Ересектер тобына арнал?ан о?у ж?мыстарын ?йымдастыруды? технологиялы? картасы Та?ырыбы: «К?к?ністер пайдасы».
Ересектер тобына арналған оқу жұмыстарын
ұйымдастырудың технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас» -Қазақ тілі
Тақырыбы: «Көкөністер пайдасы»
Мақсаты: "Жемістер" тақырыбы бойынша сөздік қорларын кеңейту; "Ә", "Ө", "І", "Ү", "Ұ" дыбыстарының айтылуын үйрету.
Сөздік қоры: көкөністер, сәбіз, пияз, қияр, қырыққабат, картоп, қызанақ, тәтті бұрыш, қызылша, дөңгелек, сопақ, үлкен, кішкентай.
Тәсілдер
кезеңдері Мұғалімнің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушы - Сәлеметсіздер ме!
- Психологиялық дайындық
-Біз ерекше баламыз,
-Айтқан тілді аламыз,
-Достарымды көргенде,
-Қуана қарсы аламыз.
Сәлем! Сәлем! Сәлем! Шеңбер ішінде қол ұстасып бір-біріне жылуларын береді.
Менің атым Даша
-Мен алты жастамын
-Мен Қазақстанда тұрамын
Іздену - ұйымдастырушы Суретпен жұмыс: (сурет арқылы балалар таныс көкөністерді атайды)
- Мынау не? Түсі қандай? Неше? деген сұрақтарға жауап береді.
-Жұмбақтар жасыру "Біз сурет саламыз"
Бойын жерге жасырған
Бұрымы бар жасылдан
-Ол не?- Ол сәбіз
Дидактикалық ойын:
"Көкөністерді тереміз".
Мақсаты: балаларды ептілік пен шапшандыққа боулу, көкөністерді бекіту.
Қалын киімді ұнатады,
Шешіндірсен, жылатады
-Ол не? - Ол пияз
Қабат, қабат тоны бар,
Кішкене ғана бойы бар.
-Ол не? - Ол қырыққабат
Тілдік жыттығулар:
Кө-кө-кө-көкөніс
Ө-ө-ө-өрік
Қи-қи-қияр
Сә-сә-сәбіз
Сергіту сәті:
Ал, балалар, келіндер, бой, жазайық бәріміз -
Мойынымызды бұрамыз ,
Қолымызды созамыз,
Аяқтармен топ-топ басып орнымызға барамыз.
Жекелей жұмыс. Сұрақ - жауап әдісімен
-Көкөністерді ата?
-Көкөністер қайда өседі?
-Саған қандай көкөністер ұнайды?
-Маған сәбіз, қызанақ, қызылша.
Дидақтикалық ойын
" Ғажайып дорба ".
Мақсаты: Балалардың қолмен сипап сезу әрекеттерін дамыту, көкөністер жайлы білімін тіреңдету. Пияз, қызанақ, қияр, қызылша, қырыққабат, сәбіз, тәтті бұрыш.
Балалар сұрақтарға жауап береді, санын, түсін ажыратады.
Балалар, сол жұмбақтың шешімін алдырында жатқан ақ парақтарына тұктелерді біріктіріп саласындар. Сонда сол жұмбақтың шешімі шығады.
Балалар "көкөністер" тақырыбына байланысты сөздерді қайталайды.
Қайталайды
Балалар қимыл - қозғалыстарды жасайды.
Балалар сұрақтарды мұқият тындайды, дұрыс жауап беру тірсады.
Балалар қызығушылықпен ойнайды.
Рефлексивті - коррекциялаушы Тақпақ жаттау:
Бағбан атай бақшадан
Бізге сыйлық әкелген
Мол жеміс пе көкөніс
Сондай дәмді, тәтті екен.
"Төртінші артық" ойын Күтілетін нәтиже:
Орындайды: көкөністердің атауларын білу; олардың түсін, санын, дәмін ажырата білу.
Түсінеді: қысқаша сөйлем құрай білу
Қолданады: көкөністерді дұрыс атауға, сұрақтарға жауап беру.