Внеклассное патриотическое мероприятие на тему «Же?істі? жа??ыры?ы-ерлікті? м??гілігі»
Қазақстан Республикасының Білім мен ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы
Бородулиха ауданының білім бөлімі
«Коростели орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған
сыныптан тыс патриоттық шара
тақырыбы:
« Жеңістің жаңғырығы,
ерліктің мәңгілігі»
5 А сыныбының жетекшісі
С.Б.Сулейменова
Коростели ауылы
«Жеңістің жаңғырығы-ерліктің мәңгілігі»
Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған
сыныптан тыс патриоттық шара
Мақсаты: 1. Оқушыларды адамгершілікке , Отанын сүюге, оны қорғауға
баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
2. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың
ерлігімен таныстырып, ой- өрісін дамыту.
3. Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің
рухына бас иіп, Ұлы Отан соғысын басынан өткерген
ардагерлерге құрмет көрсету.
4. Елін, жерін қорғауға, бейбітшілікті нығайтуға тәрбиелеу.Оларға
патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Сахнада «Ұлы Жеңіске – 72 жыл» - «Великой Победе 72 года » жазуы жазылады. «Жеңістің жаңғырығы – ерліктің мәңгілігі», «Ешкім де ұмытылмайды, Еш нәрсе де ұмыт қалмайды», -«Никто не забыт, Ничто не забыто», «Бейбітшілік – ел тілегі» жазулары ілініп, шарлармен безендіріледі. Мәңгі алау қойылып, слайд қолданылады.
1 – жүргізуші:
Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем, шуақ – Тоғызыншы май күні.
Айтшы, қане, біздің Жеңіс шешуі
Кездейсоқ па көктемге сай келуі?
Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы Тоғызыншы май күні
Алмастырған қуанышқа қайғыны.
2-жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған қауым!
1-жүргізуші: Қайырлы күн, кештің қадірлі қонақтары, ұстаздар және оқушылар! Әрқайсысымыз үшін жақын да қымбат мереке 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқияр-лығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын. Өкінішке орай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарлары-мыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңе де ұмытпауы тиіс! Себебі, бұл-біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз! Осы мақсатта мектебімізде өткізілгелі отырған «Жеңістің жаңғырығы-ерліктің мәңгілігі» тақырыбындағы салтанатты кешке қош келдіңіздер!
2 ведущий: Добрый день, дорогие друзья! О войне мы знаем лишь по фильмам и книгам, наградам и воспоминаниям фронтовиков. Все дальше отдаляются от нас военные годы, но не стирается память о тех, кто отдал жизнь, здоровье для Великой Победы. И нет на земле человека, который бы не чтил и не помнил тех, кто выстоял и победил в жестокой битве с фашизмом. Почти 4 года бушевало пламя Великой Отечественной войны. Высокой оказалась цена, ради которой более 27 миллионов войнов и мирных жителей сложили свои головы. Их имена золотыми буквами вписаны в летопись войны.
И наш сегодняшний вечер посвящен замечательной дате 72 летию Великой Победы!
Қайғысы бар, зілі бар, наласы бар.
Арамызда жүресіңдер алшаң басып,
Ардагерлер төрден орын аласыздар.
Мерекелік кездесу кешіміздің қонақтарымен таныстырып өтелік:
Бүгінгі кездесу кешіне арнайы шақырылған қонақтарымыз:
Бақы селолық округінің әкімі-Чуваткин Виктор Анатольевич
Бақы селолық ардагерлер алқасының төрағасы-Баяжинов Оразбай .
Бақы селолық әйелдер кеңесінің төрайымы- Бурлакова Тамара Алиевна.
2– жүргізуші: 1941 жылы маусымның 22 – сінде Гитлерлік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан опасыздықпен шабуыл жасады.
Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.
(Тихо звучит песня на слова В.Лебедева-Кумача «Священная война», затем громче. После припева музыка смолкает) 1 вед. Эта патриотическая композиция стала настоящим гимном советского народа. Уже 24 июня 1941 года в газетах «Красная звезда» и «Известия» было опубликовано стихотворение Василия Лебедева—Кумача «Священная война». Перед роковым сообщением о нападении Германии на СССР поэт просматривал кинохроники бомбардировок европейских городов, и, потрясенный увиденным, он написал стихотворение. Композитор Александр Васильевич Александров сочинил к ним музыку. И уже на 5 день войны состоялась премьера песни.
