Орта??ы тобына арнал?ан ?йымдастырыл?ан технологиялы? картасы.
Ортаңғы тобына арналған ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Білім беру саласы:Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы:Әңгімеле... (Көлемі әртүрлі екі бірдей ойыншықты бейнелеп , сипаттау әңгімесін құрастыру.)
Мақсаты: а)Балалардың үлгісі бойынша ойыншықтар жайлы шағын әңгімелерді бейнелеп айта білуге үйрету.
ә) Хабарлы сөйлемді қолдану арқылы өз- ойларын дұрыс жинақтап ,қысқаша әңгіме құрай білуге үйретуді жалғастыру арқылы ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
б)ойыншықтармен дұрыс ойнау білуге , ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Билингвальды компонент: Әңгіме- расказь.
Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушылық «Бөлмеге саяхат» ойынымен бастап,топ бөлмесіндегі заттарға олардың ішінде ойыншықтарға назар аударту.Балалар өз орындарына келіп отырады.Ойын: «Ойыншық қандай фигураға ұқсайды?»ойынымен жалғастырып,қарапайым математикалық түсініктерімен байланыстырыла келе,ойыншықтардың көлемі,түртүсі,пішінін анықтап талдау жұмыстары жүргізіледі. Мәселен,Мен допты көрдім.Оның пішіні геометриялық фигура-дөңгелекке ұқсайды.Доп тек біреу ғана болған жоқ,олар көп болды.Түстер әртүрлі. «Д»дыбысын буын ішінде айыруға берілетін жаттығуы.Да-да-да-дала До-до-до-доп,ду-ду-ду-думан,ди-ди-ди-диван «Д-т»дыбыстарын сөз ішінде келтіріп айтқызу.
Дүбір-түбір,доп-топ,дара-тара,дос-тосБалалар бәрін аралап,мұқият қарап шығады
Балалар өз көрген ойыншықтарын белгілі бір геометриялық фигураға ұқсатып,оның түр-түсіне,үлкенді-кішілігіне тоқталып өтеді
Жаттығуды орындау
Ұйымдастырушылық
ізденістік «Д»дыбысының да, «Т» дыбысының да балаларға дауссыз дыбысқа жататындығының және оның кедергіге ұшырап,қысылып шығатындығын түсіндіру. Сергіту жаттығуы. Домала,доп,домала, Балшыққа тек жолама . Жек көремін онынды, Бүлдіресің қолымды. Секіріп өт ордан да , Секіріп өт жолдан да, Қуса күшік жетпесін, Машина басып кетпесін. Ө.Ақыпбеков Сергіту сәтін өлен шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау. «Менің сүйікті ойыншықтарым» тақырыбында әңгіме құрастыру. Шарты:қуыршақ және машина ойыншықтарын алу және олардың бір-бірінен айырмашылықтарын айта келе, әңгімелеу. Сергіту жаттығуын қимылмен орындайды
Сәл ойланып,әңгіме құрауға тырысады
Рефлексиялық –
түзетушілік Ойыншықтармен ойнау ережелерін еске түсіріп,үнемі қолдануды ұсыну. Балалар ұсынысты қабылдайды
Күтілетін нәтиже:
Қайталайды: үлгі бойынша шағын әңгімелерді бейнелеп айтуды
Түсінеді: «Д»және «Т» дыбыстарын анық айтуды
Қолданады:өз ойын жеткізіп,әнгіме құрауды біледі.