?аза? тілін о?ытуды? тиімді ?діс-т?сілдері
Қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері Тіл тағдыры — ел тағдырына айналып отырған қазіргі қазақ тілінің кінәратты жағдайында оқушы бойында мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға, қазақ тілі арқылы жасалған ойдың кестелі өрнектеріне үңілтіп, ауызша, жазбаша сөздік қорларын молайтуға,шығармашылық қабілетін дамытуға, пәнге деген қызығушылығын арттырып,білім сапасын тереңдетіп, мемлекеттік тіліміздің қолдану аясын кеңейтуге, Тіл туралы заңды жүзеге асыруға барынша қолғабыс ету- әрбір қазақ тілі пәні мұғалімінің міндеті болуға тиіс. Ал қоғамымыздағы мұғалім алдында тұрған міндет- сапалы білімді, саналы тәрбиелі, эконо-микалық ойлауы дамыған, жалпы адамзаттық құндылықты меңгеруде шығармашылық,іскерлік пен дағдысы қалыптасқан, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру екені сіздер мен бізге белгілі.
Жоғарыда айтылғандарды ескере келсек, қазақ тілін оқытуға қойылатын талап- тілектердің бүгінгі күнде жаңарып отырғанын аңғарамыз.
Ұлт мектебінде қазақ тілін үйрететін ұстаз үшін басты мақсат-өзге ұлттың баласын мемлекеттік тілде сөйлету. Қазақ сөзінің құдіреттілігін, сырын сезіндіру, тіл үйренуге ынта-ландыру. Шәкірт талабын шыңдау қазақ тілі мен әдебиеті мұғаліміне үлкен жауапкершілік жүктейтіні рас.
Осы жаупкершілікті іске асыру үшін барлығымыз да алдымызға өз міндеттерімізді қойып, оны шешуге тырысамыз, түрлі әдіс- тәсілдерді, жаңа технологияларды қолданамыз.Осылдарды ескере отырып, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру мақсатында тілді үйретудің тиімді, нәтижелі әдістерін үнемі іздестіріп жүремін.
Қорыта айтқанда, жаңартылған бағдарлама білім алушылардың білім сапасын арттырып, оны өмірде қолдана алуға дағдыландыралы.
«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шманов Смагул Копесович