(Продолжает звучать песня «Священная война». Кадры из кинофильма «Баллада о солдате») Мухаметкаримова Балжан:
Есіңе ал, достым, есіңе ал,
Есіңде қалмас несі бар.
Есіңе ал, күңгірт күндерді,
Есіңе майдан кешін ал!
Есіңе ал өткен кеткенді,
Әр өзен, әр дөң, өткелді.
Есіңе ал қысты қақаған,
Кешігіп келген көктемді.
1 – жүргізуші: Ұлы Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болды.1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылы мамырдың 9 –ында бұрын – соңды болмаған мың зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді.
Мерекемен құттықтау үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Галина Михайловна Морозкинаға беріледі.
2. Прошла война, прошла страда,
Но боль взывает к людям:
Давайте, люди, никогда
Об этом не забудем!
Пусть память верную о ней
Хранят об этой муке,
И дети нынешних детей,
И наших внуков внуки…
Затем, чтоб этого забыть
Не смели поколенья.
Затем, чтоб нам счастливей быть,
А счастье - не в забвенье!
(А. Твардовский).
2 – жүргізуші: Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.
1- День 9 мая 1945 года знает весь мир. Дорогой ценой досталась нашему народу победа. Почти четыре года, 1418 дней, шла война. Это были годы лишений, горя, тяжёлого труда. Были разорены города и сёла, выжжены нивы, оборваны мечты и надежды людей. Вместе с тем, это были годы мужества, беззаветной любви к родине.
Ән «Соғыстан қайтқан солдаттар»-Хор
2 – жүргізуші: Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, елу мыңдай қару шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті.
(Слайды: портрет, цитата из выступления Алексея Суркова: «Огромные пространства, отделяющие степи Казахстана от полей войны, не помешали страстному голосу престарелого Джамбула Джабаева дойти до слуха защитников Ленинграда и Москвы, защитников Кавказа и Сталинграда.» )Ученик: Тот, кто пережил ленинградскую блокаду зимой 1941-1942 года,голод, холод, бомбежки, смерть, никогда не забудет поэтическогопослания, с которым обратился Жамбыл Жабаев жителям города в сентябре 1941 года. Послание Жамбыла в русском переводе было передано по радио в Ленинграде, плакаты с этим посланием были развешены на стенах домов и в окнах магазинов по всему городу. Эту песнь-призыв, ставшую легендой 20 века, услышали не только оставшиеся в блокаде ленинградцы.
С любовью, тревогой, со словами мужественного одобрения обращался акын к защитникам города: Чтение стихотворения Ж.Жабаева «Ленинградцы, дети мои».
Ленинградцы, дети мои!
Ленинградцы, гордость моя !
Мне в струе степного ручья
Виден отблеск невской струи.
Если вдоль снеговых хребтов
Взором старческим я скользну,-
Вижу своды ваших мостов,
Зорь балтийских голубизну,
Фонарей вечерних рои,
Золоченых крыш острия.. Ленинградцы, дети мои!
Ленинградцы, гордость моя!
Не затем я на свете жил
Чтоб разбойничий чуять смрад
Не затем вам, братья служил
Чтоб забрался ползучий гад.
В город сказочный, в город-сад
Не затем к себе Ленинград
Взор Джамбула приворожил!
А затем я на свете жил,
Чтобы сброд фашистских громил,
Волчьи кости свои сложил
У священных ваших оград
Вот зачем на север бегут
Казахстанских рельс колеи
Вот зачем Неву берегут
Ваших набережных края!
Ленинградцы, дети мои!
Ленинградцы, гордость моя!
Ученик: Старый акын словно предчувствовал эти горькие, невыносимо тяжелые 900 дней и ночей.
(Слайды «Ленинград-город-герой»)
1жүргізуші: «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады,осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштеріне де қашалып жазылған.
