Орта??ы тобына арнал?ан ?йымдастырыл?ан технологиялы? картасы.
Ортаңғы тобына арналған ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі:Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Тақырыбы:бір және көп, көп заттарды салыстыру және арасындағы сәйкестіктерді табу. Үлкен және кіші. Шеңбер (әртүрлі фигуралардың арасынан табу)
Мақсаты:заттарды санына салыстыра алу қабілетін арттыру, бір-зат пен көп затты бір-бірінен айыра білуге үйрету;санаудың дұрыс тәсілдерін пайдалана отырып, заттарды санау ( 2 зат көлемінде);
солдан оңға қарай санау, сандарды ретімен атап шығу, санмен затты сәйкестендіру.екі топтағы заттарды салыстырып, оларды теңестіру;
таныс заттарды көлеміне қарай ( үлкен, кіші) салыстыру, оларды осы белгілеріне қарай топтастыру;
геометриялық фигура – шеңбер туралы өткенді пысықтау ( өзге геометриялық фигуралардың арасына
.Билингвалды компанент Бір және көп-Один и много.
Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық «Жұмбақтар және оларждың шешуі» ойыны.
Тәрбиеші балаларға жұмбақтар жасырады.
Тікен-тікен, тік пісте
Қысы-жазы бір түсте.
Көк жиекті шай табақта
Алтын алма тербелер.
Кейде бүркер алма жүзін,
Ұлпа,мақта,пернелер.
Қалпағы бар,
Басы жоқ.
Қолы да жоқ,
Шашы жоқ.
Сыңар аяқ «көкеңнің»
Ойлан, тап,не екенің Балалардың жұмбақтың шешуін табады.
шырша
Күн
Саңырауқұлақ
Ұйымдастырушылық -ізденістік Дәптермен жұмыс.
Тәрбиеші 1-тапсырма бойынша балаларға сұрақ қояды.
Суретте ең көп бейнеленген қандай зат?
Бір-бірден салынған заттың аты қандай?
Бір-бірден салынған заттыды бояп шығындар.
Тәрбиеші балаларға тақтадағы заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші) салыстыруды ұсынады . 2- тапсырма «жол сал» ойыны түрінде ұйыидастырылады.
Тәрбиеші дәптерге орындау үшін мынадай тапсырма береді: олар үлкен шәнектен үлкен кесеге дейін, ал кішкентай шәйнектен кішкентай кесеге де»ін жол «салындар ».
Тәрбиеші балалардан «Жолды қалай салдыңдар?» деп сұрайды.
Сергіту минуты
Оңға қарай иілдік,
Солға иелдік,
Бір отырып, бір тұрып,
Бәріміз бір сергідік.
3-тапсырма 1 және 2 затты санауға байланысты берілген. Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды.
Сол жақ бұрыштағы карточкада неше киіз үй, оң жақ бұрышта неше киіз үй тұр?
Оң жақ бұрыштағы карточкада неше тақия, сол жақ бұрышта неше тақия орналасқан?
Тақия көп пе әлде киіз үй көп пе?
Тәрбиеші балаларға заттарының саны бірдей карточкаларды сызық арқылы қосуды ұсынады.
3-тапсырма
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:
Бұл орманың пішіні- Бауырсақты да мүсіні.
Кішірейтсек біз мұны, шығады тоқаш наны боп. Ол не?
Барлық шеңберлерді бояндар.
Неше шеңбер боядыңдар?
Сендер бояған шеңберлердің көлемі қандай?
Осы жерде тәрбиеші шеңбердің көлемінің әртүрлі болатынын балалардың есіне салады. Балалар сұрақтарға жауап береді:
Шырша бүрі, кірпі,
Күн, саңырауқұлақ, шырша.
Балалар Күнді, саңырауқұлақ пен шыршаны бряйды.
Балаларға үлкен шәйнек пен үлкен кесені, ал кішкентай шәйнек пен кішкентай кесені сызық арқылы қосады.
Балалар өлең мәтініне сай жаттығулар жасайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Тақия аз, киіз үй көп. Балалар тапсырманы орындайдч.
Балалар жұмбақтарды шешеді (дөңгелек), шеңберлерді бояйды және тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.
Рефлексиялық- түзетушілік Өзін –өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Өзін –өзі бақылаудың екі түрін қолданға болады.
Тәрбиеші балаларға 1- тапсырманың орындалу үлгісін көрсетеді. Онда дұрыс орындалған тапсырма жазылады. Балалар өздерінің жұмысын сондағы үлгімен салыстырады. Егер баланың жұмысы үлгіге сәйкес келетін болса, ол төменге оң жақ бұрышына кішкентай жасыл шеңбер, бір қате болса- сары шеңбер, ал егер қате көп болса-қызыл шеңбер сызады. Бұл бағдаршамның түстері: жасыл түс- бәрі дұрыс деген сөз, яғни келесе бетке өте беруге болады; сары түс- кішкене мұқияттау болу керек; қызыл түс- кейбір тапсырмаларды қайтадан орындау қажет. Тәрбиеші балаларға осыны түсіндіреді.
Содан соң тәрбиеші бүлдіршіндерге тапсырманың дұрыс орындалғаның тексеруді тапсырады. Ал өзі ауызша нұсқау береді:
Сендер саңырауқұлақ, күн мен шыршаны бояларын керек.
Үлкен шәнекті үлкен кесемен , кіші шәйнекті кішкентай кесемен қосуларын керек.
Тақияларды мен киіз үйлерді бір-біріне қосу керек. Балалар өз жұмысын тәрбиешінің қолындағы үлгімен салыстырады
Күтілетін нәтиже:
Біледі: бір зат пен көп затты бір-біріне ажырата алуды
Игереді:2 көлеміндегі заттарды санай білуді; солдан оңға санапсандарды ретімен атауы және сан есімді зат есіммен сәйкестендіруді; өзіне таныс заттарды көлеміне (үлкен, кіші) қарай салыстырып,оларды сол белгілері бойынша біріктіруді;Меңгереді: екі топтағы заттарды салыстыруды.