКүтілетін нәтиже:
Біледі: балабақшадағы сыйластық, ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын.
Игереді: балабақша қызметкерлерінің атқаратын жұмыстарын.
Меңгереді: өзі сыйласуды, бір-бірімен тіл табысуды.