2 ведущий-«Имя твое неизвестно, подвиг твой бессмертен». Эти строки, выбитые на камне, знают все. Это великая благодарность к 27 миллионам советских людей, отдавших жизнь за счастливое будущее всей земной цивилизации.
2 – жүргізуші: Жауынгер біздің саңлақтар,
Жауды жеңген солдаттар.
Ардақты Отан – ел үшін,
Бақытты туған жер үшін.
Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтау кезегі бастауыш сынып оқушыларына беріледі.
Би «Үш танкист»
1-жүргізуші: Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап Ұлы Жеңіске жетуге қазақстандықтар да сүбелі үлес қосты.Жүздеген мың қазақстандықтар қолына қару алып, өз Отанының бостандығы үшін күресті. Солардың ішінде шырайлы Шығыстан шыққан сан мыңдаған ержүрек ерлеріміз де бар еді.
Ученик: Воины-казахстанцы мужественно сражались у стен Ленинграда. С 9 сентября 1941 г. активно участвовала в обороне и прорыве блокады 310-я стрелковая панфиловская дивизия. (Слайд о 28 панфиловцев)
Көркемсөз. Оқитын Алпысбаев Азамат.
Адамзатым, ақиқатқа сеніңіз,
Соғыс деген – болған емес тегін іс.
Соғыс деген – қиылған жан, аққан қан,
Соғыс деген – екі жаққа жеңіліс.
Жеңіс бізге оңайлықпен келмеді,
Жастық күйреп, халық сиреп көнерді.
Жарақат алғандардың күшіменен,
Өркендеттік өмір менен өнерді.
Жиырма миллион тірлік демін доғарды,
Қанша қала күлге айналып, тоналды.
Тап қазіргі Қазақстан халқындай
Бір мемлекет жер бетінен жоғалды.
2-жүргізуші:
Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті, Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинді шабуылдады, 1945 жылы 30 сәуірде Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын тікті. /слайд/
Ученик: Навечно застыли в боевом строю те, кто отдал свою жизнь за наше счастливое будущее. В годы войны Казахстан послал на фронт около 1 миллиона 700 человек. За героизм и мужество в боях с фашистскими захватчиками было присуждено звание Героя Советского Союза 512 казахстанцам, а Талгату Бигельдинову, Сергею Луганскому, Ивану Павлову – дважды Героя Советского Союза. (слайды)
Ән «Катюша»
Чтец: Скажите спасибо солдату,
Который на страшной войне
Отдал свою жизнь когда-то,
Сражаясь за мир на земле.. Всем им спасибо скажите
За жизнь, за свободу, за мир
И имя героя храните,
Что жизнь нам тогда сохранил.
1 – жүргізуші: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас, әрі көптен күткен күнге 1945 жылдың 9-мамырына қайта оралтады.
/Ән : «Смуглянка» Орындайтын: 8 А сынып оқушылары мен Кубултаева Айдана/
2 – жүргізуші: Келесі құттықтау сөз кезегі селолық ардагерлер алқасының төрағасы Баяжинов Оразбай ағаға беріледі.
1 – жүргізуші: Армысың! От жалыннан оралғандар,
Аттарың аңыз болып таралғандар.
Тірлікте жаны жарқын алау жандар,
Тойымсыз ажалға тосқауыл боп,
Топ жарып тайсалмай-ақ бара алғандар,
Армысың!
От жалыннан оралғандар! /слайд/
Келесі құттықтау сөз кезегі округ әкімі Виктор Анатольевич Чуваткинге беріледі.
Армысың! Ары таза абзал жандар,
Ертерек шешек атқан ақ армандар.
Байсалдық, батырлықпен баға алғандар,
Бейбіт күн таңы болып ағарғандар.
Көңілде желбіретіп жеңіс туын,
Сөндірмей сенім отын жаға алғандар.
Бейбіт күн таңы болып ағарғандар.
Күш, жігер таба алғандар,
Отызда самай шашы ағарғандар.
Екенбіз өздеріңе біз қарыздар,
Жоғалтпай ар-ұжданын жоғалғандар!
/Келесі кезекті әскери – патриоттық саптық әнге береміз. «Катюша» әні/
Келесі құттықтау сөз кезегі селолық әйелдер кеңесінің Тамара Алиевна Бурлаковаға беріледі.
Айналып тұрса дағы жер есінде,
Сұрапыл сойқан жылдар ел есінде.
Желпініп, желбірейді мен мұндалап,
Жеңістің алау туы жел өтінде…
Кеудесін шаттық кернеп ардагерлер,
Тұр бүгін жетпіс жылдың белесінде,
Соғыстың жаңғырығы әлі есінде
Келесі сөз кезегін тыл ардагерлері ... беріледі.
/Сөзі Шаферандікі, Птичкинаның әніне жазылған ән «Зачем вы девушки, красивых любите» - Орындайтын қыздар хоры/
1-жүргізуші
Отанын сүйіп, ар- намысын сақтаған,
Жарты Еуропаны жаяу өтіп аттаған.
70 жылда тат баспаған есімін,
Ел қорғаған ерлеріммен мақтанам!
От, саз кешіп 5 жылдай толарсақтан,
Тіршіліктің шырағын солар жаққан.
Жанын қиса сан есіл алғы шепте,
Қалғандары ауылға нұрын шашқан.
2-жүргізуші:
Балалықтың базарын ерте жауып,
Талай жұмыс істеді бала-өркен.
Үдетіп соғыс оты қайғы-мұңды,
Төрт жыл өтті соғыс әлі бітпей қойды.
Кемпір-шал, әйел-бала ауылдағы,
Сеніммен күтуші еді Жеңіс тойды.
/Тыл ардагерлерін атап өту/
Көрініс. 8-сынып
(Арнайы дайындалған орынға отырған екі қарт майдан жаңалығы туралы әңгіме-дүкен құрады. Қастарында екі-үш бала тыңдап отырады).
1-қарт: Әбеке-ау! Біздің армия жайлы, майдан жайлы қандай хабарың бар, айта отыр! Бізге қарағанда сауаттысың ғой.
2-қарт: Ой, құдайға шүкір, біздікілер гермдан деріне басыбайлы кіріп фашист жауызыңды ойсыратып жеңіп жатқанға ұқсайды.
1-қарт: Әп, бәрекелді. Арам қатқырларға, иттерге де керегі сол. Ей, балам-ау, су әперіп жіберші. Тамағы құрғыр кепті-ау.
(Отырған баланың бірі су әпереді.)
Бала: - Ата, осы фашист деген деген ит қандай екен?
1-қарт: Әбеке, мына баланың сауалына жауапты өзің берерсің.
2-қарт: Балам-ау, «фашист» деген кәззап қой. Басына кішкене қазанды төңкере киген, үстіне бүкіл жер бетіндегі темір-терсік атаулыны, мата біткенді жамыла салған. Қолына шолақ мылтық ұстаған сайтанның сапалағы секілді. Өздері адам да емес, жануар да емес аяғы қисық бірдеңе. Әркімнің жерін жаулап аламыз деп еді, енді ауыздарына құм құйылыпты ғой.
Бала: - Пошташы Наурызбай атам келе жатыр.
1-қарт: - Ей, мына пошташы Наурызбай ақсақалдың жүрісі өзгеріп кетіпті ғой.
2-қарт: - Мына кісіге не болған? Бұлай қатты жүрмеуші еді ғой!!!
Пошташы Наурызбай: - Сүйінші! Халқым, жұртым, сүйінші! Неміс фашистері кеше тізе бүгіп, жеңілгендерін мойындапты. ЖЕҢІС!ЖЕҢІС! Біз ЖЕҢДІК!
1-қарт: О, жасаған! Аузыңа май, шыныменен қарғыс атқан соғыстың біткені ме?
2-қарт: Ақсарбас! Ақсарбас! Шынымен, тәңірім, көз жасымызды көргені ме!!!
(Бәрі бірін-бірі құттықтап, сүйіп жатады.)
2-ведущий Вот и наступило утро, полное света и надежд. 9 мая 1945 года окончилась Великая Отечественная война. Наши деды и прадеды отстояли родную землю. Знамя Победы реяло над Берлином.
/Ән: « Ана туралы баллада» орындайтын: хор/
Көркемсөз. Оқитын Турукпаева Айсулу.
Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міні!
Аспан бетін қаптаған қара тұман
Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні.
Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,
Жер бетінен жамандық мүлде үрікті.
Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,
Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.
Бүгін жайнап, жасарсын ана біткен,
Асыр салып, қуансын бала біткен.
Жүректері жарылсын қуаныштан,
Аялансын көңілі жақсы үмітпен.
Балалардың тілейміз күлгендерін,
Жер бетінде ешбір дақ тұрмасын деп.
Планета ең ғажап гүлдеп жерім,
Мәңгі үстінде Бейбіт күн орнасын деп.
1-жүргізуші:
О, бабалар, ерлігіңе бас ұрдым,
Із баспауы мүмкін емес хас ұлдың!
Ерен ерлік жасайды, әлі, күмән жоқ,
Жігіттері жиырма бірінші ғасырдың.
2-жүргізуші:
Мақтанбаймын қалайша марқанбаймын?
Уақыт бізге ғажап сыр айтар дәйім.
Барлығы да сыйлапты адамзатқа,
Ынтымақты, Жеңісті дархан Майым.
Күш-қайраттың бойында тасқыны бар,
Мұқалмайтын төзімді достығы бар.
Талай тарих таңғалып, куә болған,
Елімнің ерлік деген дәстүрі бар.
Чтецы с 5 Б класса
1-й чтец: Я не хочу, чтоб голос орудийной канонады
услышал мой ребенок. Мой и твой,
Я не хочу, чтоб голод Ленинграда
Коснулся их блокадною рукой.
2-й чтец: Я не хочу,чтоб доты обнажились,
Как раковая опухоль земли.
Я не хочу, чтоб вновь они ожили
И чью-то жизнь с собою унесли.
3-й чтец: Но до сих пор мы слышим шум капели
Победной той и ранней той весны.
Как хорошо, что вновь скворцы запели,
Как хорошо на свете без войны.
4-й чтец: Как хорошо влюбляться и смеяться,
Как хорошо порою погрустить,
Как хорошо встречаться и прощаться,
И просто хорошо на свете жить!
Жеңіс…Ия, оны сан миллиондаған адамдар минуттап, сағаттап, сарыла күтті емес пе?Ақыры, олардың үміті мен сенімі ақталды.Тілектері орындалды. Бірақ, сол Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана, жарын жоғалтып -жесір, бала әкесінен , анасынан айырылып -жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагеріне қаншама ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді. Ал, тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы – қасіретін арқалай жүріп бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Небір сын сәттерде Отан үшін отқа кеудесін тосқан қазақ халқының батыр қыздары мен ұлдары да болды. Соның ішінде Кеңес Одағының Батыр қыздары Шығыстың қос шынары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова туған жерді қасиет тұтып, Отанын қорғауда үлкен ерлік көрсетті.Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.
1вед: Каждый год, 9 мая ветераны ВОВ, благодарные потомки, приходят
к Вечному огню, зажженному в память советским воинам-победителям, вспоминают тех, оставшихся там, на полях сражений, тех, кто отдал свою жизнь за нашу Родину.
Ән: «Алеша» орындайтын Кубултаева Айдана
1-жүргізуші:
Жеңістің жырын айтсын тіл-көмей,
Абзал досым, мүгедектері жүр демей!
Ел дегенде еңіреп туған ерлерді,
Еске алайық бір сәт тұрып үндемей.
Ұлы Отан соғысы миллиондаған адамның өмірін алып кеткен, талай боздақты қыршынынан қиып, ананы жесір, сәбиді жетім еткен қанды шайқастарға толы 1418 күн мен түн ешқашанда ұмытылмақ емес. Ол мәңгі есімізде сақталады. Солардың есімін жас ұрпақ есінде мәңгі қалдыру – баршамыздың азаматтық борышымыз. Еліне, туған жеріне оралмай, жат жердің топырағы бұйырған ерлерді біз әрқашан құрметпен еске аламыз. Ендеше, барлығымыз Ұлы Отан соғысында құрбан болған жандарды 1 минут тыныштықпен еске алайық.
–Тем, кто шёл в бой за Родину, выстоял и победил…
-Тем, кто согревался дыханием в стужу блокадных дней…
-Тем, кто улетал вместе с дымом бухенвальдских печей…
-Тем, кто на речных переправах шёл, словно камень, ко дну…
-Тем, кто на века безымянный канул в фашистском плену…
-Тем, кто ради правого дела сердце отдать был готов…
-Всем тем, кто ушёл в бессмертие и победил…
М И Н У Т А М О Л Ч А Н И Я . . . .
Учитель: Вспомним их поименно,
Сердцем вспомним своим.
Это нужно не мертвым -
Это нужно живым.
Рахмет,отырыңыздар!
Чтец: Помните, через века, через года,
Помните,о тех, кто уже не придет никогда,
Пожалуйста, помните,
Не плачьте, в горле сдержите стоны,
Горькие стоны!
Памяти павших будьте достойны,
Вечно достойны!
Айым Джансаринова:
Сойыпқыран солдаттары соғыстың,
Ардагерлер – атамекен айбыны.
Сақтады олар елін, жерін, намысын,
Ақтады олар азаматтық борышын.
Сол үшін де қолтығынан сүйейік,
Ардагерлерге, майдангерлерге
Барлық жерде басымызды иейік.
2-жүргізуші:
Соғыс жылдары ерлігі үшін орден және медальдармен марапатталғандардың ішінде 96638 қазақ жауынгері бар. Қымбатты Ұлы Отан соғысының және Ауған соғысының ардагерлері, Сіздерді өмірлеріңіздегі ең қымбатты мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Бүгінгі кешке қатысып отырған Ұлы Отан соғысының және Ауған соғысының ардагерлерімен танысып өтейік:
Көркемсөз. Оқитын Исинов Азиза.
Күткен ЖЕҢІС жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тасып.
Жауды жойып, батырлар елге оралды,
Ата-анамен қауышты құшақ ашып.
Мамыр келді, ағаштар бүрін жарып,
Бейбіт өмір оралды, күні жарық.
«Шүкір» деп әжелер жүр ақжаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.
Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен,
Қара күндер қайғысын ұмыттырды!
Жунусов Акежан:
Пусть будет мирПусть пулеметы не строчат,И пушки грозные молчат,Пусть в небе не клубится дым,Пусть небо будет голубым,Пусть бомбовозы по немуНе прилетают ни к кому,Не гибнут люди, города…Мир нужен на земле всегда!
2-жүргізуші
Ардақты ардагерлер, ақсақалдар,
Арайлы алдан тосар нұр шағың бар.
Жатсынбай жарқын істі жалғастырар,
Жас жігер жалындаған ұрпағың бар.
Табыс ет соған сеніп Жеңіс туын,
Ғарышты мекен жайға алмастырар,
Ұлы істі ұрпағың бар жалғастырар . Соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіш сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: Шынында да бұл оралған мыңнан бірің,
Бақ нұрына жүзіңді жуған күнің.
Жеңіс күні өзіңдей көзі тірі
Майдангерлер бәріңнің туған күнің!
/Ән: «Жеңіс күні-День Победы» Хор/
Құрметті бүгінгі кешіміздің қонақтары, мұғалімдер және оқушылар, Ұлы Жеңіс мерекесіне орай өткізілген «Жеңістің жаңғырығы, ерліктің мәңгілігі» атты кешіміз өз мәресіне жетті. Сіздерге ашық аспан, өмірлеріңізге тыныштық, бақыт, елімізге ынтымақ пен бейбіт күн тілейміз. Барлықтарыңызға шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгіліктер мен игіліктер тілейміз. Ардагерлеріміздің дені сау болып, солдаттар мен офицерлеріміз табысты қызмет ете берсін. Ержүрек және жігерлі адамдардың бұл мерекесі әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкеле берсін! Мерекелеріңіз құтты болсын! Қош, сау болыңыздар! («Жеңіс күні»
әуені жүріп тұрады).
2 ведущий: В этом году мы отмечаем 70 –летний юбилей Дня Победы. От всей души желаем всем крепкого здоровья, огромного счастья , мирного неба над головой, всех Вам благ!
Байсымакова Арианна
Люди, покуда сердца стучатся,
Помните!
Какой ценой завоёвано счастье,
Пожалуйста, помните!
«Пусть всегда будет солнце»